6В02303 Шетел филологиясы



Дата19.04.2022
өлшемі15,48 Kb.
#31559

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ

аударма және филология факультеті

"6В02303 Шетел филологиясы"

мамандығының 2 курс

студент-практиканты

ТемиралиеваАқерке Қайратқызы

Мінездеме

Темиралиева Ақерке Қайратқызы – МКҚК Алматы мемлекттік бизнес колледжінде 28.03.2022 – 16.04.2022жж. аралығында практикадан өтті. Бірінші күннен бастап – ақ өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен көзге түсті. Алғашқы күні Ақеркені 1 курс студенттермен және колледждегі ұстаздармен танысты. Ол іс-тәжірибе барысында курс сағаттарын өтіп, келмей қалған студенттердің келмеген себептерін анықтап, кешігіп келетін студенттермен жұмыс істеп, оқу құралдарын тексеріп, бақылап отырды. Ақеркенің өзі де студенттерге жақсы үлгі бола білді.

Ақерке 2022 жылдың 15 сәуірінде «Human rights» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Оған студенттер белсене қатысып, өздерінің өнерлерін көрсетті. Тәрбие сағатын тамашалауға қатысқан мұғалімдер студенттердің белсенділігін және Ақеркенің шеберлігін атап өтіп, оған оң баға берді.Ұйымдастырушылық қабілеті бар,берілген тапсырмаларды тиянақты әрі дәл уақытымен орындай білді. Ақеркенің дайындаған мәліметтері мен тапсырмалары көпшіліктің көңілінен шықты.

Ақерке курс жетекшілік міндетін жақсы атқаруға ат салысты.Курс студенттерімен жақсы қарым-қатынаста болып, олармен жақсы тіл табыса алды.Курс студенттері келешекте Ақерке жақсы маман болатынына сенімді екендерін айтты.

Преподаватель: Абдирова Д.У.

Руководитель от базы практики: Дүйсенбаева У.К.



МКҚК Алматы мемлекттік бизнес колледжінің директоры: Самаликова Г.А



2022

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет