4 практикалық сабақ



бет1/11
Дата23.05.2023
өлшемі153,49 Kb.
#96289
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

4 практикалық сабақ
Тағамдық аллергия, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. Аллергодерматоздар, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: студенттерді тағамдық аллергия және жоғары тыныс жолдары аллергоздары туралы біліммен қамтамасыздандыру, олардың даму факторлары және этиологиясы туралы қазіргі көзқарастары, даму механизмдері, патогенезі, диагностикасы және клиникалық көріністері бойынша біліммен қамтамасыз ету, дұрыс диагноз қою және зертханалық әдістері бойынша ғылыми ізденіс жасауға бағыт-бағдар көрсету.
Оқыту мақсаттары:

  • тағамдық аллергия және аллергодерматоздардың этиологиясын анықтау және патогенезін түсіндіру;

  • тағамдық аллергия және аллергодерматоздардың механизмі туралы терең түсінік беру;

  • тағамдық аллергия және аллергодерматоздардың жіктелуін түсіндіру;

  • тағамдық аллергия және аллергодерматоздардың клиникалық көріністерін талқылау;

  • тағамдық аллергия және аллергодерматоздарды зертханалық диагностикалау әдістерін талдау;

  • аурудың патогенезіне, кезеңіне және сатысына қарай емдеу тағайындау;

- студенттерде ғылыми және клиникалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру, ғылыми әдебиеттермен және интернет-ресустармен дұрыс жұмыс жасауға үйрету.


Сабақтың мазмұны.
Тағамдық аллергия
Тағамдық аллергия – бұл ағзаның тамақ өнімдерінің құрамына кіретін белгілі бір компоненттеріне өзгертілген иммунды реакциясы. Көбінде мұндай бұзылулар балаларда, әсіресе емшектегі сәбилерде болады. Ересектерде тамаққа аллергия елеулі түрде аз кездеседі. Аллергияның қауіптілігі кішкене мөлшердегі аллергеннің өзі адам өміріне қауіп төндіруінде түйінделеді.
Тағамдық аллергия кезінде басқа адамдар үшін мүлдем зиянсыз болатын жоғары сапалы және жаңа дайындалған өнімдер реакция тудырады. Әдетте ол теріге әсер етеді, сирек жағдайда асқорыту жүйесінің симптомдарын туғызады. Ауыр аллергиялық реакция кезінде зардап шегушіде өмірге қауіпті анафилактикалық шок дамуы мүмкін, бірақ тағамдық аллергиялар үшін бұндай әсер аса тән емес.
Тағамдық аллергия иммундық жасушалардың аномальді реакцияларымен, тағамдық заттарға ерекше антиденелердің (реагиндердің, немесе E сыныпты иммуноглобулиндердің) түзілуімен, сондай-ақ олардың үйлесімімен тудырылуы мүмкін. Сондықтан тағамдық аллергияның жіктемесі төмендгілерді қамтиды:

  • реагиндердің түзілуіне байланысты реакциялар (есекжем, ринит, конъюнктивит, астма ұстамалары, ішек бұзылуы, анафилактикалық реакциялар);

  • аралас нұсқа (дерматит, асқазан-ішек бұзылулары);

  • жасушалық патологияның көріністері (ішек қабынуы).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет