6-дәріс. Ренессанс және Реформация мәдениетіндегі философия



бет2/4
Дата08.02.2023
өлшемі1,46 Mb.
#66104
1   2   3   4

Мифтердің жіктелуі

  • І. Космогониялық мифтер – әлемнің, ғарыштың шығу тегі жайындағы мифтер
  • ІІ. Антропогондық-генеологиялық мифтер – адамдардың, этностардың, халықтар мен нәсілдердің шығу тегі жайлы мифтер
  • ІІІ. Этиологиялық мифтер – табиғат құбылыстарын, аңдардың, құстардың және өсімдіктердің шығу тегі мен айрықша ерекшеліктерін түсіндіретін мифтер
  • ІV. Эсхатологиялық мифтер – ақырзаман туралы, тіршіліктің тоқтауы немесе жойылып барып, қайта тууы туралы мифтер
  • V. Қаһармандар туралы мифтер – ғажайып құдірет-күш, ептілік пен батылдық дарыған қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған мифтер

Дүниеге көзқарастың тарихи түрі: ДІН

  • Жер жүзіне қарасам, Неше түрлі халық бар, Дін, иманын санасам, Мыңнан артық анық бар. Бұл қалай деп ойласам. Мұның да бір сыры бар, Терең ойға бойласам, Дәл мынадай түрі бар: Жардың шашы сансыз көп Ол санауға келмей тұр. Анық нұры осы деп, Әркім бір тал ұстап жүр. Біреу отқа жағынды, Нұрдың түбі құдай деп. He суретке табынды, Олай емес, былай деп. Бірі: «құдай бір десе», Бірі айтады: «көп құдай». Бірі: «тәңірі - Күн» десе, Бірі дейді: «жоқ құдай». Міне, осыдан байқалды,- Бәрі іздеп жүр иесін.
  • Шәкәрім
  • Дін дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен нанымын, моралі мен дүниетанымын белгілейтін, қадірлейтін және тәуап ететін қасиетті орыны бар, киелі кітабы, қастерлі кісілері (пайғамбары) бар, түрлі культтардан тұратын, табиғаттан тысқары немесе трансцентальды құдіретке, рухани белгі-түсініктерге сиынатын дүниетаным формасы, о дүние секілді басқа тылсым өмірді бар деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі
  • “Дін” латынның “religare” – “байланыс” деген сөзі

Діндердің жіктелуі

  • Алғашқы діни наным-сенімдер (анимизм, тотемизм, фетишизм, шаманизм, магия)
  • Ертедегі мемлекеттік діндер (Ертедегі Мысыр, Вавилон, Грек, Рим және т.б. мемлекеттердің діни жүйесі)
  • Ұлттық діндер (брахманизм, индуизм, даосизм, конфуцийшілдік, иудаизм және т.б.)
  • Әлемдік діндер (буддизм, христиан, ислам)
  • Дәстүрлі діндер және қазіргі дәстүрлі емес діндер
  • Діни ұйымдардың формалары:
  • А) Ғибадатхана (шіркеу, мешіт, сангха...)
  • Ә) Деноминация
  • Б) Секта


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет