4-ші тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық Талдау сұрақтары



бет1/7
Дата07.02.2023
өлшемі27,36 Kb.
#65777
  1   2   3   4   5   6   7

4-ші тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық
Талдау сұрақтары:
1.Экономикалық цикл және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы.
Экономикалық кезең (цикл) – бұл экономика деңгейінің құлдырауы мен көтерілуінің бірнеше жылдар аралығында қайталануы. Кейбір жеке экономикалық циклдер бір – бірінен ұзақтығы мен қарқындылығына байланысты айырмашылықтары бар. Алайда ол циклдерді әр ғалым әртүрлі атағанымен олар бірдей сатылардан өтеді. Экономикалық цикл сатылары 61-суретте берілген.

  1. Ең жоғарғы саты немесе экономикалық өркендеу жағдайындаөндіріс толық қарқында жұмыс істейді. Экономика еңбекпен толық қамтылған. Бұл сатыда баға деңгейі өсу тенденциясына бейім және өндіріс өте жоғары деңгейде болады. Тауар өндірісі тұтынуға сәйкес келмеген жағдайда шектен тыс өнім өндіріледі.

  2. Құлдырау немесе дағдарыс сатысы. Экономикалық өркендеуден кейін құлдырау келеді, өндіріс көлемі қысқара бастайды. Соның нәтижесінде жұмыссыздық көбейеді, адамдардың табыстары төмендейді. Табыс аз болғандықтан тауараларға сұраныс азаяды да, кәсіпорындардың пайдасы қысқарады. Бірақ көптеген тауарға баға төмендей қоймайды. Баға деңгейі тек тоқырау кезінде төмендеп кетуі мүмкін.

  3. Ең төменгі саты немесе тоқырау сатысы. Бұл сатыда өндіріс пен жұмысбастылық деңгейі ең төменгі межесіне жетеді. Сондықтан тоқырау кезеңі ең ауыр өтпелі экономикалық жағдайды сипаттайды. Экономистер іскерлік циклдің бұл сатысының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді түрлерін бөледі.

  4. Көтерілу немесе жандану сатысында өндіріс көтеріле бастайды. Жұмысбастылық өсіп, толық жұмыспен қамту деңгейіне жақындайды. Жандану күшейе бастағандықтан баға да көтеріледі, сөйтіп өндірістің толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндік туады.

2.Әлеуетті (потенциалды) ЖІӨ. Оукен заңы.
Оукен заңы.Жұмыссыздық пен жоғалтылған ЖІӨ көлемі арасындағы тәуелділікті алғаш зерттеген американдық экономист Артур Оукеннің (1928–1979) анықтауы бойынша, егер жұмыссыздық деңгейі 1 %-ға ұлғаятын болса, онда ел экономикасы ЖІӨ-нің 2,5 %-ын жоғалтады.
Яғни, нақты жұмыссыздық деңгейі (u) табиғи жұмыссыздық деңгейінен (u*) 1 %-ға артық болса, нақты ЖІӨ-нің (Ү) шамасы әлуетті ЖІӨ-нің (Ү*) көлемінен 2,5 %-ға кем болады. Мұндай заңдылық Оукен заңы деп аталады.Жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсер тигізеді. Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділік, бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші, экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деген ат алды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет