№4 XVIII ғасырдың аяғында және XIX ғасырдың басындағы фармацияның дамуы



Дата14.10.2023
өлшемі26,6 Kb.
#115058

Дәріс №4
XVIII ғасырдың аяғында және XIX ғасырдың басындағы фармацияның дамуы
Адамзаттардың даму тарихында жаңа дәуір немесе «Жаңа тарих» кепілді түрде 17 ғасырдың екінші жартысынан 1918 жылға дейін деп саналады. Себебі осы уақыт аралығында капиталистік өарым –қатынас қалыптасып дамыған. 1640 жылы Англияда буржуазиялық төңкеріс болған. Бұл оқиғы бүкіл Батыс Еуропада феодалдық қоғамның ыдырауының бастамасы болған. Еуропада XVI- XVII ғасырда феодалдық қоғамда бірнеше ревелюциялық өзгерістердің нәтижесінде капиталистік қарым –қатынас пайда бола бастады.
  1. 1756 ж. Ломоносов М.В. (1711-1765) орыс ғалымы. Заттар массасының химиялық реакцияларда сақталу заңын ашты.


  2. 1859 ж. Чарльз Дарвин (1809-1882) ағылшын биологы, Петербург ғылым академиясынның шетелдік корреспондент –мүшесі (1867) Эвалюциялық ілім.(Өмірүшін арпалысуда іріктелген тұқымды сақтау немесе табиғи сұрыптау жолында түрлі тұқымның пайда болуы).


  3. 1863. Сеченов Иван Михайлович (1829-1905) орыс физиологі және психологі. «Бас миының рефлекстері», «Психологиялық негіздерді енгізу».


  4. 1869 Менделеев Дмийтрий Иванович (1834-1907) орыс химигі. Химия элементтерінің мезгілдік заңын ашқан және элементтердің мезгілдік жүйесін жасаған.


  5. 1839 ж. Шван, Теодар (1810-1882) неміс зоологі және физиологі. өсімдіктердің және жануарлардың жасушалалық құрамы туралы ілімді негіздеген.


  6. 1895 Рентген Вильгеном Конрад (1845-1923) неміс физигі. Сәулеленуді ашқан, кейін оның атымен Рентген сәулесі делінген.


  7. 1898 ж. Склодовская –Кюри, Мария (1867-1934) пляк физигі. Пьер Кюри (1859-1906) француз физигі нобель сылығының лауреаты (1903).


  8. 1866 жылы Тольский Никонай Алексеевич Мәскеуде алғаш рет балалар клиникасын ашты.




XIX ғасырдың 60 жылдары Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды. Бұл кезде 1861 жылғы буржуазиялық реформа және соған байланысты Ресейде капитализмнің одан әрі дамыған тұсы болды. 1867-1868 жылдары реформаларға сейкес Қазақстанның бүкіл тарихында тұңғыш рет халыққа қызмет көрсету үшін ояз дәрігерлерінің ояз фельшерлері мен әйелдер босандыратын мамандар қызметі енгізілді. Бұл реформа денсаулық сақтау саласында айтарлықтай елеулі құблыс болды. Ояздық дәрігерлер, ояз фельшерлері мен әйелдер босандыратын мамандар қызметі енгізілуі Қазақстанда азаматтық медицинаның негізі қаланғанын көрсетеді. Қазақстанда медицинаның дамуының келесі кезеңі Ресейде Земстволық медицинаның қалыптасуымен байланысты. XIX ғ. екінші жартысынан бастап Қазақстан аймағында земстволық медицинамен бірге, қоныс аударылғандарға көмек көрсететін тағы бір ұйым қалыптаса бастады. Бұл 1861-1863 жылдары орыс деревнясының күйрей бастауына байланысты болды. XIX ғасырдың 70 жылдары Қазақстанға орыс шаруалары ауып келіп, қоныстана бастады. Ал 1906 жылғы столыпиндық жер реформасына байланысты қоныс аударулар саны қауырт өсіп кетті. Қазқстанда қоныс аударғандарға арналған медицина ұйымының пайда болуы 1902-1905 жылдары. 1902 жылы фельдшерлік пунктер, ал 1905 тжылы дәрігерлік және дәрігерлік азық түлік пунктері құрыла бастады. Қазастанда медицналық қызметтің негізгі жүйесі көшпелі болған, ал емдеу қызметі амбулаторлық негізінде жүргізілген.

XIX ғасырдың ортасынан бастап Еуропада, оның ішінде біздің жерімізбен іргелес Ресейде биология мен медицина ғылымы домын аурулардың көп тараған түр –түрлеріне анықтала бастады. Осыған байланысты сол кезеңдерде әрісесе, XX ғасырдың басында медицинада қазақ тілінде аударма кітапшалар басылып шыққан. Осы мәліметтерге арқа сүйене отырып қазақ жерінде көп тараған аурулардың түрлерін және емдеу жолдарының қандай болғанын білуге болады. Орта ғасырдағы фармацияның дамуының ерекше қасиеті, дәрі-дәрмектің құрамында ингредиенттер неғұрлым көп болса, соғұрлым оның әсерлілігі артады. Сөйтіп, дәрі жасаудың технологиялық әдісі күрделілене берді. Дәрілік шикізаттар ерекшеліктеріне қарай ұсату, жаншу, үгіту, қайнату, ашыту алдын ала өңдеуден өткізілді. Енді дәрі жасалатын шикізаттардың қорын бір жерде сақтау керек болды. Мұндай жерді "Аптека" деп атады. "Аптека" грек сөзі, ол "Қойма" деген мағынада. Кейбір дәрі-дәрмектердің құрамында ондаған, жүздеген ингредиенттер енгізілді. Сол уақыттағы өте кең қолданылатын "Териак" қосындысының құрамында 70-ке жуық дәрі болды. "Териак " барлық дертке қарсы қолданылды, оны көпшіліктің алдында дайындап, белгілі бір ережелер бойынша науқасқа беріп отырған.Фармацевтикалық істің өркендеуі феодализм дәуіріндегі сиқырлыққа, астрологияға, алхимияға қатты әсер етті. Ақ және қара сиқырдың тәсілдерін білетін, әрі оған кәнігілер сырқат адамның бойынан жын-шайтанды дұғамен "қуып шығатын" болды. Дәрігерлермен, аптекашылар астрологияның көмегімен жұлдыздарға қарап бал ашты, адамның тағдырын, дәрі-дәрмектердің қайсысын қай кезде қабылдау тиімділігін айтты, қысқасы сәуегейлік құрды. Сол заманның алхимктері бар күш-жігерін "тастар даналығын" элексирді (құпия сұйықтарды) біліуге жұмсады. Міне, осы элексирдің адамды сауықтыратын, қатты жасартатын құдыреті болуы керек еді.Соны іздеу жолында алхимиктер көптеген жасанды жолымен бірнеше химиялық заттар алуды үйренді.Алхимиктер дәрілерді алуда жаңа әдістерді ұсынды: айдау, тұнбалау, қайнату, сүзу. Осы уақыттада су моншасы, су айдайтын куб, химиялық зертханаларда қолданылатын құралдар жасап шығарылды. Бірінші рет араб ғалымдары азот қышқылы, тұз қышқылы, хлор, сынап нитраты, күміс нитраты, спирт (араб сөзі-алкоголь) химиялық реакциялар арқылы алу жолдарын, оны медицинада қолдану жолдарын және дәрі-дәрмек жасау жолдарын үсынды/ Орта ғасырда шығыс елдерінде фармацияның дамуында ең бірінші дәріхананың ашылуы болды. Багдад қаласында 754 жылы, жалпы ғылым дами бастағанда араб медицинасы бүрынғыдан да гөрі күшейе түстіл Египетті, Персияны, Үндістанды басып алған арабтар жеңілген елдерден үйрене отырып, көптеген ғылыми еңбектерін жарыққа шығарды.Медицина ғылымының тарихында орта азиялық атақты ғалым, дәрігер Ибн-Сина (Авиценна) артына үмытылмас үлкен ғылыми мүра қалдырды.Оның медицина жайындағы трактатында дәріні суреттеуге көп орын берілген Шығыс ғалымы, дәрігер Авиценна (Абу Али ал-Хусеин ибн Абдаллах ибн ал-Хасан Ибн Али ибн Сина,) (980-1037).Авиценна жан-жақты білімді ғалым болған. Оның астрономияда, физика, химия, геология, география, музыка, философия көп жаңалықтар мен ғылыми ашылымдар жасады. Ибн-Сина артына ұмытылмас үлкен ғылыми мүра қалдырды. Оның медицина жайында 5 томдық трактатында "Дәрігерлік ғылым туралы канон" анатомия, физиология, патология, терапия, фармация, гигена сүрақтары айқындалған.Оның алдыңғы екі томында "жай" және "күрделі" дәрі-дәрмектердің сипаттамасы берілген. Бүл еңбектерінде 785 дәрі-дәрмектердің өсімдіктер және жануарлар, минералды заттардан алынған дәрілік нысандардың сиппаттамасы, алу тәсілдері көрсетілген. Орта ғасырларда фармацияның дамуында Италияның оңтүстігінде Неа|Йоль қаласында орналасқан Сал^рена мектебі көп ықпалын тигізді. Мектеп ректоры Николай 1140 жылы Европада ең алғашқы фармакопея "Антидотарий" басып шығарды, онда дәріханада қолданылатын өлшем бірліктері көрсетілді: (грамм, скрупул, драхма, унция).Кейінірек "Солерналық денсаулық кодексі55 жарық көрді, онда әртүрлі гигеналық және санитарлық ережелер көрсетіліп, қазіргі уақытқа дейін қолдау табуда. 1224 жылы Үлы Рим империясын императоры Фридрих II бекіткен,фармацевттер мен дәрігерлердің міндеттері мен құқықтары туралырет шықты.

Орта ғасырда ғылым дүниесіне келген әрбір адам даму кезеңін бейнелеп отырады. Бұл салада швед ғалымы Парацельстің (1493-1541) еңбегі жемісті болды. Ол медицина мен химия саласында емдеу химиясының жаңа түрі — Унатрохимияның негізін салып, ғылымға жаңа өріс ашты. Парацельстің айтуынша адам организмі белгілі бір қатынаста бір-бірімен үйлескен химиялық заттар жиынтығы. Егер осы қатынас бүзылатын болса, адам дереу ауырады екен. Өмір тепе-теңдігін сақтау үшін организмге сол жетіспейтін химиялық заттарды егу керек. Парацельс көптеген металдық, сынап қоспаларының аса зор емдік қуатын анықтады. Сөйтіп ол аналитикалық химияныңнегізін салды. Соның ішінде ғылымның фитохимия-өсімдіктер химиясы дейтін жаңа саласы дами бастады.

Орта ғасырда Қазақ жерінде медицинаның дамуы.

ІX ғасырдан XІІІ ғасырға дейін Византия және Парсы саяхатшыларына Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарын мекендеген түркі тілдес тайпалардың мал шаруашылығымен айналысқанын жазған. Ал, оңтүстіктің халқы көбінесе диқанлылықты машық еткен, сондықтан отырықлышық белең ала бастаған. Ежелгі қалалар орынтадырда Тараз. Құлан, Ақтам, Ағатаяқ жүзімнен шарап жасау шеберханасы табылған. Сондай –ақ су жүргізетін каналдар –Ақыр Таста бұлақтардан су алатын 3 су құбыры табылған. Су жүргізілетін жүйесі қыштан жасалған құбырлар арқылы қалаларды жаза сумен қамтамасыз еткен. Қалалар өімірнде моншаның маңызы өте зор болған, олар Тазар, Яссы және т.б. жерлерде қазба жұмыстарын жүргізгенде табылған.

Татар –Монғол шапқыншылығына дейінгі орта ғасырлар кезеңінде феодалдық қатынастар тамырланып, сауда, қол -өнер өрістейді және медицинаның дамуының негізі қаланады. Қазақ халқы ежелден –ақ түрлі ауру –сырқауға шипа табудың жолын білген. Мысалы, жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметіне қуат беру үшін қызылша деген шөп, ұлшабар –ішек ауруларынан сақтандыратын, қымыздық, өкпе қабынғанда ішінен және қақырықты түсіретін қарааңдыз, тағы басқа өсімдіктерді пайдаланған. Медицина тарихында орта ғасырларда Шығыс және Орта Азия елдерінің ғалымдары бұрынғы дәуірден жиналған ғылыми жетістіктерді сақтап қалу, толықтыру, жетілдірумен қатар фармацияда және фармакопеяда, сондай-ақ жоғары дәрежеде ұйымдастырылған ауруханалар, емшілік көмекші бұқараға бірдей көрсету: оташылдықты арнайы медицина саласында бөліп шығару оны қалыптастыру жұмыстарын онықтырған.

Аса бір көңіл аударатын мәселе ғылымның дамуына жол ашып, кейін Батыс Еуропада ғылым жетістіктеріне жетуге: оны жылдамдатуға әрес еткен. әрине қазақтардың халық медицинасы көп жағынан Орта Азия халықтарының медицинасына ұқсас, яғни әр түрлі кезеңдерде Қазақстардың және көрші елдерді мекендеген халықтардың мәдениеті мен дүниетану білімі өзара байланысты, бір-біріне қатысты дамыған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет