Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады:
Бақылаудың орнына ынталандыру; Мәжбүрлеудің орнына кеңес беру; Ауыстырудың орнына сенім білдіру; Үгіттеудің орнына түсіндіру; Басқарудың орнына қатысу; Айғайлаудың орнына әзілдеу; Кінәлаудің орнына қорғау; Бұйрық беріп тексерудің орнына кәсіби көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу.
Н. Ә. Назарбаев
1. Дидактика туралы ұғым.
“Дидактика”-бұл ежелгі грек сөзі, didasko- оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Әл-Фараби оқыту дегеніміз –үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді.