Жалпы қан анализі



Дата20.12.2023
өлшемі6,7 Mb.
#141806

Жалпы қан анализі

Орындаған: Мырзатай Мырзақасым

Тобы: 2ЛД 2(11)

Қабылдаған: Омарова Р.О.

Жоспар

Эритроциттер

Лейкоциттер

Моноциттер

Базофилдер

Гемоглобин. Ер адамдарда 130-160 г/л, әйелдерде 120-140 г/л Гемоглобин (Нb) -бұл оттегі тасымалдауға қабілеті бар, темір атомы бар белок (ақуыз). Гемоглобин эритроциттерде болады. Гемоглобин өлшем бірлігі грамм/литр. Гемоглобин деңгейі қалыпты болу ағза үшін маңызды, себебі гемоглобин жетіспеу кезінде ағзада оттегі жетіспеушілігі байқалады. Гемоглобин жоғарылау себебі: 1.Сусыздану (су ішудің азаюы, шөлдеу, бүйрек жұмысының бұзылуы, қант диабеті, көп мөлшерде құсу және іш өту, зәр айдағыш заттарды пайдалану); 2.Жүректің немесе өкпенің туа пайда болған ақауы; 3.Жүрек немесе өкпе жетіспеушілігі; 4.Бүйрек аурулары (бүйрек артериясының стенозы, қатерсіз ісіктер) 5.Қан түзу ағзаларының аурулары (эритемия);

Гемоглобин төмен болу себептері:

Анемия

Лейкоз

Қан жүйесінің туа пайда болған аурулары

Темір, дәрумен жетіспеу

Қан жоғалту

Эритроциттер- қанның қызыл түйіршіктері. Бұл қанның ең көп жасушалары. Негізгі қызметі оттегін тасымалдау, оны ағза тіндеріне жеткізу. Эритроциттер ішінде көп мөлшерде гемоглобин болады.

  • Эритроциттер төмендеу себебі: Эритроциттер санының төмендеуі анемия деп аталады. Себептері:
  • Дұрыс тамақтанбау
  • Қан жоғалту
  • Лейкоздар
  • Гемолиз (токсикалық заттардың немесе аутоиммунды процесс арқасында қан жасушалардың өлуі)
  • Эритроциттер санының жоғарылау себебі:
  • Ағзаның сусыздануы (көп құсу , диарея, сұйықтық ішуді азайту)
  • Эритремия
  • Жүрек және өкпенің аурулары
  • Бүйрек артериясының стенозы

Лейкоциттер төмендеу себебі:

Вирусты инфекциялық аурулар (тұмау, вирусты гепатит, сепсис, қызылша, ЖИТС және т.б.)

Ревматикалық аурулар: (ревматоидты артрит, жүйелі қызыл шегі)

Гиповитаминоз

Ісіктерге қарсы препараттар: цитостатиктер, стероидты препараттар.

Эозинофилдер-адам ағзасын токсикалық заттардан, паразиттерден тазартуға және ісік клеткаларына қарсы тұратын лейкоциттер түрі. Бұл лейкоцит түрі гуморальді иммунитет қалыптасуына қатысады.

  • Эозинофилдер төмендеу себебі:
  • Ауыр металдармен улану;
  • Іріңді процестер, сепсис;
  • Қабыну процесінің басталуы.

Моноциттер - саны жағынан аз, бірақ көлемі үлкен иммунды жасушалар. Бұл лейкоциттер ағза үшін бөгде , бөтен заттарды тануға және басқа лейкоциттерді оны тануға үйрететін жасушалар. Қаннан тыс жерде пішінін және түрін өзгертіп, макрофагтарға айналады.

Базофилдер-қанның ең сирек кездесетін иммунды жасушалары. Қалыпты жағдайда қан талдауында анықталмауы да мүмкін. Базофилдер баяу типті иммунологиялық қабыну реакциясын түзуге қатысады. Көп мөлшерде тіндердің қабынуын шақыратын заттары бар.

  • Базофилдердің көбею себебі:
  • Созылмалы миелолейкоз;
  • Қалқанша безі гормондарының төмендеуі (гипотиреоз);
  • Желшешек;
  • Тағамдық немесе дәріге аллергия;
  • Нефроз;
  • Гемолитикалық аллергия;
  • Көкбауырды алып тастағаннан кейінгі жағдай;
  • Ходжкин ауруы:

Лимфоциттер- гуморальді және жасушалық иммунитет құруға негізгі роль атқарады. Қанда лимфоциттердің бірнеше түрлері болады: хэлперлер, супрессорлар және киллерлер. Әрбір лимфоцит түрлері иммунды жауаптың әр кезеңіне қатысады.

Лимфоциттердің жоғарылау себебі: лимфоцитоз

Лимфоциттердің төмендеу себебі:лимфопения

Тромбоциттер- кіші көлемдегі ядросы жасушалар. Негізгі қызметі қан ұюға қатысу. Соның арқасында зақымдалған тамыр жылдам тромбтармен жабылып, қан ағу тоқтайды.

Тромбоциттер жоғарылау себебі:( тромбоцитоз):

Тромбоциттердің төмендеу себебі: (тромоцитопени):

Назарларыңызға рақмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет