Тәрбие сағаты: «Адамзаттың ұлы ұстаздары» «Тері аурулары»(педикулёз) 5 «Б» сынып
Сынып жетекшісі: Сенадилова Ж.Р. 2022-2023 оқу жылы
Сынып сағатының жоспары
Тақырып:
«Адамзаттың ұлы ұстаздары»
Тері аурулары (педикулёз)
Сынып жетекшінің аты-жөні:
Сенадилова Жулдыз Рыскелдиновна
Күні:
3 қазан
Сынып: 5 «Б»
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Мақсаты
Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Оқушыларға тазалық сақтау жолдары туралы түсінік беру.Жеке бас гигиенасын сақтауға баулу.
Сыныпта жағымды көңіл-күй қалыптастыру;
Қызығушылықты ояту;
Видеоролик бойынша сынып оқушыларының ойын білу;
Сынып сағатының мақсатымен таныстыру
Амандасу;
Өз ойларын білдіру;
Сынып сағатының тақырыбы мен мақсаты туралы өз ойларын айту;
Видеороликке пікір білдіру
https://youtu.be/cX7jeeYg6ZI
Ортасы
Мұғалім сөзі:
Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин. Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы. Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді. Ы. Алтынсариннің оқып, білім алуына жағдай жасап, ақыл - кеңес беріп отырған атасы Балқожа би еді. Оқуда жүрген жас Ыбырайға атасы хат арқылы өлең мен күш - қуат, ынта - жігер беріп отырады. Балқожа бидің баласына жазған хаты. Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Қазақстан мектептерінің жұмысы Ыбырай
Алтынсариннің педагогтік қызметпен айналысуынан бастап ерекше жанданды.1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті. Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын.