Сабақ Мақсаты : Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы



Дата31.12.2021
өлшемі22,74 Kb.
#21959
түріСабақ

Тақырыбы: «Дос таңдай білесің бе?» тақырыбына тренинг сабақ
Мақсаты:Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру. Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру, олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына, өз ойын, пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу.Оқушыларды достыққа адал болуға, имандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Керекті құрал: Интерактивтік тақта, ақ парақ, арнайы әуен, түрлі-түсті қағаздан қиылған алмалар, плакатқа салынған «жеміс ағашы». 
Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. 
Амандасу рәсімі. Жаттығу «Сыйлық» Шарты. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Әр оқушы өз есімін айтады да қасындағы оқушыға сыйлығын сыйлайды. Сыйлаған сыйлықты жест, мимика арқылы көрсету керек, ал сыйлық арнаған оқушы ол қандай сыйлық екенін табу және атау керек. 
Жаттығу «Менің ерекшеліктерім және кемшіліктерім». Шарты. Оқушы өзінің жағымды (+), жағымсыз(-) жақтарын анықтайды, таразылайды, талдайды. Жағымсыз қасиеттерін қағазға жазып, умаждап қоқыс шелегіне тастату. Жағымсыз жақтарынан арылу, түзету жолдарын іздеу. 
Мақал-мәтелдерді талдау. 
1. Жақсымен дос болсаң- жетерсің мұратқа.

Жаманмен дос болсаң-қаларсың ұятқа. 
2. Досы көпті жау алмайды, 
Ақылы көпті дау алмайды 
Шығарма жазу. «Досым қандай болуы керек?» 
Шарты. Әуен ойнап тұрады. Оқушыларға түрлі-түсті қағаздан қиылған алмалар ұсынылады (сары, жасыл, сарғыш), сол алмаға өз ойларын жазу керек (5минут) Сары-ашық адамдар, жасыл – қиялшыл адамдар, сарғыш-өз дегеніне жететін адамдар (таңдаған түстер арқылы әр баланың мінезі анықталды.) Әр оқушы жазған шығармасын оқып, тақтадағы жеміс ағашына іледі. 
Жаттығу. « Мен ғажаппын!» 
Осы жайдары, көңілді қалыпты сақтай отырып хормен тақтадағы сөйлемдерді айтады. 
- Мен осы өмірде келуіммен кереметпін. 
- Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды. 
- Мен мейірімді, жылы жүректі жанмын. 
- Мен сабырлымын, салмақтымын. 
- Мен айналама бақыт шуағын шашамын. 
- Мені тек жақсы адамдар қоршаған. 
- Мен бәріне ризамын. 
- Мен бақытты адаммын. 
Талдау: Көңіл-күйіміз қалай? Қандай әсер алдыңыздар?

Тренинг
Тақырыбы:

«Дос таңдай аласың ба?»


Сынып жетекшісі: Хайдарова Л.Т.

Өс, бұрымым: шаштың өсуін жылдамдатудың жеті тәсілі

Егер сен осы жазда жалпы көпшіліктің әуестігіне беріліп, шашыңды қысқа етіп қиған болсаң, онда қазіргі кезде өз шешіміңе өкініш білдіріп және де шаштарыңның тезірек қайтадан өскенін тағатсыздана күтіп жүрген шығарсың. Білесің бе? Бұл үдерісті тездетуге болады! Айтайық.

1. Тазалық – денсаулық кепілі!

Ластану, артық май және шаш үлгісін жасау кезінде қолданылған құралдардың қалдығы шаш фолликулаларын бітеп тастауы және осылайша шаштың өсуін тежеуі мүмкін. Олай болмауы үшін, өзіңнің шаштарыңның тынығуына жағдай жаса және бірталай уақыт бойы стайлингтік өнімдерді қолданба.

2. Дұрыс сусабын таңда

Көптеген сусабындар ластануларды және шаш үлгісін жасау кезінде қолданылған құралдардың қалдығын жақсы жояды. Бірақ сен сусабын таңдауда қателескен болсаң немесе шаштарыңды әдеттегіден көбірек жуатын болсаң, онда сен шаштарыңның өзінің жұмсақтығы мен дені сау түрін сақтауға көмектесетін жұқа майлы қабатын бұзасың. Сонда не істеу керек? Біз сенің шаштарыңа ұқыпты қамқорлық жасайтын қалпына келтіруші сусабын ұсынамыз.



3. Әрқашан кондиционер қолдан!

Шашты бояу мен ыстық шаш үлгісін жасату уақыт өте келе сенің шаштарыңды, әсіресе ұштарын әлсіретеді. Бұл қиындықтан құтылу үшін, шашыңды әрбір жуған сайын кондиционер пайдалан. Кондиционер сірқабықты жабуға және сол арқылы шашты зақымданудан қорғауға көмектеседі.



4. Маска жаса

Егер де сен шашыңды өсіруге шешім қабылдасаң, олардың ұштарына да оңай тимейтіндігіне дайын бол, және де оларға да айрықша күтім мен қамқорлық қажет. Қарапайым кондиционермен құтыла алмайсың. Әрине, шаштың ұшын үнемі қиып отыруға болады, бірақ егер де сен батыл шараларға дайын емес болсаң, аптасына бір рет маска жасап көр немесе шашқа арналған май жағып көр.



5. Жастықтың тысын ауыстыр

Егер де жастықтың тысы мақта-матадан тігілген болса, онда оны сәтенге ауыстыр. Ол жұмсақтау, бұл дегеніміз ұйықтаған кезде қажалу азырақ болады, және де сен әдеттегідей шашың ұйпаланып оянбайсың.



6. Диета туралы ұмытпа

Шашыңның өсуі үшін, сенің организміңе қанықтырғыш заттар, сондай-ақ темір, В тобының витаминдері, мырыш пен ақуыз қажет. Мұндай диетаны жасау және ұстап жүру – оңай іс емес екенін түсінеміз, сондықтан да шашты өсіруге арналған арнайы әзірленген витаминдік қоспаларды ұсынамыз.



7. Айналаңа шынайы көзбен қара

Ал, соңына да жеттік. Тіптен сен өзіңнің шаштарыңа барлық жағдай жасаған күннің өзінде де, бір түннің ішінде ол беліңе дейін өсіп кетпейтіндігіне дайын бол. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, шаштың өсу жылдамдығы орташа алғанда жылына еуропалық ұлт өкілдері үшін 13 сантиметрді, азия халықтарының өкілдері үшін 15 сантиметрді құрайды.



Өс, бұрымым: шаштың өсуін жылдамдатудың жеті тәсілі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет