6 срсп сейітқұл Айдана Қ. Аманжолов поэзиясындағы өршіл рух, романтизм. Ә. Кекілбаев повестеріндегі психологизм



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата17.10.2023
өлшемі464,57 Kb.
#116795
  1   2   3   4
Байланысты:
6 СРСП Сейтқұл Айдана



6 СРСП Сейітқұл Айдана 
1. Қ.Аманжолов поэзиясындағы өршіл рух, романтизм. 
2.Ә.Кекілбаев повестеріндегі психологизм. 
3.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы өнер адамдарының бейнесі. 
Абай және оның қоғамы, ортасы. 
4. М.Мағауиннің «Аласапыран» романындағы Оразмұхамед бейнесі. 
 
1.
 
Қ.Аманжолов поэзиясындағы өршіл рух, романтизм. 
Қасым Аманжолов — өршіл рухтың ақыны. Ол өз заманындағы уақыт 
талабына, замана сырына үңіліп қана қоймай, қыруар өзін толғантқан 
сауалдарға жауап қайтарды. Қасым ақын, бəрінен бұрын, ақын, егер 
азаматтығы келісіп тұрса, өзі ғұмыр кешкен ортада, қоғамда қандай роль 
атқаруы керек екенін терең түсіне білді.
Ақын өлеңдерінің тақырыбы ауқымды. Күні кеше ғана «ағалап» немесе 
«досым-ау» деп жүрген жандардың басына іс түскенде, жалт беріп көрінбей 
кетуі, өмірдегі түрлі келеңсіздікке жан-тəнімен езіліп, қайғыруы — бəрі-бəрі 
де оның поэзиясынан табылады. 
Азамат баласына жамандық ойламайтын шынайы талант қана жұмыр жер 
бетіндегі қыруар трагедия, қайғылы құбылыстарды өз басының мұңындай 
қабылдайды. 1936 жылы жазылған шағын ғана «Сабыр етші» өлеңінде 
мынандай жолдар бар:
Неге мұнша сорлы жүрек, соғасың? 
Неге күйіп, неге мұздап тоңасың?
Арпалысып тыныш жата алмай ұяңда
Неге мұнша мазасыз сен боласың?!
Неге мұнша үрейлене соғасың?
Қиял кернеп, нені ойлап шоласың?
Сорлы жүрек, ойларсың да, толғарсың,
Толғарсың да, сарғаярсың, соларсың 
Ақындық жолды таңдап алған əзиз жанның өз жүрегіне осылайша тіл қатуы 
болашақтағы ауыр тағдырмен, соқтықпалы соқпақсыз жолымен, тар жол 
тайғақ кешуімен бетпе-бет келіп, сырласқандай əсер қалдырады.
Қасым поэзиясын кеңірек қарастырған адам ондағы ұлы адамдарға 
арналған жыр шумақтарын оқыр еді. Сүлеймен Стальский, Нұрпейіс жырау, 
Тарас Шевченко, Шота Руставели, Пушкин, Сұлтанмахмұт, Жамбыл, Абай, 


Ілияс Омаров, Бауыржан, Мұхтар Əуезов... бұл тізімді онан əрі де соза беруге 
болады.
Осынау аттары аталған жандармен Қасым тұлғасында өзара ұқсастықтың, 
жақындықтың, рухани жарастықтың бар екенін көруге болады. Ыстық қанды 
Кавказ ақыны мен дауылпаз мінезді, қайсар Сұлтанмахмұт поэзиясы, 
тұңғиық тереңіне жан бойламас Абай поэзиясы мен сол ұлы ақын таңданған 
Пушкиннің саф алтындай жауһар жырлары, бүкіл қазақ əдебиетіне 
философиялық, ойлы дүниелерді əкелген Əуезов даналығы мен қайтпас 
қайсар Горькийдің өршіл шығармалары — бəрі де белгілі дəрежеде Қасым 
поэзиясынан табылатынын аңғару қиын емес. Ал, осынау алуан түрлі стиль, 
түрлі ой толғаныстар ішінен ақынның өршіл рухқа негізделген асқар 
поэзиясын, өp даусын, азаматтық, ақындық биік тұлғасын бірден байқайсыз. 
Ақынды Германия жеріндегі қантөгіс, Испан жеріндегі оқиғалар толғантып, 
олар ақындық ер шаттықпен, адуын жыр шумақтарымен төгіліп-төгіліп 
беріледі. Қазақ жері, оның Сарыарқасы мен Жайығы, Көкше өңірі мен Талғар 
жағы, Шыңғыстау мен Бетпағы, тереңірек үңілсек, ақын қаламынан туған 
ғасырлардағы кеңістік ауқымын қана көрсетпейді, сонымен бірге мəңгібақи 
адаммен бірге жасасып келе жатқан қос ұғым — Жақсылық пен 
Жамандықтың өзара шарпысуын, кереғар қайшылықтарын да көрсетеді. 
Қасым жырларында жоғарыда аталған, сəл бертінде өмір сүрген белгілі 
қалам иелеріне тəн көркемдік ізденіс элементтерінен басқа ғасырлар 
қойнауынан ешкімге бастырмас өрлік бар. Халық аңыздарында Қазтуған 
қолбасы батыр. Өзі жайлы мадақ жырында:
Бұлыт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан, — деп шалқыған Қазтуғанның білегінің күші 
қаншалық болғанын біз білмейміз, ал ақындығына келсек, оның мұндай 
сөздерді айтуға толық хақысы болғандығы көрінеді 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет