5-9 сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінің оқу бағдарламасының ерекшеліктері бойынша



бет1/10
Дата08.09.2023
өлшемі104,31 Kb.
#106673
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
КТЖ 5-9 2022-23


5-9 сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінің
оқу бағдарламасының ерекшеліктері бойынша
ТҮСІНІК ХАТ

Бастауыш және негізгі мектептің мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектептегі «Бейнелеу өнері» мен «Еңбекке баулу» және негізгі мектептегі «Технология» пәндерінің мазмұны негізінде әзірленген кіріктірілген жаңа «Көркем еңбек» пәні енгізіледі.


Пәннің оқу бағдарламасы келесі тараулардан тұрады:
1) Жалпы ережелер – бағдарлама мазмұнын жүзеге асырудың мақсаты, міндеттері, негізгі әдіснамалық және әдістемелік қырлары туралы ақпарат қарастырылған;
2) Оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру – оқу жүктемесінің көлемі туралы ақпарат берілген, пән бойынша тақырыптардың мазмұны енгізілген;
3) Оқыту мақсаттарының жүйесі – бөлім бойынша әр сыныпқа бөлінген оқытудың күтілетін нәтижелері (оқытудың мақсаты);
4) Ұзақ мерзімді жоспарлар – оқу жылы бойы бағдарлама бөлімдерін оқыту реттілігін анықтайды. Сағат саны бөлінуін, сонымен қатар тоқсанда оқытылатын тақырыптардың реттілігін мұғалімнің қалауы бойынша өзгертуге болады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаудың негізі болып табылады.
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқыту оқушылардың өнер мен технология саласындағы функционалды сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған, пәндік білім мен түсініктерін, тұлғалық, практикалық, көркемдік, зерттеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, әлемді эстетикалық қабылдауын дамытады.
Орта білім берудің мазмұнын жаңарту шеңберінде пәннің мазмұнын кіріктірудің себебі, қолданыстағы «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» және «Технология» пәндері бойынша оқу бағдарламалардың мазмұна жасалған талдау мазмұны жалпы ұқсас екенінін және аталған пәндер бағдарламаларындағы оқу материалдарының қайталанатындығын көрсетті.
Екі пәннің мазмұны бойынша шамамен бірдей, әртүрлі тарауларын біріктіру қажеттігі «Көркем еңбек» (негізгі мектепте) пәнінің бес білім беру бағыттарын анықтады:
1) визуалды өнер;
2) сәндік-қолданбалы өнер;
3) дизайн және технология;
4) үй мәдениеті;
5) тамақтану мәдениеті.
«Көркем еңбек» пәнінің мазмұны қолданыстағы «Технология» оқу пәнінің бағдарламасында гендерлік ерекшелігіне қарай (қыздар мен ұлдарға), сыныптың толықтырылуынан тыс қарастырылады.
Визуалды өнер тарауының мазмұнында қарастырылғандар: классикалық және заманауи өнер, қазақстандық суретшілердің шығармашылығы, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары; сандық өнер (фотография, анимация, медиа құралдар); бейнелеу өнерінің (визуалды) мәнерлік құралдары; көркем материалдар және техникалармен жұмыс дағдыларын меңгеру. Осы тараудың мазмұнында ұлдар мен қыздар үшін бірдей тақырыптар қамтамасыз етілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет