5. Дене тығыздығы. Масса. Көлем



бет1/2
Дата18.11.2023
өлшемі29,09 Kb.
#124352
  1   2

5. Дене тығыздығы. Масса.Көлем
Зат массасының осы зат көлеміне қатынасымен өлшене отырып, сол затты сипаттайтын өте маңызды физикалық қасиеттердің бірі тығыздық деп аталады.

- дене тығыздығы(кг/м3);


m – дене массасы(кг);
V – дене көлемі(м3);
Қоспаның тығыздығы – қоспаның құраушы бөліктердің массаларының қосындысын құраушы бөліктердің көлемдердің қосындысына қатынасы.

Қатты заттардың, сұйықтардың және газдар үшін тығыздықтар төмендегі кестеде көрсетілген.


Кесте 1 - Қатты заттардың тығыздығы

Зат атауы

,кг/м3

,г/см3

Зат атауы

,кг/м3

,г/см3

Алюминий

2700

2,7

Тығын

240

0,24

Алтын

19300

19,3

Мәрмәр

2700

2,7

Бетон

2200

2,2

Мұз

900

0,9

Болат

7800

7,8

Мырыш

7100

7,1

Гранит

2600

2,6

Мыс

8900

8,9

Емен

800

0,8

Никель

8900

8,9

Темір

7800

7,8

Платина

21600

21,6

Кварц

2600

2,6

Парафин

900

0,9

Кірпіш

1600

1,6

Жез

8500

8,5

Күміс

10500

10,5

Шыны

2500

2,5

Қалайы

7300

7,3

Шырша

600

0,6

Қорғасын

11300

11,3

Шойын

7000

7

Құм

1500

1,5









Кесте 2 - Сұйықтардың тығыздығы



Зат атауы

,кг/м3

,г/см3

Зат атауы

,кг/м3

,г/см3

Ацетон

790

0,79

Күкірт қышқылы

1800

1,8

Бензин

710

0,71

Машина майы

900

0,9

Су

1000

1

Мұнай

800

0,8

Теңіз суы

1030

1,03

Сынап

13600

13,6

Глицерин

1260

1,26

Спирт

800

0,8

Керосин

800

0,8









Кесте 3 - Газдардың тығыздығы



Зат атауы

,кг/м3

Зат атауы

,кг/м3

Азот

1,25

Гелий

0,18

Ауа

1,29

Оттек

1,43

Сутек

0,09

Табиғи газ

0,8



Жаттығу есептер
А - тобы

  1. Ұзындығы 1,2 м, ені 8 см, қалыңдығы 5 см болатын ағаш білеушенің массасын анықта. А800 кг/м3.




  1. 125 литрінің массасы 100 кг болатын сұйықтың тығыздығы қандай болады?



  1. Бензин таситын машинаның цистернасының көлемі 12 м3. 40т бензинді тасу үшін қанша рет қатынау керек? К710 кг/м3.



  1. Тамақ салатын қаңылтырдан жасалған қалбырлар таттанбау үшін, оларды ауданы 200см2 қаңылтырға 0,45 г-нан келетіндей етіп, қалайының жұқа қабатымен қаптайды. Қаңылтырдағы қалайы қабатының қалыңдығы қандай? Қ7300 кг/м3.



  1. Массасы 54 кг болатын мәрмәр тастың көлемі 0,02 м3 болса, оның тығыздығы қандай болады?



  1. Массасы 240 г бос мензуркаға көлемі 75 см3 сұйық құйылған. Сұйығы бар мензурканың массасы 375 г. Мензуркадағы сұйықтың тығыздығын анықта.



  1. Шойынды құйған кезде қуыс қалып қойды. Құйманың көлемі 4,2 дм3, массасы 27,3 кг болған. Осы мәліменттерге сүйене қуыстың көлемін анықта. ш700 кг/м3.



  1. Массасы 400 г білеушенің өлшемі 20х5х2см. Оның затының тығыздығы қандай және бұл қандай зат?



  1. Мыстан жасалған білеушенің ұзындығы 4 м, ені 1,5 м, қалыңдығы 25 см болса, оның массасы қандай болады? М8900 кг/м3.



  1. 0,5л өсімдік майының массасы қандай? М900 кг/м3.



  1. Ыдысқа массасы 5 кг су сыяды. Осы ыдысқа көлемі дәл сондай қанша керосин сыяр еді? С103 кг/м3, К800 кг/м3.




  1. 1 минут ішінде адам демін ішке 15 рет тартқанда өкпесіне 600 см3 ауа келеді екен. Бір сағатта адамның өкпесі арқылы өтетін ауаның массасын есептен шығар. ауа1,29 кг/м3.



  1. Ұзындығы 20м және көлденең қимасының ауданы 2 мм2 болатын мыстан жасалған өткізгіш сымның массасын тап. М8900 кг/м3.



  1. Көлемі 1 л өсімдік майының массасы 920 г. Майдың тығыздығын тап. Оны килограмм бөлінген куб метрмен (кг/м3) өрнекте.



  1. Вагонға массасы 12 т қарағай тақтай тиеді. Бір тақтайдың өлшемдері 800х200х25 см болса, қанша тақтай тиелген? Қ440 кг/м3.



  1. Көлемдері бірдей алюминий және мыс екі білеуше бар. Егер мыстың массасы алюминийдің массасынан 1,24 кг артық болса, бұл білеушілердің массалары қандай болады? А2,7 г/см3. М8,9 г/см3.



  1. Көлемі 1 см3 алтынның массасы көлемі сондай қорғасынның массасынан қанша есе көп? Алтынның тығыздығы 19300 кг/м3, қорғасынның тығыздығы 11300 кг/м3.



  1. Көлемі 100 мл судың массасы неге тең? су103 кг/м3.



  1. Ыдыстың ішінде массасы 2 кг бензин бар. Ыдыстың бензині жоқ кездегі массасы 600г. Ыдыстың көлемін литрмен анықта. Б710 кг/м3.



  1. Массасы 17,8 кг мыстан жасалған затты жуу үшін керосині бар ыдысқа батырған, зат ығыстырып шығарған керосиннің массасын анықта. К800 кг/м3. М8,9 г/см3.



  1. Массасы 461,5 г дененің көлемі 65 см3. Оның тығыздығы қандай?



  1. Бензин құятын отын багының көлемі 200л, оған толтыра бензин құйылған болса, массасы қандай болар еді? Б0,71 г/см3.



  1. Трактордың отын багына толтыра құйғанда, 70 кг керосин сыяды. Бактың көлемін литрмен анықта. К800 кг/м3.



  1. Массалары бірдей күміс және мыс екі білеуше бар. Күмістің өлшемдері 2х5х6 см, ал мыс білеушенің ұзындығы 7 см ені 4см. Биіктігі қандай? К10,5 г/см3. М8,9 г/см3.



  1. 15 см3 қандай да бір заттың массасы 109,5 г-ға тең. Осы заттың 1 м3-нің массасы одан қанша есе артық?



  1. Тығыздығы 11300 кг/м3 заттан тұратын дененің көлемі 250 см3. Массасын есептеп шығар.



  1. Массасы 200г бос мензуркаға біраз мөлшерде керосин құйылды. Мензурканың керосинмен қос алғандағы жалпы массасы 260г болса, оған құйылған керосиннің көлемі қандай? К800 кг/м3.



  1. Массасы 1,6 кг мыстан жасалған заттың көлемі 200см3. Осы зат тұтас па, әлде қуыс па? Қуыс болса, сол қуыстың көлемін анықта. М8,9 г/см3.



  1. Үй шатырына жабатын ұзындығы 1420мм, ені 710 мм және қалыңдығы 0,51 мм табақ болаттың массасы 3,98 кг. Болаттың тығыздығы қандай?



  1. Жүк көтергіштігі 4 т машинаға өлшемдері 250х120х65 мм құрылыстық кірпіштің қанша данасын тиеуге болады? К1800 кг/м3.



  1. Бір кесек заттың массасы 474,5г, көлемі 65 см3. Тығыздығы қандай?



  1. Толтыра керосин құйылған ыдысқа, массасы 7,1 кг мыстан жасалған зат толық батырылған болса, асып төгілген керосиннің массасы қандай? К800 кг/м3. М8,9 г/см3.



  1. Өлшемдері 30х10х10 см қалайы білеушенің массасы 21,9 кг-ға тең. Қалайының тығыздығын анықта.




  1. Массасы 330г білеушенің өлшемдері 15х5х2 см. Білеуше жасалған заттың тығыздығын анықта.




  1. Массасы 36,05 кг сүттің көлемі 35 л, тығыздығы неге тең?




  1. Тұтас шыныдан жасалған екі куб бар. Егер бірінші кубтың массасы екінші кубтың массасынан 125 есе артық болса, онда бұйір қырларының ұзындықтары қанша есе өзгерер еді.



  1. 0,5дм3-нің массасы 1250 г болатын заттың тығыздығын килограмм бөлінген куб метрмен (кг/м3) есептеп шығар.



