7 – дәріс сабағы. Іскерлік этика және корпоративтік мәдениет Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата26.10.2022
өлшемі20.87 Kb.
#45380
түріСабақ
  1   2   3

7 – дәріс сабағы.
Іскерлік этика және корпоративтік мәдениет


Сабақтың мақсаты: Кәсіпкерліктегі іскерлік қатынастардың болуын және корпоративті мәдениет пен этика мәселерін теориялық бағытта анықтау.


Негізгі түсініктер:

  1. іскерлік этика

  2. корпоративтік мәдениет

  3. кәсіпкерлік этикет

  4. іскерлік киім

  5. сөйлеу талаптары

  6. ресми құжаттар мәдениеті

  7. іскерлік әдепке жатпайтын нұсқалар

  8. іскерлік қарым-қатынас нысандары

  9. мәдениет

  10. іскерлік келіссөздер



Дәріс сабағының жоспары:

  1. Іскерлік қарым-қатынас және оның нысандары

  2. Кәсіпкерлік этикасы. Іскерлік этикет.

  3. Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасы



Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Іскерлік қарым-қатынас – белгілі бір нәтижеге жетуді, нақты проблеманы шешуді немесе анықталған мақсаттарды іске асыруды көздейтін, сондай-ақ қызмет, ақпарат, тәжірибе алмасу орын алатын, өзара байланысу және өзара әрекеттесу үндісі. Ол тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей іскерлік қарым-қатынас жанамаға қарағанда үлкен нәтижелілікті, күшті, эмоционалдық әсер мен сезімді иеленсе, жанама іскерлік қарым- қатынасқа әлеуметтік- психологиялық механизмдер тікелей әсер етеді.
Іскерлік қарым - қатынастың әдеттегі қарым-қатынастан айырмашылығы, өз шешімін табуы тиіс мақсаттары мен міндеттері болады.
Сондықтан іскерлік қарым-қатынас кезінде әріптеспен өзара байланысты себепсіз кез-келген уақытта тоқтата алмаймыз, ал жай достық қарым-қатынаста белгілі бір мақсаттар мен нақты белгіленген міндеттер болмайды.
Осыған байланысты оны кез келген сәтте тоқтатуға ( қатысушылардың қалауы бойынша) болады.
Іскерлік қарым-қатынас әртүрлі нысандарда іске асырылады:

  • 1)Іскерлік сұхбат;

  • 2) Іскерлік келіссөздер;

  • 3) Іскерлік жиналыс т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет