Алматы 2023ж «Жаратылыстану» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет1/5
Дата09.03.2023
өлшемі56,73 Kb.
#72739
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Құрманғали Диана СӨЖ


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



СӨЖ №1
«Жаратылыстану» пәнінің мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі. Жаратылыстану пәнінің ортақ тақырыптары.

Тобы:ПМНО АКТ 3 жылдық


Орындаған:Құрманғали Д.М

Алматы 2023ж
«Жаратылыстану» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Оқу жүктемесін бөлу:

Сынып

Апталық жүктеме

Жылдық сағат саны

1

1

33

2

1

34

3

2

68

4

2

68



Пән мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған:
1) оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімше ішінде дәйектілікпен ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылар жетістігін бағалауға, сондай-ақ, оларды оқудың келесі кезеңдері жөнінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді:



Бөлімдер

Бөлімшелер

1

Мен зерттеушімін

1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі
1.2 Табиғатты тану әдістері

2

Тірі табиғат

2.1 Өсімдіктер
2.2 Жануарлар
2.3 Адам

3

Заттар және олардың қасиеттері

3.1 Заттардың типтері
3.2 Ауа
3.3 Су
3.4 Табиғат ресурстары

4

Жер және ғарыш

4.1 Жер
4.2 Ғарыш
4.3 Кеңістік және уақыт

5

Табиғат физикасы

5.1 Күш және қозғалыс
5.2 Жарық
5.3 Дыбыс
5.4 Жылу
5.5. Электрлік
5.6 Магниттілік

Бағдарламада «Оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.


«Жаратылыстану» пәнінің мазмұны
1) 1-сынып
«Мен зерттеушімін». Қоршаған орта құбылыстарын бақылау. Бақылау кезеңдері. Эксперимент.
«Тірі табиғат». Жанды ағзалар. Өсімдіктер және олардың алуантүрлілігі. Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Өсімдіктің негізгі бөліктері: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым. Жабайы және мәдени өсімдіктер. Мәдени өсімдіктерді күту (суару, қоректендіру, топыраққа күтім жасау). Өсімдіктің тіршілігіне қажетті жағдайлар (су, жарық, жылу, қоректік заттар). Жануарлар. Жабайы және үй жануарлары. Үй жануарларын күту. Үй жануарларының келтіретін пайдасы. Жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделуі: жылы жаққа ұшу, қысқа азық жинау, ұйқыға кету. Адам. Дене мүшелері. Бас. Мойын. Дене. Аяқ пен қол. Адамның өмірінің кезеңдері.Тамақтану, демалу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет