6-дәріс. Тақырыбы: Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагоги- калық қолдау. Жоспар



Дата04.03.2022
өлшемі15,56 Kb.
#27020
Байланысты:
Лекция-1630481532089



6-дәріс.Тақырыбы: Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагоги- калық қолдау.

Жоспар

        1. Педагогикалық қолдаудың мәні.

        2. Ашық ақпараттық білімдік кеңістік жағдайында педагогикалық қолдау көрсету.

        3. Қолдау тактикасы.

Негізгі ұғымдар:Педагогикалық қолдау. Педагогикалық қолдаудың мәні. Педагогикалық қолдау көрсету. Қолдау тактикасы.

Педагогикалық қолдау - педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік па- радигмасын бейнелеп көрсететін миссиясы. Педагогикалық қолдаудың мәні - окушының ішкі күші мен қабілетіне қарауға негізделген түлғаның субьективтілігін қалыптастыру. Баланың танымдық және шығармашылық іс-әрекетіне қатысуға дайындығын, өзін-өзі дамытудын, өзін іс жүзінде көрсетуі үшін ашық ақпараттық білімдік кеңістік жағдайында педагогикалық қолдау көрсету, Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдау (өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету және т.б.). Окушыларда тұлғалық өзін-өзі жетілдіруге мақсатты бағытталған өзін-өзі рефлексиялау туралы ұғым қалыптастыру.

Педагогикалық қолдау - баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін шешуге бағыт- талған өзін-өзі дамытуына ықпал ету. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағ- дайлары (тұлғааралық қатынастар атмосферасы, қарым-қатынас стилі, педа- гогикалық әдеп және т.б.). Тәрбиешінің кәсіби ұстанымын педагогикалық қолдау нормасында бейнелеп көрсету. Қолдаудын тактикасы: «қорғау», тактикасы, «көмектесу» тактикасы, «ықпал ету» тактикасы, «өзара әрекеттесу» тактикасы.Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне ұйымдастыру жолдары

Тəрбие процесінің нəтижелілігі көбіне оған болған педагогикалық қолдаудың дұрыс ұйымдастырылуына тəуелді. Мұндай қолдау бүгінгі таңда төмендегідей қарастырылады:

- нақты адамға оның денсаулығы мен психикалық қалпына, оқуына, тұрмыстық əрі кəсіби бой тіктеуіне кедергілердің алдын алу жəне нақты іс-əрекеттік көмек көрсету;

- адамның жеке басы ерекшеліктерінің орнығу процесін қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық қызметтер;

- ауытқуға бейім қылық-əрекет қиыншылықтарын жеңуге бағытталған ықпалдасты əрекеттердің ерекше түрі;

- келеңсіз мінез əрекеттеріне бейім жас өспірімге нақты жекеленген жəрдем беру;

- баланы басшылықты жетекке алу;

- тəлім-тəрбие мекемесінің педагогикалық қолдау проблемасын өзінің өмірлік принципіне айналдыруы;

- балалардың өзін-өзі тану шартына айналып, оқу мен тəрбие шеңберін үйлестіруге бағытталған мұғалім мен оқушы ықпалдастығын күшейте түсу.

Педагогикалық қолдау – бұл: а) тəрбиеленуші сенімінен шығу; б) көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тəрбиеленушілерге қол ұшы жəрдемін беріп, қолдап-қуаттау.

Педагогикалық қолдау мəні: жайма-шуақ психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға жəне ұтымды нəтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлікті жеңіп бару; «жəрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бəріне көмек көрсету; əрқандай тəрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тəрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тəрбиешінің кəсіби деңгейінің жоғары болуы.

Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру; тəрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тəрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау жəне т.б.

Педагогикалық қолдау 1) тəрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді; 2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тəрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жəрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап баруға мүмкіндік береді.

Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген нəтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды. Мұндай кедергілердің түрі:

- субъектив (тұлғалық) «Мен» - кедергілер: өз бетінше дербес шешім қабылдауға қажет ақпараттың болмауы (ақпарат толықса, кедергі сол бойда жойылады); адамның қосымша еңбектенуінің қажеттігі (қол ұшы жəрдем беріп, ынтасын көтеру); тұлғаны күйзеліске келтіретін кемшіліктер (тəн-денелік, психикалық, арақатынастық); білім жəне тəжірибе жетіспеуі; - объектив (əлеуметтік) «Олар» - кедергілер: (əлеуметтік орта – мұғалімдер, əкімшілік, дос-жарандар, құрбы-қатарлар, отбасы жəне басқалар).

- материалдық кедергілер (отбасының қаржылық жағдайы жəне т.б.)



Әдебиеттер:

1.Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Дарын, 2004ж 56-78б



2. Шолпанқұлова Г.К. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» курсы бойынша практикум. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ «Ұлағат» баспасы, 2013.-105б.85-102б

3.Құндақова, А. Педагогикалық шеберлік негіздері [Мәтін]: Оқу құралы / А. Құндақова.- Алматы: Бастау, 2014. 123-155 бб

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет