6.3.3.1-орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
6.5.2.1- жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастыру
6.2.2.1. Сурет бойынша әңгіме жазу,
жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу
Оқушының аты – жөні________________________________________________________ Сыныбы_____________________________________________________________________ Тапсырма 1. Мәтінді оқыңыз. Баламалы қуат көздері Қазіргі кезде XXI ғасырға қадам басқан адамзат жаңа дәуірде өмір сүру үшін нені басты негіз болатындығына зер сала бастады. Соның ішінде қуат көзі адам өмірінің құрамдас бөлігі болып табылатындығы сөзсіз. Ол әр түрлі материалдар туындатуға мүмкіндік береді, жаңа технологиялар жасауда басты фактор болып табылады. Қарапайым тілмен айтқанда әр түрлі қуаттарсыз адамзаттың толыққанды өмір сүруіне қабілеті жетпейді. Адамзат алғашқы от алаудан атом электр станциясына дейінгі жолдан өтті, көмір, мұнай және газ сиақты негізгі дәстүрлі энергия қуаттарын өндіруді, өзен қуатын пайдалануды үйренді, «бейбіт атомды» меңгерді. Дегенмен, кейінгі кездегі жаңа дәстүрлі емес баламалы қуаттар түрлерін пайдалану мәселесі жиі талқыға түсе бастады.
Қазіргі кезде қуаттың қайта жаңғыратын барлық түрлерін пайдалану жөнінде әр түрлі көптеген идеялар мен ұсыныстар жасалуда.Шынын айтқанда Күннің көзі таусылмас қуаттың негізгі «тегін» түрінің бірі болып саналады. Күн қуаттың таусылмас қайнар көзі. Ол жер бетіне секундына 80 трлн. киловатт береді, яғни бүкіл әлемдегі электр станцияларынан бірнеше мыңдаған есе көп. Тек оны пайдалана білу қажет.