5-тақырып. Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестерімен келісімдік қатынастары Мақсат



бет1/2
Дата21.02.2023
өлшемі17,53 Kb.
#69744
  1   2
Байланысты:
дәріс 5-2


5-тақырып. Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестерімен келісімдік қатынастары


Мақсат: Келісім шарттың жалпы сипаттамасын анықтап, түсіну.


Сұрақтар:

  1. Кәсіпкерлік келісім–шарттың жалпы сипаттамасы, түрлері.

  2. Келісім –шартты дайындау үшін қойылатын талаптар.



Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: келісім шарт, контракт, комиссияның келісім шарты, тапсырмалық келісім шарт, сату-сатып алу келісім шарты.

Әрбір туристік кәсіпорындардың жұмысы бизнес бойынша әріптестермен (туроператор, турагенттер), сақтандыру компанияларымен , туристік қызметті тұтынушылармен т.б. ұйымдармен келісім шарт (контракт) жасау арқылы жүзеге асады. Қажетті заңдылықтармен бірге, келісім шарт нарық субъектілері қарым-қатынастарын реттеуші аса маңызды құжат болып табылады. Ол кез-келген кәсіпкерлік келісімдерді орындаудың құрамдас бөлігі ретінде маңызды роль атқарады.


Туризм басқа да шаруашылық іс-әрекеттерден ерекше бөлінбейді. Сондықтан барлық нормаларға сай дайындалған келісім шарттар туристік фирмалар үшін де жарамды.
Келісім – шарт белгілі –бір заңдылықтарға негізделген, заңмен қорғалатын, орындалуға міндетті заңды айғақ. Келісім шарт келісім жасаушылардың қарым – қатынасының нәтижесі болып табылады.
Контракт – белгілі мерзімге бекітілген екі жақтың құқы мен міндеттері көрсетілген келісім шарт.
Келісім шарт және контракт субъекті ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен, кәсіпкер статусын алған шетел азаматтары мен заңды тұлғалары, сонымен бірге жеке тұлғалар – туристік қызметтің тұтынушылары да бола алады.
Кез-келген келісім шарттың бір бөлігі ретінде алғы шарттары (преамбула) болуы тиіс. Преамбула (preambule француз сөзі–алғы сөз, алғы шарт) келісім шарттың алғы сөзі, оған қатысты жағдайлар:

  • келісім шарттың заңдылық сипатын көрсететін аты.

  • келісім шарт жасау орны мен мерзімі (бұл мәлімет соңында да келтірілуі мүмкін)

  • екі жақтың аты-жөні,бұл жағдайда сатушы немесе ұсынушы бірінші, ал алушы – екінші (заңды тұлғалардың толық немесе қысқартылған аттары).

  • келісім - шартқа қол қоятын жауапты қызметкерлердің қызмет орны, аты-жөні.

Келісім шартқа қатысты негізгі жағдайлары:

  • келісім шарттың мағынасы;

  • жұмыстар мен қызметтің , тауардың сапасы;

  • келісімнің бағалы бөлімі;

  • бағаны көтеру немесе түсіру туралы;

  • есептеу тәртібі;

  • екі жақтың міндеттері мен құқы;

  • екі жақтың жауапкершіліктері;

  • міндеттемелерді орындау мерзімдері;

  • келісім шартты өзгерту немесе бұзу тәртібі;

Келісім шарттың негізгі жағдайларына әріптестердің келісімінің тақырыбы мен мазмұнын талқылап бекітуі жатады
Келісім шарттың жалпы жағдайларына қатысты ережелер оның мазмұнына қарамастан барлық келісім шарттарға тән;
Олар мыналар:

  • арбитраждық нұсқау;

  • форс-мажор немесе күтпеген жағдайлар (жер сілкіну, су тасқыны , өрт) қоғамдық өзгерістер (әскери әрекеттер, көтерілістер), мемлекеттік мекемелердің тиым салу актілері (карантин, жүк тасымалдауды шектеу т.б.)

Аталған жағдайлар болғанда келісім шарттың мерзімін өзгеруге болады, егер орындалмай қалғанда, екі жақта босатылады
Келісім шарттың қорытынды бөлімінде көрсетілетіндер:

  • екі жақтың мекен жайы;

  • пошта және банк реквезиттері;

  • келісім шартпен бірге мағынасы бар қосымшалар;

  • екі жақтың қолы, өз мөрімен расталады;

  • келісім шарттың қажетті бірнеше данасы;

  • келісім шарт жасалған жердің аты және айы – күні

( бұл алғысөзде көрсетілмеген )
Туристік қызмет көрсету жұмыстары келісім шарт негізінде жүзеге асады. Туристік қызмет көрсету жөніндегі келісім шарт Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сай жазбаша түрде рәсімделеді. Туристік қызмет келісім шарт, бұл туроператормен, турагентпен немесе туристпен оларға тегін қызмет көрсету үшін дайындалатын келісім.
Тегін қызмет көрсету – келісім шартында орындаушының міндеті тапсырыс берушінің айтқанын орындау, ол тапсырыс беруші сол қызметтің ақшасын төлейді (1999ж 1 маусымдағы №409 ҚР азаматтық кодексі, ерекше бөлімі, 33 тарау, 683-687 баптар.
Келісім шарттың басты көрсеткіштері төмендегідей:

  1. Туроператор немесе турагент туралы мәлімет, туристік қызмет жөнінде лицензиясы туралы, аты-жөні , мекен-жайы, банк реквезиттері;

  2. Туристік шараларды жүзеге асыру жөніндегі мәліметтер;

  3. Туристік өнімдердің пайдалы (тұтынушылық) қасиеті туралы мәліметтер, саяхаттың бағдарламасы мен бағыты туралы мәліметтер, туристердің қауіпсіздігі, туристік қызметке сертификаты (куәлігі) болуы тиіс;

  4. Саяхаттың басталу және аяқталу мерзімі;

  5. Туристерді күтіп алу, шығарып салу, ертіп жүру;

  6. Туристік шаралардың бағасы және төлем тәртібі;

  7. Екі жақтың міндеттері мен құқықтары;

  8. Келісім шартты өзгерту және бұзу шарттары;

  9. Туристің жүгін баратын жерге жеткізу шарттары және оны орындамаған жағдайдағы жауапкершілік.

  10. Басқа да келісім шартта көрсетілген жағдайлар.

Келісім жасаған екі жақтың өкілдері де, көрсетілген жағдайлар орындалмаса, оны бұзуға немесе өзгеруге құқылы.
Келісім шарттың негізі туристік қызметті пайдалану үшін туристік жолдама алу болып табылады. Туристік қызметтерді (жолдаманы) сатып алғаннан кейін турист екенін дәлелдейтін құжат туристік ваучер болып табылады, ол туристік қызметті әрі қарай пайдалануға мүмкіндік береді. Туристің кінасынан келісім шарт орындалмаған жағдайда, туристік қызмет толық төленеді. Саяхат бағыты өзгерген жағдайда немесе шет елдерде болғанда туындаған өзгерістерге туроператор немесе турагент жауап береді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет