Температураның өзгеруіне байланысты зат үш түрлі күйде



Дата31.12.2021
өлшемі15,14 Kb.
#21067
Байланысты:
Температураның өзгеруіне байланысты зат үш түрлі күйде


Температураның өзгеруіне байланысты зат үш түрлі күйде: қаттысұйық және газ күйлерінде бола алады. Әр түрлі күйдегі заттың қасиеттері де түрліше болады. 

Заттың бір күйден басқа бір күйге ауысуы оның еркін энергиясының, энтропиясының, тығыздығының, т.б. физикалық қасиеттерінің секірмелі өзгеруімен қоса қабат жүреді. 

Заттың агрегаттық күйі температура мен қысымға тәуелді.

Қатты дене — заттың негізгі күйінің бірі. Қатты заттағы молекулалар бір-біріне тығыз жиналған және ең аз мөлшердегі кинетикалық энергияға ие. Басқа агрегаттық күйлерден пішін тұрақтылығымен ерекшеленеді. Қатты дене кристалды немесе аморфты болып ажыратылады. 

Жатады: металдар,

Сұйықтық — сұйық агрегаттық күйдегі зат, газ бен қатты күйлердің арасындағы аралықты алып жатыр. Сұйықтықтың басқа агрегаттық күйлерден басты айырмашылығы — көлемін түрақты түрде сақтай отырып жанама күштердің әсерінен өзінің формасын шексіз түрде өзгерте алуы. Сұйықтық үлкен қысымда тұтқыр күйде кездеседі.


  • Белгіленген көлемі бар, бірақ белгіленген пішіні жоқ.

  • Сұйықтықтың бөлшектері бір-бірін еркін айналады және жүйелі орнластпайды

Жатады:су, қан, спирт т.б

Газ— заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен әлсіз байланысқан, кез келген бағытта еркін қозғалатын және өзіне берілген көлемге толық жайылып орналасатын агрегаттық күйі. Жатады: бу, ауа

Бір заттың бір агрегаттық екінші күйге өтуінің 6 түрі бар



Сублимация (лат. sublіmo – биікке көтеремін) – заттың кристалдық күйден газ тәрізді күйге ауысуы; жылудың жұтылуымен жүретін процесс. 

Десублимация - заттың бу күйінен тікелей қатты күйге ауысуы;

Изопроцесс дегеніміз - термодинамикалық параметрдің біреуі тұрақты болғанда қалған екеуінің арасындағы болатын өзгеріс. Термодинамикалық параметрлер T, р, V.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет