Хіх-хх ғ. басындағы Германия және Австро-Венгрия



бет1/3
Дата16.05.2023
өлшемі38,92 Kb.
#93680
  1   2   3

ХІХ-ХХ ғ. басындағы Германия және Австро-Венгрия

  1. Германия бытыраңқылығының сақталуы.

  2. Германияның бірігуі және ондағы Пруссия мен Австрия бәсекелестігі.

  3. Австрия империясы. 1867 ж. Австро-Венгрияның құрылуы.

  4. 1871-1899 жж. Герман империясы. ХХ ғ. басындағы Германияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.

  5. ХХ ғ. басындағы Австро-Венгрияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.

Германияның шаруашылықтық жағынан артта қалуы сонау ХУІ ғасырдың екінші жартысынан қалыптасты. Оның үстіне ХУІІ ғасырдың бірінші жартысында Отыз жылдық соғыс елді құлазытты. Көптеген облыстар мен қалалар шведтік және басқа жалдамалы әскерлермен тоналды. Сөйтіп, соғыстың нәтижесінде Германияның Англия мен Франциядан артта қалушылығы күшейді. Германияның артта қалушылығы оның саяси бытырыңқылығынан да көрінді. Бұл кезеңде Германияда шамамен 300 ірілі-ұсақты княздіктер, 51 еркін қала және 1500-дай ұсақ рыцарлық иеліктер өмір сүрді. Бұл мемлекттер формалді түрде «Герман ұлтының Қасиетті рим империясына» біріктірілді. Императорлар австриялық Габсбургтер әулетінен сайланған. Германдық мемлекеттерде феодалдық-абсолюттік тәртіп үстемдік етті. Дегенмен, бұл жекелеген княздердің өзіндік билігі елдің бірігуіне кедергі келтірді. Империядағы ірі мемлекеттер – Австрия және Бранденбург-Пруссия болды. Австриялық Габсбургтер монархиясы иеленген жерлердің ішінде Тироль және Венгрия экономикалық жағынан артта қалды. Ал, Австрия мен Чехия жоғарғы даму деңгейімен ерекшеленді. Австрияда цехтық қолөнер дамып, мануфактуралар пайда болады. ХУІІ ғасырдың аяғында Венада 100 мыңнан аса халық тұрған. Чехияда да көптеген орталықтанған мануфактуралар жұмыс істеді. Осылайша, Габсбургтік монархия Еуропадағы күшті мемлекеттердің бірі болды.


Вестфаль бітімінен кейін австриялық Габсбургтер өз иеліктерін кеңейтуге тырысты. Басты қарсыластары ХІУ Людовиктің Франциясы мен Түрік империясы болды. 80-жылдары түріктер қоластында болған Венгрияның бір бөлігі Габсбургтерге өтеді. Батыста Габсбургтер Франциямен де соғыс жүргізді. 1701-1714 жылдары «испан мұрасы» үшін болған соғыс нәтижесінде Австрияға испандық Нидерланды, Неаполитандық корольдік, Сардиния аралы мен Милан қосылады. Сөйтіп, Австрияның халықаралық беделі өсе түседі. Дегенмен, Австрияның күшеюін Франция да, Испания да қаламады. 1735 жылы Франция Австриядан Лотарингияны тартып алады. Испания болса Неаполитандық корольдікті қайтарады. Австрия Түркиядан да бірқатар жеңілістер табады. Осылайша, Габсбургтер монархиясы әлсірейді.
Осындай жағдайда ХУІІ ғасырдың екінші жартысында Бранденбург-Пруссия күшейеді. Бұл процесс І Фридрих-Вильгельм тұсында қарқында жүрді. Пруссия үлкен қуаттылыққа және сыртқы саяси жетістіктерге Фридрих ІІ (1740-1786 жж.) тұсында қол жеткізді (шебер ұйымдастырушы және ірі қолбасшы). Оның тұсында армия 200 мың адамға дейін жеткізілген. Армияның саны жағынан Пруссия Еуропада 4-орынды иеленсе, халық саны бойынша 13-орында тұрды. Фридрих ІІ басты қарсыласы ретінде Австрияны санаған.
1740-1748 жылдары «австриялық мұра» үшін соғыс жүреді. Бұл соғыста габсбургтер иеліктері бөліске салынады. Соғыс барысында Пруссия королі Фридрих ІІ Австрияның бай провинциясы – Силезияны жаулап алады. Австрия мұрасы үшін болған бұл соғыста Фридрих ІІ Франция және Испаниямен одаққа сүйенсе, Австрияның жағында Англия тұрды. «Австрия мұрасы» үшін соғыстың Пруссия үшін сәтті аяқталуы оны ұлы еуропалық державаға айналдырды. Одан әрі Фридрих ІІ агрессиялық саясатын кеңейте түсіп, енді Саксония мен Чехияны жаулауды мақсат етті. Шығыста Фридрих ІІ Польшаға үстемдігін орнатуды көздеді. Бұл жоспарлар өз кезегінде Австриямен оның ескі одақтасы Ресейдің мүддесіне қайшы келді. 1756 жылы Фридрих ІІ Англиямен одаққа қол жеткізеді. Оған жауап ретінде бұрынғы бақталастар Австрия және Франция 1756 жылы Версаль одақтық келісіміне қол қояды. Міне, осы елдердің арасындағы қайшылық 1756-1762 жылдардағы Жетіжылдық соғысқа әкелді. Бұл соғыста Ресей армиясы үлкен жетістіктерге жетіп, 1760 жылы олар Берлинді алады. Орыстардың жетістіктерінен үрейленген одақтастары – Австрия және Франция енді Ресейдің Польшадағы ықпалын жоюға әрекет етті. Осылайша, Ресей және оның одақтастары арасында қайшылықтар пайда болады. Ресей тағына келген Голштейндік ІІІ Петр ІІ Фридрихпен соғысты тоқтатып, онымен Данияға қарсы одақ құрады. 1762 жылы Пруссия Австрия және Франциямен бітім жасасады. Сөйтіп, Жетіжылдық соғыстан кейін Еуропада мемлекеттердің шекаралары өзгеріссіз қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет