Жоспары: 1. Технология ұғымына жалпы сипаттама
2. Тәрбие технологияларының өзіндік ерекшелігі.
3. Тәрбие технологияларының жіктелуі
Негізгі ұғымдар: педагогикалық технология, тәрбие технологиясы.
Технология ұғымына жалпы сипаттама.
ГУЛЬДАНА Технология - өндірістік үдерістерді жүргізу құралдары мен әдістері
туралы білімдердің жиынтығы; белгілі бір істе, шеберлікте, өнердегі әдістерді қолдану жиынтығы; қызметті процедуралар мен операцияларға ұтымды бөлшектеу арқылы одан әрі үйлестіру және оны орындаудың оңтайлы құралдары мен әдістерін таңдау арқылы жүзеге асыру.
Тәрбие технологиясы - бұл тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы қарым қатынасты орнататын ғылыми негізделген әдіс тәсілдер жүйесі.
Педагогикалық технология - педагогикалық үрдіске қатысушылардың белсенді іс-әрекетін көздейтін, нәтижеге жетуге мүмкіндік жасайтын үрдістер мен әдістердің бірізділігі және жиынтығы.
Бүгінгі күнде педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттелуде. Теориялық тұрғыдан, педагогикалық технология педагогиканың категориясы ретінде қарастырылып, оның мәні, құрылымы айқындалды; педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы (дидактика, тәрбие мен білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздері, педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеленді.
Ғылыми қолданбалы бағыт тұрғысынан технология табиғаттың, әлеуметтік объектілер мен іс-әрекеттер туралы білімді түрлендірудің тиімді әдістері бойынша ғылыми-практикалық білімнің негізгі формасы ретінде белгілі мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді.
Педагогикалық технология оқу-тәрбие үдерісін ұтымды ұйымдастыруда шәкірт пен ұстаздың, тәрбиеленуші мен тәлімгердің белгілі мақсат көздеген іс-әрекеттерін жобалаудың жаңашылдық сипатымен ерекшеленеді. Педагогикалық технология - білім мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін теориялық тұрғыда негізделген оқу, тәрбие үрдістерін қайта жаңғырту әдістері мен тәсілдерінің бірлігі. (В.П. Беспалько)
Педагогикалық технология ұғымының оқыту технологиясы, оқыту әдістемесі ұғымдарымен байланысы және айырмашылықтары бар. Оқыту технологиясы педагогикалық технологияның құрамына, құрылымына кіреді. Оқыту технологиясы – оқыту үдерісін алдын-ала жобалау болса, оқыту әдістемесі белгілі пәнді оқытуды жоспарлау тәсілдерінің жүйесі, оқыту процесін ұйымдастыру тәсілдерінің жүйелері, оқыту процесін тікелей жүзеге асыру тәсілдерінің жүйелері, орындалған дидактикалық іс-әрекеттерді талдау тәсілдерінің жүйесі ретінде қабылданады.
САИДА Оқыту технологиясы оқытудың мақсаты мен міндеттерін, оқыту үдерісін, кезеңдерін, әдістерін, тәсілдерін, принциптерін, шарттарын жобалау болып табылады. Педагогикалық технология жаңа да, ұтымды оқыту мазмұнын жоспарлау, оның әдіс-тәсілдерін, сонымен қатар шәкірттердің белгілі бір ғылым саласындағы меңгеретін іскерлік пен дағдыларының жүйесін жобалау болып табылады. Педагогикалық технология белгілі бір іс-әрекетті өткізу үдерісіне қарағанда, оған дайындыққа бір қатар жақындығымен сипатталады. Бұл оқытудың мәні тәрбие стандартын, типтік оқу жоспарын, типтік оқу бағдарламаларын, жұмыс оқу бағдарламаларын, пәннің типтік оқу және жұмыс бағдарламасын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарын, сабақ жоспарын жасау іс- әрекеттерін қамтиды.
Педагогикалық технологиялардың көптүрлілігіне қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар: біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.); екіншісі – тəжірибемен жүзеге асырылуы (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).
Педагогикалық технологиялардың ішінде, «еркін тәрбие» идеясын басшылыққа алатын технологияларды (Ш.А.Амоношвилидің ізгілікті-тұлғалық оқыту технологиясы, вальдорф педагогикасы, «Л.Н.Толстой мектебі», «отбасы мектебі», ынтымақтастық педагогикасы, Е.Н.Ильинаның әдебиетті адамды қалыптастыру пәні ретінде оқыту жүйесі және т.б.) ерекше атап өтуге болады.
ДИЛАРА Кез-келген педагогикалық технологияның негізгі түйіні соңғы нәтижені нақты анықтау және оның жетістігін бақылау, оқушы тұлғасын дамыту құралы болып табылады. Оның мәні тұлғаны өзінің әрекеттеріне талдау жасауға, өзі үшін маңызды мәселелерді анықтай алуға және шешу жолдарын таба білуге бағыттау. Жалпы алғанда, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Әрбір педагог жаңа технологияны меңгеру барысында өзін-өзі қалыптастырады, дамытады, үнемі ізденісте болады.
Жаңа технология жасаудың теориялық негіздерін зерттеп дайындауда, оқу процесі жөнінде әр түрлі ойлар жүйесінің мынадай принциптерінің негіздерін сыни көзқараспен ұғынып, мәнін түсінуден басталады. Олар: оқу процесін басқарудың үлгісі мен атқару тәртібін қайта қарау; оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және басқаруда оны үйлесімді, қолайлы түрде күшейтуде дамытудың басым ұтымды бағытына сүйену; оқу жүйесін ұйымдастыру кезеңіндегі жоспарлы бағдарламалар, оқулықтар, оқыту әдістемесінің түпкілікті және сапалы болмауын, соның нәтижесінде оқыту уақыты текке мақсатсыз жұмсалмауын қадағалау және түпкілікті болдырмау. Оқытудың ең жоғарғы нәтижесіне жету мен қажетті оқыту уақытының бір-бірімен өзара тығыз байланыстыру; оқытуды күшейтіп, білімді базалық деңгейге дейін тереңдетуді түсіну, олардың ой-өрісін кеңейту, оқыту уақытын арттырмай, бағдарламалық мәліметтерді толық меңгерудің әдістемесін іске асыру болып табылады.
Осыған сәйкес оқыту мен тәрбие беру мазмұны құндылықтық, танымдық, әрекеттік- шығармашылық және тұлғалық қызметтерді қамтиды:
- құндылықтық қызмет: тұлға үшін мәнді бағдар жүйесін, өзіндік даму траекториясын таңдап алуы;
- танымдық қызмет: тұлғаның рухани дамуының негізі ретінде ұлттық мәдениет, дәстүр, жан-жақты ғылыми білімдерін игеруі;
- әрекеттік-шығармашылық қызмет: тұлғаның оқу, еңбек ету, ғылыми, көркемдік және басқа да әрекет түрлерінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы, шығармашылық қабілетін қалыптастыру және дамытуы;
- тұлғалық қызмет: өзіндік санаға бағытталған рефлексиялық қабілетті дамыту арқылы өзінің өмірлік мұратын дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз етуі.
Оқу – тәрбие үдерісінің осы тұрғыда ұйымдастырылуы әр оқушының жеке тұлғасындағы өзіндік ерекшеліктері, өзіндік өмір тәжірибесі мен өзіндік құндылықтарын ескеру арқылы өзіндік және өзара бірін-бірі дамытуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеу деңгейін білуге жол ашады.