1. Мен Алматыға оқу мақсатымен келдім. •



Дата20.12.2022
өлшемі69,08 Kb.
#58465

1 СӨЖ
Жақсы стилист болу — сөз зергері болу деген сөз. Сөз зергері мақсатты ойдың тек түсінікті болуын ғана емес, көркем, әсерлі болуын да көздейді. Ол үшін сөз орамын түрлендіріп, нақыштап, ба-рынша жатық етіп құруға тырысады. Мысалы, жазушы М. Әуезов “Абай жолы” романында алыс жолдан келе жатқан Әбішті қарсы алып, алдынан шыққандар туралы былай дейді:
Омырауларын тер басқан, демігіп танауратқан сәйгүліктерді зорға тоқтатқан ауыл кісілері күймеге соқтыға жаздап, дабырлап сэлем берісті Қуаныштың айғай-шуын, шат күлкісін Әбіштің ал-дына ала шықты. Осы мысалдағы соңғы сөйлемді сурет зергері емес, жай қарапайым қазақ, “Ауыл кісілері Әбіштің алдынан шықты, оны қуанып қарсы алды” дер ме еді? Не десе де, сөз нақышын М. Әуез-овтей келтіріп айтпаған болар еді. Немесе:
Жанымның жарық жұлдызы,
Жамандық күнде жарымсың,—дегенді Абай ғана айта білді.Тілде бар сөздерді, сөйлем құрылысын осылайша шеберлік биі-гінде тұрып жұмсаушы ойшылдар санаулы-ақ болар.
“Қөңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?” дегендей, адам ойының ұшы-қиыры жоқ. Сондай-ақ, тіл байлығы да ұшан-теңіз. Сол теңіз дүниесіне сүңгіп, ой өрнегіне керекті тілдік материалдарды, грамматикалық тәсілдерді дұрыс пайдалана білу үлкен шеберлікті керек етеді.
Тілге бай, сөзі жатық кісілер ана тілінің мүмкіншілігін молынан пайдаланады. Соның бірі — синонимдер. Мәндес сөздер, мәндес грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік тәсілдер өз орнында дұрыс қолданылса, тілге ерекше өң береді. Қазақ тілі синтаксисінің сондай мүмкіншілігін байқау үшін бірнеше мысал келтірейік:
1. Істің мақсатын білдіру үшін, егер: Мен Алматыға оқуға келдім десек, осыны тағы қалай айтуға болады? деген сұрақ туады. Осы сөйлемнің пысықтауышы “оқуға” дегеннің синонимдерін тауып, сол сөйлемді былай өзгертіп айтуға болады:
1. Мен Алматыға оқу мақсатымен келдім. •—
2. Мен Алматыға оқу үшін келдім.
3. Мен Алматыға оқығалы келдім.
4. Мен Алматыға оқиын деп келдім.
5. Мен Алматыға оқысам деп келдім.
6. Мен Алматыға оқиыншы деп келдім.
7. Мен Алматыда оқысам қайтер екен деп келдім.
Осылардағы мақсат пысықтауыштардың тұлғалары әр түрлі болғанмен, сөйлемдердің негізгі мағыналары (мақсаттық) бірдей сияқты, бірақ стильдік өңі бірдей емес. Стилистика үшін осындай бірдей еместердің үлкен мәні бар. Егер бұл пысықтауыштың сөй-лемдерде білдіретін мағыналары барлық жерде біріне-бірі тепе-тең болса, онда олардың бәрі жапа-тармағай жиі қолданылмаған болар еді. Дұрысында, олардың ептеп болса да айырмашылықтары бар. Мысалы, “оқуға келдім”, “оқу үшін келдім”— бір емес. Соңғыда мақсат баса айтылады. Сондықтан оларды қалай болса солай, бірінің орнына бірін қолдана салмаймыз. Абайдың Мен жазбаймын өлецді ермек үшін дегенін басқаша айтуға болмайды. Сол сияқты Келмеп пе едің жол тосып, жолығуға аулаққа (Абай) дегендердегі мақсат пысықтауышты басқа синониммен ауыстыра салуға болмайды.
Оның себебі екі түрлі: біріншіден, бұл синтаксистік синоним-дердін, мағыналарында стильдік елеулі айырмашылық бар, екінші, мұндай синонимдердің бәрі бірдей кез келген етістікпен тіркесе бермейді. Мысалы, Бізді аудандық партия комитеті колхоз жұмы-сына көмектессін деп жіберді дегенді көмектескелі жіберді дей ал-маймыз. Өйткені “көмектескелі” сөзі III жақтық жібер етістігімен емес, келдім, бардым, шақырдым тәрізді етістіктермен тіркеседі. Сондай-ақ “оқиын деп келдім” мен “оқысын деп жібердінің” пысықтауыштарын алмастыруға болмайды.
Стилі жатық жазушылар сол синонимдерді жақсы біліп, көбіне-се мағына дәлдігі үшін, кейде жазу стилін түрлендіру үшін де қолданады.
2. Қазақ тіліндегі сабақтастардың бағыныңқы сыңарлары түрлі-түрлі тұлғада жұмсалады. Солардың бірі — мезгіл бағыныңқы. Мезгіл бағыныңқы сөйлемнің бірнеше синонимі бар:
1. Бригадир келгенде, Жақып төсегінен тұрып жатыр еді.
2. Бригадир келген кезде, Жақып төсегінен тұрып жатыр еді.
3. Бригадир келсе, Жақып төсегінде жатыр екен.
4. Бригадир келісімен, Жақып төсегінен тұрды.
5. Бригадир келе сала, Жақыпты төсегінен тұрғызды.
Осындай мезгілдік мағынада сабақтас сөйлемдерді тағы да са-лалас етіп айтуға болады:
1Бригадир келіп еді, Жақып төсегінде жатыр екен.
2. Бригадирдің келуі мұң екен, Жақып төсегінен қарғып тұрды.
3. Бригадир келсе болғаны, Жақып төсегінен қарғып тұрады.
Бұлар мезгілді білдіру жағынан мәндес болмағанмен, әрқайсы-сының стильдік өңі, экспрессивтік мағынасы әр басқа: Бригадир келгенде (келген кезде), Жақып төсегінен тұрып жатыр еді —-ба-ғыныңқы басыңқыдағы істің өткен шақта болғанын білдірумен қатар, басыңқының баяндауышы да өткен шақтық тұлғада тұруын керек етеді. Сондықтан ол сөйлем соңғы еді — сөзінсіз айтылмай-ды. Ал Бригадир келсе… деген бағыныңқы да өткен шақта, басың-қының баяндауышы да өткен шақта, бірақ көмекші етістігі еді емес,— екен. Осынысында үлкен мән бар: Бригадир келсе, Жақып төсегінде жатыр екен дегенде, бағыныңқы басыңқымен тек мезгіл-дес болып қана ұғынылмайды, басыңқыдағы іске бағыныңқының бастауышы айғақ (көрген, көзі жеткен) болғаны аңғарылады.
Сондықтан шартты райды есімшемен алмастыра салу — сөйлемнің елеусіз болса да мағыналық нәзік айырмашылығын білдіруге қия-нат жасау болады.
Бұл мысалдардағы мәндес мүшелер: тілмаш. бол деп өтінген екен — писарь бол деп жабысты, айтып шықты — баяндап берді,
мөлімдеп берген,— эңгімелеп берді. Бұлар бірін-бірі қайталамай, тек сәндік үшін түрленіп тұрған жоқ, мағыналық жүгі болғандықтан да белгілі стильдік қызмет атқарады. Бір мүше қайталанбай басқаша айтылған: тілмаш бол деп өтінген екен —жай тілек те, писарь бол деп жабысты — экспрөссивті тілек, айтып шықты — түгел хабарлады, баяндап берді — түгін қалдырмай, тайсалмай хабарлады деген мағынада.
Сөз шеберлері синоним сөздерді бірыңғай мүше қызметінде де көп жұмсайды. Ондайда бірыңғай мәндес мүшелер бірін-бірі то-лықтыра, сурет бояуы айқындала түседі.
Ісіндің, кебіндің
Сонда да не пайда (Абай).
Әлі де айтары көп адамдай қысылмай, жасқанбай, именбей күледі (Ғ. Мүсірепов).
Мұндайда көмекші сөз бен сөз тіркесінің сыңары бірыңғай сино-нимдерге ортақ болып бір рет айтылады, мысалы: Ғылым оқып білгенше, тыным, тыныштықтаппаған (Абай). Сөйлемді солай құ-рауға әуес шебер жазушының бірі М. Әуезов ‘болатын:
Ең аяғында Абай өзі бір тұспал, болжал жасады. Абай мен Ербол екеуі де қатты жүріске шыдамды, берік болатын. Іштей екеуінің шыдамдылыққа байласқан серті, бәсекесі бардай. Үлбіреген… жастықтық аса қатты қысылған, қымсынған белгісі білінеді. Кей жайларды анық, айқын етіп хатқа жазып келді (М. Әуезов).
Сол мақсатпен синонимді бірыңғай мүшенің бірі жеке сөз, бірі тұрақты тіркес болып та жұмсалады.
Ондай болса, мен де ойланып, қабырғаммен кеңесейін (С. Бақ-бергенов). Көзіме жас бер, жылайын, шыдам бер, сабыр қылайын (Абай). Ұғынбайды, ұғынғысы келмейді. Тығылмай, ашу шақырмай ұтқыр сөйлейтін кісі сияқтанды (Ғ. Мүсірепов).
Жоғарғыдай мәндес сөздердің арасына да та жалраулығын қойып бірьщғай мүше қызметінде жұмсауға жазушы Ғ. Мүсірепов әуес. Бұл әуестікте де ерекше стильдік мән бар:
Бәрі де бір ұяда туып, өскендей топас та кеще. Білетіндері болымсыз да мардымсыз болғанмен, әрнеге әзір тұрғандарын ұна-тып қалды. Байжаніркілмей де бөгелмей бармағын басты (Ғ. Мүсірепов).
Мұндайдың айтылу әуенінде ерекше ырғақ болады да, мәндес бірыңғайлардың мағыналары біріне-бірі еселеніп үстелетіндей экспрессивті мағына сезіледі. Сондықтан болар, бірыңғайларды осылай құрауға жас жазушылар көбірек еліктейтін болды. Бірақ онда оғаштық та бар. “Ұтымды да ұтықты”, “құда да құдағай”, “түсінікті де ұғымды” т. б. Мұндайда пәлендей мән жоқ, тек жел-піну бар. Өйткені бұлай қосақталатын екі сөз біріне-бірі синоним болғанмен, дербес мәні болу ,кере“. Бір сөзді бұзып екі рет айтқан-нан ондай мән шықпайды.
Сөйтіп, стилистика мәндес синтаксистік құрылыстардың тиімді-лерін пайдалана білуді де үйретеді екен, ондай синтаксистік сино-ним қазақ тілінде мол.
Әдетте жазуы жатық, тілі бай стилистер тілде бардың бәрін жай қарапайым қалпында түсінбейді, оның өте нәзік мәнін, өзгелерге еленбейтін иненің жасуындай кылаң еткен стильдік қызметін шеберлерше түсінеді. Сөйтеді де тіл байлықтарьш, әсіресе тілдің грамматикалық мүмкіншіліктерін, жақсы біліп, керегіне жаратьш отырады. Мысалы, тілге деген талабы, сезімі, білімі мол жазушы еш уақытта Ақ ат мінген қыз қойларды жамыратты, Ол белін арқанға буды демейді. Себебі: аттың түсі ақ болса да, қазак, “ақ ат” демейді, боз ат қай жерде дейді, әдетте қой жамырамайды, қозы жамырайды, белін арқанға бумайды, белін арқанмен буады. Не болмаса, қазіргі қазақ тілінде бірыңғай бірнеше сөйлем мүшелерін “және”, “мен” жалғаулықтарымен байланыстырып айтқысы келген стилі жатық журналист еш уақытта “және” ні бұрын, мен (бен, пен) жалғаулығын соң жазбайды.

№2 СӨЖ
Халық тілі тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін, бейнелі ойды бедерлеп жеткізетін өрнекті сөз орамдарына аса бай. «Сөздің, немесе тілдің, көркемдігі» дегенде, ең алдымен, оның əсерлілігін ұғамыз. Əсерлі сөйлеу, яғни көркем тілмен сөйлеу, өз ойын өзгеге шама-шарқынша айқын түсіндіру — тек өнер адамдарына ғана емес, мəдениеттімін деген бар қауымға міндет əрі қажет.


Суретті бейнелі, көркем ойлау арқылы бір нəрсенің тікелей өзін емес оған ұқсас өзге затқа не құбылысқа балап, мағынасын, мазмұнын тереңдете, əсерін күшейту дейтін болсақ, онда бұл көркемдеу құралы болған метафораны əр түрлі етіп қиыстыру шығармада үлкен шеберлікті талап етеді.
Троптардың ішінде көркем əдебиетте, оның ішінде прозалық шығармаларда актив қолданылатыны метафора. Метафоралық қолданыстардың өнімділігін аталған жазушылардың повестерінен де көре аламыз.
Метафора жасау көптеген семантикалық процестердің нəтижесінде туады. Айталық, ол, ең алдымен, жаңа ұғымды жасаудағы троптың бір түрі; екіншіден, полисемия тудыру құралы; үшіншіден, метафора эмоционалды-экспрессивті лексика жасауға белсенді түрде қатысады; төртіншіден, синоним жасауда метафораның өзіндік орны бар; бесіншіден, метафора тілдің терминологиялық өрісінің кеңеюіне де ықпал жасайды; алтыншыдан, жаңа мағыналық тіркестердің дүниеге келуіне əсер етеді.
Қ.Жұмалиев өзінің еңбегінде: «Метафора — тіл табиғатында терең тамыр жайған сөйлеу өнеріміздің барлық саласынан бой көрсететін жалпы тілдік категория, сөзді астарлай қолдану» десе, академик З.Қабдолов: «...метафора (гр. metaphora — көшіру) — сөз мəнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау, сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, əсерін күшейту», — дейді.
«Əдебиеттану терминдер сөздігінде»: «Метафора, ауыстыру (гр. сөзі — ауыстырып қою), екі нəрсені, құбылысты салыстыру жəне жанастырып-жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін сөз немесе сөз тіркесі. Мысалы, Абай өлеңдерінде кездесетін жастықтың оты, жүректің көзі, дүние есігі, өмірдің өрі деген метафора үлгілерін атауға болады. Метафораның күнделікті сөйлеу тілінде кездесетін қарапайым түрлері: іші күйіп, бойы мұздап, орақ ауызды, от тілді деген секілді болып келеді.
Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақын, мысалы, тас жүрек, ақ көңіл. Бірақ метафорада теңеудегідей екі нəрсені теңеп салыстырудан гөрі, олардың арасындағы ұқсастық жақындықты, сезім-əсер жалғастығын тірек ету басым болады. Көбінесе сондай екі нəрсенің бірі айтылып, екіншісін емеурін жасап, сездіреді деп түсініктеме берілген.
Қазақ тіл білімінде метафораны көркемдік тəсіл ретінде таныған жəне алғаш рет тұжырым жасаған А.Байтұрсынов.
Тілдік қолданыста сөз метафоралармен түрленеді, ажарланады жəне бейнелі құралға айналады. Бұны метафораға берілген анықтамалар мен теориялық пікірлер дəлелдейді. Лингвистикалық сөздіктерде метафораға берілген түсініктерге тоқталатын болсақ, «Тіл білімі сөздігінде»: «Метафора (гр. Metaphora — ауыстыру) — троптың бір түрі, ұқсастық, сəйкестік жəне т.б. негізінде сөздер мен сөз орамдарының ауыспалы мағынада қолданылуы» деп беріледі, ал метафоралану былайша түсіндіріледі: ауыспалы мағынаның пайда болуы мен оның экспрессивті қасиеттерінің күшеюі нəтижесінде сөздің мағыналық аумағының кеңеюі».
Қазақ тіл білімі ғылымында да көркем əдебиеттің тілі мен стилін, сөз зергерлерінің шеберлігі сөз болғанда метафораға соқпай кетпейді, көптеген ақын-жазушының шығармашылық мəнерін сөз еткенде, метафораның түрлі тілдік қызметіндегі қасиеті мен ерекшеліктерін талдайды.
«Лингвистикалық түсіндірме сөздікте» метафораға былайша анықтама беріледі: «Метафора (гр. Metaphora — ауыстыру) — троп немесе сөйлеу механизмі. Метафора — сөздің басқа мағынада қолданылуы. Риторика мен лексикологияда метафора номинациялық құрал ретінде қарастырылады».
Сонымен қазақ тіл білімінде метафораға А.Байтұрсынов, М.Балақаев, Б.Хасанов, Ə.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлдарының анықтамалары бар. М.Балақаев «Метафора деп заттардың, құбылыстардың ішкі-сыртқы ұқсастығына қарай ауыс мағынада жұмсалуын айтамыз» деп анықтама береді. Профессор Б.Хасанов «Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы» атты еңбегінде тілдік метафораларды арнайы қарастырып, тура мағынадан ауыспалы мағынаның туындауы көбінесе метафораның негізінде пайда болатынын айтады.
Ғалым қазақ тіліндегі метафоралардың лексикалық жəне грамматикалық басты ерекшеліктерін өзінің теориялық еңбегінде айқындады. «Метафоралы сөз саптауда таныс емес зат пен құбылыс міндетті түрде жақсы таныс нəрсемен салыстырылады».
«Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың атауымен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады».
Қазір тіл білімінде метафораның адамның ойлау үрдісін қалыптастырушылық қасиетін ескере отырып, оны басқа қырынан қарастырады. Когнитивистикамен айналысушы ғалымдар осы тақырыпқа қызығушылықтарын білдіреді. Метафора ұғымдарды қалыптастырып, дайын таңбалар арқылы оларды атайды. Мəселен, Б.Қасым өз еңбегінде когнитивтік феномен ретінде танылған метафораның аталым жасаудағы маңызына тоқталады: «Метафора — тілде əмбебап құбылыс. Оның əмбебаптығы тілдің құрылымында жəне қызметінде көрінеді. Ол тілдің түрлі аспектісі мен қолданыстық қызметін қамтиды». Б.Қасым метафораның тілдік сипаты туралы «Тілдік метафорлар — туынды сөздерде метафоралық қасиеттер күңгірттеніп, соның нəтижесінде жаңа лексемалардың пайда болуы. Метафора аталым тұрғысынан бейнелілік қасиетінен өтіп, тек ұғымға атау беру қызметіне көшеді», — дейді.
Метафора заттар мен құбылыстардың белгілерінің ассоциациялануы, байланысуы арқылы жасалады, ойды дамытады. Əр түрлі салыстырулар шығарма тіліне көркемдік береді.
Метафора сөздердің мағына ауыстырып жұмсауы. Метафораны тілдік қолдану сипатына қарай түрлерге бөлушілік бұрыннан қалыптасқан. Ғалымдар метафораның құрылымын түрліше саралайды. Мысалы, Б.Хасанов қазақ метафораларын екіге бөледі: «Біріншісі — белгілі бір шешеннің сөз саптауынан пайда болған индивидуалдық метафора, екіншісі — халықтық сипат алған дəстүрлі метафоралар».
А.Ысқақов былай дейді: «Метафораның ең басты стильдік ерекшелігі — бейнелілігі, ойды бейнелі түрде жеткізетіндігі. Ол сондықтан да көркем əдебиет стилінде жиі қолданылады. Ал, ғылыми, кеңсе, ресми іс қағаздары стильдерінде метафора дəл мұндай дəрежеде кездеспейді». Ғалым Т.Қоңыров метафораның жасалуына теңеудің негіз болатындығын айтады: «Əрбір теңеудің көлеңкесінен метафоралық мағына көрініп тұрады».
Метафорамен теңеуді айыра білу мəселелерін ғалымдар көптеп қарастырған. Мысалы, Қ.Жұмалиев метафора мен теңеудің мынадай ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді:

«...теңеулердің жұрнағын қысқартсақ, метафора болып, метафораға теңеу жұрнақтарын жалғаса, теңеуге айналады. Екінші, теңеуде де, метафорада да екі нəрсе қатар алынады, əйтсе де, қазір бұл екеуінің арасындағы айырмасы да ашық нəрсе. Бірінші, теңеуде бір нəрсе екінші нəрсеге теңелсе, метафорада баланады. Теңеу: бұл — пəлендей, сол тəрізді секілді десе, метафора: бұл — соның өзі деп кесіп айтады. Мағына жағынан, əрине, екеуі бір емес. Екінші, теңеудің өзіне тəн жұрнағы бар да, метафораның өзіне тəн жалғау не басқа сөздері бар. Үшінші, теңеуде теңеу жұрнақтарының теңейтін сөзге жалғануы міндетті түрде болса, метафорада сөзге метафоралық мəн беретін сөздер, не жалғаудың үнемі бола беруі міндетті емес. Төртінші, теңеуде теңелетін нəрсе мен теңейтін нəрсенің екеуі де ұдайы қарама-қарсы тұрса, метафорада ұқсастығы бар нəрсенің бір жағы қалып қоюы мүмкін. Бірақ контекст бойынша ол нəрсені оқушы қиялы арқылы түсіне алады».


Метафораның мағына дамытудағы маңызы туралы А.Байтұрсынов, Ə.Болғанбайұлы, М.Балақаев, Ғ.Қалиұлының құнды пікірлері бар. Кейінгі зерттеулерде, мəселен, А.Сыбанбаева метафораны былай деп анықтайды: «Адамның ақыл-ойы салыстыруға келе бермейтін семантикалық концептерді (ұғымдарды) салыстырудың нəтижесінде метафора туындайды. Сондықтан метафораның жасалу механизмін зерттеу — адамның ойлау процесін зерттеу деген сөз».
Тіл білімінде метафора семасиологиялық, ономасиологиялық, гносеологиялық, лингвистикалық тұрғыда зерттелді. Зерттеуші Г.Зайсанбаева метафораны когнитивтік бағытта қарастырып, былай түйіндейді: «Метафораның əр түрлі нысандар арасындағы ұқсастықтары солар туралы түсініктер арқылы қалыптасады. Сонымен қатар метафоралануға адамның эмоциялары, экстралингвистикалық білімі, тұрмыстық тəжірибесі кей жағдайда кездейсоқ түсініктер түрткі болып жатады. Адам тəжірибесі арқылы жинақталған білім қорындағы ақпараттардың өзара ауысуы танымдық үрдістермен байланысты. Аталым жасаудағы метафораның қызметі тілдің барлық салаларында қолданылады»..
Метафора тілде көркемдік қызметімен бірге жаңадан пайда болған ұғым, түсінікке неғұрлым дəл атау беріп бейнелейді. Метафора көңілге сыйымды, тіпті бір-біріне мүлдем сыйымсыз, қарама-қарсы ұғымдардың ассоциациялануы негізінде жасалып, үйлесімді, нанымды, көркем, жарқын бейне туғызады жəне ұқсату заңдылығына негізделеді. Ұқсату философиялық тұрғыда заттардың, құбылыстардың немесе процестердің бір қасиетіне қарай ұқсастығын тану əрекеті ретінде танылады. Метафорада ұқсастық тілдік бірліктердің тілден тыс сипатына байланысты. Аталымдардың қоршаған əлем заттары мен құбылыстары арасындағы əр түрлі ұқсастықты тануда, оны тілде белгілеуде адамның бай тəжірибелік қоры ескеріледі. Жаңа мағынаның тууына метафораның қызметі зор. Өзге тəсілдер сияқты метафора да тілдің дамуына қызмет етеді.
Негізінен алғанда, метафора тура мағынадағы сөзді қажет етпей-ақ, оны көркем мəтіндегі контекст арқылы айқындайды. Мысалы: Бұл тіршіліктің темір қамыты қашанға бұлғақтатар дейсің деген жолдардағы зат есімнен жасалған аттылы жəне қамыты метафоралары — осындай ауыспалы мағынадағы сөздер. Қолдануда тура мағыналы сөзге қарағанда метафора көркем сурет, образды өрнек, орамды ой беруге икемді, өткірірек келеді. Осы сөйлемдегі метафоралы сөздердің орнына тура мағынасы қойылса, онда сөйлемнің көркемдігі төмендер еді.
Заттардың (құбылыстың) ішкі сыры мен сыртқы көрінісін, сыр сипатын оқырманның көз алдына елестететіндей етіп кескінін келтіріп, нақыштан беруде А.Сейдімбеков метафораны ұтымды қолданады: Əкеңнің азу тісін ақситып жүріп жиған аз дəулетін тиянақтай білмесең, ертең-ақ шолтаң етіп түбі көрініп қалмай ма, — деп емеурін білдірген.
«Метафора ауыстыру — екі нəрсені, құбылысты ауыстыру жəне таныстырып жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі. Ал метафораның алғашқы анықтамасы мен қызметін ұлы ойшыл Аристотель анықтап берген. Яғни мағыналық үйлесім қалыптастырудағы метафораның маңызды сипаттары — оның субъективтілігі мен ұғым тудыру қасиеті екендігін атап көрсетеді. Дүниені, болмысты танудың көзі — метафора. Кез келген метафора танымдық қызмет атқарады деуге болады. Оның бейнелілік, көркемдік сияқты қасиеттері мен қызметтерінен гөрі адам ойлауы мен тілінде танымдық қызметінің үлес салмағы басым. Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауы мен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады».
Сонымен қатар когнитивтік бағытта метафора концепт тудыру құралы ретінде қарастырылуда. Зерттеушілер метафораның когнитивтік бағыттағы, яғни, таным нəтижесін беру құралы екендігі туралы мынадай қызметтерін атап көрсетеді:
– болмыстағы бар заттармен теңестіру, ұқсату арқылы затқа атау беруі. Метафораның осы қызметі жазушылар шығармаларында мынадай мысалдар арқылы көрініс табады: Айналамыздың бəрінде уыз мұнар кілкейді. Тегі, шытынаған қызылшұнақ аяз олардың да тұмсығын қарып, сайлы, талды ықтасындарға қуған болуы керек. Үзінділердегі уыз мұнар, қызылшұнақ сөздері болмыстағы бар заттар, қаламгерлер қызылшұнақ /шытынаған аяз/ сөзін аязбен тіркестертіріп, жаңа мағыналы образды сөз жасаған. Метафораның шектес емес ұғымдардың қасиеттері жаңа мағыналы сөздер жасауға, сол арқылы сөздік қорымызды байытуға өзіндік атсалысатындығын аңғаруымызға болады. Метафора танымының жемісі екендігіне осы сияқты мысалдар дəлел бола алады;
абстрактілі мағынаны білдіретін жаңа ұғымдарды қалыптастырады. Мұндай метафоралар ғылымда концептуалды метафора деп аталады. Зерттеуші Д.Əлкебаеваның пікірінше, концептуалды метафора «өзінің бейнелілігін сақтай отырып, жаңа лексикалық мағынаға ие бола алатын сөздер тобы».
Жазушылар шығармаларында осы сынды метафоралар да өзіндік қолданыс тапқан. Мысалы: Біз Əулиекөлді жағалай жүріп, арғы бетке құлағанда, менің оқу мүжіп, ақ жемін шығарып тастаған миым жаңа бір қуатты нұрға шомылғандай, баяғыша, елдегіше жұмыс істей бастаған еді. Үйден шыққалы ешқайсымыз тіс жарып үндегеніміз жоқ, тек астымыздағы аттардың деміккен танау пырылы мен тағалы тұяқтың тасқа шақ-шұқ тиісі ғана осы жүрістің өсекшісіндей маңайға дабырлайды. Əйнектері де дағарадай-дағарадай, көзіммен өлшеп жібердім. Осы асықпауымның ар жағынан ындыны құрыған құмарлық, бұйыртса енді қашпайтынына көзі жеткендіктен туындап жатқан қасақана жайбарақаттық байқалады.
Оқу мүжіп, кірпігі құлап, көзімен жер шұқуы, көзімен өлшеуі, тіс жармауы, көзінің жеткендігі деген метафоралар — абстрактілі мағынаны білдіретін жаңа сөздер;
метафораның бағалауыш бейне тудыру қасиеті, бағаның кейіптелуі. Метафораның бағалауыштық мəнге ие болып, жаңа мағына тудыру қасиеті жазушылардың шығармаларында да кездеседі. Бейнелі сөздердің қаламгер туындыларында көбіне кейіпкерлер сөзінде орын алуына байланысты, құбылыстар мен заттардың бағалары, олардың бағалауыштық қасиеттері оқырман танымы нəтижесінде көрінеді.
Мүмкін жарты ғасыр саз балшықтай иленіп, санасын сасытып келген сары уайым, баяғы дəуренін, он мың жылқылы болыс болған заманын, көксеген көңіл шынымен-ақ алдаланғаны ма екен. Тірі болсақ, бір жерде кездесерміз, кездеспесек сыртыңнан тілеулес боп жүрермін, маңдайыңнан соры арылмаған бейшара. Жұрттың бəрі қу боп кеткен бе, шаруақор пысық боп кеткен бе, əлде өзгелер ақылынан ақыл қосып, жалғыз бұл ғана шапанының етегі дəлектеп мағынасыз тіршіліктің соңына ессіз түскен бе, «осы көкнəр ішуші еді ғой» деп үмітпен барған көз таныстарының бірде-бірі ол пəтшаһарды əлдеқашан ұмытқан боп шықты. Бал-бұл жанған өңінде үміт қуанышы көп тəтті сезімнің лебі есіп, аялы жанарына уайым ұялап, көпке дейін қиял құшағында отырды. Сары уайым, өзегіңді тырналап, маңдайыңнан соры арылмаған, тіршіліктің соңына, үміт қуанышы, уайым ұялап, ит пəледен сияқты метафоралар бағалауыш, бейне тудырушы жаңа сөздер;
метафораның индивидуальды-авторлық дүниетануды, көркем сөз атрибуты екендігін жазушы шығармалары арқылы дəлелдуге болады. Мен болсам, мынау-іштей егесіп, сырттай ұғыспаймын деп, көзім көр, көңілім жер болып, қақпанға түскен арландай арсыл-гүрсіл жатқаным. «Көзін шел басыпты», — деген сөзіне алғашқыда жүрегім мұздап есімнен кетпей жүруші еді, кейінгі кезде оны ұмытып, көз ауруға əбден етім өліп алды . Көмейге сөз тұншығып, кеседе шай суып қалды .
Бұл мысалдардағы көзім көр, көңілім жер болып, жүрегім мұздап, етім өліп, сөз тұншығып сынды метафоралар — оқырман сезіміне бірден əсер ететін, экспрессивті-эмоционалды мəні жоғары метафоралар.
Метафора — көркем шығармаларда ойды астарлы түрде, əсірелеп жеткізу үшін, сонымен қатар шығарманың көркемділігін, бейнелілігін арттыру үшін қолданылатын əдебиеттегі тілдік құбылыс. Ол қандай да туындының мағыналық нақышының қасиетін, эстетикалық күшін арттырады. Метафораны ойлы, тəрбиелік мəні бар, жалпы өлең не прозалық туынды баламасындағы кез келген шығармадан кездестіруге болады. Əдебиетте көркемдеуіш құрал деген атау алған бұл құбылысқа берілген анықтамалар өте көп. Мысалы, «Метафора белгілі бір ұқсастықтарына қарай екі я одан да көп зат немесе құбылыстың бір атаумен аталуы. Бұл жерде ұқсастық дегеннің ұғымы кең: заттар мен құбылыстар түр-түсі жағынан əр түрлі болып келуі мүмкін: бір атаумен аталатын зат немесе құбылыстың бірі өмірде бар, нақты, ақиқат болуы, ал дəл сол атаумен беріліп, белгілі бір заттың өзі нақты болмауы мүмкін. Бірақ екеуіне де ортақ жайт — жалпы бір ұқсастық атаулы».
«Метафора — троптың бір түрі, ұқсастық, сəйкестік жəне т.б. негізінде сөздер мен сөз орамдарының ауыспалы мағынада қолданылуы».
«Метафора — көркем шығармадағы сөздерге қарағанда сапалы түр-бояу, бедерге тəн тəсіл болғандықтан, өз сөз зергерлерінің қолтаңбасын анықтайтын тілдік өрнек. Тілде сөз метафорамен түрленіп өңделеді, ажарланып бейнелі құралға айналып отырады. Кез келген шығармада метафораның екі түрі кездеседі: бүкіл халыққа түсінікті тұрақты ауыс мағынасындағы дəстүрлі қолданылып келе жатқан метафоралар жəне əлі халықтық сипат алмаған, жеке автордың тілдік қызметінде өзі шығарып қолданылатын метафоралар».
«Тіршілік» повесінде адамның көңіл-күйін, табиғаттың көрінісін сипаттайтын метафоралар өте жиі кездеседі.
Қырсығына алса айлап соғатын Арыстанды-Қарабастың долы желі бүгін үшінші күн толастамай қақап тұр. Кейде ол наурызда басталып, сəуірде бір-ақ тыншу табады. Жер қарайып, үт кірген соң-ақ қыбыр-қыбыр етіп жапатармағай көктемгі егіс қамына кіріскен барша жұрттың апшысы бидайдай қуырылып, тоқшылықта ұмытқан жаратушыны күн сайын мың мəртебе еске алып, бұл қырсықтың көпке созылмай тез бітуін тілейді...
Повесть осындай көрініспен басталады. Мұнда жазушы табиғат пен адамзаттың ара-қатынасын, адамдардың табиғатқа бағыныштылығын жақсы бейнелейді. Əуелде табиғат көрінісін суреттей келе, одан халықтың күйбің тіршілігіне ауысады. Бұл үзінді де метафора, теңеу, эпитеттер де табылады. Айлап соғатын, үшінші күн толастамай қақап тұрған долы жел, өзегіңді тырналар мазасыз шуыл табиғат-ананың адамға ырық бермес долы күшін əсірелей, барынша жандандыра суреттейді. Арыстанды-Қарабастың суық желі етегін жұлқып, омырауын ашқанына да қарамай ентелеп, асығыс жүріп келе жатып ол өзінің дəл қазіргі мақсатсыз сарсылына, мағынасыз тіршілігіне ой жүгіртіп: «Рас-ау, мұным не осы?» деп өзіне-өзі сауал тастамайды, құдайға шүкір құмар кешіп отырған əлі таныстарының парасатты, тоқмейіл күйлерін өзінің кезбе халімен салыстырмайды да. Сөйлемде желге тірі жанның қасиетін, əрекетін теңестіріп қойса, келесі мысалда табиғат емес адам баласының белгісіз, тылсым жан дүниесіндегі ауа райын оқырманына былайша жеткізеді:
Ашу-ызасы мен күйігі əлі бұрқырап, кеудесін көрікке қызған темірдей қарып бара жатса да, сол күйінішімен араласып мына дəрменсіз, момын кемпіріне жүрек түбінен бір жанашыр сезім шақпақ тастың ұшқынындай жылт ете қалды. Автор Молдарəсілдің бойын ашу кернеп тұрған сол сəттегі көңіл-күйін сипаттауда шебер, ұтымды тəсіл — метафораны қолданған. Себебі ол кейіпкерінің жан дүниесін дөп басып айтып, психологиялық, эмоциялық жақтарын да айқын көрсетеді. Манадан бері қарқ-қарқ күлкіге қамшы боп жамбас соғып жатқан барша алақан сақал біткенді уыстап, бір сəтке тыныштала қалды.
Д.Исабеков синекдоха (жамбас соғып жатқан, сақал уыстап тыныштала қалған алақан) арқылы бай не айтса, соны құптап үйреніп қалған көп жағымпаздарды алақанға балап шебер суреттейді.
... Молдарəсілдің де «үйленсем» деген сабау ұшындағы түбіттей желбіреген нəзік үміті жоқшылық тұтқыны боп кеудесінде талай жыл булығып, бүгін ғана сыртқа жасқана сығалап еді, мына шалдардың қуаныш емес қайғылы хабар естігендей бастары кеуделеріне құлап, сырқаттай ыңырана қалулары оның жүрегін қоян тепкендей дір еткізіп, көкірегін удай ашытты . Түрлі теңеулермен астарлана құралған бұл сөйлем авторлық метафораға негізделген. Жігіттің үміті кеудеде тұтқын болып жатуы, оның жасқана сығалауы, шалдардан адамгершілік қасиет көре алмағандығы көкірегін удай ашытуы оның бір ғана сабау ұшында желбіреген түбіттей нəзік үмітін бейнелеу, суреттеу үшін құрылған көрініс секілді.
Қыздың əке-шешесі бетімен жер басып, дəл бүгін өлік шығарғандай үнсіз отыр. Əдетте, фразеологиялық сөздіктерде бетіне шіркеу түсті, бетіне күйе жағылды, бетін айдай қылды — ұятқа қалды, масқарасы шықты, қарабет болды; бетінің боздағы шықты — қатты тоңды; бетінен алды — көңілін қалдырды, қарсы келді деген мағыналарда дəстүрлі метафоралық тіркес болып қолданылса, жоғарыдағы сөйлемдегі бетімен жер басты тіркесі үнсіз, қайғы жамылып, төмен қарап отырды деген жаңа мағынада қолданылып тұр. «Автордың сөз ауыстыру, «метафораны жаңарту» байырғы дəстүрдің түрлерінен бөлек каналдарын табу мəнері тілдің стилистикалық ресурстарының қайнар көзі болып табылады».
Яғни бұл жерде жазушы дəстүрлігін алмастырып, авторлық метафора жасады десе болады.
Қызымыз қашты; бетімізге салық екені рас, бірақ жат босағаны аттатпай жолдан қайырдық, онымыз əбүйір. Бұл тіркес бетіне күйе жағылды, немесе бетіне кіреуке болды деген тіркестермен синонимдес, мағыналас. Яғни ұятқа қалдырды, намысқа тиді дегенді білдіретін тіркес.
Тіршіліктің əр күнге бөлінген ыстық-суығы мен ауыртпалығы қанша салмақты болса да, сол ауыртпалық жүрегін қанша тырмалап, көзін жас буса да ол меңіреу үйіне сүйретіліп кіріп, беймаза түнді жастық құшақтап өткізген соң-ақ көкірегіндегі кірбің сібірлеп атқан таңдай бірте-бірте сейіліп, орнынан тұрғанда бəрін ұмытушы еді, бірақ дəл осы жолғы қалжыңға қайып тігілген кемісту мен қорлық жілік басына үймелеген сарысудай ертеңгілік көзін ашқанда да көңілінен кетпей кіркілдеп тұрып алды. Оянған бетте аяққа мінген қанға сіңді қасиетін бүгін ұмытып, кірпігін бағана ашса да көрпесіне көміліп əлі жатыр. Қарақшылар сабап кеткен айдаушыдай бойы дел-сал . Өзіне жақын дос, жанашыр ағайын-бауыр деп есептеп жүрген адамдарынан есіткен ащы мысқылдардан соң Молдарəсілдің күйі осылай суреттеледі. Бұл үзіндіде бір сөз артық не кем қолданылмаған. Жалпы, адамның көңіл-күйі — кейде өзге түгіл өзің де толық сипаттап бере алмайтын ғажайып құбылыс. Ал мына үзіндіден автордың кейіпкер көңілінің түкпірінде қандай сезім тығылып жатқанын дөп басып айтып, шебер сипаттап бергендігінен оның өзі де сол кейіпте болып, сондай сезімді бастан кешіргенін байқаймыз. Сол ауыртпалық жүрегін қанша тырмалап, көзін жас буса да... Қай заманда болсын кімнің басына түссе де əр түрлі аталып, бір мағына беретін, дəл солай əуре-сарсаңға салатын, тағдырдың адамға тарту еткен осындай «сыйлығын» қайғы-қасірет, жоқшылық, қорлық-зорлық т.б. толып жатқан синонимдермен алмастыруға болады. Бұл тіркесте нақты ауыртпалық деп аталған сөз зұлымдық бейнесіндегі бір тірі күштің адам жүрегін тырнап тұрғандығы байқалады.
Сояу-сояу қозапаяның сұйық жалыны дүрілдете сорған суық желдің жемі боп қара қазанның түбін жалап қана өтіп жатыр. «Дəулетбайдың қызы қашып кетіпті» деген хабар күйген жүннің иісіндей төңірекке тез тарап, қойнау-қойнауда керенау жатқан жалқау елді бір сергітіп өтті. Тосын хабар қайдан шығар екен деп бір құлағын желге түріп жүретін əңгімешіл əйелдер осы төрт ауыз сөзді мың құбылтып бір тəуліктің ішінде екі тəулік тыңдасаң жалықпайтын сан түрлі хикаялар туғызды.
Метафора көбіне теңеумен астасып жатады. Жоғарыда келтірілген мысалдар — соның дəлелі. Алғашқы сөйлемде қазанның түбін жалап жатқан жалынды астарлап, суық желдің жеміне теңесе, кейінгісінде хабардың тез таралуын күйген жүннің иісіне ұқсатады. Ал бұл абзацта автор адамның қырық түрлі қырының тағы біреуі — əйелдердің өсекқұмар, сөзуар жағымсыз жағын бейнелейді. Олардың қылықтарын құлағын желге түріп жүретін əңгімешіл əйелдер деп дөп басып, əрі авторлық метафора жасайды. Дəулетбайдың шаңырағы омырылып ортасына түскен кез əйелдер үшін əңгіме құраудың жақсы сылтауы болды. Сол əңгіменің əрбірін, əр сөзін беруі, бергеннің өзінде нақ бір келіншектің аузынан шыққан сөздерді тізіп жазғандай сенімді, «өсек жанрына» келтіре отырып, баяндағаны тіпті таң қалдырады. Бұл үзінді əйел адамдарды сынаған болса, төмендегі мысал, керісінше, ер адамдарды, оның ішінде дəулеті тасқан байлардың ашуланшақ мінездерін көрсетеді:
«Он бесінде отау иесі» дегенді қанына бек сіңіріп басқа уəжге құлақ аспай үйренген кеудесіне нан пісіретін шырт етпе қазақтар Дəулетбайдың: «Қызым əлі жас, он сегізге толмай күйеуге бере алмаймын», — деген жауабын қорлады, менсінбедіге жорып қасқыр ішіктерін жүре киіп, томсырайып аттанған. Кейбіреулері көрінеу көзге жөнсіз жанжал шығарып, өзінен басқа дəулетті құда таба алмайтындықтарын айтып, төсін қызарғанша соғып, насыбайларын ер үстінде қақшып атып, атына кесірлене қамшы басқан. Шын мəнінде, көптеген шығармаларда бейнеленетін сол қысыр замандағы қазақтың қыңыр, айтқанынан қайтпайтын, озбыр, кейде зұлым байлары үнемі өз дегендерін істететін. Ал терезесі өздерімен тең Дəулетбай секілді байға тістері батпағандықтан, төсін қызарғанша соғып, кеуделерінде нан піспегенде қайтсін.
Сонымен қатар мұнда белгілі бір күйде тұрған адамның бет-ажары, іс-əрекеті де метафора арқылы беріліп тұр. Мысалы:
Қыздың ағасы көзі ұясынан шығып, аузын ашқан бойы сілейіп қатты да қалды. Жирен жүзі отқа түскен ақ терідей қарайып, жылқы еріні жыбыр-жыбыр етті де, қолындағы қамшысын көтеріп, «о, шұбар жылан!» деп қарындасына тап берді. Осы кезде қыздың анасы құстай ұшып кеп қызы мен қамшысының ортасына тұра қалды.
Қызын көргенде шешесі өзін-өзі ұстай алмай, «ботақаным-м» — деп тұрмақ боп ұмтыла беріп еді, күйеуі оған жеп жіберердей оқты көзімен ата қарап: «Отыр омалып!» дегенде зəрлі дауыс оны төбесінен басып, бөстегіне қайтадан сылқ еткізді. Оның аналық жүрегінің суға түскен кесектей езіліп, бауыры бордай үгітіліп бара жатқанын ешкім елеген жоқ, елеген сыңай да танытпады, бəрінің баққаны Дəулетбайдың аузы. Ол да ұзақ тостырған жоқ, қалың қабағын бір-екі рет түйістіріп алды да, қызына бір қарап қойды....
Қорыта келгенде, прозадағы тұтас көркем ойдың жасалып шығуын, З.Қабдоловтың сөзімен айтқанда, «мидың мың градустық домнасында құрыштай қорытылып шыққан сөздердің» үйлесімділікпен беретін ерекше əсері деп танимыз.
