№5 Азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттары



Дата04.02.2023
өлшемі252,04 Kb.
#65161
түріСеминар
Байланысты:
5 Азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттары

Семинар№5 Азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттары.

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім:
  • Қорғаныс ғимараттары қорғау қасиеттеріне байланысты бөлінеді:

  • Паналау ғимараттары
  • Радиацияға қарсы паналау ғимараттары
  • Қарапайым паналау орындары.
  • Қорытынды.

Кіріспе

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат,әр түрлі төтенше жағдайлардан, сондай – ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі – адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар жүйесінде пайдалынылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары және қарапайым жасырыну орындары жатады.Бұл қорғаныс ғимараттарының негізгі мақсаты – халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.Панаханалар жан-жақты қымталған, радиациялы сәулелердің жолына бөгет бола алатын арнайы салынған баспана.

Олардың көмегімен адамдар тіпті қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады,олардың қауірсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі.

Паналау ғимараттары.


Панаханалар
жан-жақты қымталған, радиациялы сәулелердің жолына бөгет бола алатын арнайы салынған баспана. Олардың көмегімен адамдар тіпті
қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады,олардың қауірсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіретін және шығатын жерлері болуы керек.






Бұл ғимараттар негізінен су баспайтын учаскелерде салынады. Олар тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Сырт жағындағы жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жер бетінен биік орнатылмайды. Панахана еденінің деңгейі жер асты суының деңгейінен жоғары болуы тиіс.

  • Бұл ғимараттар негізінен су баспайтын учаскелерде салынады. Олар тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Сырт жағындағы жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жер бетінен биік орнатылмайды. Панахана еденінің деңгейі жер асты суының деңгейінен жоғары болуы тиіс.

Сиымдылығы бойынша баспана бөлінеді:

  • Сиымдылығы бойынша баспана бөлінеді:
  • -сиымдылығы кішілеу – 300 адамға дейін
  • -орташа сиымдылықты – 300-6000 адам
  • -сиымдылығы үлкен- — 600 адамнан көп

Баспана негізгі және көмекші бөлмелерден тұрады.

Негізгі бөлмелерге жататындар:

  • -тығылатындар үшін бөлме
  • -басқару пункті
  • -санитарлық пост(дәрігерлік пункт)
  • Көмекші бөлмелерге жататындар:
  • -сүзгіліжелдеткіш бөлмесі
  • -санитарлық торлар
  • -дизелдіэлектр станциясын орналастыратын бөлме
  • -азық-түлік сақтайтын бөлме
  • -тамбур-шлюз
  • -тамбурлар

Паналаушыларды орналастыратын бөлме белгілі бір адам санына есептеліп, отырғыштармен және жататын орындармен жабдықталады. Паналау ғимараттарының ішінде әрбір адам тәулігіне 7-8 сағат тыныға алатындай мөлшерде жататын орын жасалынады.

  • Паналаушыларды орналастыратын бөлме белгілі бір адам санына есептеліп, отырғыштармен және жататын орындармен жабдықталады. Паналау ғимараттарының ішінде әрбір адам тәулігіне 7-8 сағат тыныға алатындай мөлшерде жататын орын жасалынады.

Радиациядан қорғайтын паналау ғимараттары.

  • Радиациядан қорғайтын паналау ғимараттары дегеніміз- адамдарды радиоаутивті шаңдардан, сәулелерден, жарық шығарудан, сондай-ақ тамшы күйіндегі улағыш заттардан қорғауды қамтамасыз ете алатын ғимараттар.

Қорытынды



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет