5 маусым 2015 ж жұма



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата26.02.2017
өлшемі10,48 Mb.
#5001
  1   2   3   4   5   6   7   8

5 маусым  2015 ж.  

 

 

 

жұма

   

№61 (18270)

Көптен бері  ата-ананы да, ұстаздарды да, мектеп 

бітіруші түлектерді  де толғандырған, бір үміт пен күдік  

тудырған  Ұлттық бірыңғай тестілеу біздің облысымыз-

да да басталды. Біз  А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың 

тестілеу  орталығына    келгенімізде,    қобалжып  тұрған 

түлектерімізді де, ата-аналарымызды да көргеніміз жоқ.   

Барлығы да бірімен-бірі әңгімелесіп, әзілдесіп тұрды.  

Ер балалар костюмдерінің  сыртқы қалтасына  «Визит-

ка удачи»  деген жазуы бар бір жапырақ қағазды да іліп 

алған. Тізім бойынша  тестілеу орталығына  оқушылар 

кіре бастағанда, бірі-біріне  сәттілік тілеп,  кейбіреулері 

тиын лақтыра бастады.  

СУРЕТТЕ: ҰБТ тапсыру сәтінен 

көрініс.

Суретті түсірген: Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

119 балл алған  

екі түлек

Гүлназым 

 

САҒИТОВА

Үстіміздегі жылғы 3 маусымда облысымыздағы  А. Байтұрсынов 

атындағы ҚМУ-да, Рудный қаласындағы индустриалды институ-

тында, Ы.Алтынсарин атындағы  Арқалық  мемпединститутында 

орналасқан тестілеу пунктерінде мектеп бітіруші  барлығы 1020 түлек  

Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырып, сынға түсті. Ал, 4 маусымда об-

лыс орталығындағы З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-тех-

никалық университетінде және аудан орталықтарында орналасқан  

жеті тестілеу пунктінде мектеп түлектеріміз ҰБТ тапсыратын болады. 

Енді 3 маусымда өткен ҰБТ-ның нәтижесіне келер болсақ, облыс-

тық білім басқармасының мектепке дейінгі және орта жалпы білім 

беруді дамыту бөлімнің жетекшісі С. Еришованың айтуынша,  жалпы,  

мектеп бітіруші түлектердің орташа баллы – 77,83.  Сапасы – 37,16.  

ҰБТ тапсырған  «Алтын белгіге» үміткер  елу бес түлектің  он жетісі 

өздерінің білімдерін дәлелдеп шықты.  Облысымыздың екі оқушысы 

ҰБТ-да  жоғары – 119 баллды  алды. Бірі,  Арқалық қаласындағы 

№4 орта мектептің оқушысы Сахан Ерхан болса, екіншісі А.Шотаев 

атындағы Боровской орта мектебінің оқушысы Динара Сансызбаева.



Қыдырбек 

 

ҚИЫСХАНҰЛЫ

Сейсенбі,  сәрсенбі  күндері 

аймағымыздың  Қостанай,  Фе-

доров,  Қарабалық,  Меңдіқара, 

Ұзынкөл диқандарының көктемгі 

науқан  барысымен  танысуға 

барған  өңір  басшысы  Нұралы 

Садуақасов осылай деді. 

–  Біз  былтырғы  күздегідей 

жағдайға  тап  болмау  үшін  бар 

күшімізді салайық. Соңғы күндері 

ауа-райы  біздер  үшін  қолайлы 

болып тұр. Осыны тиімді пайда-

ланыңыздар.  Күзгі  орақ  науқа-

нына техниканы бүгіннен бастап 

сайлап, жанармай қорын жинап 

алыңыздар. Себебі, АИ-92 мар-

калы бензин қымбаттады. Дизель 

отыны бағасының көтерілмейтіні-

не кім кепіл?  

2 маусымға келіп жеткен есеп 

бойынша аймағымызда егістіктің 

65%-на  тұқым  себілді.  Алайда 

барлық өңірлерде бұл көрсеткіш 

бірдей  емес.  Салыстырмалы 

түрде алып қарасақ, оңтүстік ау-

дандар 80, ал солтүстіктің диқан-

дарының қарқыны 50%-дан енді 

ғана асса, соның ішінде, әсіресе, 

Жаркөл өңіріндегі көрсеткіш 40% 

құрап отыр. Ал Сарыкөл ауданы 

35%-ға енді жеткен. Бұл аталған 

аудандардағы  жұмыс  қарқыны-

ның  төмендігі  деген  сөз  емес, 

керісінше,  топырақ  ылғалдығы-

ның молдығынан болған құбылыс. 

Бір-бірімен  жалғасып  жатқан 

Меңдіқара,  Қостанай,  Федоров, 

Қарабалық  өңірлеріне 

ылғал біркелкі түспеген. 



БИЛІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚ

Нұралы САДУАҚАСОВ:

«Ораққа әзірлік қазірден  

басталу керек»

2-бет.


 

ҰБТ-2015

Алдыңда толған мақсат,  

толған таңдау...

Гүлназым 

 

САҒИТОВА

3-бет.


5 маусым  2015 жыл

2

Мәселен,   Қарабалық  топырағының 



ылғалдығы 82 мм құрайды. Ал көршілес 

Федоров  жеріне  сәуір  айының  үшінші 

онкүндігінен  бері  156  мм,  яғни,  орташа 

жартыжылдық жауын-шашын, ал Меңдіқара ауда-

нының топырағына 190 мм ылғал түскен. Федоров 

ауданының әкімі Қайрат Ахметов мамырдың соңғы 

күндерінен бері тұқым себу қарқынының артып, қазір 

тәулігіне 20 мың га көрсеткішке жеткенін айтты. Күн 

көзі ашық тұрса, бір аптада науқан аяқталады. 

Облыс әкімі бұған бола дабыл көтерудің қажеті 

жоғын айтты. Себебі бұл өңірлер бидаймен қатар, 

майлы дақылдар, мал азығын дайындауға қолай-

лы. Мәселен, егістік көлемінің 40%-ын мал азығы 

құрайтын Қостанай ауданына қарасты «К.Маркс» 

ЖШС үшін көктемгі егістік аса қиындық тудырмай-

ды – айдың 4-5-не дейін бидай, одан кейін қалған 

дақылдарды егуге уақыт жеткілікті. Ал «Светлый 

Жаркөл» ЖШС 7 мың га алқаптың 70%-на бидай, 

қалғанына майлы дақыл өсіріп келеді. Серіктестік 

директоры Алмат Естаев өткен жылдың күзіндегі 

жауын-шашын ораққа кедергі келтіргенімен, серік-

тестік астықты жинап үлгерді дейді. Жас кәсіпкер 

биылғы жылдан үлкен үміт күтеді.

– Ылғал жеткілікті. Егістікті бір-екі күнге кеші-

гіп бастасақ та, күзгі орақ науқанына дайындығы-

мыз тыңғылықты болу керек. Айталық, ауыл ша-

руашылығы саласында ерте пісетін дақылдарды 

себуді кейінге қалдырып, кеш жетілетіндерді ал-

дымен егетін әдістері бар. Ендігі жерде ауа-райы 

құрғақ болса, осы аптаның аяғына дейін науқанды 

аяқтамақпыз.

Айтпақшы, осындай көрсеткіштерге қарамастан, 

Қостанай ауданында биыл ірі қара мал басы кеміген. 

Нұралы Садуақасов селолық аудан басшылығына, 

аймақ әкімдеріне осы салада жұмысты күшейтуді 

тапсырды.

Аймақ басшысы өткен жылы несие алып, күзде 

шығынға батқан бірқатар шаруашылықтың мемле-

кет қолдауы арқылы жағдайының шешілгенін жет-

кізді. Алайда, үстіміздегі жылы шаруалар несие 

алу кезінде ондай тәуекелге бармаған жөн. Себебі, 

банктер биыл өткен жылғы осы мерзіммен салыс-

тырғанда, несиелеуді 35%-ға азайтыпты. Қазір әр 

облыста бірыңғай астық одағы құрылуда. Нұралы 

Садуақасов шағын және орта бизнес субъектілерін 

аталған ұйымға кіруге кеңес берді:

– Қазір көктемгі науқанға несие ала алмай жүр-

міз деген серіктестік жетекшілері аз емес. Алайда, 

біз аталған шаруашылықтардың мәселесін көтере 

келгенде, олардың бұған дейінгі жылдарда несиесін 

қайтара алмай немесе кешіктіргені анықталып жата-

ды. Диқандардың көбі осыдан барып түрлі кедергі, 

түйткілдерге тап болуда. Үкімет басшысы осы мәсе-

ле жөнінде селекторлық жиын өткізді. Бұл мәселе 

жан-жақты қаралуда. Дегенмен, әрбір шаруашылық 

мемлекеттен жеңілдіктер болады екен деп жүре 

беруге болмайды. Алдымен өз күштеріңізге сену-

леріңіз керек.

Өңір басшысы екі күндік сапары барысында, 

әсіресе, шаруашылықтардың трактор аяғы жетпей 

жатқан егістік алқаптарына арнайы атсоқты. «Заря» 

АҚ-на жетекшілік ететін Александр Климко: «соңғы 

30 жылда алғаш рет осындай көктемгі ылғалдан 

егіске кешігіп кірісіп отырмыз» деді. Ал Ұзынкөл 

ауданындағы  Ұзақбай  Ағайдаров  басқаратын 

«Тойсай» ЖШС үшін қарқын алып келе жатқан көк-

темгі науқан жұмысы бәсеңдеген. Өйткені, шаруа-

шылықтың диқаншылары қазір техникаға салмақ 

көп түсетін орман маңайына жетті. Дегенмен тәжіри-

белі маман 2003 жылы 17 маусымға дейін еккен.  

Нұралы  Садуақасов  шаруашылық  жетек-

шілерінің  айтқан  басқа  да  ұсыныс-талаптарына 

жауап берді және бұл мәселелердің барлығы аудан, 

облыс деңгейінде ғана емес, үкімет отырыстарында 

талқыланып жатқанын жеткізді.

Сайран Бұқанов, «Қарқын»  

Агрофирмасы» ЖШС директоры:

–  Қазір  көптеген  шаруа-

шылықтардың  басты  пробле-

масы – күзгі астықты сақтайтын 

орын. Егін мол шыққан жылда-

ры элеваторлар толып қалады. 

Жағдайы барлар өздеріне астық 

кептіргіш  сатып  алып  жатыр. 

Мен де екі жыл бұрын серікте-

стікке 30 миллион теңгеге астық 

кептіргіш  алдым.  Басында 

жүрексінгеніммен, бірақ тәуекелге бардым. Енді сол 

шығыным екі жылда өтеліп отыр. Мен шаруашылық 

жетекшілеріне осы тәсілді қолдануды ұсынамын. 

Тіпті, астық кептіргішті жалғыз алуға шамасы жет-

песе, маңайда бір-біріне жақын бірнеше серіктестік 

қосылып сатып алуға болады ғой.

Оралхан Таңжарықов, «Береке-Тан» 

ЖШС директоры:

– Қамысты ауданынан 500 

тонна алғашқы өнімдік тұқы-

мын  сатып  алдым.  Оның  әр 

тоннасы 65 мың теңге. Қазір 

аталған тұқымға берілетін суб-

сидия мөлшері қысқарады де-

ген әңгімелер бар. Сол себепті, 

біршама шығын көрмейміз бе? 

Ертеңгі күн еккен астығымызды 

күтіп-баптау керек. Ол да көп 

күшті қажет етеді. 



Суреттерді түсірген автор.

«Ораққа әзірлік қазірден  

басталу керек»

1-бет.


Жанұзақ АЯЗБЕКОВ

Пойыз  Қостанайдан Аста-

наға  бір-ақ  түн  жүреді.  Түнгі 

сағат он бірде отырдым.  Купе-

де  менен  басқа  шашы  әппақ, 

маңдайы  мен  екі  бетінде  со-

яу-сояу  әжім  бар, қызыл шы-

райлы бір кісі бар екен. Жайға-

сып, есенсаулықтан кейін шәй 

алдырып,   ағасы әңгіме айта 

отырыңыз  деп сөзге тарттым:

– Ағасы дейсіз, мен әлі кіші 

болып  шықпайын,  көп  болса, 

менен екі-үш-ақ жас үлкендігіңіз 

бар шығар, – деп, жылдам екен, 

қалтасынан куәлігін алып маған 

көрсетті. Дәл түсіпті. Үш жас кіші 

болып шықты.

– Ағасы, сізге айтуға бола-

ды, сіздер дұрыс түсінесіздер 

ғой, – деп жүзіме күлімсірей бір 

қарап алды да, сөзін сабақтай 

жөнелді. –  Менің мыж-мыжым-

ды  шығарып,  жыртып  тастай 

жаздады, мына ақымақ шақша-

дай басым. (басын нұқып-нұқып 

қойды) 

Сенсеңіз, нақақтан-нақақ он 



жылға түрмеге отырып шықтым. 

Мен біле тұра тұзаққа өзім барып 

түстім. Банкте беделді бөлімді 

басқардым.  Басшылар  100 

миллион  теңге кредитті менің 

атыма алғызып, бір миллионын 

маған  берді  де,  өтеуін  өздері 

өтейтін болған. Бір күні жоғары 

жақтан  тексеру    келіп,    дөкей 

көкелерімнің  алаяқтығы  әш-

керленді. Менің атыма алынған 

кредит те заңсыз реттеліпті, мен 

«алаяқтықпен» банкты «алдап 

соққан»  болып  шықтым.  Ал 

сеніп  жүрген  «крышаларым» 

жаны қысылғанда, айнып шыға 

келді. Сөйтіп, айдың күні ама-

нында    галстук  тағып  шіреніп 

жүрген мына Бәкең темір тор-

дың ар жағына бір-ақ түсті. Ар-

тымда әйелім мен  бес жасар 

ұлым қалды. Тағдырдың тәлкегі 

деген рас екен. Түрмеде жаным-

ды аямай балам мен әйелім та-

рықпасыншы деп жұмыс істедім. 

Тапқан-таянғанымды салып тұр-

дым. Қайтесіз, он жыл артта қа-

лып, биыл шықтым. Шыққаным 

құрысын,  шықпай-ақ  түрмеде 

шірігенім дұрыс еді!. Түрмеден 

босатуға үш ай қалғанда ойда 

жоқ жерде он беске келген ба-

лам көлік апатына ұшырап, көз 

жұмды. Бұл хикметті қараңыз,  

ішінде менің балам бар өз бетін-

ше кетіп бара жатқан көлікті бір 

«джип» көлденең келіп  қатты 

соққан.  Джиптің  рөлінде    өле 

мас отырған кім дейсіз бе? Мені 

соттатқан банк басшысының ба-

ласы болып шықты! Балам тіл 

тартпай кетті, ал әлгі сұмырай 

аман.

Бұрыннан  аурушаң,  енді 



жалғыз баласынан айырылған 

әйелім  қайғыдан  құса  болды. 

Мен  түрмеден  шығатын  күні  

түнде өзі-өзіне қол жұмсапты.  

Мен  соры  ашылмаған  бейбақ 

оны  үйге  келгенде  бір-ақ  біл-

дім, – деді ол. Екеуміз де үнсіз 

қалдық. 


–  Қостанайға  кімге  келіп 

едіңіз? – дедім сәлден соң.

–  Түрмеде  жүріп  суықтап, 

белден  айырылдым.  Соқа 

басым.  Құдай  жалғыз,  мен 

жалғыз.  Осы  жалғаннан  бел-

гісіз боп  өткенім бе деген небір 

ойлар мазалап бітті. Адамнан 

жасырғаныңды Алладан жасы-

ра алмайсың. Осыдан жиырма 

бес жыл бұрын қайынжұртыма 

барғанмын.  Әйелімнің  туған 

сіңілісі  бар-ды.  Өзі  бір  жалт-

жұлт етіп тұрған бір пәле. Бір 

жеті жүргенде  өзі  кетәрі бол-

мағасын аздап «ойнап-күлдік». 

Бірақ ол күлкі болмай шықты. 

Біздер алыс қалаға көшіп қаты-

насымыз үзілген. Сіңлім күйеу-

ге тиіп босанып алыпты дегенді 

әйелімнен естігенмін...

Жиырма бес  жылдан кейін, 

ұятты беліме түйіп іздеп келдім. 

Әйелімнің  сіңлісі  шынын  айт-

ты,  бала  менікі  екен.  Көрдім. 

Маңдайынан иіскедім, маған ұқ-

сайтын жерлері де бар. Сездім, 

бағып-қағып,  өсіріп  отырған 

әкесі де инабатты, етітірі азамат. 

Мен болсам... мен қумаңлай, 

бала менен деуге ауызым бар-

мады.  Уыздай  ұйып  отырған 

отбасына  кесірім  тимесін,  қа-

рамды батырайын деп бір күн 

қонбастан  үйіме  қайтып  бара 

жатқан бетім... – деп, терезеден 

дөңгелене қалып бара жатқан 

далаға қарап сұлқ отырып қал-

ды.  –  Бәрі  өзімнен,  көбі  біліп 

істеген қателігім..Бұл менің пе-

шенеме жазылмаған тағдырым, 

енді...


БАС РЕДАКТОР ӘЛЕМІ

4444444444555555555555555555

«Пешенеме

жазылмаған...»



Қымбат 

     ДОСЖАНОВА

Қостанай облысының 

аумағында көктемгі дала 

жұмыстары қыза түсуде. 

2 маусымға дейін  2131,6 

мың гектар жерге дәнді-

дақыл, 143, 3 мың гектарға 

майлы дақыл себілді. 

Ауыл шаруашылығына 

қатысты өзге де 

мәселелерді облыстық ауыл 

шаруашылығы басқармасы 

басшысының орынбасары 

Орал Нұрғазин журналис-

термен кездесуде айтты.  

Соңғы  үш  жылда  Қоста-

най  облысында  ауыл  шаруа-

шылығын дамытуға 89 млрд. тең-

ге бөлінді. Аталған уақыт ішінде 

ірі қара мал саны  1,5 рет өскен. 

2011 жылы шетелден 12,9 мың 

бас асыл тұқымды мал әкелінді. 

Соның 9,3 мыңы етті мал тұқы-

мына жатады.

–«Сыбаға»  мемлекеттік 

бағдарламасы  басталғалы  бері 

16,3 мың бас асыл тұқымды ірі 

қара  Тобыл  өңіріне  әкелінді. 

Биыл аталған бағдарлама бойын-

ша қосымша 430 бас етті мал са-

тып алу жоспарланып отыр, – 

деді Орал Нұрғазин.

Өңдеу  саласының  көрсет-

кіштері  де  көңіл  қуантады.  

Соңғы  үш  жылда  7  млн. 

тонна  астық  және  ұн 

экспортталған.  Десек 

те  Ресей  рублінің  құн-

сыздануы  салдарынан 

ауылшаруа шылығы  та-

уарларының  экспорт 

көлемі төмендеді. Облыс 

көлемінде  жәрмеңкелер 

өткізу арқылы ішкі сау да 

айналымындағы бағаның 

тұрақтылығы сақталуда. 

Осы  уақытқа  дейін  тау-

арлардың  бағасы  қанша 

құбылса  да  нан  бағасы 

өзгеріссіз қалған еді. Алдағы 1 

шілдеден бастап нанның бағасы 

4 теңгеге қымбаттайды.

СУРЕТТЕ:  облыстық  ауыл 

шаруашылығы  басқармасы  

басшысының орынбасары Орал 

Нұрғазин.

Суретті түсірген: Б.АХМЕТ-

БЕКОВ.


БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

Ауыл шаруашылығы – негізгі сала

• ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Боздақтарды кім біледі?

Сәлім 

     МЕҢДІБАЙ

Ұлы Отан соғысының Ресейдің Тверь қаласы маңында болған 

шайқастарында қаза болған боздақтар ішінде біздің Торғай өңірінен 

екі адамның дерегі табылған екен. Олар Сейтхан Махамбетов (1915 

жылы туған, Торғай аймағы, №4 ауыл және ... арбай Отен... (бәлкім, 

Бұхарбай Өтенбаев, 1907 жылы туған, Аманкелді ауданы, №8 ауыл).

Ел құлағы – елу, бұл арыстарды білетін, оларды іздестіріп жүрген 

жандар болса, естеріне салайық деген ниетпен жариялап отырмыз.

Ленинград облысындағы хабарсыз кеткен жауынгерлер дерегін 

іздеушілер берген бұл мәлімет 28 мамыр күні аймақтық «Костанайские 

новости» газетінде («Наши нашлись») жарияланды.


Тегін семинар

Қостанай қ. 2015-2019 жылдарға арналған «ҚР Үдемелі 

индустриалды-инновациялық бағдарламасының»  өңдеу өнер-

кәсібінде қосымша құн мен еңбек өнімділігін  өсіру, экспортты 

арттыруға басымдық берілген. Аталмыш бағдарламаның мақ-

сат-міндеттерін көпшілікке түсіндіру мақсатында «Қазақстан 

стандарттау және сертификаттау институты» республикалық 

мемлекеттік кәсіпорны семинар өткізді. Бір күндік семинарда 

әлеуметтік қауіпсіздік, менеджмент жүйесінің сапасы туралы 

лекция оқылды.

Шегірткеге қарсы күрес  

Аманкелді. Зиянкес жәндік облыста өткен айдың соңғы 

онкүндігінде шыға бастады. Шегірткелердің таралуы Аманкелді 

және Жанкелдин аудандарында байқалған. Облыс диқандары 

шегірткелерге қарсы күреске сақадай сай. Тобыл өңіріне 1 млн. 

гектар алқапты улауға жетерлік препараттар әкелінді. Қажетті 

техникалар да дайын тұр. Таяу күндері өңірге 470 мың га жерді 

улауға арналған дәрінің тағы бір легі жетпек. Шегірткелер биыл 

өткен жылғыға қарағанда аз болады деп күтілуде. 



Несие мәселесі көтерілді

Ұзынкөл.  Аудан әкімі А.Ибраевтың төрағалығымен шаруа 

қожалықтары жетекшілерінің, жеке кәсіпкерлердің қатысуымен  

семинар болып өтті. Әңгіме тақырыбы несие туралы болды.   

Жиналғандарға облыстық  «Аграрлық несие  корпорациясы-

ның» АҚ директоры А.Жұмашев әлеуетті  ауылшаруашылық 

өнімін өндірушілерге  мал шаруашылығы саласына несие алу 

үшін  қандай жағдай қарастырылғанын,  оның жүзеге асыру 

механизмдері туралы түсінік берді. 



Балалардың жазғы демалысы

Лисаков. 1-маусымнан бастап қала бойынша 8 мектепалды 

алаңдар жұмысын бастады. Оның арасында 300-ге жуық балаға 

ата-аналарының өздері төлейді. Жергілікті бюджеттен бөлінетін 

қаржы тағы бар. Жалпы биыл Лисаков қаласы бойынша мектеп 

алды лагерлерін ұйымдастыруға 2 млн. 592 мың теңге бөлінді. 

Ал жыл сайынға дәстүрлі 7-11 жасқа дейін «Мұрагер» демалыс 

орыны жаз айлары біткенше жұмыс істейді.

Өзекті мәселелер талқыланды

Облыста.  ҚР ІІМ  Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай акаде-

миясында  «Ғылым жастар көзімен»  атты халықаралық ғылы-

ми-теориялық конференция өтті. Жиында  республикамыздағы 

ІІМ қарасты ведомстволық  және Ресей оқу орындарының жас 

ғалымдары «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясында 

мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, құқық қорғау 

органдары қызметкерлерінің психологиялық-педагогикалық 

және  даярлығы туралы мәселелерді талқылады.



Қала күніне құттықтау 

Қостанай қ. Кез келген мейрамның немесе ауқымды іс-ша-

ралар қарсаңында қаланың қақ ортасындағы LED-экраннан бей-

не құттықтаулар берілетінін жақсы білеміз. Бұл жарасымды 

дәстүр тамыз айының бел ортасында думандатылатын Қала 

күніне орай жалғасын таппақшы.  Көпшілік тілегіне тамшыдай 

лебізін қосқысы келген Қостанай тұрғындарының қай-қайсы-

сына да ерік берілмек. 2 минуттық құттықтау бейнежазбалары  

samat.76@inbox.ru немесе inf_otd@mail.ru желілік мекенжайлар 

бойынша қабылданады. 

Вело-жарыс өтті

Науырзым. Аудандық жастар бастамалары орталығының 

ұйымдастыруымен «Арай» спорт кешенінде «Вело-жарыс» өтті. 

Сайыстың негізгі мақсаты 

 мектеп жасындағы балалар арасында 



белсенділікті көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау. Сайысқа 

жастар белсенділікпен қатысты. Аудан мектептерінің 7-14 жас 

аралығындағы оқушылары спортқа бейім екендіктерін көрсете 

білді. Бірінші топ бойынша 1-орынды Есімжан Ерасыл, 2-3 орын-

дарды Жылқыбай Арман мен Абайділдинов Нұрислам иеленді. 

3

5 маусым  2015 жыл

–  Облысымызда 

мектеп  бітіруші  түлек-

тер  3,4,5  маусым  күн-

дері Ұлттық бірыңғай  тес тілеуді 

тапсырады.  3  маусым  күні, 

 А.Байтұрсынов  атындағы 

 ҚМУ-дың тестілеу орталығында  

Ұзынкөл, Меңдіқара,  Қарабалық, 

Қостанай  аудандары  мектеп-

терінің түлектері  тестілеу тапсы-

ру  үстінде.  Үстіміздегі  жылғы 

мектепті  төрт мыңнан аса  түлек  

бітірді.  123  оқушымыз  «Алтын 

белгіге» үміткер. Оқушылар жыл 

бойғы он рет  сынақ ретінде тест 

тапсырып, өздерінің білімдерін 

тексерді.  Барлықтарына,  сәт-

тілік тілейміз, – деді облыстық 

білім басқармасының жетекшісі 

Ә.Төртқараева.

Іште,  кіре  берісте  түлек-

терді  қолдарына металл іздегіш 

құралдары бар кезекші маман-

дар қарсы алып, үсті-бастарын 

бір-бірлеп  тексере  бастады. 

Тәртіп бұзушылық байқалмады. 

Ұялы телефон байланысын басу 

құралдары  да  іске      қосылып 

 тұрды.

– Толқып тұрғаным рас.  Бар-



лық түлектерге, өзімнің сынып-

тас достарыма сәттілік тілеймін. 

Он бір жыл бойы білім берген ұс-

таздарымыздың үмітін ақтаймыз 

ғой деп ойлаймын. Бейімдеу пән 

ретінде    дүниежүзілік  тарихты 

таңдадым, келешекте актер бол-

сам деймін, – деді  Қос танай ау-

данындағы Н.Наушабаев атын-

дағы мектептің түлегі Нұрдәулет 

Кежебеков.

Тестілеу орталығына  бала-

сына  қолдау, демеу беру мақ-

сатында ата-аналар да көп жи-

налған екен.

– Әрине, ата-ана ретінде қо-

балжып  тұрғаным  рас.  Балам 

емтиханын  жақсы  тапсырып 

шығады  деп  ойлаймын.  Өзім 

ата-ана ретінде, мұғалім ретінде 

баламның бос уақытын  дұрыс 

пайдалануына  мән  бердім.  

Даяр лықтары  да  жаман  емес. 

Тестілеу орталығына сағат 7-де 

келдім, – деді меңдіқаралық ана 

Ақмарал Ғабдулина.

Сонымен,  мектеп  бітіруші 

түлектер үшін үлкен жол, арман 

алдындағы    сынақ  басталды. 

Барлығына  да  ақ  жол  тілейік, 

емтихандарын жақсы тапсырып, 

ойлаған баллдарын алып шыға-

ды деп ойлаймыз.

Алдыңда толған мақсат, 

толған таңдау...

1-бет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет