6В01310-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
«Мультимедиялық оқыту құралдарын дайындау және пайдалану технологиясы»
1-деңгей
Математикадан мультимедиялық оқыту құралдарын оқу пәні ретінде. Курстың пәні, міндеттері және әдіснамасы, оның басқа оқу пәндерімен (информатикамен, математикамен, педагогикамен, психологиямен, математиканы оқытудың теориясы және технологиясымен, т.б.) байланысты.
Бастауыш сынып оқушыларына математиканы ойдағыдай оқыту үшін алғаш оқыта бастаған мұғалім математиканы оқытудың бұрыннан қалыптасқан жүйесін, бастауыш сыныптарда математиканы оқыту методикасын игеруі тиіс және осының негізінде ол өз бетімен творчествалық жұмыс іспеу керек.
Математиканы оқыту методикасы ең алдымен өзінің негізі – математика ғылымымен табиғи байланысты. Математиканың мектепте өтетін курсы мазмұнын таңдап алуда математика ғылымының өз деңгейі әрқашан әсерін тигізіп отырады. Математиканы оқыту әдістері математиканың бастауыш курсында айқындалатын идеяларына байланысты болады.
Математиканы оқыту методикасы педагогикамен және педагогикалық психологиямен тығыс байланысты математика курсын құруда, математиканы оқыту методикасын таңдап алуды, математиканы оқыту мақсаттары мен міндеттерін белгілеуден математика методикасы педагогикамен педагогикалық психологияда айқындалған жалпы оқыту заңдылықтарын сүйенеді.
Мектепте математиканы оқыту, кез-келген басқа пәндерді оқыту сияқты білім беру, тәрбиелік және практикалық міндеттерді шешетін болуы тиіс.
Математиканы оқып үйрену процесінде оқуылар бәрінен бұрын теориялық білімдер жүйесін меңгеруі, сондай-ақ бағдарламада көрсетілген бір қатар біліктермен дағдыларды игерулері қажет. Оқыту ісі оқушылардың сапалы білім алуын және де жеткілікті жоғары дәрежеде қорыта біліуін қамтамасыз ететін болуы керек.
Математиканы оқыту кезінде оқушыларда материалистік көз-қарастын бастамасы қалыптаса бастады. Сан, арифметикалық амалдар, санау системасы, геомериялық фигура т.с.с. математика алғашқы ұғымдар берілетін бастауыш сыныптардың өзінде-ақ оқушы математиканың объектісі – шын дүниенің кеңістік формалары мен сандық қатынастары екенін, демек , мұнын өзі реалдық материал екенің» сол сияқты «сан мен фигура ұғымдары біржақтан алынбағанын,нақты дүниеден алынғанын оқушы түсініп білуге тиіс.Сондықтан математиканы оқытудың өмірмен байланыстылығын жүзеге асыра білу өте маңызды жұмыс. Бір жағынан , мектеп оқушыларын бізді қоршаған өмір құбылыстарынан математикалықфактілерді тани білуге, үйрету, екінші жағынан, математиканы нақтылы практикалық есептерді шешу үшін қолдану, әрбір адамға күнделікті өмірде қажет болатын практикалық білімдер мен оқушыларды қаруландыру, мысалы: есептеуді немесе өлшеуді орындау, онша күрделі емес есеп – қисапты шығару т.с.с.
Математиканы оқыту ісі өз Отаның сүйетін, біздің қоғамымыздың ігі мақсаттарын сезіне білетін, өз білімін мемлекеттік мұраттарды жүзеге асыру үшін сарп етуге дайын ғылыми – техника дамыған қоғамнын адамдарын тәрбиелеуге көмектесуі тиіс.
Математиканы оқыту жеке адамдардың еңбек сүйгіштігі, ұқыптығы сияқты ерекшіліктерін қалыптастыру міндетін шешіп, оқушылардың еркін, зейінің, қиялын дамытуға барынша мүмкіндік жасауы тиіс, математикаға ден ынтасын арттыруға көмектесуі тиіс. Балаларды оқи білуге төселдіру, оларды белгілі бір материалмен жұмыс істеуге үйрету және өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Математиканы бастауыш сыныпта оқыту оны әрі қарай жоғары сыныптарда оқып – білуі үшін, оқушылардың білімі мен дағдысына, сол сияқты ой - өрісінің дамуына сенімі негіз болуы тиіс.
2. Информатиканы оқытудың теориялық негізі.
Қазірігі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде, оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерінде жоғарғы мектепте информатиканы өзінше оқитындар үшін және т.с.с. Осы аталған буындардың бәрі қазіргі уақытта педагогика ғылымының алдына өзіне тән проблемаларын қоюда.
Инфоратиканы оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзінің алдына келесі негізгі міндетерді қояды: Информатика және есептегіш техниканы үйретудің нақты мақсатын және орта мектептегі жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау оқыту түрлерін ұсыну; Информатика мен есептегіш техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру, мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.
3. Информатика негіздерін енгізудің қажеттілігі.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» — дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
4. Информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Информатика – ЭЕМ-нің көмегімен ақпаратты іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудің әдістерін, тәсілдерін және заңдылықтарын зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Информатиканың маңызды ерекшелігі – оның қоғамдық қызметтің барлық негізгі түрленіде қолданылуы, яғни өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, жоспарлауда, саудада, қоршаған ортаны қорғауда, медицинада және т.б.
Ол нақты ақпараттық процестердің (технологиялардың) барлық көптеген түрлеріне тән ортақ мәселелердi зерттейдi. Ақпараттық процестер мен технологиялар информатиканың объектісi болып табылады.
Информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары информатиканың ғылымдар жүйесіндегі, қазіргі қоғамдағы орнын, ерекшеліктерін ескере отырып анықталады. Мектепке тән негізгі мақсаттар оқушыларға информатикадан білім беруде қандай сипатта болатындығын қарастырайық.
Информатиканы оқытуға қойылатын мақсаттар
Сонымен мектепте информатиканы оқытуға төмендегідей үш мақсат қойылады:
• білім беру;
• тәрбиелік,
• практикалық
Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты
Әрбір оқушыға информатика ғылымының негіздері туралы алғашқы білім беру, сонымен бірге түрлендіру процестері туралы түсінік, ақпаратты тасымалдау мен пайдалану негізінде - оқушыларға дүниенің қазіргі ғылыми көрінісін құрастырудағы ақпараттық процестердің мәнін, сонымен қатар ақпараттық технология мен есептеуіш техниканың қазіргі қоғам дамуындағы ролін ашу.
Мектептегі информатиканы оқытудың практикалық мақсаты
Оқушылардың технологиялық және еңбекке дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейін еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, білік және дағдылармен қаруландыру.
Информатиканы оқытудың практикалық мақсаты сонымен қатар
оқушыларды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға және басқа да ақпараттық, коммуникациялық технологияларды тұрмыста, күнделікті өмірде пайдалануға дайындауды да қарастырады.
Мектептегі информатиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты
информатиканы жаңа сапалы деңгейде оқып-үйренуде ой еңбегінің мәдениеті және өзінің жұмысын жоспарлай алу, оны ұтымды орындау, іс-әрекетінің алғашқы жоспарын оның орындалуымен салыстыра білу сияқты жалпы тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға негізделген.
Сонымен қатар информатиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты – оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналыққа тәрбиелеуге бағытталған.
Информатика курсында орындаушы, яғни компьютер алгоритмді дәл, әрі нақты орындауы үшін, оқушы алгоритмді қағаз бетінде дұрыс, дәл жазып немесе пернетақтадан қатесіз енгізуі қажет.
Мектептің информатика пәнінде нақтылыққа, іс-әрекет пен ойлаудың дәлдігіне ерекше мән беріледі, себебі ойлаудың, баяндаудың және сипаттаудың дәл болуы – компьютермен жұмыс істеудің негізгі компоненті болып табылады.
Жаңа курсты оқып-үйренуде оқушылардың дәлсіздік, олқылық, босаңсу, шұбалаңқылық және т.б. ерсі көзқарастары бірте-бірте жойылуы мүмкін.
Жеке тұлғалық маңызды қасиеттер информатиканы оқып-үйренуде өздігінен қалыптаспайды, сондықтан да мұғалімнің тынымсыз еңбегі қажет болады.
1.2. «Информатика» пәнін оқытудың басты міндеттері
Ғылымның негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бірі болып есептелінетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын, ақпарат ұғымын қалыптастыру;
Қоршаған ортаны жаңа-ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, тбиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;
Қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың рөлін анықтау, қоғамның постиндустриялық ақпараттық сатыға өту кезеңінде адам еңбегінің мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;
Оқушылардың теориялық, шығармашылық ой қаблеттін арттыру;
Тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған, оперативті ойлау деп аталатын жаңаша ойлай білуді қалыптастыру;
Ақпараттындыру құралдары, ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларын қалыптастыру және оларды дамыту;
Формальдау, модельдеу, компьютерлік тәрбие және т.б. ғылыми танымның жаңа әдістерімен қаруландыру;
Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың ролі әлемнің жүйелі ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттық ортаның тиімді өзара қарым-қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәні мен қазіргі заманғы ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізгі құраушысы ретіндегі ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырумен анықталады.
5. Информатика курсының жалпы білімдік және жалпы мәдениеттік мағынасы.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты - оқyшыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негiзгi орын aлған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтiн бағыт.
Баланы дaмыту сөзiн кең мағынадa алғанда оның, организмiндегi психикалық және физиологиялық өзгерісі кез-келген қасиетiндегi қарапайымнан күрделiге, төменгі сатыдан жоғарғы сатыға, кету деп түciнeдi. Егер бұл мәселені оқыту мен дамытудың өзара қатынасы тұрғысынан қapaстыратын болса, онда дамыту деп, әдетте, ақыл-ойды дaмытуды түсiнемiз.
Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл-ойын дамыту қай деңгейде оқытуға, ол қандай дережеде оның организмінің табиғи дамуына тәуелдiлiгiмен қорытындыланады. Бұдан оқытудың потенециалды мүмкiндiгiнiң шекарасын тағайындауға, сондай-ақ, нақты дидактикалық өзгерicтiң мақсаты мен мiндетiн aнықтау шығады. Сондықтан оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдiснамалық мәселесі болып табылады. Сонымен оқытудың жалпы мақсатына дидактикалық тұрғыдан осылай түсінік беруге болады.
Ал, енді информатиканы оқытып, үйретудiң мақсаттары жалпы білім беретiн орта және кәciптік бағдар беретiн мектептерде тәрбиелеу мен бiлiм берудiң жaлпы мақсаттарымен сонымен бipге ғылыми өзгешелiгi, қазiргi қоғамдағы және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен анықталады.
Алғашқы кезеңде (1985-86 оқу жылы) информатика пәнін мектепте оқытудың негiзгi мақсаты оқушыларда компьютерлiк сауаттылыкты қалыптастыру болып табылды. Алайда шетелдiк және oтaндық тәжiрибелер оқу мақсатын бұлайша анықтаудың жеткiлiксiз eкeнiн көpceтті. Өйткенi, компьютерлiк сауаттылық, арнаулы ЭЕМ көмегімен сурет салу, жазу, есеп шығару басқа пәндердi оқу барысында қалыптасатын жалпы сауаттылықтың құрамды бөлiктерiнiң бiрi болып табылады.
Әрине, компьютерлiк сауаттылық курсы оқытудың жалпы мақсаттары қатарынан шығарылып тасталмайды. Дегенмен де, курсты оқытудың басты мақсаты орта бiлiм беру мақсатынан туындайды.
6. Педагогтың заманауи оқыту құрылғыларымен жұмыс жасау әлеуеті. Баяндамалар » Заманауи педагогтың кәсіби құзыреттілігі арқылы оқушылардың білімін шыңдау
Заманауи педагогтың кәсіби құзыреттілігі арқылы оқушылардың білімін шыңда
ХХІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Білім беруді технологиялық жолмен ұйымдастырудың мақсаты – жаңа бағыттағы оқушының шеберлігін шыңдауға, өз білімін көтеруге жауапкершілігін арттыруға көмектеседі.
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін ержүрек болуы тиіс».
Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін «Мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағыттылған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс.
7. Математикадан мультимедиялық оқытудың құралдары пайдалану әдістемесі.
Математика сабақтарында мультимедиялық презентацияны қолдану арқылы оқушылардың біліктіліктерін қалыптастыру
Жаңа технологиялар арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білімді өз бетімен ала алатын және оны өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр. Осыған байланысты оқытудың қазіргі заманауи технологиясы ақпараттандыру технологиясын сабақта тиімді қолдану қажеттілігі туындап отыр.
Компьютер оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Оқытушыға оқушылардың әрқайсысының жұмыстарын бақылауға, басқа оқушыларға кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге болады. Сабақтан тыс уақытта оқытушы компьютер жадына сақталған оқушылардың жұмыстарын саралап, талдау жасау арқылы олардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауға, сол арқылы бағалай алады
Мектепте информатиканы оқытудың бiлiм беру мақсаты-әрбiр оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды бiлiмiн беру, оқушыларға осы бiлiмдi мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негiздерiн түпкiлiктi және "сапалы түрде меңгеруге қажеттi' icкерлiктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады .
Информатика ғылымының жалпы бiлім берудегi қызметі өте жоғары. Информатикадан бiлiм негiздерiн меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл – ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабiлеттерiн нығайтуға елеулі әсер етедi.
Сонымен информатиканы оқытудың бiлiм беру дамытушылық мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін жеке тұлғалық қасиетiн қалыпастыруға, ақыл - ойын ойлау өрісін ынтамен дамытyға, қалыптастырyға бағытталған.
8. Мультимедиялық оқыту құрылғыларымен жұмыс жасау әдістемесі.
Компьютерлік желі деп қолданушыларды ақпараттық, программалық және аппараттық ресурстарды және ақпаратпен алмасу құралдарын ұжыммен пайдалануды қамтамасыз ететін өзара байланысқан компьютердің жиынтығы.
Компьютерлік желілер – деп әртүрлі қорларды мысалы программаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдаланатындай етіп, бір-бірімен кабельдің көмегімен арқылы қосылған компьютерлер тобын айтады.
Егер желі онша үлкен емес және мекеменің бірнеше бөлмесін қамтыса, онда оныжергілікті желі деп атайды.
Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бір ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болса, онда корпоративтік деп. Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға таралған желілер ауқымды деп аталады. Олар корпоративтік те, жалпы да бола алады.
Компьютерлерді желіге олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктірілді.
Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалық деп екіге бөлінеді.
Ақпараттық ресурстарға программалар және деректер, ал техникалықтарға – принтерлер, модемдер, сканерлер, график салғыштар кіреді.
Ақпаратты сақтау құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалар және деректері бар қапшықтар ретінде қаралады. Оларға қосылу логикалық дискіге жазылғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті деп аталады. Желінің басқа компьютерлеріне де ашық компьютер ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады.
Жергілікті және ортақ ресурстар түсініктері шартты. Бұл жергілікті ресурсты ортақ етуге болады және керісінше, ортақ ресурсқа жергілікті мәртебесін беруге болады.
Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады.
Желілік операциялық жүйелер
Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік,операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар.
Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;
желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;
ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;
ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;
ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.
Компьютерлік желілерді аймақтық таратылу дәрежесі бойынша классификациялауғаболады. Оларды ауқымды (глобальный), аймақтық (региональный) және жергілікті (локальный) желілер деп бөлуге болады.
9. Мультимедиялық оқыту құрылғыларына сәйкес бағдарламалар дайындау технологиясы.
Мультимедиялық оқыту құрылғыларына сәйкес бағдарламалар дайындау технологиясы.
Сапалы түрде мультимедиалық оқыту бағдарламаларын құрудың алғышарты – ең алдымен олардың түрлерін ажырата бiлу. Оларды оқытатын, бақылаушы, тренажерлық, анықтамалы-ақпараттық, имитациялық, моделдеушi, демонстрациялық, оқу-ойын түрiндегi бағдарламалар деп бөлуге болады.
Мультимедиалық оқыту бағдарламаларын білім берудегі дидактикалық ерекшелiктерiне байланысты топтастыруда ғалымдар әртүрлi пiкiрлер айтады. Мысалы, Т.А.Яковлеваның келтiрген бағдарламалар топологиясында „студент-компьютер” жүйесiндегi реактивтi өзара қарым-қатынасты жүзеге асыратын бағдарлама – тренажерлiк бағдарламалар болып табылады. Автордың пiкiрiнше, мұндай бағдарламалар студенттiң компьютерлiк технологиямен жұмыс iстеу тәжiрибесiнiң жинақталуына септiгiн тигiзедi. Ал, Н.В.Василенко реактивтi iс-әрекетке негiзделген бағдарлама ретiнде бақылаушы бағдарламаларды қарастырады. Мұндай бағдарламалар қанағаттанарлықсыз нәтиже көрсеткен студентке қайталау мүмкiндiгiн бередi. Сонымен қатар, автордың ойынша, студент пен компьютер арасындағы қарым-қатынастың келесi түрi – активтi қарым-қатынаста алгоритмдiк тренажерлық бағдарламаларды пайдаланудың маңызы зор. Себебi, оларды қолдану кезiнде жауап таңдаудың және алдағы жасалатын қадамның дұрыстығы анықталады. Мұндай бағдарламалар студенттiң алгоритмдiк ойлау дәрежесiн арттырады. Активтi қарым-қатынастан интерактивтi қарым-қатынасқа өтудi жүзеге асыратын бағдарламалардың келесi типi – инструменталды оқу ортасы. Инструменталды оқу ортасының мысалы ретiнде В.В.Яворский мен О.П.Петкевичтiң қарастырған автоматтандырылған ақпараттық-анықтамалық оқыту жүйесiн келтiруге болады. Авторлардың пiкiрiнше, мұндай бағдарламалық жабдық қажеттi ақпаратты алу үшiн сұраныс жасайтын әртүрлi жас деңгейiндегi пайдаланушыларға арналған. Сондай-ақ, интерактивтi қарым-қатынастың жоғары сатысындағы бағдарламаларға Т.А.Яковлева имитациялық, модельдеушi, оқу-ойын түрiндегi және демонстрациялық бағдарламаларды жатқызады.
Дайындалатын мультимедиалық оқыту бағдарламаларының типi анықталғаннан кейiн оны дайындаудың кезеңдерiн және оған қойылатын талаптарды белгiлеу керек.
Мультимедиалық оқыту құралдарының бiрнеше ерекшелiктерi бар. Бiр жағынан атқаратын қызметiне байланысты оларды оқулық ретiнде сәйкестi түрде оқу кiтабына арналған принцип негiзiнде топтауға болады. Екiншi жағынан алғанда олар электрондық басылымдарға жатады, және оған электрондық басылымдарды топтау принциптерi қолданылуы мүмкiн. Үшiншi жағынан жасалу технологиясына байланысты олар бағдарламалық жабдық болып табылады, және оған жалпы Қазақстандық өнiм классификаторын қолдануға болады. Сондықтан да оқыту қызметiндегi мультимедиалық оқулықтарды топтауда аталған барлық ерекшелiктер қарастырылуы қажет.
Оқыту мақсатындағы мультимедиалық оқыту бағдарламаларын мынадай ерекшелiктерiне сәйкес жiктеуге болады:
-мультимедиалық оқулықтың оқыту процесiндегi алатын орны мен маңызына сәйкес қызметтiк ерекшелiк;
-құрылымдық ерекшелiк;
-ақпараттың жинақталу ерекшелiгi;
-оқу материалының ұсынылу формасына байланысты ерекшелiк;
-белгiлi бiр мақсатқа арналып жасалу ерекшелiгi;
-баспалық эквивалентiне байланысты ерекшелiк;
-ақпараттың табиғатына байланысты ерекшелiк;
-электрондық өнім мен пайдаланушының арасындағы қарым-қатынасқа байланысты ерекшелiк;
-ақпараттың таралу технологиясына байланысты ерекшелiк.
Мультимедиалық оқыту бағдарламасының оқыту процесiндегi алатын орны мен маңызына сәйкес қызметтiк ерекшелiгiне мыналарды жатқызуға болады:
1) Бағдарламалық-әдiстемелiк (жұмыс жоспарлары, жұмыс бағдарламалары);
2) Оқу-әдiстемелiк (әдiстемелiк нұсқаулар, оқу пәнiне сәйкес материалдар, курстық, дипломдық жұмыстарды орындауға арналған нұсқаулар);
3) Оқытушылық (оқулықтар, лекциялар, конспектiлер);
4) Қосымша (практикумдар, жаттығу жинақтары).
Мультимедиалық оқыту бағдарламалары құрылымы бойынша былай жiктелуi мүмкiн:
1) Бiр томды мультимедиалық басылым - бiр ғана ақпарат тасымалдағышта шығарылған мультимедиалық басылым.
2) Көп томды мультимедиалық басылым – екi не онан да көп бөлiмдерден тұратын, әрқайсысы бөлек ақпарат тасымалдағышта жазылған, құрылымы бiрдей мультимедиалық басылым.
3) Мультимедиалық серия – мақсаты, тақырыбы, мазмұны, өрнектелуi жағынан бiрдей сериялық мультимедиалық басылымдар.
Мультимедиалық оқыту бағдарламасының бөлiмдерiн ажыратудың үш деңгейiн белгiлеуге болады: толықтай бiр пәнге қатысты, оның тарауларына қатысты, бiр ғана сабаққа қатысты. Кез келген деңгейдегi мультимедиалық оқыту бағдарламасын дайындау бiрнеше кезеңдерден тұрады:
-Қажетті деңгейде мультимедиалық оқыту бағдарламасын құрудың мәселелерiн қоя бiлу, оқытудың дидактикалық мақсатын, оқушылардың меңгеруге тиiстi бiлiмдерiн, дағдыларын айқындау.
-Мультимедиалық оқыту бағдарламасы үшiн оқу материалын таңдау және талдау.
-Оқыту әдiсiн таңдау.
-Оқу материалын құрылымдау.
-Эксперименттiк тексеру және оны түзету.
-Мультимедиалық оқулықты оқыту процесiне енгiзу.
Мультимедиалық оқулық дайындау мұғалiмдердi, әдiскерлердi, бағдарламашыларды ғана емес, сонымен қатар, психологтарды, дизайнерлердi қажет ететiн өте күрделi процесс. Осыған байланысты мультимедиалық оқыту бағдарламасын дайындау бiрнеше талаптарды бiрiктiредi. Олар:
-педагогикалық (дидактикалық, әдiстемелiк т.б.);
-арнайы;
-эргономикалық;
-эстетикалық;
-бағдарламалы-техникалық;
-бiлiм беру деңгейi бойынша.
Педагогикалық талаптарды қарастырайық.
Бiрiншiден, мультимедиалық оқыту бағдарламасы мазмұны ғылыми мазмұнды болуы керек. Бұл жағдайда оқытылатын объектiлердi, құбылыстар мен процестердi шындық және виртуалды тұрғыдан модельдеу, имитациялау студенттiң, оқушының құбылыстар мен процестердiң заңдылығын өзi ашқандай сезiнуiне әсер етiп, олардың эксперименттiк-iзденушiлiк әрекеттерiн қалыптастырады. Сонымен қатар, эксперимент студенттердi, оқушыларды ғылыми-зерттеу әдiстерiне жақындата түседi.
Екiншiден, мультимедиалық оқыту бағдарламасын кез келген адамның пайдалану мүмкiндiгi болуы керек. Бұл жағдайда ұсынылатын оқу материалы, оқу-iс әрекетiн ұйымдастырудың формалары мен әдiстерi студенттер мен оқушылардың дайындық деңгейiне және жас ерекшелiгiне сәйкес болуы керек.
Үшiншiден, ұсынылған оқу материалын меңгеру қарапайымдылығы жоғары болуы керек.
Педагогикалық талаптарды әрi қарай дидактикалық және әдiстемелiк талаптарға жiктеп қарастырып көрейiк.
Дидактикалық талаптар:
-белгiлi бiр пәнге байланысты дайындалған мультимедиалық оқулықтың сол пәннiң типтiк бағдарламасына сәйкес болуы;
-оқу материалы тек берiлетiн бiлiмдi ғана емес, сол бiлiм қаралатын ғылыми саланың перспективалары мен даму тенденцияларын қамтуы керек, және жаңа теориялық, практикалық мәлiметтермен толықтырылып тұруы керек. Бiрақ, мультимедиалық оқыту бағдарламасы кәдiмгi оқулықтар мазмұнын қайталамауы керек, яғни, тақырыпқа қатысты ақпарат нақты әрi қысқа берiлуi тиiс;
-оқу курсында оқытылатын процестер мен құбылыстар, объектiлер қасиеттерiн, ғылыми негiзделген фактiлер жиынтығын ұсынатын сандық, мәтiндiк, графиктiк, дыбыстық, бейнелiк т.б. ақпараттар мультимедиалық оқыту бағдарламасының негiзгi объектiсi болуы керек.
-мультимедиалық оқыту бағдарламасының интерфейс құрылымы көрнекi, түсiнiктi болуы керек;
-мультимедиалық оқыту бағдарламасындағы имитациялық, компьютерлiк модельдер оқытылатын құбылыстар мен процестердiң параметрiн, сандық мәндерiн өзгерту мүмкiндiктерiмен жабдықталуы керек.
-берiлетiн мәлiмет мазмұны мен формасына байланысты топқа бөлiнiп, бiр-бiрiмен логикалық байланыста болатындай түсiнiктi түрде берiлуi керек; лекция мазмұнын қамтитын негiзгi; зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекшi; қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тiзiмдерi бөлiмдерi қамтылуы керек;
компьютерлік желідегі ең жағымды әлеуметтік қосымшалардың бірі онлайн-бейнеконференция болып табылады. Арнайы бағдарламалар немесе веб-интерфейстер арқылы адамдар желілік құрылғылардан бейне және аудио жиналыстарды орнатып, оған қосыла алады.
Видеоконференция термині нақты уақыт режиміндегі бейне арналары немесе ортақ пайдаланылатын немесе жұмыс үстеліндегі экрандар (мысалы, PowerPoint көрсетілімдері) ортақ пайдаланылатын жиналыстарға сілтеме жасайды.
Бейне конференциялар қалай жұмыс істейді
Бейне конференциялар жоспарланған жиналыстар немесе арнайы уақыттағы қоңыраулар болуы мүмкін. Интернет-бейнеконференциялық жүйе адамдарға тіркелу және жиналыс байланыстарын ұйымдастыру үшін онлайн-шоттарды пайдаланады. Іскерлік желілердегі бейне конференциялар қосымшалары әр адамның онлайндық сәйкестігін орнататын және бір-бірін аты бойынша табуға болатын желілік каталог қызметтеріне қосылады.
Көптеген бейне конференцияға арналған қосымшалар адамның аты-жөні немесе негізгі IP-мекен-жайы бойынша қоңырау шалу мүмкіндігін береді. Кейбір қолданбалар экрандағы хабарды жиналыс шақыруымен ашады. WebEx секілді онлайн-конференциялар сеанс идентификаторларын жасайды және шақырылған қатысушыларға URL-мекен-жай жібереді.
11. Сурет, графика өнімдерін дайындау бағдарламалары.
графика өнімдерін дайындау бағдарламалары.
Мультимедиалық ресурстарға арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегімен дайындалған мультимедиалық қарапайым өнімдер (мәтін, сурет, анимация т.б.) мен мультимедиалық оқыту бағдарламаларын жатқызуға
болады.
Оқыту процесінде дидактикалық құралдар ретінде қолданылатын мультимедиалық ресурстарды жасау және пайдалану үшін оқытушыдан алдымен сапалы мультимедиалық өнім дайындаудың технологиясын білуі, сондай-ақ, аппараттық және бағдарламалық құралдарымен (оларды инструменталдық құралдар деп те атайды) жұмыс жасай алуы талап етіледі.
Мультимедиалық ресурстарды жасау үшiн қолданылатын инструменталдық құралдар арнайы (авторлық орта) және әмбебап (бағдарламалау жүйелерi) болып бөлiнедi. Бiрiншi түрде электрондық материалдар автоматты түрде авторлық орта негiзiнде, ал, екiншi түрде бағдарламалау тiлдерiн пайдалану негiзiнде жасалынады. Visual Basic немесе Delphi т.б. визуалды жобалау жүйелерiнiң пайда болуына байланысты бұл екi түрдiң арасындағы айырмашылық азаюда.
Сурет, графика өнімдерін дайындау бағдарламалары.
Adobe Photoshop – сандық кескіндермен, растрлық графикамен жұмыс жасауға арналған. Бұл бағдарлама кескіндерді әртүрлі жағдайда әсерлеу, безендіру жұмыстарын орындайды. Растрлық графика файлдары GIF және JPEG форматында сақталады. Бұл форматтағы кескіндер боялған нүктелер мен пиксельдердің дискретті тізбегінен құралады. Кескін көлемін үлкейту кезінде пиксельдер анық байқалады.
Анимация жасау бағдарламасы.
Macromedia Flash анимациялық өнімдер жасауға арналған. Бұл бағдарлама пайдаланушыға растрлық графикамен қатар векторлық графиканы да пайдалануға мүмкіндік береді. Векторлық графикада кескінді ұсыну кезінде геометриялық формулалар пайдаланылады. Сондықтан да векторлық графиканың растрлық графикаға қарағанда көлемі аз болады, тез өңделеді.
Қазіргі кезде бұл бағдарламаның жетілдірілген түрі Flash MX бағдарламасы интерактивті векторлық анимация жасауды іске асырады.
Дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеу бағдарламалары.
Sound Recorder – дыбыстық файлдарды өңдеуге арналған Windows операциялық жүйесінің қосымша бағдарламасы. Бұл бағдарлама дыбыстық файлды құру, ашу, өңдеу (дыбыстық файлды үзінділерге бөлу, қиып алу, оны басқа дыбыстық файлмен біріктіру, дыбысты беру жылдамдығын өзгерту, дыбыстық файлды қандай да бір эффектімен толықтыру т.б.) сақтау жұмыстарын орындайды.
Dragon Naturally Speaking Sound Record - Dragon Naturally Speaking лингвистикалық тіл үйрету бағдарламасының қосымшасы. Мұнда дыбыстық файлды іске қосу, тоқтату, дыбыстық жазба жұмысын жүргізу функциялары орындалады.
Бейнеақпаратпен жұмыс жасау бағдарламалары.
IuVCR бағдарламасы - Microsoft DirectShow технологиясының базасында құрылған. Ол бейнемәліметтерді AVI және WMV типті форматта жазып алуды жүзеге асырады. TV-тюнермен немесе бейнеграббер тақшасымен жабдықталған компьютерді іuVCR бағдарламасының көмегімен сандық бейнемагнитофонның атқаратын жұмысын қоса орындау үшін пайдалануға болады. Бағдарлама сонымен қатар, компьютерді теледидарлық каналдарға бейімдеуді жеңілдетеді.
Canon Home Edition Video – бейнемәліметтерді өңдеу, клиптерді импорттау, дыбыстық ақпаратты бейнеақпаратқа кірістіру, нәтижені түрлі бейнеформатта сақтау жұмысын атқарады.
Adobe Photoshop – сандық кескіндермен, растрлық графикамен жұмыс жасауға арналған. Бұл бағдарлама кескіндерді әртүрлі жағдайда әсерлеу, безендіру жұмыстарын орындайды. Растрлық графика файлдары GIF және JPEG форматында сақталады. Бұл форматтағы кескіндер боялған нүктелер мен пиксельдердің дискретті тізбегінен құралады. Кескін көлемін үлкейту кезінде пиксельдер анық байқалады.
12. Анимация жасау бағдарламасы.
Анимация жасау бағдарламасы.
Macromedia Flash анимациялық өнімдер жасауға арналған. Бұл бағдарлама пайдаланушыға растрлық графикамен қатар векторлық графиканы да пайдалануға мүмкіндік береді. Векторлық графикада кескінді ұсыну кезінде геометриялық формулалар пайдаланылады. Сондықтан да векторлық графиканың растрлық графикаға қарағанда көлемі аз болады, тез өңделеді.
Қазіргі кезде бұл бағдарламаның жетілдірілген түрі Flash MX бағдарламасы интерактивті векторлық анимация жасауды іске асырады.
Дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеу бағдарламалары.
Sound Recorder – дыбыстық файлдарды өңдеуге арналған Windows операциялық жүйесінің қосымша бағдарламасы. Бұл бағдарлама дыбыстық файлды құру, ашу, өңдеу (дыбыстық файлды үзінділерге бөлу, қиып алу, оны басқа дыбыстық файлмен біріктіру, дыбысты беру жылдамдығын өзгерту, дыбыстық файлды қандай да бір эффектімен толықтыру т.б.) сақтау жұмыстарын орындайды.
Dragon Naturally Speaking Sound Record - Dragon Naturally Speaking лингвистикалық тіл үйрету бағдарламасының қосымшасы. Мұнда дыбыстық файлды іске қосу, тоқтату, дыбыстық жазба жұмысын жүргізу функциялары орындалады.
Бейнеақпаратпен жұмыс жасау бағдарламалары.
IuVCR бағдарламасы - Microsoft DirectShow технологиясының базасында құрылған. Ол бейнемәліметтерді AVI және WMV типті форматта жазып алуды жүзеге асырады. TV-тюнермен немесе бейнеграббер тақшасымен жабдықталған компьютерді іuVCR бағдарламасының көмегімен сандық бейнемагнитофонның атқаратын жұмысын қоса орындау үшін пайдалануға болады. Бағдарлама сонымен қатар, компьютерді теледидарлық каналдарға бейімдеуді жеңілдетеді.
Canon Home Edition Video – бейнемәліметтерді өңдеу, клиптерді импорттау, дыбыстық ақпаратты бейнеақпаратқа кірістіру, нәтижені түрлі бейнеформатта сақтау жұмысын атқарады.
Adobe Premiere - бейнемәлімет өңдеу, бірнеше бейнеүзінділерден жаңадан бейнефильм құрастыру және мультимедиа, презентацияларға бейнероликтер дайындау үшін қолданылады. Adobe Premiere 6.0 нұсқасында RealNetworksRealMedia, Microsoft WindowsMedia, Apple QuickTime web-форматтары көмегімен сандық бейнемәліметтерді Интернетке шығару мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, бұл бағдарлама Adobe компаниясының After Effects, Photoshop, GoLive секілді бағдарламаларымен байланыста жұмыс атқара алады.
Мультимедиалық оқыту бағдарламаларын дайындау үшін көп жағдайда әртүрлі HTML- редакторлар қолданылады.
HTML (Hyper Text Markup Languge) тілі мәтін, сурет, музыка, бейнемәлімет, анимация секілді ақпарат түрлерін гиперсілтеме негізінде байланыстыру үшін қолданылады. HTML-редактордың жетілдірілген MS Front Page, Macromedia Dreamweaver секілді нұсқалары бар.
Front Page редакторы MS Office бағдарламалық жабдығының құрамына кіреді. Бұл редактордың негізгі кемшілігі – шектен тыс, өте көп кодтармен жұмыс істейді.
Ал, Macromedia Dreamweaver бағдарламасы негізгі кодтарды ғана генерациялайды. Мұнда бағдарламаның визуалды мүмкіндігінің көмегімен HTML кодтарды жазбай-ақ, жобаның дизайнын тез құруға, өзгертуге болады. Dreamweaver визуалды редакторларға жататындықтан, жұмыс нәтижесін экраннан бірден көріп отыруға болады. Бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі дайындалған мультимедиалық оқыту бағдарламасын тікелей Интернет желісіне шығаруға мүмкіндік береді.
13. Компьютерлiк желiлерде теле және бейне конференциялар ұйымдастыру
. омпьютерлік желідегі ең жағымды әлеуметтік қосымшалардың бірі онлайн-бейнеконференция болып табылады. Арнайы бағдарламалар немесе веб-интерфейстер арқылы адамдар желілік құрылғылардан бейне және аудио жиналыстарды орнатып, оған қосыла алады.
Видеоконференция термині нақты уақыт режиміндегі бейне арналары немесе ортақ пайдаланылатын немесе жұмыс үстеліндегі экрандар (мысалы, PowerPoint көрсетілімдері) ортақ пайдаланылатын жиналыстарға сілтеме жасайды.
Бейне конференциялар қалай жұмыс істейді
Бейне конференциялар жоспарланған жиналыстар немесе арнайы уақыттағы қоңыраулар болуы мүмкін. Интернет-бейнеконференциялық жүйе адамдарға тіркелу және жиналыс байланыстарын ұйымдастыру үшін онлайн-шоттарды пайдаланады. Іскерлік желілердегі бейне конференциялар қосымшалары әр адамның онлайндық сәйкестігін орнататын және бір-бірін аты бойынша табуға болатын желілік каталог қызметтеріне қосылады.
Көптеген бейне конференцияға арналған қосымшалар адамның аты-жөні немесе негізгі IP-мекен-жайы бойынша қоңырау шалу мүмкіндігін береді. Кейбір қолданбалар экрандағы хабарды жиналыс шақыруымен ашады. WebEx секілді онлайн-конференциялар сеанс идентификаторларын жасайды және шақырылған қатысушыларға URL-мекен-жай жібереді.
14. Ақпарат және оның түрлері.
Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың ,жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.
Ақпарат түрлері. Хабар таратқыштан қабылдағышқа жеткізілуі үшін ақпарат тасушы қажет. Тасушы көмегімен берілетін хабар сигнал деп аталады. Сигнал – уақыт ішінде өзгеретін физикалық үрдіс (мысалы, тізбекте жүретін электр тогы, жарықтың таралу үрдісі). Ақпарат физикалық үрдістің, яғни сигналдың бір немесе бірнеше параметрлерінің мәнімен беріледі.
Егер сигнал параметрі берілген аралықта кез келген аралық мән қабылдай алатын болса (уақытқа байланысты үздіксіз функциямен анықталса), онда сигнал үздіксіз ал мұндай сигналмен анықталған хабар да үздіксіз деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат үздіксіз түріне ие болады.
Егер сигнал параметрі берілген аралықта жеке бекітілген мәндерді қабылдаса, онда сигнал дискретті, ал мұндай сигналмен анықталған хабар да дискретті деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат дискретті түріне ие болады. Сонымен біз ақпарат берілуінің екі негізгі түрін (пішімін) - үздіксіз және дискретті ақпараттыанықтадық.
Кез келген үздіксіз хабарды үздіксіз функция түрінде бейнелеуге болады. Үздіксіз хабарды дискреттеу үрдісінің көмегімен дискретті түріне көшіруге болады. Дискреттеудегеніміз – функцияның (сигнал параметрінің) шексіз көп мәндері жиынынан барлық қалғандарын жуық мінездей алатын белгілі бір мәндерін таңдап алу.
15. Ақпараттық технологиялар курсына оқытудың технологиясы. Ақпараттың формасы мен қасиеттері.
Ақпараттық жүйелерді құру технологиясы- бұл болашақ, қызметтерге төлемді терминал арқылы жүргізуге ешкімді таң қалдыра алмайды, дегенмен бірнеше жыл бұрын бұған қол жеткізу мүмкін емес еді. Енді бірнеше мектептерде электрондық журналдар бар, ата-аналар кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен қарауға мүмкіндіктері бар, жоғарыда сипаталған бағдарламалар арқасында, мектеп сабақтары бойынша электронды оқыту құрылғыларын құру
16. Ақпарат көздері.
Ақпарат көздері – айналамызда, бүкіл әлемде күнделікті болып жатқан оқиғалар, көріністер, нақты деректер. . Сондай-ақ журналистің жазған материалына, дайындаған бағдарламасына арқау еткен дәйегінің түпнегізі.
17. Ақпараттарды тасымалдау схемасы. Ақпараттың әртүрлі көлемін адам көру мүшелері арқылы жақсы анықтап зерттейді. Былай қарағанда адамға кішкентай кезінде-ақ суреті бар кітаптар ұнаған.
Ақпараттың үлкен көлемін басқадай зерттеу мүмкін емес. Мысалы мемлекет бюджеті туралы үлкен таблицаны алайық. Оны оқығанша диаграммасын қарай салған жөн деп санаймын, осы диаграмма арқылы ол адам есінде қалуы мүмкін. Сондықтан кез-келген мамандар арасында графикалық мәліметтер қолдану көлемі ұлғаюда. Бұл ізденіс жұмыста компьютердің графикалық құрылысы туралы қысқаша мәліметтер беріледі. Өйткені қазіргі уақытта графикалық құрастыру өте қарқынды дамуда және қазіргі кезде программалық құралдар нарығы графикалық суреттер арқылы жұмыста автоматизациялауды қолданып белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге болады
Адамның графикалық суреттерді дыбыстан гөрі жақсы қабылдайды деуге болады, сонда графикалық ақпараттар адам сезіміне басқаларына қарағанда тез жіберіледі. Бұның себебі адамның психологиялық қасиеттерінде жатыр. Адам суреттерді қарастырғанда оны басқа нәрсемен салыстырып ойына керек ақпараттар тез оралады. Және де графикадан пайда болатын адамның сезімдері басқа себепкерлерге қарағанда көп болады. Графикалық программалар, редакторлар, пакеттер компьютерлік технологияның, сонымен қатар экономиканың дамуына жағымды әсер етеді. Сондықтан бұл программалардың өмірдегі маңыздылығы бар деп есептеймін. Қазіргі таңда Corel Draw редакторынң 12-ші бөлімі шыққан
18. Адам өміріндегі ақпараттың мағынасы.
Ақпараттық жүйелерді құру технологиясы- бұл болашақ, қызметтерге төлемді терминал арқылы жүргізуге ешкімді таң қалдыра алмайды, дегенмен бірнеше жыл бұрын бұған қол жеткізу мүмкін емес еді. Енді бірнеше мектептерде электрондық журналдар бар, ата-аналар кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен қарауға мүмкіндіктері бар, жоғарыда сипаталған бағдарламалар арқасында, мектеп сабақтары бойынша электронды оқыту құрылғыларын құру, әр түрлі себептермен мектепке бара алмайтын оқушыларға қажет және автор осындай жүйелерді құруға қызығушылық танытқан тұлғаларға көмектесуге дайын. Ақпараттық жүйелерді қолдану адамның қиялы қаншаға жетсе соншалықты ауқымды.
19. Ақпаратты тасушылардың міндеті.
Ақпарат түрлерін жіктеудің бірнеше критерийлері бар. Бірінші критерий ретінде көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу сияқты адамның ақпаратты қабылдау түрлерін атауға болады. Қабылдау түрлеріне байланысты ақпаратты негізгі үш топқа бөлеміз:
1. Мәтін, кескін, графика, сурет, фотосурет, анимация, бейнефильм секілді көру арқылы қабылданатын ақпараттар. Мұны визуалды ақпарат деп атайды.
2. Дыбыс, сөз, әуен сияқты есту арқылы қабылданатын ақпараттар. Мұны дыбыстық ақпарат деп атайды.
3. Арнайы техникалық құралдар көмегімен адамның сенсорлық жүйесі арқылы қабылданатын ақпараттар. Мұны сенсорлық ақпарат деп атайды.
Бұл келтірілген ақпарат түрлері басқа критерийлер бойынша да жіктеледі. Соның бірі – адамның ақпаратты қабылдау әдісіне байланысты. Сондықтан да адам қабылдайтын ақпаратты тура және ассоциативті ақпарат деп бөлеміз.
Қандай да бір объектінің немесе процестің негізгі қасиетін сипаттайтын ақпаратты тура ақпарат деп атайды. Мысалы, судың мөлдірлігі, түссіздігі және сұйықтығы.
Адамның бір тақырып төңірегіндегі бұрын қабылдаған ақпараты мен жаңа ақпаратты салыстыру, елестету арқылы қабылдауын ассоциативті ақпарат деп атаймыз. Мысал ретінде, жоғарыда келтірілген судың негізгі сипаттамалары арқылы оған қосымша сипаттама беретін ақпаратты келтіруге болады.
20. Ақпаратты ұсыну тәсілдері.
Ақпарат түрлерін жіктеудің бірнеше критерийлері бар. Бірінші критерий ретінде көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу сияқты адамның ақпаратты қабылдау түрлерін атауға болады. Қабылдау түрлеріне байланысты ақпаратты негізгі үш топқа бөлеміз:
1. Мәтін, кескін, графика, сурет, фотосурет, анимация, бейнефильм секілді көру арқылы қабылданатын ақпараттар. Мұны визуалды ақпарат деп атайды.
2. Дыбыс, сөз, әуен сияқты есту арқылы қабылданатын ақпараттар. Мұны дыбыстық ақпарат деп атайды.
3. Арнайы техникалық құралдар көмегімен адамның сенсорлық жүйесі арқылы қабылданатын ақпараттар. Мұны сенсорлық ақпарат деп атайды.
Бұл келтірілген ақпарат түрлері басқа критерийлер бойынша да жіктеледі. Соның бірі – адамның ақпаратты қабылдау әдісіне байланысты. Сондықтан да адам қабылдайтын ақпаратты тура және ассоциативті ақпарат деп бөлеміз.
Қандай да бір объектінің немесе процестің негізгі қасиетін сипаттайтын ақпаратты тура ақпарат деп атайды. Мысалы, судың мөлдірлігі, түссіздігі және сұйықтығы.
Адамның бір тақырып төңірегіндегі бұрын қабылдаған ақпараты мен жаңа ақпаратты салыстыру, елестету арқылы қабылдауын ассоциативті ақпарат деп атаймыз. Мысал ретінде, жоғарыда келтірілген судың негізгі сипаттамалары арқылы оған қосымша сипаттама беретін ақпаратты келтіруге болады.
21. Іздеу, сақтау, ақпаратты беруді өңдеу технологиясы.
Ақпаратты сақтау мен іздестіру (Хранение и поиск информации; information storage and retrieval). Ақпаратты сақтау дегеніміз — келешекте пайдалану үшін ақпаратты қосалқы сақтауыш құрылғыға — магниттік таспаға немесе магниттік дискіге жазып алу. Сақтау — ақпаратпен жүзеге асырылатын негізгі операциялардьщ бірі жене уақыт аралығы өткеннен кейін оның қайта пайдаланылуын қамтамасыз ететін негізгі тәсіл. Ақпаратты іздестіру дегеніміз — сақталған ақпаратты алу және онымен жүзеге асырылатын негізгі операциялардьщ бірі. Кітапханалық істе «ақпаратты іздестіру» атауы біртектес болғанымен, мәні тұрғысынан мәтіндерді іздеу әдісіне (мысалы, кілттік сөз және индекстердің көмегімен) жатады немесе кейбір тақырып бойынша жұмыс жасауға сілтеме болып шығады. Бұл жағдайда ақпарат машинамен оқылатын тасуышта сақталады және компьютер көмегімен оқылады. «Ақпаратты сақтау мен іздестіру» атауы тек ақпаратты сақтау және ақпаратты іздестіру операциясы ғана емес, осы өзара байланысты операцияларды жүзеге асырудың көптеген әдістері де. Ақпаратты сақтау мен іздестіру пайдалану үшін сақтайды, ал іздестіру мүмкіндігі сол сақтау кезінде қаланады. Ақпаратты сақтау мен іздестіру информатика тарауы ретінде сақталатын ақпаратқа келешекте қатынас құруды жасақтау үшін ақпаратты белгілеудің барлық әдісін қамтиды. Бұл әдістер файлдармен және мәліметтер базасымен, мәтіндік файлдармен, графикалық мәліметтер базасымен және т.б. жұмыс істеуге қолданылады
22. Ақпараттарды өңдеуді ұйымдастыру.
Ақпаратты өңдеу әдістері
Адамның барлық Өнімді қызметі ақпаратты өңдеуге байланысты. Қоғамның даму процесі ақпаратты өңдеудің неғұрлым толық және тиімді әдістерінің қалыптасуынан ажыратылмайды. Ғылымның әрбір саласы және үлкен дәрежеде қызметтің әртүрлі салалары (білім беру, экономика, экология, өндіруші салалар, көлік, байланыс, медициналық диагностика, басқару және т.б.) осы сала жауапты ақпаратты мақсатты және тиімді өңдеуге арналған идеялар мен әдістердің жиынтығын білдіреді.
«Мақсатты және тиімді өңдеу» ұғымдарын нақтылау ақпаратты өңдеуге арналған және оны тез орындауға қабілетті әдістер мен техникалық құрылғыларды дамытудың әсерінен болды. Қазіргі уақытта ақпаратты өңдеу әдіснамасын құрайтын идеялар, принциптер және алгоритмдер бүгінгі күні Ақпаратты өңдеу технологиясында айтарлықтай серпіліс жасауға мүмкіндік берді (көрнекі мысал – Internet).
Өңдеу әдістері мен оларды іске асыру принциптері әрбір облыс үшін өзінің ерекше ерекшеліктері бар, олар ең алдымен ақпарат тасығыштың нақты түріне, кодтау әдістеріне және өңдеу нәтижелерін ұсыну тәсілдеріне негізделген. Осыған байланысты әр түрлі аймақтар үшін ақпаратты өңдеу құрылғылары жиі бір-біріне нашар көрінеді. Бірақ, осы сыртқы қолайсыз жерден өңдеу жүйелерін құрудың бірдей әдістемесі мен принциптері жасырылады, бұл біз үшін анықтаушы болып табылады және осы курста оқу пәнін құрайды.
Ақпаратты өңдеу әдістерінің негізін Есептеу математикасы, ақпарат теориясы және математикалық статистика құрайды. Математикалық статистиканың және ақпарат теориясының заманауи әдістері күрделі математикалық аппаратты қолданады, бірақ практикалық есептерден туындайтын қарапайым бастапқы ережелерге негізделеді. Курстың міндеттерінің бірі математикалық әдістердің күрделілігіне ақпаратты өңдеудің қазіргі заманғы принциптерінде қойылған мағынаны жоғалтпауы және бүгінгі таңда тәжірибеде қолданылатын шешімдерді бөліп көрсету болып табылады.
23. Ақпараттарды өндеуді атқарушы ұғымы.
Ақпаратты қайта – қайта пайдалану және оны тасымалдау үшін ақпаратты сақтаудың маңызы өте зор. Ақпаратты сақтау үшін адамдар жадыны немесе «сыртқы» тасығыштарды қолданады. Ерте заманда бұл мақсатта тастар мен папирус пайдаланылды. Қазіргі ақпарат қағаз бен электрондық тасығыштарда – дискілер мен флешкаларда сақталады. Егер ақпараттың көлемі үлкен болса, онда өзіңе керекті ақпаратты табу қиынға түседі. Бұл жағдайда ақпарат белгілі бір тәртіппен реттелуі тиіс. Реттелген ақпаратқа әртүрлі картатекаларды (кітапханалардағы, емханалардағы) жатқызуға болады. Компьютердің де ақпаратты реттеу құралдары бар. Ақпаратты бумаларға үлестіріп сақтауға, алфавит бойынша, жазылған күні бойынша және т.б. сұрыптауға болады. Ақпаратты жөнелту Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға телеграфты, телефонды, теледидарды, Интернетті және басқаларды жатқызуға болады. Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп атайды. Ақпаратты жеткізу арнасының сапасы нашар болса, онда жөнелтілетін ақпарат бұрмалануы немесе оның қайсыбір бөлігі жоғалуы мүмкін. РЕКЛАМА Ақпаратты жеткізу үдерісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады. Ақпарат көз ақпаратты жөнелтеді, ал қабылдаушы – оны қабылдайды. Мысалы, сабақты түсіндіруші мұғалім – ақпарат көзі де, оқушылар – оны қабылдаушы. Ақпаратты өңдеу Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы, есепті шығарудың өзі – бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Басқа мысал ретінде ақпаратты бейнелеу түрінің өзгеруін қарастыруға болады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару. Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады. 5. Компьютермен жұмыс. А деңгейі 1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск→ Все программы → Стандартные → WordPad батырмаларын басыңдар. 2. «Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріңдер. Үтір зақша тергенде жоғарғы қатардағы «6» батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін CapsLock пернесін басу керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басыңдар.
24. Адамның ақпаратпен жұмысында техникалық құралдардың ролі.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.
БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.
БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.
БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке тұлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің үгіт-насихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.
БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті тұсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бұқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік құрылымдарына жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.
БАҚ-тың жұмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жұмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.
25. Ақпараттармен жұмыс: іздеу, таңдау, түрлендіру, сактау, ұсыну, қолдану.
ешқандай Ақпараттануға елеулі Ақпараттану — ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ ақпаратты
жинақтау, сақтау, іздеу, қайта өңдеу, түрлендіру, таратумен және оны адам қызметінің әртүрлі саласында пайдалануға байланысты мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ақпаратты жинастыру, өңдеу және тарату мәселелері адам баласының даму тарихының барлық сатысында көкейкесті мәселелердің бірі болып келді. Жазу мен кітап басу ойлап табылғаннан кейін ақпаратты жинастыру мен таратудың жаңа технологиясы жасалды. 20 ғасырдың басында Бельгия ғалымы П.Отле ғылыми құжаттарды жинақтау, өңдеу, сақтау, іздеу мен таратудың кешенін біріктіруді ұсынды. Дегенмен, олардың ақпаратты өңдеу саласына тікелей қатысы болмады. Кейбір жеке өңдеу операцияларын механикаландыру
өзгеріс енгізе алмады. Электронды есептеу машинасының пайда болуы бұл жағдайды түбірімен өзгертті. ЭЕМ-ды жеке есептерді шығаруға пайдаланудан кешенді автоматтандыруға пайдалануға көшу жаңа, негізгі қадам болды. КСРО-да Ақпараттану дербес пән ретінде 50-жылдардың басында қалыптасты. Ал Ақпараттану Қазақстанда 1957 жылы басталды. Сол жылы Қазақстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жанынан ғылыми-технологиялық ақпарат және техника, экономика ғылыми-зерттеу институты ашылды. Ондағы зерттеулердің негізгі бағыттары:
ғылыми-технологиялық ақпарат мәселелерін зерттеу, ақпараттық қызмет көрсету әдістерін дамытып жетілдіру, автоматты түрде ақпаратты жинау, өңдеу, іздеу, сақтау, тасымалдау.191 жылы Қазақстан ҒА-ның Ақпараттану мен басқару институты ашылды. Оның лабораторияларында іргелі зерттеулер “Ақпараттың, басқарудың және ақпараттық жүйелерді жасаудың теориялық мәселелері” және Республикалық ғылыми-технологилық бағдарлама саласында “ҚР халық шаруашылығын ақпараттандыру” бағдарламалары бойынша жүргізіліп келеді. Ақпаратты іздеу осы институтта қарастырылған іргелі мәселелердің бірі болды.
Ақпаратты іздеу – құрылымдалмаған құжаттық ақпаратты іздеу процесі және оны іздеу туралы ғылым. Ақпараттық іздеу терминін 1948 жылы алғаш рет докторлық диссертациясында Кельвин Мур енгізген. Аталған термин 1950 жылдан жарияланып, қолданылып келеді. Алдымен автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесі немесе ақпараттық-іздеу жүйесі ғылыми әдебиетте ақпараттық төңкерісті басқару үшін қолданылды. Бірқатар университеттер және кітапханалар ақпараттық іздеу жүйесін кітапты, журналды және басқа құжаттарды алды қаматамасыз ету үшін пайдаланды. Ақпараттық іздеу жүйесінің кеңінен таралуы Интернет желісінің пайда болуымен тығыз
байланысты болды. Орыс тілді пайдаланушыларда Google, Яндекс және Рамблер іздеу жүйелері пайдаланылады.Ақпаратты іздеу процес ретінде. Ақпаратты іздеу ретінде құжаттар жиынында (мәтінінде) барлық көрсетілген тақырыпқа арналған, алдын-ала қойылған шартты қанағаттандыратын және қажетті фактілерді, мәліметтерді қамтитын процесс түсіндіріледі. Іздеу процесі жеке тұлғаға қажетті ақпараттарды өңдеу мен беру, жинақтау мен операциялар тізбегін қамтиды. Жалпы жағдайда ақпаратты іздеу төрт кезеңнен тұрады:
-ақпараттық қажеттілікті анықтау және ақпараттық сұранысты қалыптастыру;
-мүмкін болатын ақпараттық массивтер жиынтығын анықтау;
-ерекшеленген ақпараттық массивтерден ақпаратты іріктеу;
-алынған ақпаратпен танысу және іздеу нәтижесін бағалау.
Ақпаратты іздеу түрлері. Ақпаратты іздеу түрлері бірнешеге бөлінеді. Атап айтқанда, толық мәтіндік іздеу, метаберілгендер бойынша іздеу, суреттерді іздеу және т.б. Оларға жеке-жеке тоқталайық.
Толық мәтіндік іздеу – құжаттың барлық құрамынан іздеу. Мысалы, толық мәтіндік іздеу – кез келген интернет-іздеуші, мысалы www.yandex.ru, www.google.com. Алдымен толықмәтіндік ізденіс іздеуді тездету үшін алдын-ала құрылымдалған индекстерді пайдаланады. Толықмәтіндік іздеу индекстері үшін кеңінен таралған технология инвертирленген индекстер болып табылады.
Метаберілгендер бойында іздеу – бұл жүйе қолдайтын құжаттың қандай да бір атрибуты бойынша ізденіс, құжаттың атауы, жасалу күні, өлшемі, авторы және т.б. Мысалы реквизит бойынша іздеу – файлдық жүйеде іздеу диалогы (мысалы MS Windows). Суреттерді іздеу – суреттің мазмұны бойынша іздеу. Іздеу жүйесі фотографияның мазмұнын таниды (пайдаланушымен енгізлген және URL бейнесі қосылған). Іздеу нәтижесінде пайдаланушы оған ұқсас суреттер алады. Осылай Polar Rose, Picollator және т.б. іздеу жүйелері жұмыс істейді
Ақпаратты іздеу әдістері қолданылуына қарай бірнешеге бөлінеді. Атап айтқанда:адрестік іздеу, семантикалық іздеу, құжаттық іздеу, фактографиялық іздеу.
Адрестік іздеу - сұраныста көрсетілген нақты белгілері бойынша құжаттарды іздеу процесі. Оны жүзеге асыру үшін, келесі шарттар қажет:
-құжаттың нақты адресінің болуы;
-есте сақтау құрылғысында немесе жүйенің сақтау орнында құжаттардың орналасу
ретін қамтамасыз ету.
Құжаттардың адрестері веб-серверлердің және веб-беттер және библиграфиялық жазбалар элементтерінің адресі және сақтау орнында құжаттарды сақтау адрестері болуы мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |