1
Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы
Әдістеме – библиография бөлімі
«Ерлік толы даламыз, батыр біздің
бабамыз»
/батыр Аманкелді Имановтың туғанына 145 жыл/
Библиографиялық көрсеткіш
Арқалық - 2018
2
Құрастырушыдан
«Ерлік
толы даламыз, батыр біздің бабамыз» атты библиографиялық
көрсеткіш даңқты батыр, 1916 жылғы Торғайдағы
кедейлер көтерілісінің
басшысы жалынды большевик, азамат соғысының қаһарманы Аманкелді
Имановтың туғанына 145 жылдығына орай
шығарылып оқырман назарына
ұсынылып отыр.
Аманкелді Имановтың есімі ержүректіліктің, қайтпас қайсарлықтың,
революция ісіне қалтықсыз берілгендіктің үлгісі ретінде Кеңес Одағының
каһармандық шежіресіне мәңгі енді. Ол қалың
бұқара ортасынан шыққан
коммунист-революционер, өз Отанын, халқын жан-тәнімен сүйген патриот.
Қазақ халқының батыр ұлы Аманкелді өзінің бүкіл саналы да ерлікке толы
өмірін большевиктер партиясының ісіне арнады. Ол қарапайым шаруалар
арасынан шығып, саналы күрескер дәрежесіне көтерілді.
Оның атын
шығарған жеке басының қасиеттерінің арасында қажыр-қайратқа толы
батырлығы, шындық пен әділдік сүйгіштігі, халық ісіне ақырына дейін
берілгендігі оны басқалардан даралап, ерекшелеп тұрды.
Халық батыры Аманкелді Иманов бейнесі жыл өткен сайын әр қырынан
ашылып, толығып келеді. Елін сүйген, халықтың
қамын жеген ардагердің
бүкіл өмір жолы бүгінгі ұрпаққа патриоттық, отаншылдық тәрбие берудің
өшпес өнегесі. Батыр өмірінің үлгілі өнегесі соңғы ұрпақ санасында да берік
қалыптасып, жалғаса бермек.
Библиографиялық көрсеткіш «Азаттық үшін алысқан ер», «Азаттық
туын
көтерген, халықтың ұлы – қас батыр!» атты бөлімдерден тұрады.
Сонымен қатар мерзімді басылым беттерінде жарияланған батыр туралы
естеліктер мен толғаулар, өлеңдер берілген. Аманкелді Имановтың өмірі мен
қызметінің қысқаша хроникасы жазылған. Халық батыры туралы жазылған
әдебиеттер және мерзімді басылымдарда жарияланған
мақалалар тізімі
әліпбилік ретпен орналасқан.
Библиографиялық
көрсеткіш
тарихшыларға,
ғылыми
қызметкерлерге, оқытушылар мен студенттерге ел тарихын білгісі
келетін барша оқырман қауымға арналған.