  1. Массасы 59г кірпіштің көлемі 50 см3. Кірпіштің тығыздығын анықтап, оны килограмм бөлінген куб метрмен (кг/м3) өрнекте.



  1. Болат құйманың көлемі 750 см3. Құйманың массасын тап. Б7800 кг/м3.



  1. Терезе әйнегінің қалыңдығы 2 мм, ені 50см, биіктігі 1 м, соған сәйкес екінші әйнектің өлшемдері 3 мм, 40 см, 80 см. Қайсы әйнектің массасы үлкен және қанша үлкен? 2,5 г/см3.



B - тобы

  1. Көлемдері 300см3 қалайы және 100см3 қоғасыннан қорытпа жасалды. Осы қорытпаның тығыздығы қандай? 17,3 г/см3. 211,3 г/см3.




  1. Мыс және алюминий екі білеуше бар. Бұл білеушелердің біреуінің көлемі екіншісінен 50 см3-ге артық, ал массасы 175 г кем. Осы білеушелердің көлемдері мен массалары қандай? А2,7 г/см3. М8,9 г/см3.




  1. Ұзындығы 400м ені 1,5м жолға қалыңдығы 1см құм төсеу үшін, жүк көтергіштігі 3 т болатын қанша машина қажет? құм1,5 г/см3.




  1. Массасы 810 г, іші қуыс мыс кубтың қыры 6 см. Кубтың қабырғасының қалыңдығы қандай? М8,9 г/см3.




  1. Көлемдері 2 см3 алтыннан және 5 см3 күмістен жасалған қоспаның тығыздығын тап. А19,3 г/см3. к10,5 г/см3.




  1. Массалары 270 г алюминий және 445 г мыстан тұратын қорытпаның тығыздығы қандай? М8900 кг/м3. А2700 кг/м3.




  1. Көлемі 6,3 л қазанға 4,4 кг картоп салып, оған бетімен бет етіп 2,3 л су құйды. Шикі картоптың тығыздығын екі мәнді санға дейінгі дәлдікпен анықта.




  1. Массасы 2 г алтынды, қалыңдығы 0,1 мкм болатындай етіп жаймалаған. Осы алтынмен қанша ауданды қаптауға болады? А19,3 г/см3.




  1. Іші қуыс шыны шарды суға салғанда массасы 50 г су ыдығыстырылып шығарылды. Егер шардың ішіндегі қуыстың көлемі 12 см3 болса, шардың массасы қандай? су1 г/см3. ш2,5 г/см3.




  1. Көлемдері бірдей болған жағыдайда темірдің массасы алюминийдің массасынан 12,75 кг артық болады. Темір мен алюминийдің массаларын тап. Т7800 кг/м3. А2700 кг/м3.




  1. Машинаның бензин багында көлемі 40л бензин бар. 100 км-ге кететін бензин шығыны 5,7 кг болса, бензин қанша жол жүруге жетеді? б710 кг/м3.




  1. Қоспа 1,5 кг қалайы және 4,2 кг қорғасыннан тұрады. Осы қоспаның тығыздығы қандай? қалайы7300 кг/м3. қорғасын11300 кг/м3.




  1. Шыныдан жасалған кубтың массасы 857,5 г. Оның толық бетінің ауданы 294 см2 болса, шынының тығыздығы неге тең?




  1. Тұтас алюминий кубтың толық бетінің ауданы 150 см2. Осы кубтың массасы қандай? А2700 кг/м3.




  1. Бос ыдыстың массасы 0,34 кг. Егер осы ыдысқа толтыра су құйса оның массасы 0,959 кг болды, ал осы ыдысқа толтыра сүт құйса оның массасы 0,978 кг болады. Осы мәліметтерге бойынша сүттің тығыздығын тап. су103 кг/м3.




  1. Диаметрі 0,5м құбырмен 1 м/с жылдамдықпен 1 сағ ішінде қанша мұнайды тасымалдауға болады? М800 кг/м3.




  1. Куб пішінді бір заттың массасы 2,5 кг. Егер осы кубтың қырларын екі есе кішірейтсек, онда осы кубтың массасы қандай болар еді?




  1. Темірден және алюминийден жасалған бөлшектердің көлемдері бірдей. Егер темірдің массасы алюминийдің массасынан 4 кг артық болса, онда осы бөлшектердің массалары қандай болады? Т7800 кг/м3. А2700 кг/м3.




  1. Консерві қалбырының ішін таттан сақтау үшін қалайымен қаптайды. Оған 0,73г қалайы кетеді. Қалбырдың қалайы жабатын бетінің ауданы 400 см2 болса, қалайының қалыңдығы қандай болар еді? 7,3 г/см3.




  1. Көлденең қимасының ауданы 2 мм2 мыс сым орамасының массасы 20 кг. Орамын тарқатпай, сымның ұзындығын қалай табуға болады? Ол неге тең? М8900 кг/м3.



  1. 4 т жүк көтере алатын жүк машинада мөлшері 250х120х65 мм болатын қанша кірпіш тасуға болады? ρкірпіш=1600кг/м3;



  1. Массалары бірдей мыс және күміс білеушелер бар. Мыс білеушенің мөлшері 2х5х6 см. Егер мыс білеушенің ұзындығы 7 см, ені 4 см болса, биіктігі қанша? ρмыс=8900кг/м3; ρкүміс=10500кг/м3;



  1. Мыс шардың массасы 890 г, ал көлемі 120 см3. Бұл шар біртекті ме әлде қуысы бар ма? Егер қуыс болса, қуыстың көлемін анықтаңыз.



  1. Еменнен істелінген ағаш модельдің массасы 2 кг. Дәл осы модель шойын темірден жасалса массасы қанша болар еді?



  1. Темір және алюминий тетіктердің көлемі бірдей. Темір тетіктің массасы алюминийге қарағанда 12,75 г-ға артық болса, тетіктердің массасын табыңыз? ρал=2700кг/м3; ρтемір=7800кг/м3;



  1. Қуысы бар алюминий кубтың бүйірі 10 см, ал массасы 730 г. Кубтың қабырғасының қалыңдығы қанша? ρал=2700кг/м3;



  1. Жүк машинасы 1,5 т құрғақ құм алып келді. Егер қалыңдығы 5 см қылып, есік алдына құмды сеуіп шықса, қандай ауданды алар еді? ρқұм=2700кг/м3;



  1. Тыныштық жағдайында 30 минутта адам 400 рет дем алады, әр дем алған сайын 700 см3 ауа жұтады. Осы уақытта адам өкпесі арқылы өтетін ауаның массасы қанша? ρауа=1,29кг/м3;



  1. Мыс цилиндрдің көлемі 130 см3, массасы 890 г. Цилиндрдің қуысы бар ма, әлде тұтас па? Қуыс болса, қуыстың көлемі қандай? ρмыс=8900кг/м3;



  1. 200 см3 никель мен 100 см3 қорғасыннан қоспа жасады. Қоспаның тығыздығы қандай?



  1. Екі бірдей материалдан жасалған тұтас куб берілген. Егер бірінші кубтың қабырғасының ұзындығы екінші кубтың қабырғасынан 3 есе кішкентай болса, бірінші кубтың массасы неше есе кішкентай?



  1. Екі шыныдан жасалған тұтас куб берілген. Егер бірінші кубтың массасы екінші кубтың массасынан 125 есе үлкен болса, қабырғаларының өлшемдерінің айырмашылығы қандай?



  1. Екі алтын тиынның массалары бірдей. Бірінші тиынның диаметрі екінші тиынның диаметрінен 2 есе үлкен болса, қай тиынның қалыңдығы көбірек және қанша есе көп болады?



  1. 0,4 м3 көлемді мыс пен массасы 714 кг мырыштан қоспа жасалған. Қоспаның тығыздығы қандай?



  1. Таза суда күкірт қышқылы ерітілді. Ерітіндінің массасы 240 г, ал оның тығыздығы 1,2 г/см3. Ерітіндідегі күкірт қышқылдың массасы қандай? ρкүкірт=1800кг/м3;



  1. Кварц кесегінің құрамында аз мөлшерде алтын бар. Кесектің массасы 100 г, ал орташа тығыздығы 8 г/см3. Алтынның массасы қандай? ρкварц=2,6г/см3;



  1. Мұз кесегінде темір шар қатып қалған. Пайда болған дененің көлемі 50 см3, массасы 114 г. Шардың көлемін табыңыздар.



  1. Пластмассаның тығыздығы 2000 кг/м3. Егер ішіндегі ауаның көлемі пластмассаның көлемінен 3 есе көп болса, осы пластмассадан жасалған ауасы бар қуыс материалдың тығыздығы қандай?



  1. Қабырғасының қалыңдығы 2 мм, сыртқы кубтың толық бетінің ауданы 216 см2 болатын жезден жасалған қуысы бар кубтың массасы қандай? ρжез=8,5г/см3;



  1. Қуысы бар кубтың қабырғасының қалыңдығы 2 см, ал сыртқы қабырғасының ұзындығы 10 см. Егер қабырғасының қалыңдығы 2 есе артса, кубтың массасы қалай өзгереді?



  1. Телевизионды мұнараның биіктігі 250 м, ал салмағы 4000 т. Осы мұнараның моделінің биіктігі 2,5 м. Егер мұнара моделінің материалының тығыздығы мұнара жасалған материалдың тығыздығынан 4 есе аз болса, мұнара моделінің массасы қандай?



  1. Арнайы тапсырыс бойынша үлкейтілген қалайыдан жасалған әскердің көшірмесі жасалды. Үлкейтілген әскерге 343 қарапайым әскер жасайтындай қалайы жұмсалды. Үлкейтілген әскерге жұмсалған бояумен қанша қарапайым әскерді бояуға болар еді?



  1. Екі бірдей қорғасын бытырасымен толтырылған екі түтіктің массалары бірдей – 2100 г. Бір түтікке үстінен су, ал екіншісіне белгісіз сұйықтық құйды. Сәйкесінше массалары 2200 г және 2185 г болды. Белгісіз сұйықтықтың тығыздығы қандай?



С - тобы

  1. 300г қалайы және 100 г қорғасыннан қорытпа жасады. Қорытпаның тығыздығы қандай? қар7,3 г/см3. қор11,3 г/см3.



  1. Биіктігі 20см, ені 12 см, қалыңдығы 3 мм алюминий қаңылтырдан “Н” әріпін қиып алды. Әріп сызықтарының ендері бірдей - 4 см-ден. Осы әріптің массасы қандай? А2,7 г/см3.



  1. Толтыра су құйылған ыдыстың ішіне күміс және мыс денелер салынды. Сол кезде 80г су асып төгілді. Осының нәтижесінде ыдыстың массасы 680г-ға артты. Әр дененің көлемі қандай? (Ыдыстың массасы есерілмесін) К10,5 г/см3. М8,9 г/см3.



  1. Қалыңдығы 2 мм, биіктігі 12 см, ені 10 см тік бұрышты болат қаңылтырға, диаметрі 6 мм болатын 100 дөңгелек тесік жасалатын болса, қаңылтырдың массасы қандай? б7800 кг/м3.



  1. Қоспа қорғасын мен қалайыдан жасалған, оның массасы 664г, тығыздығы 8,3 г/см3. Қоспаның ішіндегі қорғасынның массасын анықта. Қоспаның көлемі оны құраушы бөліктерінің көлемдерінің қосындысына тең. қалайы7300 кг/м3. қорғасын11300 кг/м3.



  1. Көлемі 0,4 м3 қорытпа мыс пен 750 кг мырыштан жасалған. Қорытпаның тығыздығы қандай? М8900 кг/м3. Ц7100 кг/м3.



  1. Мыс сымының көмегімен екі желілі байланыс жүйесін орнатпақшы. Сымның орамының жалпы массасы 1,5 кг, ал сымды тығыздап қарындаштың өн бойына 15 орам орғанда, оның ұзындығы 1 см болды (Лукашик 21 есепті қара). Осы желінің ұзындығы қандай болар еді? М8900 кг/м3.



  1. Алтын мен күмістен жасалған қорытпаның массасы 0,4 кг, тығыздығы 1,4104 кг/м3. Осы қорытпадағы алтынның массасы қандай және ол қорытпаның жалпы массасының қанша пайызын құрайды? з19300 кг/м3. к10500 кг/м3.



  1. Егер жалпы көлемі оны құраушы бөліктерінің көлемдерінің қосындысына тең болса, онда 2,92 кг қалайы және 1,46 кг қорғасыннан тұратын қорытпаның тығыздығы қандай болады? қалайы7300 кг/м3. қорғасын11300 кг/м3.



  1. Массасы 1 кг, 27 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан шар, тыныштықта тұрған алюминийден жасалған тұтас кубқа соқтығысты. Соқтығысқаннан кейін шар тоқтайды, ал куб 10 м/с жылдамдықпен қозғала бастайды. Алюминий кубтың қырының ұзындығы неге тең? а2700 кг/м3.



  1. Қорғасын мен қалайы қоспасының массасы 664 г, ал тығыздығы 8,3 г/см3. Қоспаның көлемі оны құрайтын бөліктердің көлемдерінің қосындысына тең. Қоспадағы қорғасынның массасы қандай?




  1. Қалайының массасы 2,92 кг және 1,13 кг қорғасыннан қоспа жасалған. Қоспаның көлемі оны құрайтын бөліктердің көлемінің қосындысына тең. Қоспаның тығыздығы қандай?










А-тобы

































Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет