59. Температураның, Ылғалдың, рН ортасының микроорганизмдерге әсері Орта температурасы – микроорганизмдерге әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Өсімдіктер мен жануарлардан микроорганизмдердің айырмашылығы – микроорганизмдер температураның өзгеруіне төзімді келеді. Ауру қоздырушы паразит микроорганизмдердің басым көпшілігі тірі организмдер, солардың дене қызуының шамасында, яғни +35-36 градуста тіршілік етеді.
Әр түрлі микроорганизмдер топтары үшін температураның үш нүктесі бар. Олар:
Оптималь температурада микроорганизмдерге ең қолайлы жағдай туады. Бірақ көптеген спора түзуші микроорганиздердің өніп-өсуі мен олардың спора түзуі қажетті бұл темпператураға үнемі сәйкес келе бермейді.
Минималь температурада тіршілікке қажетті температураның ең төменгі шегі. Ал температура бұдан төмендесе тіршілікке қажетті ең төменгі шекті температурадан кем температурада микроорганизмдер тіршілік ете алмайды. Максималь температура –микроорганизмдер тіршілік ететін температураның жоғарғы шегі. Бұдан жоғарыласа, микробтар тіршілік ете алмайды. Әдетте ортаның температурасы минималь жағдайдан төмендегенде микробтар жануарлар сияқты қысқы ұйқыға кеткені тәрізді күйге душар болады. Мұны микробтар анабиозы деп атайды.
Ылғалдылықтың микроорганизмдерге әсері: Табиғатта су бос және байланысқан күйінде кездеседі. Байланысқан суды ерітінде ретінде қолдануға болмайды. Сондықтан микроорганиздер ортада бос күйінде су болғанда ғана тіршілік ете алады. Мұндай суда еріген қоректік заттар микроорганизмдер ене алады. Ортада судың мөлшері неғұрлым азайған сайын, солғұрлым микроорганизмдер тіршілігі баяулай береді. Сондықтан кептіру микроорганиздер үшін аса қауіпті. Дегенмен ылғал тапшы болған жағдайда да микроорганизмдердің тірі қалатындары да бар. Бұған олардың спора түзетін қасиеті дәлел бола алады.
Микроорганизмдер белгілі дәрежедегі қышқыл немесе сілтілі ортада көбейіп, дами алады. Көптеген бактериялар үшін ең қолайлы орта - нейтралды немесе шамалы сілтілі, ал зең саңырауқұлақтары мен ашытқы саңырауқұлақтары үшін - шамалы қышқылды орта қолайлы болып есептеледі. Орта реакциясы рН таңбасымен белгіленеді. рН жетіге жетпегенде қышқылды, алодан артқанда сілтілі болады. Егер орта реакциясы оптималь болмаса, бактериялардың тіршілігі тежеледі. Мәселен, сүрлемдегі сүт қышқылы бактериялары ашу барысында ортаны қышқылдандырады. Бұл кезде шіріту бактериялары тіршілік ете алмай, қырылып қалады. Бұдан кейін ортадағы рН көрсеткіші одан әрі төмендегенде алдымен сүт қышқылы стрептококктар, кейін таяқша тәрізді бактериялар қырылады. Кейде ортаның реакциясын өзгерту арқылы ашу процесінің