Прозадағы əрбір сөз — көркем сөз, ал əрбір көркем сөз — көрікті ойдың көрінісі. Жазушылар шығарманы көркем түрде оқырманға жеткізу үшін метафораларды шеберлікпен қолданады. Қаламгерлер тіліндегі метафоралар көркемдігімен, бейнелілігімен, терең мазмұнымен ерекшеленеді. Көпшілікке таныс сөздер мен сөз тіркестерін өзге қырынан танытып, сөздерді ажарлып айшықтауда авторлар талғампаздық танытады. Автор қолданысындағы метафоралар тосындығымен, жаңалығымен қатар, бейнелілігімен ерекшеленеді.
Жоғарыда келтірілген мысалдардан метафораның көркем шығарма тілінде қаншалықты маңызды рөл атқаратыны анықталды. Ана тіліміздің дамуы, толысуы тіл қорымыздағы сөз санын молайтумен ғана емес, бұрыннан бар сөздердің мағынасын, мəндік иірімдерін кеңейту арқылы да байитыны белгілі. Бұл салада метафораның да үлесі зор. Оның өзі тілдің көркемдігін, əсерлілігін арттыра түседі.

№3 СӨЖ
Перифраздар қазақ тіл білімінде тоқсаныншы жылдардан кейін ғана қарастырыла бастады. Перифраз деп бір нәрсені немесе қүбылысты, іс - әрекетті олардың бір белгісін, бір қасиетін көрсетіп, суреттеп атауды танимыз. Мысалы, адам өмірін ұзақ көш деп атаса, мұнда адам өмірінің көш сияқты жылжу, ілгері басу, күннен күн, жылдан жыл өткізу тәрізді белгісін көш сөзімен көрсетіп, суреттеп, өзге сөздермен атап тұр. Немесе өлді дегенді дәм - тұзы таусылды деп суреттеп білдіретін болсақ, мұнда адам баласының қоректенудің арқасында өмір сүретіні, сол қорегі (дәм - тұзы) таусылса, тіршіліктен де айрылатын белгісі аталып, бүл ұғым суреттеме тәсілмен білдіріліп түр. Г. Үсенбаева «Перифраздардың тілдік табиғаты» (1996) атты диссертациясында перифраздың тілдік табиғатын ашуға ұмтылып; метофаралық, метонимиялық, синекдохалық, эвфемистік, синонимдік, есімді және етістікті деп бөліп, оларды жіктеп, перифраздың жасалу жолдары мен тәсілдеріне тоқталады. Зерттеуге Караганда перифраз негізінен нәрсенің сипаттамалы түрдегі нұсқасы, мүның ерекшелігі сипаттаманы бейнелі, образды, басқаша қолданысынан тугаи троп және фигуралар түрлері. Айталық, қаламгер Қ. Қайсенов Үлы Отан соғысына арналған шығармаларынан атауыш сөздердің орнына бейнелі түрде мына секілді қолданыстары кездеседі: Үшқыштар - болат сұңқарлар, теңізшілер - теңіз тарландары, самолет - «әуе кемесі», катюша - «сотые тәңірісі» т.б. Сөздерді бейнелі түрде бүл қолданыстар эвфемизмдерге жатады да, олар ауыс мағыналар негізінен жасалатындықтан поэтикалық, метонимиялық т.б. түрлеӨрге іштей жіктей беруге болады. Жоғарыда келтірілген перифраз үлгілері поэтика эвфемистік перифраздар. Ал автордың басқыншы фашистерді «қара кесімділер», «қаныпезер қорқаулар» т.б. атау, керісінше, дисфемистік перифраздар болып табылады.


Сөздердің келтірінді мағыналарының тек перифраз арқылы емес, басқа да тәсілдер арқылы іске асатыны белгілі. Ол бірде метафора, метонимия, синекдоха тәсілдері арқылы жасалса, енді бірде эвфемизм мен табу тәсілдері арқылы беріледі. Көп жағдайда бүлар перифразбен тұтасып, органикалық бірлікке айналады.
«Көркем шығарма тілінде өзіндік тиімді орны, реті бар болып келетін сөз қолданыс түрлері - перифраза мен эвфемизмдер. Затты не құбылысты бүл жолдармен бейнелеудің соны үлгісі Абай шығармаларында жиі кездеседі. Мысалы, надандық - қараңғылық пердесі, саналылық - жүректің көзі, сүю - жүрегіне от салу, жігерлік - көкірек оты т.б. болып бейнеленген.
Болмыстағы денотатқа не сигнификатқа қатысты алғанда екіншілік мағыналы атау ретінде танылатын, нысанды ерекше номинативтік белгісі арқылы таңбалайтын сөздер не сөз тіркесі - перифраздар деп танылады. Перифраздар шындық болмыстағы заттар мен құбылыстардың ерекше бір белгісі арқылы суреттей атауда, ауыспалы мәнінде көрсетуде лебізде жиі қолданылатын стилистикалық құрал. Перифраз тұлғалық жағынан тұрақты қолданады, мағыналық жағынан бір бүтін, тұтас тұлға ретінде жүмсалып, атауыштық, бейнелілік қызмет атқарады. Перифразда бірінші орынға денотаттың не сигнификаттың сапалы жағы шығады да, лебізде айтылатын ойға не пікірге қатысты сипаттау, суреттеу, бейнелеу басым түседі. Көркем әдебиет тілінде, көсемсөзде (публицистикада), ғылыми әдебиеттерде жиі қолданылатын бүл сөздердің мағыналық құрылымының өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшеліктерді айқындауға арналған Р. Сыздықтың (Қазақ әдеби тілінің тарихы), Т. Қоңыровтың (Сәкен Сейфуллин поэзиясындағы сөз бейнелеу тәсілдері), Ә. Болғанбаевтың (Қазақ тіліндегі синонимдер), Г. Үсенбаеваның (Перифраздың тілдік табиғаты), Г. Амандықованың (Қазақ көркем әдеби тіліндегі перифраздар) т.б. жазған ғылыми зерттеулері бар.
Перифраздың ерекше белгісінің бірі - белгілі бір контексте денотатқа қатысты эквивалент болуы.
Қолданыс аясының тұрақтылығына қарай перифраздардың екі түрін көрсетуге болады: тілдік перифраздар - жалпы халық арасында танылып, қабылданған, көпке түсінікті тұлғалар. Мысалы: көгілдір отын, аспан денесі, жыр алыбы, халық қалаулысы, ел ағалары, қара көздер, т.б.
Контекстік перифраздар - белгілі бір жағдайда, көңіл - күйге байланысты мәтінде қолданылатын, жеке автордың өзіндік қолтаңбасы ретінде танылатын тұлғалар. Мысалы: Бұлбүлымды ұшырғам жоқ бағымнан. Дүлдүліме әлі, қамшы басқам жоқ. (М. Мақатаев), мұндағы бүлбүл, дүлдүл сөздері авторлық қолданыста «шабыт», «ақындық қасиет» мағынасында жұмсалып, сигнификаттық белгілерді референттің белгісі арқылы таңбалау ретімен перифраздық мәнде жүмсалған.
Перифраз (ағыл. paraphrase) - сөздердің бейнелі мағынада қолдану тәсіліне жататын көркем троптың бір түрі. Перифраз - затты, процесті, құбылысты өз атымен атамай, басқаша атау, әрі соның негізінде сол заттың, процесстің, құбылыстың ең негізгі бір қасиетін келтірінді мағынада қолдана отырып, соны образцы түрде сипаттау, анықтау деп көрсетіледі, ендеше тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш қүралдардың бірі - эвфемизм мен перифраз сөздер.
Эвфемизм - көркем шығарма тілінде өзіндік тиімді орны, реті бар болып келетін сөз қолданыс түрі. «Эвфемизм, сыпайы сөз (грек, eu - жақсы, phemi - айтамын) - мағынасы тұрпайы сөздерді сыпайылап жеткізу. Эвфемизм сыпайыгершілікке, әдептілікке байланысты туған. Мысалы, біреу өлді деудің орнына жүріп кетті, қайтпас сапарға кетті, демі бітті дейді.Сондай - ақ адамның дене мүшелеріндегі кем - кетікті (саңырау - құлағының мүкісі бар), ауруды қылтамақ - аты жаман ауру) жұмсақ сөздермен алмастырып қолданады. Тіліміздегі фразеологиздердің көпшілігі эвфемизм негізінде пайда болған. Мысалы, аузынан ақ ит кіріп көк ит шықты, сөзге келді, тіл тигізді, жүз шайысты сияқты тұрақты тіркестер ұрысты, ренжісті, ауыр сөздер айттыдеген мағынаны білдіреді.
Сөйлеу тілінің фразеологизмдері тек бір стильде ғана қолданғандықтан, оның экспрессивті бояуы басым болып келеді. (Қоздыру - жел беру, шаршау - ит сілесі қату, ақымақ - көк ми). Осы берілген мысалдар сөздің тура мағынасын бейнелі түрде жеткізудегі перефраздар болып табылады. Денотат сөздердің эквиваленттері, варианттары.
К.Аханов эвфемизмге: «Бір затты немесе құбылысты тікелей өз атымен емес, басқа бір сөзбен атаудың себебі мүлдем басқаша болуы мүмкін. Кейбір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу, қолайсыздау болып көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен аустырылып айтылады. Бұл құбылыс эвфемизм деп аталады», - деген анықтама бере отырып, эвфемизмдердің шығу тегі табудан өзгеше екендігін былай деп түсіндіреді: «Бірақ эвфемизмдер табу сияқты қате түсінік, діни ұғымның негізінде емес, айтуға дөрекі, қолайсыз сөзді сыпайы сөзбен ауыстырып айтудың негізінде шыққан», - деп: «өтірік айту дегеннің орнына қосын аііту, үрланыпты деудің орнына қолды болыпты, ұрлық - қарлық жасамау деудің орнына ала жібін аттамаудеген сөз тіркестері» қолданылатындығына мысал келтіреді.
Затты не құбылысты бүл жолдармен бейнелеудің соны үлгісін Абай шығармаларынан жиі кездестіруге болады. Мәселен, надандық - қарацгылық пердесі ,саналылық - жүректің көзі, сүю - жүрегіне өрт түсу, жігерлілік - кекірек оты т.б. болып бейнеленген.
Сондай - ақ М. Әуезов те «Абай жолы» романында эвфемизм мен перифразды қолданудың сан алуан түрін көрсетеді:
- Осылайша айналасы аііықпагап сүр түман, суық заман ігиінде үлы жан дүниеден көшті. Магаштыц қырқып беріп болган күнніц ертецінде Абай қаза тапты. ¥лы кеуденіц ыстық демі тоқталды. Шөл даланы жарып аққап дариядай, игілік өмір үзілді. Сонау бір шақта тасты тақыр, жалтыр биік басына жалгыз шыққап зәулім өскен алып шынар қүлады. Өмірден Абай кетті.

Келтірілген үзіндіде М. Әуезов Абсш деудіц орнына үлы жан, үлы кеуде, игілік емір, альт шынар тәрізді тың метафора қолданып, перифраза тәсілін пайдаланған.


«Өлді» деген жағымсыз сөздің орнына суреткер «дүниеден кешті, цаза тапты, демі нюқталОы, өмір үзілді, цүлады, емірден кетті» деген эффемизмдерді қолданған. «Перифраздардың ерекше түрлерінің бірі - эвфемистік перифраздар. Мұндай перифраздарда эвфемистік семантика басым болып түседі.
Жоғарыда келтірілген «өлді» сөзіне эвфемизм болып тұрған тіркестердің барлығы бір синонимдік қатарға кіретін бейнелі синонимдердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Сондай - ақ эвфемистік перифраздар жүрген жерде синонимдік перифраздар жүретіндігін заңдылық ретінде қарастырылады.
Мұндай қолданыстар көркем шығармаларда да жиі кездеседі. Есіл ер ерте кеткен екен- Менің ажалым Қоцырцүлжадан келеді деуші еді. Сол иттің өгипенділігінен мерт болды ма екен? Егер Кенесары жау колынан каза табар болса, оныц ажалы басқа үлттан келеді. Сол немересінен царт қапыоа айрылды. Мүндағы дәм - түзы таусылган, жан тапсырды, қыршынынан ңиылыпты, мерт болды, ерте кеткен, оққа үшты, қаіітыс болган, қаза табар, ажалы келеді, крпыда айрылды тіркестері де «өлді» сөзіне эвфемизм қызметіндегі перифраздар деп қарастыруға болады.
Бұл орайдаперифраздың эвфемистік қызметі жайлы айтылған ойларға да мән береміз. Г. Амандықова «Қазақ көркем әдеби тіліндегі перифраздар» атты еңбегінде стильдік перифраздың құрылысын, мағынасы мен мазмұнын, қызметін, қолдану ерекшеліктерін - бейнелілігін, стильдік бояуын саралай келе, бірнеше топқа бөліп қарастырады. Соның ішінде қызметі жағынан номинативті, эвфемистік, стильдік, информативті деп топтастырады. Перифраздың көп қырлы стильдік құбылыс ретінде тілдің мән - маңызын кешенді түрде талдай отыра көркем мәтінде оның әрбір нақты қолданысы түрлі коммуникативтік, информативтік, эстетикалық, эвфемистік т.б. қажеттіліктен туған заңды құбылыс екендігіне тоқталады.
Сондай - ақ перифраз сөздердің мағыналық құрылымының өзіндік ерекшелігіне қарай айқындалатыны да зерттеу еңбектерінде қарастырылады. «Болмыстағы денотатқа не сигнификатқа қатысты алғанда екіншілік мағыналы атау ретінде танылатын, нысанды ерекше номинативтік белгісі арқылы таңбалайтын сөздер не сөз тіркесі - перифраздар деп танылады. Перифраздар шындық болмыстағы заттар мен қүбылыстардың ерекше бір белгісі арқылы суреттей атауда, ауыспалы мәнінде көрсетуде лебізде жиі қолданылатын стилистикалық құрал. Перифраз тұлғалық жағынан тұрақты қолданады, мағыналық жағынан бір бүтін, тұтас тұлға ретінде жүмсалып, атауыштық, бейнелілік қызмет атқарады. Перифразда бірінші орынға денотаттың не сигнификаттың сапалық жағы шығады да, лебізде айтылатын ойға не пікірге қатысты сипаттау, суреттеу, бейнелеу басым түседі. Көркем әдебиет тілінде, көркемсөзде (публицистикада), ғылыми әдебиеттерде жиі қолданылатын бұл сөздердің мағыналық құрылымының өзіндік ерекшелігі бар» Сөздің келтірінді мағыналары перифраз, метафора, метонимия, синекдоха сондай - ақ эвфемизм мен табу тәсілдері арқылы да беріледі. Көп жағдайда бұлар перифразбен тұтасып, органикалық бірлікке айналатындығы зерттеу еңбектерінде анықталды. Соның ішінде эвфемистік перифраздар перифраздардың ерекше түрі бои табылады. Эвфемистік перифраз мағынасы суық немесе айтуға өрескел саналатын дөрекі сөздерді майдалап, тігісін барынша жатық етіп, келтірінді мағынада қолдану арқылы көрініс табады.
Мысалы, Біраз ет қаіып еді, «цызылсырап отырмыз» деген соц жартысын қыз бен келінге бөліп бердім.
Енді кекірелеуді қойып, жүрт цатарлы күнелту керек.
Эвфемизмдерді перифразбен тығыз байланыста қарастыру оның қызметін нақтылай түсуге мүмкіндік береді. Перифраздардың тілтаным тұрғысынан зерттелуінде эвфемистік қолданыстардың орны ерекше екеніне назар аударуға болады.
Көркем әдебиетте тіл ерекше экспрессивтік - эстетикалық қызмет атқарады. Оқушының сезіміне эсер ету үшін, ойды образды түрде жеткізу үшін көркем шығармада көбінесе сөздер нақтылы тура мағынада емес, ауыс мағынада, астарлы түрде қолданылады. Сондықтан көркем эдебиет тілі - бейнелі, мэнерлі тіл, түрлі бояулы, сезімге эсер ететін көркем тіл. Тілдегі көркемдеуші құралдар - теңеу, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха, эвфемизм - бэрі де - көркем суреттің, образды жасаудың, жазушының, ақынның шеберлігінің көрсеткіштері.
Эвфемизмдер осылайша эр түрлі себептермен астарланып айтылады. Яғни жағымсыз қылықтарды сыпайылап, жұмсартып айтуды көздейді. Erep діни ұғымға байланысты эвфемизмдерді айтпасақ, жалпы тілдік эвфемизмдердің негізінен анайы, тұрпайы сөйлеуден сақтандырып, сыпайы болуға баулитыны байқалады. Бұдан халықтың тілді жоғары эстетикалық талғаммен пайдалануын көреміз.
Тіл ғасырлар жемісі болғандықтан өте күрделі, қыр - сыры мол құбылыс екені белгілі. Адамдар тілді қолданғанда эрбір тұлға уақыт өте келе басқа қырларынан танылып күрделене эрі қүбыла түседі. Осындай құбылыс нэтижесінің бірі біз сөз етіп отырған перифраз түрлері. Өмірдің өзі қайшылыққа толы десек, сол қайшылық, жағымсыз эмоцияларды халықтық эстетикалық талғамына түсіп, қайта өңделіп мүмкіндігі болғанша сыпайы, бейнелі жеткізуде тіліміздегі эрбір сөз, сөз тіркестері замана талабына сай танымдық сипаттың жаңа қырларында сүрыпталып, қайта жаңғырып жататын ұзақ та үзіліссіз құбылыстың нэтижелері. Мұның дэлелінің бірі - перифраздар. Перифраз негізінен жай ғана сөз бейнесі емес, мүның астарында сатиралық, сарказмдік немесе комедиялық пен трагедиялық секілді жүктеме стильдік қызмет бар. Бүл мэселе эвфемизмге де, дисфемизмдерге де қатысты болып отырады. Мысалы, Төлеутай - Базарбектің «құлағы болса», оның эр ауылда «өз құлағы бар»деген мэтінде ешқандай ерекшелік, көзге түсіп тұрған айрықша көңіл аудара қоятындай тапқырлық, шеберлік көріне қоймайды. Сөйлемдегі сөздер - күнделікті өмірде ауызекі тілде қолданылып жүрген құлаққа танымал, жатық тұлғалар. Ал шын мэнінде, қайсыбір қолдануға ыңғайсыз - эрі көпшілік көзінше айтыла бермейтін «тыңшы», «жеткізуші», «өсекші» дегеннің орнына бүл айрықша мэнді басқашалай «құлағы бар» деп сыпайы эрі бейнелі түрде эвфемистік перифразбен жеткізіп отыр. Бұл тіл мәдениеті, эстетикалық талғам мэселесі. Сондықтан жоғарыда тілші ғалымдардың эвфемизм деген кез келген сөзді адамның тіл мэдениеті дэрежесінде қайта өңделіп, жұмсартып немесе сыпайы түрде жеткізудің амалы деген пікірлерге қосыламыз. Бұл жолда тура мағыналы сөз де тек эвфемизм емес перифразды - эвфемизм бола алатынына көзіміз жетіп отыр. «Құлақ» адамның дене мүшесі болса, ауыс мағынада «өз қүлағы бар» деген - «сөз тасушы» т.б. мағыналарда тұрақталған перифраз. Бұл бір жағынан мысқылдай, эжуа ету мақсатын көрсетіп отыр.
Біздің пікірімізше, негізінен перифраздар сөз ауыстырғаннан гөрі таза стильдік мақсаттан туындағанға үқсайды. Айталық: - Ол оңай сазга отыргызып кетуі мүмкін мысалындағы кейіпкерлердің күдігі «сазға отырғызу» (алдау) мағынасындағы перифразда тек күдік емес, қауып - қатерді ирониялық түрде жеткізіп отыр. Көркем мэтіндегі «жезөкшелік» тұрпайы сөзін күйінгенінен эрі мысқылдай «жеңілтек нэтижесі» деп эвфемистік перифразбен ауыстырып отырса: Ол: «Мэділхан өзі өгей шешесі Ханпатшайыммен көңілдес екен, осыдан бір бэле тумаса нетсін», - деген мысалындағы «көңілдес екен» деген перифраз магынасында тек жолдасының көзіне шөп салу мағынасы ғана емес, мұның арты неге сығар деген жанашырлық, қауіптену әрі ащы мысқылмен (сарказммен) түйрей сөйлеп күйіну мәні бары анық көрініп тұр. Қ. Қайсенов «Партизан соқпақтары» шығармасының бір тұсында жау бекінген жерді талқандаған партизандардың: «Зауыттан орманға кетерде, «Біздің адресіміз сендердің өлетін жерлеріңде, қорықпасаңдар іздеңдер» деп жазып кетті деген перифразды өте орынды қолданған. «Құпия мекендерін» - «адресіміз сендердің өлетін жерлеріңде» деген перифразда жауға деген өшпенділік, жүрекке қатқан қан кегі, ашу - ыза сарказм тәсілімен жаудың ашу - ызасын тудыратындай бейнелі берілген. Сондықтан академик 3. Қабдолов: «Кей сөздерді кері мағынаға көшіріп, орнымен ойната білу де әсем тәсіл. Мұндай жағдайда бүрма мағынада айтылған сөзге айрықша астар, ойға юморлық сипат беріледі де, суреттеліп отырған шындықтың мазмұны тереңдей түседі» деген өте орынды пікір айтады. Автордың бұл айтып отырған мәселесі - перифраздар. Мына мысалдарға назар аударайық. Бірі арсыз нәпсі қызығын ойласа, екіншісі бөтен ойдан мүлдем аула. Тоқалдың ұпайы түгелденіп болғаннан кейін, әлден уақыттан барып, есік ашылып, үйге Шыңғыс пен Жәнәділ кірді. Барлық ойы, тілегі мейлі соқыр болсын, мейлі ақсақ болсын тек құмарлық айызын қандырар еркекте ғана... Күнімжанның осы түнде Кенесары батырмен көңіл қосып шыққанын ең алдымен жеңгелері, одан шешесі естіп.... Сөйтіп аз ғана бір уақыт дағдарып қалғанымда, о кісі саудамды бітіріп, дегеніне жетіп те үлгерді деген көркем мәтіндерде адамдар арасындағы интимдік қатынастарды тура мағыналы сөзбен емес, перифраздар арқылы суреттеліп отыр. Мұнан перифраз сөз синонимдерін жасауда таптыртпас стильдік амал деген қорытынды жасауға болады. Айталық, автор бір сөзді қайталай бергеннің орнына интимдік жағдайды «бөтен ой», «ұпайын түгелдеу», «қүмарлық айызын қандыру», «көңіл қосу» немесе ирония аралас «саудасын бітіру» т.б. бейнелі перифразды эвфемистік синонимдер арқылы жеткізіп отыр. Сондықтан академик 3. Қабдоловтың сөздерді орнымен ойната білуде шындықтың мазмұны тереңдей түсетіні әрі ол әсем тәсіл деген пікірі де өте орынды деген ойдамыз.

№4 СӨЖ
Теңеу – екі нәрсені, құбылысты салыстырудың ең көп тараған тәсілі. Жасалу қалпына қарай теңеулердің сан түрлі болып келетіні байқалады. Бірде теңеу екі нәрсені тұтас алып салыстыру арқылы жасалса, енді бірде айтылып отырған нәрсенің бір сипат-белгісін, түсін, дыбыс-үнін, тағы басқадай жеке ерекшелігін өзге нәрсемен салыстырып бейнелеу негізінде туады. Бір нәрсені басқа нәрсемен қимыл-қозғалысындағы ұқсастықты тірек етіп салыстыру жолымен жасалған теңеулер де жиі кездеседі.


Бір-біріне мүлде жанасымы жоқ сияқты көрінетін екі нәрсенің қандай да бір қасиет-белгілерінен, не қимыл өзгешелігінен ұқсастық, жақындық тауып, теңестіруге болатынын атап айта кету қажет. Бұдан теңеуді әдебиетте, поэзияда бейнелеу құралы етіп пайдаланудың шексіз бай мүмкіндігі бар екені айқындалады.
Теңеу – белгісіз нәрсені белгілі нәрсе арқылы, күрделі нәрсені қарапайым нәрсе арқылы, алысты жақын нәрсе арқылы айқындап көрсету деген пікірді жиі кездестіруге болады, әрі осы лай түсіндірудің бір қарағанда ұтымды көрінуі де мүмкін. Мұның өзі әсіресе әдебиетті, поэзияны сөз еткенде, шындыққа жанасымды болып шықпайды, өйткені көпшілікке белгісіз, түсініксіз нәрсені түсінікті, белгілі нәрсемен салыстырып айту бір-басқа да, ал бейнелілік сипаты бар көркем теңеу жасау – бір басқа. Поэзиялық шығармадағы теңеуді алсақ, мәселе салыстырылып отырған нәрсенің белгісіз немесе белгілілігінде емес, сол айтылатын өзгешелік бұлардың бірінен екіншісінде айқынырақ, көрнектілеу екенінде, салыстырудың өзінен көп мағына туатындығында. Қалам қас дегенде қалам белгілі, түсінікті нәрсе де, ал қас белгісіз нәрсе деу дұрыс болмас еді. Айтылып отырған сипат – түзу, тура деген мағына – қаламнан айқынырақ көрініп тұр. Қастың қиғаштығын сипаттамақ болғанда, мысалы, қарлығаштың қанатындай деу ұтымдырақ.
Теңеудің өзгешелігін, мазмұндылығын, тереңірек түсіну үшін тағы бірер мысал келтіруге болады. Алдымен «көптің күші көлдей, кешіп жүрген елдей» деген теңеуді алайық. Осы теңеулер біздің көз алдымызға шалқар айдын көлді, шетсіз, шексіз сияқты болып, шалқып жатқан суды, не болмаса, үдере көшіп келе жатқан көп адамның, елдің бейнесін елестетеді. Сондықтан біз көптің күші мығым, зор деген тұжырымды тек ұғым күйінде ғана қабылдап қоймаймыз, көз алдымызда айқын елес беріп тұрған көлдің, елдің көрініс әсері, суреттілік, бейнелілік әсері арқылы терең сезіне отырып та қабылдаймыз. Немесе қақтаған ақ күмістей деп қыздың маңдайын сипаттайтын теңеуге зер салып қарасақ, мұның мағынасы өте кең бай екенін көреміз. Бұл теңеу сұлу қыздың маңдайының ақ, кең деп тікелей көрсетілген сипаттарымен қатар жарқыраған, жазық, нәзік, ешбір мінсіз, көз тартарлық көркем деген сияқты талай қасиеттерін де қоса аңғартады.
Теңеу туралы айтылғанда салыстыру үшін қандай нәрсе алынып отырса, соған көбірек мән беріледі. Асылында, мәселе тек онда ғана емес. Сол салыстыру арқылы сипатталып отырған құбылыс, нәрсе қандай, оның нендей ерекшелігі көрсетіліп отыр және екі нәрсені теңестірудің өзінен қандай мағына туып, ой аңғарылады – міне, алдымен осылар толық ескерілуге тиіс. Теңелген нәрсе мен салыстыру арқылы сипатталып отырған нәрсені, құбылысты жеке, бөлек алу көп жағдайда дұрыс болмайды. Мысалы, Абайдың «өз үйінде өзендей күркірейді», – де ген сөздерін еске түсірейік. Бұл жерде мәселе тек кісіні өзенмен «алыстыруда деп ұқпаған жөн. Даукес кісінің әрекетін, дарылдаған даусын тасқынды өзен суының күркіреген үнімен салыстыру – өте орынды, тапқыр теңеу.
Ілиястың «Күйші» поэмасындағы: «Ұйлыққан сең үстінде қойдай қорқып» деген өлең жолын алсақ, мұны тек адамды қоймен салыстырған екен деп ұғу ағаттық. Ақын қойды қандай жағдайда алып отыр, оның қандай ерекшелік-қасиетін көрсетіп отыр және олармен салыстыру негізінде адамның қандай күйі сипатталады – осылар түгел ескерілуі ке рек. Қысталаңда жол таппай, шошып сасқан жұртты сең үстінде ұйлыққан қоймен салыстыру оп-оңай табыла қоятын, жадағай теңеу емес. Бұл теңеуде өмір шындығын көріп-байқағыштық пен тапқырлык, көркемдік шеберлік – бәрі бір жерден келіп тоғысқан.
Теңеліп отырған нәрсе де айтылатын ойдың орайына байланысты әр тұста әр қырынан алынып, қилы-қилы мағына туғызуға қызмет етеді. Айталық, Абай жартаспен салыстыру арқылы бірнеше жерде өз ойын көркемдеп, шеберлеп жеткізген. Бірде теңіздің толқыны «жағадағы жартасты жыға алмайды» деп, жартасты топас, қараңғы, жұрттың ырқына көнбейтін табанды, бетінен қайтпайтын адамның балама бейнесі ретінде алса, бірде «биік мансап – биік жартас» деп, жартасты мүлде басқа мағынаны білдіру үшін қолданады. Ал енді «Сегіз аяқта» Абайдың айдалада мелшиіп тұрған жартастың жаңғырығын суреттей отырып, сол арқылы ақыл сөзге жүрегі жылып, селт етпейтін ынтасыз қауымды, надан ортаны ерекше тапқырлық, шеберлікпен бейнелеп көрсететіні белгілі.
Әрбір теңеу, салыстыру мейлінше айқын, дәл айтылғанда ғана және орнымен қолданылғанда ғана құнды болмақ. Теңеу мағынасы жағынан да, сезімге әсері жағынан да баяндалып отырған жай, жағдайға, айтылып отырған пікірге, ондағы ой тізбегіне жалғас, жанасымды болуға тиіс.
Салыстыруда алдымен дәлдік, нақтылап айқындау жағы күштірек болса да, кейде шарттылық сипат немесе дәстүрлі үлгіні қолдану жағы басым келетінін аңғарамыз. Осы соңғы түрге жататын салыстырулар да мағыналы, тартымды болып жасалуы әбден мүмкін. Адамды әзірейілмен, ажалмен салыстыруда пәлендей қисындылық, өмірге, шындыққа жанасымдылық бар деу қиын. Ескі нанымды білдіретін әзірейілді айту орынсыз көрінсе, адамды ажалмен, яғни анық көзге көрініп тұрған нақтылы сипаты жоқ нәрсемен салыстыру да ұтымды емес. Ал бірақ Ілияс Қарашашты «әзірейіл, ажал түсті» дегенде осы екі салыстыру да ерекше мағынаға ие болып, көп жайды аңғартады. Қыздың сұстылығы, қаталдығы, жауыздыққа бейім тұрғанды ғы – бәрі де көз алдымызға осы екі салыстыру арқылы өте айқын елестейді.
Салыстырудың өзі бейнелі сөздердің әр тобында әртүрлі болып келетіні, әрине, өз алдына. Мысалы, теңеудің қарапайым түрлерімен не метафораның көпшілігімен салыстырғанда символ-бейненің шарттылық сипаты әлдеқайда күшті. Басқа бейнелеу тәсілдерінен гөрі теңеуге метафора жақынырақ. Метафораның теңеуден негізгі айырмасы – онда салыстырылған екі нәрсе екі бөлек болып көрінбей, көбінесе екеуі тұптура бірігіп, бір бейнеге айналғандай болады да, екі нәрсені біреуі ғана айтылып, екіншісі емеурін жасау арқылы-ақ айқын елес беріп тұрады. Мысалы: «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса».
Күрделі жасалған әдемі метафора суреттелген әр бейне, сипат өз мағынасының шеңберінен шығып, айтылған, көрсетілген жайлар арқылы тасада тұрған, туралап айтылмаған көп жайларды айқын аңдап сезінуімізге мүмкіндік береді. Мысалға Сұлтанмахмұттың өлеңінен үзінді келтірелік:
Ден сау болса, тағдырдың Көкке ұшырам күлдерін.
Қоям ба екен сүлдерін,
Аждаһадай ақырып,
Алдымнан қарсы шықса да, Естімеймін үндерін!
Серпіп тастап түндерін,
Жігермен талап еткен соң
Ден сау болса, тұрмыстың Маған салған құрығын Байлап алып кетермін…
Қаңқылдатып қаздарын, Туғызамын күндерін,
Шығарармын жаздарын.
Осындағы тағдырдың күлін аспанға ұшыру, ақырған үнін естімеу, өмірдің түнін түріп тастап, күнін туғызу, жазын шығару – бәрі де алуан түрлі астарлы мән беріліп айтылған.
Метафорада балама бейне арқылы нені, кімді суреттеп отырғаны кейде тура айтылатыны да болады. Мысалы:
Мен – тауда ойнаған қарт марал, Табаным тасқа тиер деп, Сақсынып шыққан қиядан.
Жолбарысша жорыттым,
Етіне құлан тоям деп,
Мен – құстан туған құмаймын, Бір тұлпарға жұбаймын. Сауырыма қамшы тиер деп,
Шаппай нағып шыдаймын? Мен – түбін кескен бәйтерек, Толқын соқса құлармын
Осы үзінді келтірілген өлеңінде Махамбет өзін басқа нәрсемен тікелей салыстырған. Айталық, қарт маралдың табаным тасқа тиер деп, қиядан сақсынып шығуын айту адамның іс-әрекетін аңғартарлық астарлы мағына туғызады. Өзін жолбарыс бейнесінде алып отырған соң, құлан етіне тоям деуі де қисынды көрінеді. Өзін тұлпарға балап, шабысқа әзір екенін айтса, өзін бәйтерекке балап, қасқой қара күш иелері дендеп кетсе («толқын соқса»), құлармын дейді. Бұл келтірілген мысал метафорадағы салыстыру әрі қарай қалай толығып, дамытылып отыратынын жақсы байқатады. Метафораның өзгешелігі жәй ғана екі нәрсені теңестіруде емес, балама бейне туғызуда екендігін, балама болып алынған нәрсенің сипат белгілері негізгі айтпақ нәрсеге телініп отыратынын осындай ұлғайған метафорадан көруге болады.
Метафора бірде мағына ауыстыру, бір нәрсенің, құбылыстың орнына соған ұқсас екінші нәрсені, құбылысты айту түрінде жасалса («қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса»), енді бірде бір нәрсені екінші нәрсеге телу, балап айту түрінде қолданылады («мен – тауда ойнаған қарт марал…, мен – құстан туған құмаймын.., мен – түбін кескен бәйтерек»).
Метафораның осы соңғы түрі теңеуге өте жақын көрінеді. Сырт қарағанда, оларды ажырату да оңай емес секілді. Ал бірақ оның теңеуден үлкен айырмасы – ол бір нәрсені екінші нәрсеге жай ғана ұқсатумен шектелмейді. Сол айтылып отырған нәрсе басқа нәрсенің кейпіне түсіріліп бейнеленеді. Сондықтан мұнда салыстыру үшін алынған нәрсенің сипат-қасиеттерін, әрекет-қимылын негізгі суреттеліп отырған нәрсеге теліп көрсету мүмкіндігі туады. Мысалы:
Ой, Ардақ, сен ақ қоян шыңнан қашқан, Артыңда мен – ақ сұңқар түлеп ұшқан.
Қан қылмай ақ жүніңнен бір ілгізші.
Тамаша қарап тұрсын қас пен дұшпан.
Міне, осы өлеңді айтушы сүйікті қызын ақ қоянға балайды да, одан әрі қызды адам кейпінде емес, қоян кейпінде алып, ойын үдете береді. Бұл айтылғаннан біздің байқайтынымыз мәселе тек метафораның көбінесе сыңары жоқ, бір мүшелі болып, кейде ғана теңеу секілді қос мүшелі болып келуінде емес. Теңеуде салыстыра суреттеп отырған нәрсе бар да және соны ұқсатып отырған екінші нәрсе бар, бірақ олардың арасы жымдасып кетпей, әрқайсысы өз алдына дара тұрады. Біреуі шығармада айқындап сипаттауды қажет етеді де, екіншісі алдыңғыны осыған ұқсату үшін дайын күйінде, бар қалпында алынады. Ал метафорада салыстырылған екі нәрсенің көбінесе жігі білінбей, кірігіп кетеді. Олардың арасындағы тікелей ой-әсер жалғастығы, бір ой не көріністен екінші ой не көрініс-бейне туындайтындай іліктестік –метафораға тән ең басты ерекшелік. Метафора қос мүшелі болып құрылса да немесе бір мүшесі ғана көрсетіліп, екіншісі тек емеурін арқылы сезілсе де, қалайда екі нәрсенің, екі құбылыстың арасындағы ұқсастыққа негізделеді.
Метафора немесе теңеу бірнеше эпитетпен жалғасып, ұласып келсе, күрделі метафора, күрделі теңеу, не тұтасқан сөз өрнегі жасалады. Тегінде, қандай да болсын бейнелі сөздер, әсіресе эпитет пен теңеу, эпитет пен метафора, бір-бірімен жалғас, қат-қабат алынып қолданыла береді.
Қаптаған қара бұлыттай, Қайнап біткен болаттай. Тұлғасына қарасам, Сайдан шыққан бұлақтай.Бұл мысалдан эпитеттің теңеуге оп-оңай қосарланып отыратынын көреміз. Жорғамын шаршы топта самғайтұғын дегенді алсақ, мұның өзі тұтасқан көркем бейне. Жорғамын деген балама бейне – метафора десек, шаршы топта самғайтұғын деген сипаттама сөз – эпитет. Бұл тек жүйрік аттың бейнесін ғана беріп қоймайды, жарыса шапқан аттарды, ентелеген топты да елестетеді.
Кейде теңеуге метафора түрінде қолданылған бейнелеу де ілесе туады. Мысалы, Ақтан (Керейұлы) ақын: «Қатты жауған жаңбырдай алдарыңда қаптайын» деген сөзі бейнелеу теңеуден басталып, метафораға ауысқан. Ақын өзін алдымен жаңбырмен жай ғана салыстырса, одан әрі сөзді төгілтіп, саулатайын деген ойын қалың жаңбырдай қаптайын деп астарлап айтады.
Метафорада астарлы, ауыспалы мағына екі нәрсенің ұқсастығы негізінде туатын болса, метонимияда олардың бір-бірімен жалғастығы, байланысы негізінде туады. Әйелді – «ақ жаулық», әскерді – «қол» (қалың қол), малды – тұяқ («қара тұяқ қарында жатпас»), бүркітті – «ақиық», «мұзбалақ», қылышты – «наркескен» деу осыны көрсетеді. Ойы ұшқыр, сезімі өткір, тілі шешен деудің орнына «қаламы жүйрік» деу немесе жазушының шығармасын ұнатамын, жақсы көремін деген мағынада оның өзін, мысалы, Гогольді немесе Бейімбетті жақсы көремін деу де сол секілді. Көбінесе заттың, нәрсенің орнына оның бір белгісі, сипаты, кейде бүтіннін орнына бөлшегі алынады. Әйтеуір бір нәрсенің орнына қалайда оған жалғас, сабақтас екінші нәрсе айтылады. Метонимия – бір нәрсемен екінші нәрсені алмастырып айтудың өте ұтымды тәсілі. Мысалы, әскерді қол деудің өзі әншейін айтыла салмаған. Әскери адамның қарулылығын, күш көрсете алатынын, қорғаушы бола алатынын осылай айту арқылы бірден-ақ аңғартып тұр.
Символ дегеніміз балама бейне. Оған негізгі ойды, айтқалы отырған нәрсені, құбылысты сол балама бейне, сурет арқылы тұспалдап көрсету тән.
Символ көбінше адамның тұрпат-тұлғасын, кескін-кейпін, сымбатын тұтас алып сипаттайды, егер бір белгі-сипатын ғана алса, оны бүтінге балап, тұтас бейне орнына алады. Символдағы екі нәрсені ұқсату, жақындастыруда шарттылык, бар және бұл жағынан ол метафора, метонимия секілді бейнелеу тәсілдерімен салыстырғанда оқшаулау тұрады. Мұнда ақынның бейнелеп керсететін тұспал суреті басқа ештемемен байла нысы жоқ, өзімен-өзі жатқан бөлек дүние болып та көрінуі ықтимал. Оның нені мезгеп отырғанын тек ишарат арқылы ғана сеземіз, бірақ осы шарттылықтың өзі, айтылатын жағдай, суреттеу, тура, дап-дайын, сипат-белгілері ап-айқын күйінде көрінбей, тұспал сурет арқылы елес беруі адамның ой-қиялын шарықтатып, сезімін қозғайды. Шынайы көркем, мағынасы терең символ әлде қандай бір дерексіз өмір шындығын аңғартқандай ғана болмай, сөз жеткісіз нәзік жайды басқа бір тұспал бейне, сипаттар арқылы сездіріп, адам жанына аса күшті әсер етеді. Олай болса, символдың көркемдік қасиеті ондағы суреттеу тәсіліне тән шарттылықтан, астарлы мағына туғызудан келіп шығады, демек символдың мазмұндылығы, көркемдігі дегеніміз – сол тұспал бейненің, суреттің ой-сезімге толы, астарлы мағынасы терең, әсерлі болып келуі.
Тегінде символ, аллегория, кейіптеу сияқты балама, тұспал бейнелердің қай-қасысында болсын аталған, суреттеліп отырған нәрсенің, заттың тура, нақтылы мағынасы солғын тартып, ығысып, көмескіленгендей болады да, ымбамен нұсқап, ұқтырып отырған құбылыстың мағынасы жарқырай түсіп, айқын сезіледі. Бұл өзгешеліктің өзі де ылғи бір қалыпта бой көрсетпейді, сан құбылып отырады. Символ мен аллегорияны осы тұрғыдан алып салыстырсақ, соңғысында шарттылық жағы басым екенін аңғарамыз. Көркем символда айтылып отырған нәрсе ишаратпен білдірілген жаңа мағынамен жарыса, әрі өзінің табиғи қалпында көрініп отырады. Мысалы, қазақшаға Абай аударған Лермонтовтың «Жалғыз жалау жалтылдап» атты өлеңін алайық, мұндағы табиғат суреті: теңіз де, толқын, желкен де – бәрі ақиқат өмірдің нақтылы көріністері, тек осы көріністер тікелей көрсетілген сурет бейнелерден тыс үлкен ойды мезгеп, күресті, әрекетті аңсайтын адам тұлғасын тұспалдап елестететін болғандықтан, өлеңдегі тура мағынадан туынды, астарлы мағынаның маңызы асып түсіп отыр. Символда өмірдің нақтылы көрінісінің бейнесі мен туынды мағынаның қатарласа келіп, бірлестік табуы оның құрылысы, жасалу жолы аса күрделі болуы мүмкін екенін дәлелдейді.
Аллегория көпшілік жағдайда айтылып отырған нәрсенің нақтылы, затты сипаты, толығынан ауыспалы, туын ды мағынаға бағыныңқы болғандықтан, мүлде әлсіреп, кейде тіпті анық сезілмейтін де кезі болады. Айталық, мысал өлеңдерде қандай да бір аңды не құсты адам кейпінде алып суреттегенде, оның өзінің нақтылы қасиет-сипаттары толық сақталмайды, керісінше, оларға өздерінде жоқ қасиеттер дарытылып, адамша сөйлеп, адамша ойлап деген секілді, адам ғана істейтін әрекеттерді істеп жүреді. Табиғат құбылыстарын кейіптеу тәсілімен жанды бейне түрінде суреттегенде де дәл сондай жағдайды байқауға болады.
Көркем тұспалдау (аллегория) ауыз әдебиетінде шешендік сөздерде, тақпақ өлеңдерде, толғау, термелерде жиі кездеседі. Тұспалдап, орағытып айтуға шеберлік әдеби туындылардың кейбір түрінде тапқырлықты, айтқыштықты байқататын ұтымды әдіс саналған. Халықтық үлгідегі тұспалдап айту тәсілін «Әр жан әр күйде» деген жырында Сәбит Дөнентаев ұсталықпен қолданған. Өлеңде революциядан бұрынғы қазақ өмірінің біраз шындығы айқын елес береді. Қоғамдағы әртүрлі топ өкілдерін, әсіресе «мырзалар» тобын шенеп, сықақтап көрсетуде тұспал бейнелерді (түлкі, қарға, борсық, т.б.) алудың өзінше ұтымдылығын осы шығармадан көреміз.
Әсірелеу тәсілінің өзі әдебиетке, көркем өнерге тән бейнелеп айтуда кездесе беретін шарттылықпен де астасып жатады. Поэзияда әсірелеудің, шарттылықтың, болмаса тұспалдап, емеурін жасап айтудың өзіндік артықшылығы болады. Мысалы Ғафу Қайырбековтің туған жерді қастерлейтін мына өлеңін еске алайық:
Дүбірде бар екі ши, Маңайында жылға көп.
Біздің әулет екі-үш үй Жайлар еді жылда кеп.
Жалғыз қазық мына жұрт Мен дүниеге туған жер.
Жалғыз тұтам шуда жіп Кіндігімді буған жер.
Туған жермен байлаған
Кетпестей ғып кіндіктен,
Бар ма екен – деп ойлаймын, – Мықты нәрсе сол жіптен.
Адамға туған жердің соншалықты ыстық, жақын болуында не керемет күш бар? Бұл сауалға ақын тура жауап беріп отырған жоқ. Ол оқушысын ақындық сезімнің қуатымен баурап алып, туған жерге деген сүйіспеншілігінің тереңдігімен тебірентіп отыр, ақындық қиялдан өрбіген, әсірелеу тәсілі мен жасалған түйін-тұжырымға бізді еріксіз иландырып бас шұлғытып, «я, солай» дегізіп отыр. Мұндағы әсірелеу, шарттылық – сезім нәзіктігін, туған жерге деген махаббаттың шексіздігін неғұрлым айқын көрсетуге ат салысып тұр. Адамды өзінің туған жеріне ынтық етіп, үнемі тартып тұратын сезім күші көзге көрінбейтін, сипатсуреті жоқ. Бір сиқырлы күш секілді десек, ақын сол сезімнің күшін кіндікті буған жіп бейнесінде көзге анық елестетіп, біздің осы сезім жайлы түсінігімізді жандандырып, оған нақтылық, бейнелілік қасиет дарытқан. Мұнда астарлап айту, тұспалдау бар дейтін себебіміз: адамның туған жеріне, еліне сүйіспеншілігі орасан зор деудің орнына ақын өзгеше сөйлеп, біз күтпеген жерден шығып, бір құбылысқа тән ерекше қасиетті соған өзінше жалғастығы ғана бар екінші бір нәрсеге теліп отыр. Осылай етіп адамның өзі туған жерімен, ен біте қайнасқан бірлігін ажырата алатын күш жоқ деген ойды ақын емеурін жасап қана шеберлеп жеткізген. Осы өлеңнің мазмұндылығын, көркемдік қуатын Мұхаметжан Қаратаев жоғары бағалап, былай деген болатын: «Мұнда айқай да, асып-тасу да жоқ. Бірақ өте жылы өлең! Не ге? Неге десеңіз ақын туған жерге деген жүрек түбіндегі ыстық сезімін нағыз художникше нақты да нақышты суретпен, нәзік те нанымды образбен көзге елестете бейнелеген. Ғафу ғана емес, күллі қазаққа таныс сурет, қазақ жүрегіне ыстық, сүйкімді об раз! Ақын туған ауылдың жұрты, ондағы «жалғыз қазық», «екі ши», айналасындағы көп жыра, бір кездегі екі-үш үй қонған жайлаудың картинасын еске түсіріп қана қоймайды, тура көз алдыңа әкеледі. Ақын туғанда «кіндігін буған бір тұтам шуда жіп» әлгі картинаның тоба қазық образы болып тұр. Ақын үшін дүниеде одан «мықты нәрсе» жоқ, өйткені бұл жіп былай осал, нәзік болғанмен, ақын үшін дүниеде ең қымбат туған жермен байлаған сол жіп. Осының бәрін көріп, біліп қана қоймайсың, сен де туған жерді сүйетін жүрегіңмен сезінесің!».
Теңеу, балама бейнелер – метафора мен метонимия, тұспалдап суреттеу тәсілдері – аллегория мен символ, әсірелеу тәсілдері – гипербола (зорайту), литота (кішірейту), табиғат құбылыстарын жандандырып кейіптеу тәсілі (олицетворение), сөзді керісінше мағынада алатын сықақтау тәсілі (ирония) – осының бәрі де не салыстыру негізінде, не қалайда екі нәрсенің өз ара жалғастық, жанасымдылығы негізінде астарлы мағына туғызады, бір мағынаны екінші мағынамен алмастырады.
Ал легория мен символдың жігін анықтау кейде тіпті қиынға соғатын кезі болады, ал кейіптеу тәсілі («күлімсіреп аспан тұр») әсірелеу тәсілімен сабақтас. Кейде теңеу, метафора, метонимия көркемдік мәні жағынан символға жақын. Бірталай көркем символдардың теңеу, метафоралы эпитет, метонимия негізінде қалыптасқандығын да байқау қиын емес. Айталық, ару қызды аққуға теңеу негізінде аққу бейнесі келбеттіліктің, сұлулықтың символына айналғаны дау туғызбауға керек. Бота көз дегендегі алдыңғы сипаттама сөз – метафоралы эпитет. Ал осы бейнелі сөзді түгелдей алсақ ол метонимия қызметін атқарады, өйткені мұнда адамның бір мүшесін – көзін айту арқылы оның кескін-кейпін, тұлғасын түгелдей елестетеді. Оның үстіне осы бота көз әйел сұлулығының символы боларлықтай мағынаға ие.
Халық поэзиясына үңілсек, көптеген символдардың психологиялық параллелизммен жалғасып жатқанын, олардың айтылатын жәйді, нәрсені басқа ұқсас нәрселермен, құбылыстармен салғастырып, қатар қойып көрсету түрінде жасалатынын аңдаймыз. Мысалға Абыл (Өтембетұлы) ақынның естірту жырындағы мына сөздерді келтіруге болады:
Ай тұтылды ұлысынан,
Күн тұтылды шығысынан,
Емен сапты болат найза,
Сынды дейді ұңғысынан.
Тау құлады шынарынан,
Айрылып шықты көзің шырағыңнан,
Айрылдың Жиреншедей ділмарыңнан
Осы айтылғандардан астарлап, бейнелеп айтудың алуан түрлі болып келетінін көреміз. Негізгі мағынасынан бөлек ауыспалы, туынды мағынасы және бейнелілік сипаты бар сөздер тұтасып келетін көркем бейне, сурет қалпында да, бір нәрсені екінші нәрсенің кейпінде көрсететін балама бейне қалпында да, ой-сезімді ишарат арқылы аңғартатын тұспал бейне түрінде де, тіпті ыммен айту, емеурін жасау түрінде де, ал кейде әсірелеп айту сөзге керісінше мағына беру түрінде де кездесіп отырады. Осы тәсілдердің қай-қайсысын алсақ та, сөздің туынды, астарлы мағынасы, көркемдік мәні өмір жайлы толғанудың нәтижесі бо лып, сол қолданылған тәсіл ой-сезімді бейнелеп жеткізудің бірден-бір ұтымды, әсерлі әдісі болып шықса ғана жарасымды бо лады. Өзінің қажетті жерінде, кезін тауып қолданылған тұсында сөздің астарлап айтылуы оның жайдағы дәл, тура, айтылатын қалпынан бөлекше мағыналылық, көркемдік сипат алуы керек. Мысалы: Көздің жасы, жүректің қаныменен. Ерітуге болмайды ішкі мұзын. Осы өлеңде ауыспалы мағынада қолданылып отырған «мұз» күнделікті айтылып жүрген, үйреншікті сөз, бірақ Абай оған бейнелі мағына беріп, үлкен коғамдық ойды аңғартып отыр. Ескі сананы, ескі ұғым-түсініктерді, қоғамдағы керітартпа ой-пікірлерді – бәрін адамның ішінде қатып жатқан «мұз» бейнесінде көрсетеді. Оған қарама-қарсы мағынада алынған ұғым бейнелер: көздің жасы, жүректің қаны. Бұлар – дүниені, қоғамдық, өмірді, халық тағдырын ескіше емес, жаңаша сезінетін ақын тұлғасын танытатын белгілер. Көздің жасы, жүректің қаны қандай: ыстық болса, ескілік шырмауынан шыға алмаған адамдардың «ішкі мұзы» соншалық суық, оны еріту оңай емес. Сөйтіп, Абай адамның «ішкі мұзын» ерітуді айтқанда, ескі ұғым-нанымдарды, ескірген қоғамдық сананы өзгерту қажеттігін шебер бейнелеп көрсетіп отыр.
Бейнелі сөздің аса бір ұтымды өзгешелеп өте маңызды, тың ой-пікірді әркімге қарапайым нәрсені айту арқылы-ақ айқындап жеткізіп беруінде.
Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?
Бір бес күннің орны жоқ аптығарға. Қай қызығы татиды қу өмірдің
Татуды араз, жақынды жат қыларға?
Осындағы «Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?» деген жол тура мағынасында алынғанда өзінен-өзі түсінікті жәйтті аңғартатын жәй ғана сөздер. Бірақ осы сөздер өлеңде астарлы, ауыспалы мағынада айтылып, өзгеше терең мәнге ие болған, сөйтіп олар өмірдің өтуі жайлы толғанып, уақыт озады, бәрі де өзгереді, бірақ адамгершілік, адалдық, бауырмалдық, туыстық – баянды нәрсе деп түйген ақынның маңызды әлеуметтік, философиялық ойларын айқындап жеткізуге себін тигізіп тұр. Осындағы «тәтті» деген сөздің өзі нақтылы бейнелілік қалпын сақтап-ақ, адамды қызықтырып, дұрыс жолдан тайдыратын алуан түрлі жайларды астарлап бейнелеп беріп тұр.
Сол секілді тұспал сурет те мейлінше нақтылы, айқын бола тұрып, көп жағдайда сан қилы құбылыс-жайларды қамтитын жалпылық мағына да ала алады. Мұны біз мына өлеңнің сөздерінен айқын байқаймыз:
Қалай егін егерсің бейнеттеніп, Көзің жетіп тұрса егер ормасыңа. Гүл ұрығы жел ұшырып құмға түссе, Шара жоқ кеуіп, қурап солмасына.
«Адасқан өмір» поэмасындағы осы бір тұспал сурет ақын баян-даған көп арманның, «көп ойдың» іске аспауына көзі жеткендігін бейнелі түрде, әдемі елестетеді. Мұндай тұспал бейне, сурет мағынасы жағынан мейлінше сыйымды, жан-жақты болады. Себебі оның өзі ауыспалы мағынада ұғынылады және сол ауыспалы мағына өлеңде баяндап айтылған басқа сөздермен, оймен жалғас туады. Тұспал сурет, балама бейнелер шығармадағы айтылып отырған түрлі ой-пікір, сезімді күшейте түседі.
№5 СӨЖ
Ана тіліміздің сөз айдынының тереңінде халықтың ғасырлар бойғы іс тәжірибесінен, өмірді тануынан қорытылып, ереже түрінде тұжырымдалған аталы сөз - мақал - мәтелдер мен тұрақты тіркестер тұнып жатыр. Олар халықтың қаншама ғасырлар бойында әртүрлі құбылысты өзара салыстыра, бейнелеу, суреттеу, бір - біріне теңей сөйлеу мақсатында, экспрессивті - эмоционалдық қызметте қолданылатын бейнелегіш тілдік құрал ретінде жиі жүмсалады. Шын мәнінде адамдардың көңіл - күйін, эмоциясын, сезімдік қатыстарын жеке сөзбен ғана беру мүмкін емес. Әрбір жеке адамдардың өзіндік қабылдауынан туатын сезімдік «әлем бейнесі» әсерінің көрінісі лексикаға қарағанда, тұрақты тіркестердегі эмоция мен экспрессияда анағұрлым көбірек қамтылады. Халықтың әдет - ғұрпы, салт - санасы, күнделікті өміріне байланысты туындаған коннотациялық сипаттағы фразеологиялық бірліктер халықтың ассоциативті - образцы ойлауы нәтижесінде пайда болып, ұлттық - мәдени ақпарат мазмұнын танытатын нышандар болып есептеледі. Бұлар жазушы көзқарасын, ерекшелігін таныту, айтар ойын ерекше әсерлі етіп, белгілі бір бейне сомдау мақсатында ұтымды пайдаланылған. F. Мүсірепов қолданған фразеологиялық тіркестер, әдетте, сол мәтінге үйлесімділік беріп, нанымды жүмсалады. Осы орайда Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы тұрақты тіркестерді анықтап, талдау жұмыстың өзектілігі болып табылады.
F. Мүсірепов шығармаларындағы тұрақты тіркестер анықталып, когнитивтік құрылымын саралап зерделеу арқылы қаламгердің көркемдік әлемінің концептологиялық негізі айқындалды;
Жазушы шығармаларындағы салт-дәстүрге байланысты тұрақты тіркестер, «Ер адам», «Әйел», «Махаббат», «Қайғы», «Кедейлік» концептілерінің сипатталуындағы тұрақты тіркестер жүйеленіп, талдауға түсті.
Фразеологизмдер - көркем шығарма тілін жандандыратын, астарлап, бейнелеп суреттеудің тілдегі дайын құралы болып табылатыны белгілі. Халық тілінің осы бір байлығын жазушылар шығармаларында пайдаланады. Фразеологизмдерді қаламгердің өз қажетіне сай талғап, жаңғыртып қолданылуы, оның ой пікіріне, эстетикалық талғамына, пәлсапалық көзқарасына сәйкес болады. Осыған байланысты зерттеуші X. Қожахметова: «Көркем шығарма тіліндегі фразеологизмдерді таңдап қарастыру - автордың өзіндік стиль жасаудағы тілдік тәсілдерінің бояу өрнегін айқындау болып табылады. Фразеологизмдердің стильдік бояуы жеке сөзбен салыстырғанда әлдеқайда күшті, экспрессивті мүмкіншіліктері анағұрлым мол. Осы қасиетгеріне орай фразеологизмдер белгілі бір баяндауға, не сөйленген сөзге стильдік әр береді. Қалыптасқан бүл тұрақты тіркестердің көркем әдебиет тілінде атқаратын қызметі алуан түрлі. Бұлар шығарманың идеясын беруде, образ, характер жасауда, кейіпкерлердің «өзін - өзі әшкерлеу» сияқты тілдік тәсіл болып келеді. Осылар арқылы қоғам өмірінің сан құбылыстарын, табиғат көрінісін бейнелі түрде бағалай, суреттей беруге болады». Ал ғалым М.Серғалиев: «Тұрақты тіркестер - әдеби тілдің ілгері даму барысында қалам қайраткерлерінің әрекеті арқылы жанданған әсем кестелер. Олар - сөз зергерлерінің ой - түйінін ықшамдап аңғартатын жинақтылықтың үлгісін көрсететін көркемдік құрал. Тұрақты тіркестерді қай жазушы болса да өз шығармасында қажетіне қарай қолданады», - дейді.
Әрбір жазушының өзіндік стильдік өрнектері, өздері сүйіп қолданатын тәсілдері, жазу машығы болады. Жазушы сонысымен дара, сонысымен ерекше, сонысымен өзгеше. Ғ.Мүсірепов өзіндік қолтаңбасы қалыптасып орныққан, әдеби тілді байытуда өзіндік шығармашылық сара жолы айқындалған, өзгеге шығармашылық үйрену мектебі боларлықтай жазушы. Қаламгер өзі өмір сүрген кезеңдегі әртүрлі қоғамдық құбылыстар, өзгерістерді шығармаларына өзек ете, дәуір тынысына құлақ түріп отырған. Сондықтан да кез келген шығармасынан қоғам үні айқын байқалады. Жазушы тілдің лексика - семантикалық қабаттарының мағыналық қырларын айқындайды, стильдік қызметін арттыра отырып, ұтымды қолданады. Шығарманың тілдік бейнелілігін танытуда тұрақты тіркестердің озық үлгісін корсете алған шебер жазушы.
F. Мүсірепов фразеологизмдерді өз шығармаларында белгілі бір көркемдік нақыш беру қызметінде жүмсайды. Көңілдегі көрікті ойды сөзбен кестелеп айту үшін, фразалық тіркестер де тілде орасан зор қызмет атқаратыны белгілі. Туындыларындағы кейіпкерлердің шаттық, қуаныш сезімдерін беруде, кейіпкердің ішкі сезімдерін айқындау, кейіпкерге портрет жасап, мінездеме беруде, бейнелілікті күшейту мақсатында тұрақты тіркестер зор қызмет атқарады. F. Мүсіреповтің шығармаларындағы фразеологизмдерді қарастыру барысында олардың мәтіндегі қолданысына зер саламыз.
Қаламгердің «Ананың анасы» әңгімесінде елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі жайлы баяндалған. Жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.
Мысалы: Өмірінде әйелден мүндай сөз естпімеген гумесер Кейкі былай депті сонда: - Әйел еркекке қатыпоыққа жаралган. Іярак, жер жүзінде күңдік пен қүлоык жоқ ел бар дегенді естігенім жоц еді, сондықтан өзіме еріңдер: қанаттыга цацтырмайын, түмсъщтыга шоқтырмаііыіі' - дейді. «Қанаттыга цацтырмайын, тү.мсықтыга шоцтырмайын» тұрақты тіркесі ғалым І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» еш жәбір жапа көрсеттірмеді, қиянат жасатпады, қорғаштады дегенді білдіреді. Яғни жоғарыда көрсетілген фразеологизмнің «Махаббат» концептісін қалыптастыратын байқаймыз.
Қаламгердің аталмыш әңгімесіне зер салсақ: Аққан жүлдыз ба дерсің, көзді аіиыпжүмганша келіп, араласып та кетеді. Бұл сөйлемде жазушы тұрақты тіркестерді қолданудың басқаша тәсілін пайдаланады. «Аққан жүлдыздай араласът та кетеді» десек те келіп араласқан көпті көрген көне жылқышының өте жылдам, тез қосылғанын, араласқанын білеміз. «Көзді ашът - жүмганша араласты» десек те араласушы адамнын жылдамдығынан хабардар боламыз. Ал, «аққан жүлдыздай, көзді ашът-жүмганша араласуы» ерекше әсерлі, экспрессивтік өңі айқын, бояуы қанық.
Қаламгердің «Ана кесімі айнымайды» әңгімесінде «Қайғы» концептісін қалыптастыратын фразеологизмді кездестірдік: Қара жамылган міелдің түрі, қайгыдан бүгілген белі, үнсіз ауыр цозгалуы - кала басына орнаган бақытсыздъщтың бейнесі сияқты еді.
Ол зүлымды таіщан бакытсыз ана осы келе лсаткан Мария еді. Ана жүрегін осы қайгы жеп келе жатқан. «Қайгы жеп» тұрақты тіркесі арқылы Мария ананың қатты уайымға түскенін автор көз алдымызға әкеледі.
Жоғарыда келтірілген үзіндіде «қара жамылган» деген тұрақты тіркесі әдетте «Қайғы», «Өлім» концептісін беруде «қара» түсі жиі қолданылады. «Қара» лексикалық бірлігі қазақ халқының үғымында өлімді, қайғы - қасіретті, азаны білдіреді. «Қара жамылды», «қаралы үй» түрақты тіркестері осындай салт - дәстүр, ұғым - түсініктерден қалыптасқан. Сондай - ақ аталмыш әңгімеде «қайғы жеп» тұрақты тіркесінің мағынасы уайымга түсті, қаіігы азабын көп көрді мағынасында жұмсалып түр.
F. Мүсіреповтің «¥лпан» романында да «кара жамылган» түрақты тіркесін кездестірдік: Үлпан бүл кезде цари жамылган каралы лйел. Мүнда Есеней қайтыс болғалы Ұлпанның біраз жүмысы тоқтап қалып, үйінен шыға алмай қайғы азабын тартып жатқандығын аңғаруымызға болады. Сонымен қатар жесір қалған әйелдердің жағдайы баяндалады: Epi өліп, жесір қалып, қайгы жүтып отырган зйелге агайындык; жәрдем ете отырудың орнына, оның мал - мүлкімен бірге өзін де иемденіп алар күнді күтеміз. Бұл мысалдағы «қаіігы жүтып» фразеологизм! уайымга түсті, қаіігы азабын көп көрді мағынасында жүмсалған. Осы фразеологизм арқылы ерінен айрылған жесір, жетім әйелдердің жағдайын аңғарамыз.
Ғ. Мүсірепов романда жесір әйелдердің психологиялық сезім күйін, уайымға түсіп, қайғы азабын көп көргендерін «Қайғы» концептісін қалыптастыратын «қайгы жүтып» тұрақты тіркесі арқылы береді. Мысалы: Epi өліп, жесір қалын, қайгы жүтып отырган әйелге агайындъщ жзрдем ете отырудың орнына, оның мал - мүлкімен бірге өзін де иемденіп алар күнді күтеміз.
«¥лпан» романында: Ұлпанды алып қашуға келген жігіттерден Есеней мен Мүсіреп көмектесіп, ендігі кезекте Есенейдің нұсқауымен Мүсіреп оны жүбата бастады: - Қарагым Үлнанжан, басына түскен бір бзледен цүтылдың. Мұндағы «басына түскен бір бзледен цүтылдың» фразеологизм! зор азап, ауыртпалықтан қүтылдың деген мағынада жүмсалып тұр.
Қазақ тіліндегі «Ер адам», «Әйел» концептілерін қалыптастыратын түрақты тіркестер образ жасауда, ұлттық танымның ерекшелігін көрсетуде, ұлттық дүниетанымды беру мақсат түсінігін әр қырынан көрсетуде мол ақпарат береді. Мүнда ер адамның, әйел адамның жеңіл мінез, мінез-қүлықтары, әлеуметтік, мәдени өмірдегі алар орындары т.б. сипатталады. Оны «¥лпан» романынан көруге болады: Мен бул әйелді алты дуанга атагы жайылган ханыша бар еді гой, сондай өркөкірек, ойына келгенніц бәрі де бойыма жараса береоі деп ойлайтын ала қүйын тұргысында көретін іиыгармып деп қауіптепіп келіп еді.м. «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» «ала қүйын» тұрақты тіркесінің екі мағынасы көрсетілген: Ала құйын - 1. Ұйықтап соққан боран. 2. Жеңілтек мінезді, үшып қонған адам, туралы айтылады. Бүл сөйлемде «ала қүйын» тұрақты тіркестің екінші мағынасы жүмсалып түр. Қаламгер шығармаларында түрақты тіркестердің қолданылуы шығарма тілін одан әрі ерекшелендіріп, көркейтіп тұр.
¥лпан - сол кездегі өмірдің жаңалығын түсіне қабылдап, болашағын дүрыс аңғара білген қайраткер. Елді отырықшылыққа бастайды. Жүртқа қыстау салғыздырып, егін ектіреді. Тынбастан үй ішінің күйкі жүмысымен айналысқандығын да байқауға болады. Мысалы: - Есеней--ау, - деді Үлпан түра беріп, - Есеней - ау, негие күннен бері мен осы үйдіц отынымен кіріп, күлімен шыгып. қара жумысында жүрмін гой! ¥лпан еңбекқорлығы осындай ауыл өміріндегі күнкөріс мәселелерімен де шектеліп қалмай, ірі-ірі әлеуметтік мәселелерге дейін көтеріледі.
Аталмыш романнан мысал: Бул күнге Oeiiiii егикім бетіне қарсы келіп көрмеген, ерке өскен Үлпап малга сатылып кете беретін көп қызоыц бірі екен – ау! Келтірілген мысалда «бетіпе қарсы келіп көрмеген» тұрақты тіркесі арқылы Ұлпанның бала кезден еркін өскендігін аңғаруға болады.
Жазушының «Оянған өлке» романында Игілік бидің бай бола түра, кедей халыққа көмек көрсететін, кең пейіл, бауырмал жан екендігін «кец қолтық» түрақты тіркесі арқылы аңғаруға болады. Мысалы: Игіліктіц иіойындай күрец қошқыл бетінен еишәрсеніц елесі баііқалмаііоы. Баягы бір кецдік, еишәрсені елемеугиілік, кең қо.ітық. беіігамоық сияқты белгілі қалыптан басш тук із жоқ. Сонымен қатар романда Байжанның бай ағайындарының үйіне еркін кіретін, ешкімге істейтін зияны да жоқ, өтірік айтпайтыны, осек тасымайтыны, өз сөз үлесін жібермейтіні баяндалады. Мысалы: Дуалы ауыз болмаса да, реті келген жерде сөз үлесін де жібермейді. Келтірілген мысалда «дуалы ауыз» түрақты тіркесінің мағынасы ғалым I. Кеңесбаевтың «Фразеологиялық сөздігінде» беделді кісі туралы айтылады деп көрсетілген.
Тіл байлығын ұштауда, мәнерлі де бейнелі тіркестермен сөйлеуде фразеологизмдер сөзді жандандырып, тілге өткірлік сипат береді. Ұлпанның өжет, батыл екендігін, қажет кезде ұтымды жауап бере білетін қайсарлығын мына мысалдан байқаймыз. Есенейдің құдалық жөніндегі қатал да кесімді тілегін алып келген Мүсірепке Ұлпанның айтқан сөзі: Агацныц есіңде болсын - Үлпап арзанга туспейтін қыз - демеп пе еді ол?. Есеней таба алмай жүрген жумбагын Үлпан өзі айтуга бел байлады. «Бел байлады» тұрақты тіркестің мағынасы тәуекел етті деген мағынада жүмсалып тұр. Ұлпанны бұл айтқан сөзінен қайсарлығын, батылдығын аңғарамыз.
Мүсіреп енді абайласа, садак, осы арага жеткенше елу қаОа.мОаіі жер бауырлапты. Бұл келтірілген мысалда «жер бауырлапты» тұрақты тіркесінің мағынасы - уайымдады, қайғырды. Аталмыш түрақты тіркес «Қайғы» концептісін қалыптастырады. Сөз зергері кейіпкерлерінің жан дүниесін бейнелі тілмен, қуатты сөзбен ашады. Тұрақты тіркестер кейіпкерді мінездеуде және кейіпкердің психологиялық сезім күйлерін суреттеуде ұтымды қолданылған.
Түрақты тіркестің сыңарын өзге еркін тіркесте қайталаудың эмоциялық- экспрессиялық күшейтпелі әсері кейіпкердің сыртқы портреті арқылы ішкі сезімін құбылыстарын «Атақты әнші Майра» әңгімесінен көрінеді: Бүганга дейін Майраныц жүзінде қуацоық бар еді. Қара көздері түныр қара судай тым түнъщ еді, енді сол түнъщтыц бетін самал лебі сипап өткендей, кара көздері жарцырап, жүзіне ыстъщ кан жүгіріп сала берді. Мысалда шра түр-түсті білдіріп қана қоймай, «әсем, әдемі» деген мағынада жүмсалып түр. Түнық сөзінде «ойлы», «ақылды» деген мағынаның жатқандығын байқауға болады.
Жазушының «¥лпан» романында «Кедейлік» концептісін қалыптастыратын фразеологизмдерге зер салсақ: Байлъщ деген ішуге, жеуге, кнінуге, адам сияқты түруга жарамаса баска неменеңе кере!.. Биыл бай болсаң, ендігі жылы такыр кедей болып қалуыц da on оцай.
Үлпан үндеген жок,. Үлпанның өз аулы да шыр бітпеген кедей болатын. Жоғарыда келтірілген «тақыр кедей», «гиыр бітпеген» тұрақты тіркестері маңдайында түгі жоқ жарлы, жүдеді, арықтаоы деген мағынада жүмсалып тұр. Яғни романда Үлпан ауылының кедей екендігін осы тұрақты тіркестері арқылы байқауымызға болады.


F. Мүсіреповтің «Үлпан» романында салт-дәстүрге байланысты фразеологизмдер кеңінен қолданылған және мәтіндегі олардың қызметі айрықшаланып берілген. Солардың бір қатарына тоқталар болсақ, Артыкбайга куда түсіп қайт. Содан кейін өзінің Есеней жіберген елшілігін «қызды айттыргалы» келгенін айтты. Мәтіндегі қүда түсу, қыз айттыру сынды фразалар ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан, жарасымды дәстүрлердің бірі. Жігіттің әкесі не жақын туыстары қызы бар үйге құда түсетін болған. Яғни романда Есеней Мүсірепті Артықбайдың қызы Үлпанға құда түсуге жіберген. Ал қыз айттыру салты - әр ата- ананың өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластыру, өзінің теңін іздеу мақсатында жасалады. Анасын көріп, қызын ал деген қағиданы қатаң ұстайды, яғни болашақ құдасын орынды жерден, жақсы таныс, аталы, іргелі ауылдардан қарайды. Лайықты деген адамдарына әдейі барып балаларының болашағы туралы әңгіме құрайды, өздерінің құда болу ниетін білдіретін мәнді де сәнді дәстүр. Сонымен қатар романда сүр бойоак деген тұрақты тіркеске мысал келтірер болсақ: -Мен де өзіңдей сүр бойоақ. Ceн цатыны жок сүр бойоақ, мен цапіыным болса да он жылдан бері сүр бойдакпын . І.Кеңесбаевтың еңбегінде «сүр боііоак» тұрақты тіркестің мағынасы көбіне ұзақ уақыт үйленбеген жігітке айтылады деп көрсетілген. Қаламгердің «Үлпан» романында «үлкен үй» деген тұрақты тіркесі кездесті. Үлкен үй - үлкен ата, кәрі әже отырган үйге қатысты айтылады. Осы тұрақты тіркестің романда көрініс табуын Есеней мен Үлпанның диалогынан байқауға болады: - Сіз мені қай үйіцізге кіргізбексіз? - деді. - Omay үйге кірем оесец отау бар. Үлкен үйге кірем десец үлкен үй бар. Қалаганыц болсын. - Жоқ, маган оңаша отау - ойнак үй керек емес. Мен үлкен үйге кіремін де төрінде отырамын. Келтірілген мысалдағы «үлкен үй» тұрақты тіркестің мағынасы «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» бәйбіше отырган үйді де «үлкен үй» деп атаған. Келтірілген мысалдарымыздың негізінде, қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты қолданылатын фразеологизмдерінің өзіндік орны, маңыздылығы бар екеніне көз жеткіздік.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет