Тақырыбы: Аристотельдің онтология туралы көзқарастары
Мақсаты: Көрнекті грек философы Аристотельдің еңбектерімен танысып,жан жақты талдау жасау.Оның жазбаларындағы көтерілген негізгі тақырыптарды талдай отыра олардың қазіргі замандағы өзектілігін ашып қарастыру.
Өзектілігі: Аристотельдің философия туралы көзқарастарымен танысу.Оның табиғатты тануға деген тұжырымдарын жан жақты ашу.Аристотелдің өзінен кейін жазып қалдырған ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына жасаған ғылыми зерттеулеріне талдау жасап, жазып қалдырған сүбелі еңбектерін кеңінен қарастыру.Аристотельдің онтология туралы көзқарастарына назар аудара отырып, әр түрлі аспектілерді ескере отырып қорытынды жасау.
Жоспар
I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Аристотельдің жалпы философиясы
2. Болмыс туралы оқытуы
III ҚОРЫТЫНДЫ
IV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
I КІРІСПЕ
Есімі "Ұлы мақсат" дегенді білдіретін Аристотель Солтүстік Македонияға қарасты Халкида түбегіндегі Стагира қаласында б. з. д. 384 жылы туған.
Көрнекті грек философы Аристотель (б.з. д. 384-322 ж.ж) логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист - ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие. Фракиядағы Стагирда туған, Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Сондықтан, дереккөздерде Аристотельге Стагирит деген лақап ат берілді. Академияда оқыған Аристотель Платонның шәкірті болған, бірақ содан кейін ұстазымен жолдары екі бөлек кеткен. Аристотельдің "Платон менің досым, бірақ шындық қымбатырақ" деген сөзін естерінізге түсірсеңіздер.
Академиядан кеткеннен кейін Аристотель Македония патшасы Филип II сотына шақырылды, ол Тақтың мұрагері-болашақ Александр Македонскийдің тәрбиесін басқарды. Кейін Шығыс жорығынан Александр мұғалімге сирек кездесетін тастарды, өсімдіктерді, жануарларды табиғи ғылыми коллекциясын толықтыру үшін жіберді. Аристотель Афиныға оралып, сол жерде өзінің философиялық мектебін – Ликейді (335ж) құрды.
Аристотель бақшада серуендеу кезінде сабақ өткізуді ұнататындықтан, оның шәкірттері мен ізбасарлары перипатетика (серуендеу) деп аталды, ал Аристотельдің ілімі - перипатетизм.
Аристотель сол кездегі ғылым мен философияның барлық салалары бойынша еңбектерін қалдырған энциклопедиялық ғалым болды. Аристотельдің негізгі еңбектері - "Метафизика", "Физика"," Органон", Никомахов этикасы", "саясат". Аристотельдің еңбектері трактаттар түрінде жазылған, содан кейін ол ғылыми және философиялық еңбектердің негізгі формасына айналды.
Платонның денесіз форма жөніндегі («идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде жан да жоғалады.
Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды:
Достарыңызбен бөлісу: |