5. Производства ацетилена Рим 1. CaC2 ыдырауы; Рим 2. Химиялық реакция; Рим3. Салқындату және жуу C2H2; Рим 4. Тазалау; 1. Қабылдау бункері; 2. Автоматты ысырма; 3. Буферлік бункер; 4. Шнек 5. Ацетилен генераторы; 6. Мұзды кетіретін шнек; 7. Скруббер; 8. Шұңқыр; отстойник 9. Тоңазытқыш.
Кальций карбиді ұсатылып, (І операция) химиялық əрекеттесу жүзеге асырылатын ІІ операцияға жіберіледі. Түзілген газтəріздес ацетиленді салқындатып, шаң-тозаңнан тазартылады (ІІІ операция). Бұдан соң ар- найы қондырғыда (ІV операция) ацетиленді бөгде қоспалардан: амиак, фторлы сутек жəне т.б. тазартады. Технологиялық сызбанұсқада (12ə-сурет) қосымша аппараттар (1-4, 6) көрсетілген, сондай-ақ ІІІ операция жүзеге асырылатын скруббер (7) мен ІІ операция өтетін ацетиленді реактордың (5) (негізгі аппараттар) қиындылары бейнеленген. Технологиялық сызбанұсқа түйіндерді, сызбанұсқаларды, аппа- раттарды технологиялық, конструктивтік толықтырулармен жетілдіру жəне өндіріс əдістерінің ғылыми негіздемелерінің жасалу нəтижесінде алынады. Бұл сызбанұсқа өндірісті іске қосқанда, сонымен бірге оны жобалағанда қолданады. Ол əрбір өндірістің жобалық жəне техникалық құжаттарына кіреді.