69)Бөлім бойынша орта және қысқа мерзімді жоспар? Жауабы:Орта мерзімді жоспар: Оқу жоспары – оқу орындарында пәндерінің құрамын, оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат. Оқу жоспары оқу орнының мақсат-міндетіне сай жасалады. Оқу жоспарында көрсетілген білім бағыты мен сипаты оқу бағдарламалары мен оқулықтарда айқындалады.
Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы (сыныптар) бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.
Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу.
Дәлелденген нақты жоспар – әрбір басқару циклінің дайындық кезеңі, сондықтан оған мектеп басқару ісінің ғылыми жолмен келе жатқандығын көрсетеді. Жоспар қысқа,нақты және айқын болу керек.
Сабақ жоспары жасалатын мақсатты мерзіміне қарай 3-ке бөлінеді:
Қысқа мерзімді жоспар – ҚМЖ (күнделікті сабақ жоспары);
Орта мерзімді жоспар – ОМЖ (белгілі бір тарауға немесе көлемді тақырыпқа байланысты жасалуы мүмкін);
Ұзақ мерзімді жоспар – ҰМЖ (тоқсанға немесе оқу жылына жасалуы мүмкін).
Осылардың ішінде орта мерзімді жоспар дегеніміз - әр мұғалім әр сыныпқа өз бетінше жоспарлау үшін қолдана алады. Тізбектелген сабақтардың орта мерзімдік жоспарындағы жеке сабақтың оқыту мақсаттары мұғалімнің оқушыларға нені үйретуге ұмтылатынын анықтайды. Осы орайда сабақ берудің және оқытудың мақсаттарында мынадай сұрақтар қамтылуы тиіс:
Сіздің көзқарасыңыз бойынша оқушылар қандай білімді меңгерулері тиіс?
Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері тиіс?
Оқушылар тарапынан қандай сұрақтарды зерттеп және оған талдау жасаулары тиіс?
Оқытудың нәтижесі сабақта оқушыларды оқыту үшін қойылған мақсат жетістікке жеткізетіндей сәтті түрде жоспар құрылды ма, сол туралы ақпараттар береді.
Оқыту нәтижесі оқушыға бағытталуы тиіс, оқыту барысында оқушыда қалыптасатын дағдысы етістік түрінде айтылып (инфинити) және үлгерім нәтижесіне сай болуы тиіс.
Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша рефлексия (пән бойынша мақсаттарға жетуі мен білім сапасының мониторингі), мұғалімнің өз іс-әрекетіне жаңаша тұжырым негізінде қарап, оқу мен оқыту тәжірибесіне жаңалықты ендіруі түйінді кезеңі болып табылады.