Сабақтың тақырыбы Кешіре білуді үйренеміз Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата11.05.2022
өлшемі23,34 Kb.
#34012
түріСабақ



Мектеп

«Абай атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі

Бөлім

Адам болам десеңіз ...

Педагогтың аты – жөні

Еркараева Гулнара Белгибековна

Күні

26.01.2022ж

Сынып: 2

Қатысушылар саны: 12 Қатыспағандар саны:



19

Сабақтың тақырыбы

Кешіре білуді үйренеміз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып, өмірлік әртүрлі жағдаяттарда жауапты шешімдер қабылдай алады.

Құндылығы

Дұрыс әрекет

Қасиеттері

Кешірімділік, турашылдық, шыдамдылық

Сабақтың мақсаты

Кешірімді болу,кешіре білу, кешірім сұрай білуді дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру.

Міндеттері

1. Білімділік: Оқушыларды кешірімді, шыдамды болуға үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы шыдамдылық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды кешірімділікке, шыдамдылыққа, турашылдыққа тәрбиелеу.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті


Оқушының әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Жағымды көңіл – күй




5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.

Мұғалім «Шаттық шеңбері» жаттығуын өткізеді

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!


5Т ережесін еске түсіреді
Оқушылар бір – біріне күлімдеп қарап, қимылын жасайды.

Баяу әуен

  1. Үйге тапсырманы тексеру

«Шіріген картоп» өсиет әңгімені оқып келу.

Сұрақтар:

1. Әкесі балаларына неліктен мұндай тапсырма берді деп ойлайсыңдар?


2. Балалар әкесінің тапсырмасынан қандай сабақ алды?
3. Өкпе-реніш неліктен сасыған картопқа ұқсайды?
4. Өздеріңнің басқаларға өкпе-реніштеріңнің себебіне үңіліп көрдіңдер ме?
5. Сендер өкпе-ренішті қалай жеңесіңдер? Әңгімелеп беріңдер.




Өзін өзі тану оқулығы.

62 бет


  1. Сабақтың дәйексөзі.




Кешіре білген адам – күшті адам.
Нақыл сөз

Сұрақтар:

1. «Кешірім», «кешірімділік», «кешірімді болу» дегенді қалай түсінесіздер?
2. Өкпелеп, ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

4. Кешірім сұрау, кешірімді болу дұрыс әрекет деп ойлайсыңдар ма?
Адам кешірімді болып, кешіре білуге үйренгенде өмір қуанышқа, жақсылыққа толы болады. Ондай адам өзімен және өзгелермен үйлесімділікте өмір сүреді.
Кешірімді болу – айналаңа деген мейірімді болудың, ақылдың, өзара түсінісудің көрінісі. Адамдар өзгелерді кешіру арқылы мейірімді бола түседі.



Оқушылар бір неше рет қайталап, дәптерге жазып алады. Талдау сұрақтарына жауап береді.

Өзін өзі тану оқулығы.

62 бет


  1. Оқиға айту (Әңгіме)

Өткел

Иван Василенко

Екінші сыныпта оқитын Гриша мен Дима бір көшенің бойындағы қарама-қарсы үйлерде тұрады. Бұрын жақсы достар еді, бір-ақ нәрсеге ренжісіп, бір-бірімен ерегісе бастады. Гриша өз ауласының қақпасынан шығады да, бүкіл көшені басына көтеріп, айқайлап, Димаға жұдырығын көрсетеді.

Дима да оған дауыс көтеріп, балағаттап, жұдырығын түйеді. Мектепте оқитын жолдастары оларды қаншама рет татуластырмақ болғанымен, ештеңе шықпады. Екеуі де қыңырланып, көнбеді. Ақырында тіпті екеуі бір – біріне көшенің екі жағында тұрып, балшық лақтыратын болды.

Бірде нөсер жаңбыр жауды. Көп кешікпей бұлт тарап, күн көзі көрінді, бірақ көше бойы көлкіген су еді. Көшені қиып өтуге тиіс болған адамдар, оның жиегін жағалап, аздап суға аяқтарын салып көріп жүрді, бірақ әрі қарай аттауға ешқайсысы батпады.

Гриша үйінен шығып, қақпа алдына келіп, жаңбырдан кейін тазарып, жаңарып сала берген әлемге сүйсініп тұрды.

Бір кезде Диманың ауладан шыққанын байқады, оның қолында үлкен тасы бар екен. «Әһа, - деп ойлады Гриша,- сен таспен ұрмақсың ғой?! Жақсы!». Ол жып беріп, қақпаға кірді де, аулада жатқан кірпішті ала салып, тойтарыс беруге дайындалып, көшеге қарай жүгіріп шықты.

Бірақ Дима қолындағы тасты лақтырмай көшенің жиегіне отырып алып, көшеге төсеп жатыр екен. Ол тасты қалады да, теңселмес пе екен деп аяғымен басып көріп, үйіне кіріп кетті. Ал әлгі тас бейне кішкентай арал сияқтанып, суда қала берді. «Оның несі бар екен, - деп ойлады Гриша. Мұны мен де жасай алам» Сөйтті де қолындағы кірпішін суға тастады.

Ал Дима болса басқа бір тасты алып келе жатты. Ол байқап – байқап алғашқы тасқа тұрды да, Гришаның кірпішімен бір сызықтың бойына келтіріп, екінші тасты суға тастады.

Мұны көрген Гриша бірден үш кірпіш алып шықты.

Сөйтіп, олар барған сайын бір – біріне жақындап, көшеден өтетін көпір сала бастады, ал көшенің екі жағына жиналған адамдар екеуіне қарап, күтіп тұрды.

Енді, міне, соңғы кірпіш пен соңғы тастың арасында бір – ақ қадамдай жер қалды. Екі бала бетпе- бет келді.Сол кезде екеуі көптен бері алғаш рет бір – біріне тура қарады.



  • Дима менде тасбақа бар. Біздің аулады жүр. Көргің келе ме, жүр? – деді Гриша...


Сұрақтар:

1. Әңгімеде кешіруге бірінші болып кім қадам жасады?.

2. Диманың қандай әрекеті Гришаға сабақ болды?

3. Өздеріңнің осылай татуласуға бірінші болып қадам жасаған кездерің болды ма? Оны қалай жасадыңдар? Әңгімелеп бер.

4. «Кешіре білген адам – күшті адам» дәйексөзін мәтінмен байланыстырып айтып бер.


Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Өзін өзі тану оқулығы.

64 бет


  1. 3 топ

Тапсырма: Төменде берілген тапсырмаларды топ болып орындайды.

1 топ - Тиісті сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдерді аяқтаңдар.

Адам кешірімшіл болып,кешіре білуге үйренгенде, оның жаны............

Айналаңа мейірімді болып, өзара түсінісу, ол - .............

Ренжу деген - ..............



Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: жақсылыққа толы болады, кешірімді болу, білместік

2 топ - Жағдаятты шешіңдер. Сұрақтарға жауап беріңдер

Самал сыныпта тек қана жақсы оқитын, соңғы үлгідегі телефон ұстап, басқалардан өздерін ерекше көрсеткісі келіп жүретін қыздармен достасқанды ұнатады. Ата – анасы Самалдың бұл қылығын дұрыс емес десе, оған дұрыс болып көрінеді.



  • Достарды қалай таңдаған дұрыс деп ойлайсыңдар?

  • Самалдың бұл әрекеті дұрыс деп ойлайсың ба? Айтып көр.

3 топ - төменде берілген тапсырманың кілтін пайдаланып, әріптерді орындарына қойсаңдар, сабақтың құндылығын оқисыңдар

Тапсырманың кілті



1

2

3

4

5

6

7

8

9

ұ

ы

р

с

е

т

к

ә

д



9

1

3

2

4




8

3

5

7

5

6








































Оқушылар топпен жұмыс жасайды

Өзін өзі тану оқулығы.

66 бет


Өзін өзі тану оқулығы.

63 бет


  1. Жобалау қызметі










  1. Топпен ән айту

«Біз бақытты баламыз» әні

Әні мен сөзі: Ұшқын Жамалбек
Әсем байтақ даламыз,

Сұлу көркем қаламыз.

Туған жерде ер жеткен,

Біз бақытты баламыз.

Тәуелсіздік анамыз

Ұлы дала панамыз

Туған жерде ер жеткен,

Біз бақытты баламыз.


Арайлап күн көрінеді Алатауымнан,

Сәулесі тарайды дара.

Аққанат құстар ұшып алақанымнан,

Аспанға қарайды бала.

Іздейді ғажап дала таңынан,

Арманым ғана.



Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды

Тақтада ән мәтіні көрсетіледі
https://youtube.com/watch?v


  1. Үйге тапсырма

«Жаман жолдас» әңгімесі. Ыбырай Алтынсарин. 69 бет

Оқушылар үйге тапсырманы жазып алады

Өзін өзі тану оқулығы.

69 бет


  1. Сабақтың қорытынды сәті.




Бүгінгі сабағымызды қорыта келгенде бойымызға алған жақсы

қасиеттерді ала отырып қандай жағдай болса да дұрыс әрекет жасап шешіп отырайық. Жүрегі таза адамдар ешқашан қиянатқа бармайды. Дұрыс әрекет ету ішкі тыныштық бар жерде ғана болады. Сондықтан әрқашан бір бірімізге кешірімді болайық, кешіре білейік, дұрыс әрекет жасайық. Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңа рахмет!










Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет