№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013



Pdf көрінісі
бет13/44
Дата27.01.2017
өлшемі7,69 Mb.
#2837
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44

Езген  құрт.  Сорпаға,  тұздыққа,  көжеге  жəне  басқа  тағамдарға  қосу  немесе 
сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнтақталып, келіге түйілген. 
Ақмалта.  Езген  құрттың  ең  соңғы  шайындысы.  Ол  өте  дəмге  жағымды,  тез 
сіңетін тағам болып саналады. Оны тек сұйық түрінде ішеді. 
Ұнтақ  құрт.  Арнайы  түйіп  ұсатқан  немесе  қап  түбінен  жинап  алған  үгінді. 
Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді. 
Құрт май. Сары май батырып, табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны 
асығыс  кезде  дəм  таттыру  үшін  немесе  жеңіл-желпі  түстік  ретінде  дастарқанға 
қояды.  Құртты  қайнатқан  кездегі  кенеп  қаптан  аққан  сарысу  да  емдік  қасиетімен 
ерекшелінеді. Онымен қыз-келіншектер шашын, басын, бетін, қолын жуған. 
Қорытынды.  Құрт  –  адам  денсаулығына  қажетті  құндылық  екеніне  көз 
жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар. 
Қазіргі  заманда  жастардың  көбі  осы  тағамды,  оның  денсаулыққа  пайдалы 
екенін білмейді. Құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. 
Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз жеткізді. 
Қорыта  айтқанда, қазақтың  ұлттық  тағамы  – құрт  адам  денсаулығына  қажетті 
тағам. Біз, Қазақстанның жастары, осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз 
керек. 
 
Əдебиеттер 
1  Кенжеахметұлы  С.  Қазақтың  дарқан  дастарқаны.  –  Алматы:  Алматыкітап, 
2007. 
2 Қазақтың ұлттық тағамдары. – Алматы, 2000. 
3 Қазақ энциклопедиясы. – Алматы, 2002. 
4 Ғаламтор материалдары. 
5 Анфимова Н.А., Татарская Л.Л. Аспазшылық. – М.: Просвещение, 2002. 
6 Ермакова В.И. Аспазшылық. – М.: Просвещение, 1993. 
7  Матюхин  З.П.  Тамақтану,  гигиена  жəне  физиология  негіздері.  –  М.: 
Просвещение, 1999. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
103
 
МИРАМБЕКОВ Сүйеніш, 
А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы, 
Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: РАХАТОВА Дəмегүл Зайырқызы, 
А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебі «Математика» пəнінің мұғалімі, 
Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
САНАУ ЖƏНЕ САНАУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАЙЛЫ МƏЛІМЕТТЕР 
 
Арифметика дегеніміз – 
бүкіл математиканың негізі. 
Л.Н. Толстой 
Математика  ғылымының  күнделікті  адам  өміріндегі  мəні  орасан  зор. 
Математиканың негізгі ұғымы – сан. Математика бізге айнала қоршаған сандар мен 
фигуралардан  тұратын  ерекше  əлемнің  құпия  сырын  ашып  береді.  Ежелгі  гректер 
заманынан  бастап-ақ  математикамен  шұғылдану  адамды  дұрыс  жəне  жүйелі  түрде 
ойлауға, өз ойын тиянақты тұжырымдап айта білуге үйрететіндігі белгілі болған. 
Бастауыш  сыныптан  бастап  математика  ғылымын  қызығып,  жүйелі  оқыған 
оқушы  өз  мақсатына  жетуге  табанды  болады,  еңбексүйгіш,  ой-өрісі  терең,  ерік-
жігері  мықты  болып  өседі.  Математика  ғылымының  ұшы-қиыры  жоқ  түрлі 
салаларына  апаратын  даңғыл  жол,  біз,  оқушылар  үшін,  мектеп  қабырғасындағы 
математикалық  білімдер:  арифметика,  алгебра,  геометрия  ғылымдарын  оқып-
үйренуден басталады. Математика ғылымымен таныстыратын сандар туралы ғылым 
арифметика болып табылады. 
Санай білмей, арифметиканың 4 амалын дұрыс орындай білмей тұрып, адамзат 
қоғамының  дамуы  да  мүмкін  болмайды.  Арифметика  оқулығын  1703  жылы  Л.Ф. 
Магницкий  жазған.  М.В.  Ломоносов  сөзімен  айтсақ:  «Ғылымның  қақпасына» 
арифметика  ғылымын  үйрену  арқылы  еніп,  қиын  да  қызықты  ғылым-білімді  танып 
білудің ұзақ жолына бастау аламыз». 
«Арифметика»  грек  сөзі,  «arithmos»  –  «сан»  деген  сөзден  шыққан.  Сандар 
туралы  ғылымды  оқып-үйрену  арқылы  сандарға  қолданылатын  амалдар,  əртүрлі 
олар арқылы айтылатын ережелер мен есептерді шығарамыз. 
Арифметика ғылымы адамзат баласының өмірлік мұқтаждықтары нəтижесінде 
пайда  болған  ғылым.  Ерте  кезде  адамдардың  2-ге  дейін  ғана  санайтын  кездері  де 
болған.  Екіні  үнділер  «көз»  деген,  ал  тибеттіктер  «қанат»  деген.  Екіден  көп  болса 
«көп»  деген.  Адамзат  баласы  бірте-бірте  үшке  дейін,  онан  кейін  беске  дейін,  онға 
дейін,  т.с.с.  санап  үйренген.  Балалардың  саусақтарын  санауы  сияқты  адамдар  да 
қоғам  дамуының  алғашқы  кезеңдерінде  санау  үшін  екі  қолының  он  саусағын 
пайдаланған. Осыдан барып ондық санау жүйесі шыққан. 
Нəрселерді  санаудың  нəтижесінде  шыққан  сандар  –  натурал  сандар  деп 
аталады. Алғашқы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 натурал сан мен 0 арқылы кез келген үлкен 
санды жазуға болады. Бұл сандар алғашында Үнді елінде қолданылған. Еуропаға бұл 
цифрларды  арабтар  əкелгендіктен,  оларды  араб  цифрлары  деп  атаған.  Сандардың 
аталуы  мен  таңбалануына  орай  əр  елде  əртүрлі  санау  жүйелері  болған.  Мысалы: 
Африкадағы  тайпалар  мен  халықтар  бір  қолының  бес  саусағын  ғана 
пайдаланғандықтан, оларда бестік санау жүйесі қалыптасқан. Олар «алтыны» – «бес 
бір» деп атаған. Екілік санау жүйесін мысырлықтар қолданған. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
104
Жиырмалық  санау  жүйесінің  жұрнақтары  француздар  мен  грузиндерде 
сақталған.  Олар  «сексен»  деудің  орнына  «төрт  жиырма»  дейді.  Жиырмалық  санау 
жүйесін  қолданған  бұл  халықтар  қолдарының  саусақтарын  да,  аяқтарының 
башпайларын  санауға  қолданған.  Бұл  жүйені  Майя  тайпасының  үндістері  де 
қолданған. Ежелгі вавилондықтар алпыстық санау жүйесін қолданған. Бұл алпыстық 
жүйе  ХVІІ  ғасырға  дейін  ғылымда  пайдаланып  келді.  Алпыстық  жүйенің  пайда 
болуын  ақша  жəне  салмақ  өлшеуіштерімен  байланыстырған.  1  талант  =  60  мина,  1 
мина = 60 шенель болған. 
Арифметика  өте  ертеде  Вавилонда,  Қытайда,  Үнді  елінде,  Египетте  дами 
бастады.  Мысалы:  Рунда  деген  египет  папирусы  б.з.б.  ХХ  ғасырда  қолданылған. 
Онда: 
73
2

365
1
292
1
219
1
60
1
+
+
+
  де  жазылған.  Ертедегі  Грецияда  арифметика 
ғылымымен  шұғылданғандар  Анаксагор,  Зенон,  Евклид,  Эратосфен,  Диофант, 
Архимед.  Бұлардың  ішінде  б.з.б.  VІ  ғасырда  өмір  сүрген  Пифагор  есімі  ерекше 
жарық жұлдыздай жарқырап көрінеді. 
Пифагордың шəкірттері мен ізбасарлары сандарға тағзым еткен, себебі əлемнің 
тепе-теңдігі  сандарға  байланысты  деп  ұққан.  7  мен  36  сандары  үлкен  құрметке  ие 
болған. Кемел сандарға, егіз жай сандарға үлкен мəн берілген. 
Кемел сандар: 6=1+2+3. 
28=1+2+4+7+14. 
496; 8128 – кемел сандар. 
Егіз жай сандар: 3 пен 5, 5 пен 7, 11 мен 13, т.с.с. 
Үнділіктерден бізге цифрлар келіп жетті жəне позициялық санау жүйелерімен 
нөл саны келді. ХV ғасырда өмір сүрген Əл-Каши бабамыз Самарқандтағы Ұлықбек 
обсерваториясында жұмыс жасады жəне арифметика ғылымына ондық бөлшектерді 
енгізді.  Сауданың  дамуы  арқасында  ХІІІ  ғасырдан  бастап  Еуропада  арифметика 
ғылымына қызығушылық басталады. Итальяндық ғалым Леонардо Пизанский «Абак 
кітабы»  деген  шығармасы  арқылы  Еуропа  жұртын  шығыстың  негізгі  арифметика 
мен  алгебра  ғылымындағы  зерттеулерімен  таныстырды.  ХV  ғасырдың  ортасында 
кітап  баспаханалары  пайда  болуына  байланысты  1478  жылы  Италияда  неміс 
математигі М. Штифельдің «Арифметика» кітабы жарық көрді. 
Фибоначидің  мынадай  есебі  бар.  «7  кісі  Римге  келе  жатыр,  əрқайсысында  7 
есектен бар. Əр есек 7 қаптан əкеле жатыр. Əр қапта 7 наннан бар. Əр нанда 7 пышақ 
бар, əр пышақ 7 қорапқа салынған. Барлығы қанша болады?». 
Сандарға  қолданылатын  арифметикалық  амалдардың  əр  түрлі  қасиеттері  бар: 
а+в=в+а.  Ауыстырымдық  не  коммутативтік  заң  деп  аталады.  1  санына  ерекше  мəн 
берілген.  Ол  –  бірінші  натурал  сан  жəне  ондық  жүйенің  саны. 
а
а
=
⋅1
  Пифагор  ең 
алғашқы болып сандарды жұп жəне тақ сандар, фигуралы сандар жəне жай, құрама 
сандар, фигуралы сандар деп бөлді. 
«Достас»  сандар  терминінің  мағынасы  бірінің  бөлгіштерінің  қосындысы 
екіншісіне тең болатын сандарды атаймыз. Мысалы: 284:
{
1; 2; 4; 71; 142
}
 
1+2+4+71+142=220 
220: 
{
1; 2; 4; 5; 10; 11; 20; 22; 44; 55; 110
}
 
1+2+4+5+10+11+20+22+44+55+110=284 
Пифагоршылар  түйіршік  тастардан  əртүрлі  фигуралар  жасады,  сандарды 
геометриялық фигуралар жасай топталатын нүктелер түрінде кескіндеді. 
   • 1                         •                                   •    •    4                  •     •     •  
   •  
 
        •      •     6                         •    •                        •    •     •     9 
•   •  3                 •     •      •                                                         •     •     •  

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
105
Фигуралық сандар –    
 
Фигуралы сандар – квадраттық сандар 
үшбұрыштық сандар 
Үшбұрыштық сандар: 1; 3; 6; 10; 15; 21; 28; 36; ... 
Үшбұрыштық сандар қатарынан былай таңдалады: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 
12;  13.  Əуелі  1  саны,  сонан  кейін  алғашқы  екі  санның  қосындысы  1+2=3,  онан  əрі 
алғашқы  үш  санның  қосындысы  1+2+3=6,  алғашқы  төрт  санның  қосындысы 
1+2+3+4=10 т.с.с. саламыз. 
Квадраттық сандар деп 1; 4; 9; 25; 36; натурал сандар қатарының квадраттарын 
атайды. Квадраттық сандарды тақ сандар қатарынан 1; 3; 5; 7; 9; 11; 13; 15; 17; 19 ... 
былай шығарып аламыз: 
1+3=4 
1+3+5=9 
1+3+5+7=16 
Б.з. дейінгі ІІІ ғасырда өмір сүрген ежелгі грек математигі Диофакт үшбұрыш 
санды квадрат сандармен байланыстыратын формуланы тапқан. Үшбұрыш сандарды 
Т  арқылы  белгілесек,  онда  8Т+1  саны  қандай  да  бір  кв.  сан  болады.  8Т+1=К. 
Мысалы: Т=6. 8х6+1=49. 
Пифагордың мектебінде «Сандар дегеніміз – барлығы» сөзі нақыл болған. Олар 
тек натурал сандарды қарастырған. Сөйте тұра, 
2 – рационал сан емес екендігі осы 
мектепте  дəлелденген.  Ертедегі  б.з.б.  ұлы  матемактиктердің  ішінде  Архимед 
бабамыздың  математика  ғылымын  дамытуға  үлесі  зор.  Ол  кісі 
π
  санын  тапты. 
Шеңбер  ұзындығының  оның  диаметріне  қатысы  тұрақты  болатынын  аңғарып, 
көптеген зерттеулер нəтижесінде: 
π
71
10
3

=
7
1
3
 екенін дəлелдеді. Қазір 
π
14
,
3

 деп 
қолданылады. 
Математика  ғылымының  дамуына  Архимедтің  «Құм  түйіршіктерін  санау» 
шығармасының  үлкен  пайдасы  тиді.  Вавилондықтар  астрономия  ғылымының 
дамуына  үлес  қосты.  Алпыстық  бөлшектерді астрономиялық  бөлшектер  деп  атады. 
Шеңберді  360  бөлікке  бөлу  вавилон  астрономиясында  қолданылған.  Вавилон 
жылында 360 күн болған, бұған мысырлықтар каникулалық 5 күн қосқан. Градусты 
60  минутқа,  минутты  60  секундқа  бөлу  де  вавилондықтардың  алпыстық 
нумерациясымен байланысты. 
Орталық  Америкадағы  Юкатай  түбегінде  тұратын  мəдениеті  жоғары  Майя 
тайпасында 2000 жыл бұрын шамасында жиырмалық санау жүйесі дамыды. Оларда 
нөл  саны  да  болды.  12-ден  топ-топқа  бөліп  санау  ертеде  кең  тараған.  Ежелгі 
римдіктерде  массаны  өлшеудің  негізгі  бірлігі жəне  ақша  бірлігі  де  болып  табылған 
Асс  тең  12  бөлікке,  унцияларға  бөлген.  Қазірдің  өзінде  тұрмыстағы  көптеген 
нəрселерді  (мысалы:  қасықтарды,  шанышқыларды,  сүлгілерді)  он  екіден  топтап 
санаймыз. Күндізгі уақыт 12 сағатқа, тəулік 12х2=24 сағатқа, жыл 12 айға бөлінеді. 
Қазіргі  цифрлар  жəне  ондық  позициялық  жүйе  ХV  ғасырдың  екінші 
жартысынан  бастап  таралды.  Атақты  француз  математигі  П.С.  Лаплас  (1749-1827) 
былай  деп  жазды:  «Барлық  сандарды  аз  ғана  таңбалармен  өрнектей  білу,  олардың 
формасына  қарай  мəн  беру  ойы  өте  қарапайым,  тіпті  қарапайымдылығынан  оның 
тамаша  екендігін  бағалаудың  өзі  қиын.  Бұл  ойға  келу  оңай  еместігін  біз  гректің 
кемеңгер  данышпандары  –  Архимед  пен  Аполлоний  бұл  ойды  аша  алмағанынан 
білеміз». 
Ондық  санау  жүйесі  –  қазір  дүние  жүзіне  кең  таралып,  тамыр  жайған  жүйе. 
Өлшеуіштердің  бүкіл  жүйесі,  қосу,  азайту,  көбейту  кестелері,  техникалардағы 
барлық өлшеу аппараттары мен осы ойлары ондық жүйеге негізделіп жасалған. Өте 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
106
ертедегі ежелгі мысырлықтар т.б. халықтарды санаудың екілік жүйесі қолданылған. 
Қазіргі  кезде  екілік  нумерация  ғылым  мен  техникада  кең  өріс  алып  отыр.  Екілік 
жүйеде  небары  сандық  екі  ғана  таңба  бар,  ол  1  мен  0  цифрлары.  Бұл  жүйеде  де 
позициялық принцип сақталады. 
Екілік жүйе 

10 
100 
1000 
10000 
1000000 
Ондық жүйе 

2=2

4=2

8=2

32=2

64=2

3
10
= Х

 
3
10
=11
2
 
5
10
=101
2
 
6
10
=110
2
 
7
10
=111
2
 
9
10
=1001

10
10
=1010

Кез  келген  ондық  жүйедегі  санды  екілік  жүйеде  жазу  үшін  2-ге  бөлеміз, 
ізделінді санды жазу үшін бөлуден шыққан барлық қалдықтарды оңнан солға қарай 
бір жолға тізбектей жазып шығамыз. 
Екілік жүйеде: 1+0=1, 1+1=10. 
Осы  ережені  қолданып  қосамыз.  Екілік  жүйеде  сандар  шұбалаңқы  болып 
жазылады. Күнделікті өмірде қолдануға тиіспіз. Есептеу техникасына қазір сегіздік 
жүйені қолданудың да мəні артуда. 24
10
3х8+0=30
8
 
623
10
=1157
8
=1х8
3
+1х8
2
+5х8
1
+7х8

Ондық санау жүйесі туралы ұлы орыс ғалымы Д.И. Менделеев:  «Ондық жүйе 
таңбаларымен жазылған санды неміс те, орыс та, араб та, янкилер де оқи береді», - 
деген. Адам күн сайын сандарды қолдануға мəжбүр. Негізі 10-нан үлкен жүйелерде 
сандарды  атау,  жазу  үшін  көп  сөз,  көп  таңба  қажет  болады.  Сондықтан  да  ең 
қолайлы  санау  мен  нөмірлеу,  қазіргі  ондық  позициялық  санау  жүйесі  екендігі 
дəлелденді. 
Əдебиеттер 
1  Жас  математиктерге  арналған  энциклопедиялық  сөздік.  –  М.:  Педагогика, 
1989. 
2  Тлейзер  Г.И.  Мектептегі  математика  тарихы.  ІV-VІ  сыныптар.  –  Алматы: 
Мектеп, 1985. 
3 Лиман М.М. Оқушыларға математика жəне математиктер жайлы. – Алматы: 
Мектеп, 1984. 
4 Гейзер Г.И. Мектептегі математика тарихынан. – М.: Просвещение, 1981. 
 
ОРЫНБАСАР Жанна Абдумажитқызы, 
«Жеңістің 30 жылдығы атындағы №38 орта мектебі» КММ 
11 сынып оқушысы, Тараз қаласы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ТАНИРБЕРГЕНОВА Перизат Серикбаевна, 
«Жеңістің 30 жылдығы атындағы №38 орта мектебі» КММ 
«Физика жəне математика» пəндерінің мұғалімі, Тараз қаласы, 
Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ТЕХНОГЕНДІ ОРТАДАҒЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ 
ЖƏНЕ АНАТОМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ 
 
Аңдатпа 
Қазіргі  уақытта  ғалымдар  биомассасы  жоғары  өсімдіктерді  пайдаланып,  ауыр 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
107
металдардан  топырақты,  суды  тазартуды  жоспарлап  отыр.  Соның  бірі  қазіргі  кезде 
дүние  жүзілік  практикада  кеңінен  қолданылып  жүрген,  жоғары  өнімді  мəдени 
өсімдік  Phaseolus  Vulgaris  L.  Зертханалық  жағдайда  ауыр  металдармен  əсер  етіп, 
оның анатомиялық жəне морфологиялық ерекшеліктері анықталды. 
Жұмыс  қоршаған  ортаның  техногенді  ластану  жағдайында  өсімдіктердің 
тіршілігін  сақтап  қалу  жəне  бейімделу  механизмдерін  толығырақ  түсінуге 
көмектеседі. 
 
Кіріспе.  Жұмыс  техногенді  ортадағы  өсімдіктердің  морфологиялық  жəне 
анатомиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. 
Тақырыптың  өзектілігі.  Бүгінгі  таңда  технологиялардың  қарқынды  дамуы, 
қоршаған  ортаның  ластануы  көпшіліктің  назарын  аудартатын  жəне  алаңдататын 
негізгі  мəселе  болып  отыр.  Ел  қауіпсіздігі  мен  халық  денсаулығына  зор  нұқсан 
келтіретін  Семей  ядролық  сынақ  полигоны,  мұнай,  металл  жəне  атом  өндірістері 
Қазақстан экологиясының тепе-теңдігін сақтауға кері əсерін тигізуде. 
Табиғатты радионуклеидтермен жəне ауыр металдармен ластануынан тазарту – 
Қазақстан Республикасы үшін өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Сол себепті ұзақ 
уақытқа созылған радиацияның жəне ауыр металдардың өсімдіктерге əсерін зерттеу 
өзектілігі күмəн туғызбайды. 
Зерттеудің  мақсаты:  Жамбыл  облысының  ауыр  металдармен  ластанған 
өндірістік  аймақтарының  табиғи  фитоценоздардың  доминантты  өсімдігі  Phaseolus 
Vulgaris  өсімдігінің  сабағы  мен  жапырағына  жəне  зертханалық  жағдайда  ауыр 
металдардың тамырсабағына əсерін, əрі анатомиялық ерекшеліктерін зерттеу. 
Өсімдікке  анатомиялық  зерттеулер  жалпы  пайдаланылатын  əдiстер  (Прозина 
М.Л.,  Пермяков  М.,  Барыкина  Р.П.)  бойынша  гүлдену  фазасында  жиналған 
сабақтары  мен  жапырақтарына  жүргізу  маңызды.  Қазіргі  уақытта  ғалымдар 
биомассасы  жоғары  өсімдіктерді  пайдаланып,  ауыр  металдардан  топырақты,  суды 
тазартуды жоспарлап отыр. 
Жұмыстың  мақсатына  жету  үшін  алға  қойған  міндеттер:  ауыр 
металдармен  ластанған  аймақтың  өсімдіктерінің  морфологиялық  ерекшеліктерін 
зерттеу;  өсімдіктерді  фиксациялау;  М.Н.  Прозина  (1960),  А.И.  Пермякова  (1988), 
Р.П. Барыкина (2001, 2004) əдістемелері бойынша анатомиялық препарттарды жасау; 
ауыр  металдармен  ластанған  аймақтың  өсімдіктерінің  анатомиялық  ерекшеліктерін 
зерттеу; 
морфометриялық 
өлшемдерге 
сандық 
талдау 
өткізу; 
МС-300 
микроскопында  суреттер  түсіру;  морфометриялық  өлшемдерге  статистикалық 
талдау жасау. 
Зерттеу  нысаны  ретінде  зертханалық  жағдайда  Phaseolus  Vulgaris  L.  өсімдігі 
алынды. 
Зерттеу  бөлімі.  Өсімдіктердің  физиологиялық  жəне  биохимиялық 
процестеріне  ауыр  металдардың  улы  əсері.  Ауыр  металдардың  улы  əсерінен 
өсімдіктердің өсуі тежеледі, көбінесе осы белгіні қоршаған ортада ауыр металдарды 
анықтау үшін кеңінен қолданылады. Ауыр металдардың əсерінен өсудің тежелуі бір 
жағынан зат алмасудың бұзылуынан болса, екінші жағынан, металдың өсуге тікелей 
əсерінен  болады.  Оған  клетка  қабығының  полисахаридтерімен  байланысуы  жəне 
клетка қабығы серпінділігінің төмендеуі мысал бола алады. 
Ауыр  металдардың  əсерінен  өсудің  тежелуін  клетканың  бөлінуі  мен  созыла 
өсуіне талдау жасау арқылы клетка деңгейінде түсіндіруге болады. Осыдан 80 жыл 
бұрын  пияз  бен  жүгері  тамырларының  митотикалық  индексі  қорғасын  нитраты 
əсерінен  азаюы,  қорғасынның  глутатион  жəне  белоктардың  тиол  топтарымен 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
108
байланысуынан  деп  түсіндірілді.  Ауыр  металдар  топырақтан  тамырға  енген  кезде 
таңдамалы түрде клетка қабырғасында жинақталды. 
Тамыр экзодермасы ауыр металдардың тамыр ішіне енуіне, ал эндодермадағы 
Каспари  белдеушелері  тамыр  өзегіне  енуіне  кедергі  болып  табылады.  Каспари 
белдеушелері  қоршаған  ортаның  жағымсыз  əсеріне  жауап  ретінде  экзодермада  да 
пайда  бола  алады.  Суберин  су  мен  иондардың  өтуіне  кедергі  болатын  негізгі 
құрылым. Кадмиймен əсер еткенде Каспари белдеушелеріндегі субериннің мөлшері 
үш  есе  артатыны  дəлелденген.  Бұл  кадмийдің  жер  үсті  мүшелеріне  өткізбеу 
талпынысы  ретінде  қарастырыла  алады.  Мысалы,  платан  ағашының  (Platanus 
acerifolia  Willd)  жапырақ  ауданы  ластанған  аймақта  екі  есе  кіші  болады,  Fraxinus 
Americana.  Жапырақтарында  айтарлықтай  өзгерістер  байқалмады.  Бұл  Fraxinus 
Americana  L.  ағаш  жапырағында  екі  қабат  бағаналы  мезофиллдің  болуымен 
түсіндіріледі,  яғни  клетка  аралық  қуыстың  аз  болуы  өсімдіктің  ауа  ластануына 
төзімділігін арттырады. 
Ауыр  металдар  жер  үсті  мүшелерінің  өсуін  де  тежейді.  Осыған  байланысты 
ассимиляциялық  мүшелердің  дамуы  бұзылып,  құрғақ  биомассаның  жинақталуы 
азайып,  ал  ол  өз  кезегінде  өсімдіктің  тіршілік  қабілеттілігін  төмендетеді.  Жүгері 
тамырының  жалпы  ұзындығы  мен  алғашқы  ұрық  тамырының  ұзындығы  кадмий 
əсерінен анағұрлым азайған. Кадмийдің ерекшелігі оның негізінен тамыр жүйесінде 
жинақталатынында,  Phragmites  australis  тамырында  кадмий  елеулі  құрылымдық 
өзгерістерді  тудырмайды.  Яғни  бұл  өсімдік  кадмийдің  оқшауландыра  алатынын 
жəне  оның  орталық  цилиндр  арқылы  жерүсті  мүшелеріне  өтпеуін  қамтамасыз 
ететінін көрсетеді. 
Barcelo et al. зерттеулерінде кадмийдің өңделген Phaseolus vulgaris өсімдігінің 
сабақтарында  ксилема  түтіктерінің  көлемі  мен  саны  азайғанын,  жапырағында 
клеткалардың мөлшері мен клетка аралықтардың кішірейгенін көрсетеді. Хлорофилл 
а мен b мөлшері азайғандығы анықталды. Авторлар кадмий осындай өсімдіктерден 
су  стрессін  тудыра  алатынын  болжайды.  Сонымен  ауыр  металдардың  улы  əсерінің 
жалпы  көріністеріне  өсудің  жəне  биомассаның  жинақталуының  тежелуі,  хлороз,  су 
алмасудың бұзылуы, осыған орай өнімділіктік төмендеуін жатқызуға болады. Ауыр 
металдар судың алмасуына да əсер етеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет