5 дәріс. Сандық логикалық элементтер Мақсаты: Негізгі логикалық операциялармен таңысу: ЕМЕС, НЕМЕСЕ, ЖӘНЕ. Логикалық микросхемалардың түрлерін қарастыру.
Жоспар: 1 Негізгі параметрлер мен классификациялар: ЕМЕС, НЕМЕСЕ, ЖӘНЕ.
2 Логикалық микросхемалардың түрлері, НЕМЕСЕ-ЕМЕС, ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтер негізінде схемалық шешімдер.
Негізгі параметрлер мен классификациялар. Интегралды микросхемадағы сандық логикалық элементтер (ИМС) – бұл микроэлектронды бұйымдар, дискретті сигналдарды өзгерту және өңдеу үшін арналған. Басқарылатын сигналдар түріне байланысты сандық ИМС-ті 3 топқа бөлуге болады: потенциалды, импульсті және импульсті-потенциалды.
Логикалық элементтердің басым көпшілігі потенциалдыққа жатады, онда тек қана потенциалдық сигналдар қолданып, импульсті сигналдар мүлде қолданбайды.
Импульсті сандық ИМС-те тек импульсті сигналдар ғана қолданылып, потенциалдық сигналдар мүлде қолданылмайды. Мұндай жағдайда ИМС басқару импульс кезінде потенциалдың өзгеруінен жүзеге асады. Бұл ж ағдайда оң және теріс белгілеулердің өзгерулері қолданылады.
Импульсті-потенциалдық ИМС-те потенциалды және импульсті сигналдар қолданылады. Бұл жағдайда кернеудің өзгеруін басқаратын импульсті кірістер кернеудің бағытының өзгеруі қисық сызықпен белгіленеді (/немесе\).
Барлық логикалық элементтер параметрлердің жинағымен сипатталады, техникалық талаптарда көрестілгендей (ТТ). ТТ-да жазылмаған параметрлерді қолдануға тыйым салынған, өйткені жетілдіру кезінде өнімдер өзгеруі мүмкін. Логикалық элементтердің негізгі параметрлерге жатады:
•логикалық функциялар жинағы;
•ЖӘНЕ бойынша немесе НЕМЕСЕ бойынша кіріс саны;
•шығыстағы тармақтану коэфиценті;
•қоректенетін қуат;
•динамикалық параметрлер:сигналды таратуды тоқтату және кіріс сигналының максималды жиілігі;
1 кестеде негізгі логикалық функциялар мен сәйкес келетін элементтер мен схеммалардың белгіленуі берілген.
ЖӘНЕ бойынша немесе НЕМЕСЕ бойынша кіріс саны 2-ден 16-ға дейінгі шекараға жатады. Егер де берілген кіріс саны жеткіліксіз болса, оларды арттыру үшін НЕМЕСЕ кеңейту интегралды схемалары қолданылады, оның белгіленуі ЛД.
Тармақталу коэфиценті шығыста логикалық элементтің жүктеу мүмкіндігін сипаттайды және кіріске қосуға болатын біртипті элементтерді шығысқа қосуға болады. Кейбір жағдайларда ТТ-да логикалық элементтің максималды шығыс тоғы көрсетіледі.