5-СӨж жобалай оқыту технологиясы



Дата06.01.2022
өлшемі20,19 Kb.
#13179

5-СӨЖ

Жобалай оқыту технологиясы

Қазіргі таңда елімізде оқытудың көптеген түрлері қолданылады. Мысалы: дамыта оқыту технологиясы, қашықтан оқыту технологиясы,диалогтік оқыту технологиясы, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы, жобалай оқыту технологиясы т.б. Осылардың ішіндегі жобалай оқыту технологиясы- еліміздің білім беру саласында оқу әрекетінің тиімділігін арттыру үшін оқушыны білім алу процесіндегі белсенді әрекет ететін субьектіге айналдыру керек деген идеялардан туындаған оқыту технологиясы. Жобалай оқыту технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу.

Демек, жобалай оқыту технологиясын қолданып, проблемалық тақырыптың мазмұнын ашу, пікірталасқа түсу, өзіндік ойларын ғылыми дәлелдеудегі мұндай оқу ынтымақтастығын тудыратын топтық жұмыстардың мүмкіндіктері мен тиімділігі мол.

Егер оқушы жобасының тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс тұлға болып қалыптасады. Əр түрлі жағдаяттарды дұрыс шешім қабылдап отырып, əр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, əр ортада дұрыс бағыт - бағдар бере алады. Сонымен, жобаның тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске іскерлік пен танымдық ынтаға , шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мəселелерді шеш білуге , тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс.

Жобалау әдісінде жобаға қатысушылар оқыту түрі, міндеттерді атқару туралы өзара келіседі. Оқушылар алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады. Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді.


Оқушылар ұжымда жұмыс істеп үйренеді. Зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді. Оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды.

Жобаны зерттеуді кластан тыс сабақтарда өткізген тиімді болады. Жобалау әдісі – оқушылардың зерттеу жұмыстары әдісі болып табылады.



Жобалай оқыту технологиясын оқушыға тигізер пайдаларын тізіп көрелік:

  • жоба барысында оқушы тақырыпты өз қалауымен таңдауға мүмкіндік алады;

  • жобалай оқыту технологиясының философиялық, гуманистік, психологиялық мүмкіндіктері оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталады;

  • өз бетімен қазақ тілі бойынша берілетін түрлі жобаларды қазақ тілінде орындау барысында оқушы «білім іздеудің өзіндік сүрлеуін» қалыптастырады және ол сүрлеу оның өмір бойғы білім алуы дағдыларын дамытады;

  • жоба жұмысын орындау арқылы оқушы өздігінен шешім жасауға үйренеді, жобаның орындау логикасын анықтайды;

  • оқушының білім деңгейін дамытуға көмектеседі, себебі ол өз бетінше әрекетке түсіп, ізденеді.

Жобаны орындау бірнеге кезеңдерден тұрады:

  1. Жобалық тапсырманы, тақырыбын құрастыру. Жобаның тақырыбын жіктеп бөліп, оларды оқушылар арасында бөлу

  2. Шығармашылық топтар құру, топтағы оқушылар өзара үйлесімді жұмыс істеуі үшін олармен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу

  3. Зерттеу жұмысына материалдар дайындау. Жауап берілуі тиіс сұрақтарды тұжырымдау, командаларға тапсырмалар, қажетті әдебиеттерді таңдау.

  4. Оқушылардың жобаны орындауы. Мұғалім оқушылар жұмысын үйлестіреді, кеңес береді, олардың іс-әрекетін көтермелеп отырады. Оқушылар іздеу, тану жұмыстарын орындайды.

  5. Нәтижелерді шығару, нәтижелерге нақтылы жағдайға сәйкес ішінара түзетулер жасау.

  6. Жұмыстар қортындысымен жұртшылықты таныстыру (презентация). Мұғалім экспертизалық жұмысты ұйымдастырады. Мысалы эксперт ретінде жоғары сынып оқушыларын немесе ата-аналарды шақыруға болады.

  7. Орындалған жұмысты талдау, бағалау (рефлексия). Мұғалім балалардың іс-әрекетін педагогикалық тұрғыда бағалайды, балалардың ынтасын ескереді.


Қорыта айтқанда, жобалай оқыту технологиясы оқушының ой-өрісінің дамуына, өзіндік шешім қабылдай алуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ете алады. Бұл технология арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары мен білім алуға құштарлықтары арта түседі. Тіпті бұл технология оқушының болашақ мамандығына да әсер етуі мүмкін, Бұған дәлел- менің өзім. Мектептегі ғылыми жобамдағы тақырыбым әдебиет саласынан болып оған деген қызығушылығым артып, қазір осы салада оқып жатырмын. Сондықтан бұл технологияның артықшылықтары өте көп.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет