7 Лабораториялық жұмыс Жыныс мүшелері Жұмыстың мақсаты мен міндеті



бет1/2
Дата02.03.2023
өлшемі42,5 Kb.
#71239
  1   2
Байланысты:
UZNVYVGORPZS28022023203916


7 Лабораториялық жұмыс


Жыныс мүшелері
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Аталық және аналық жыныс органдары туралы білімін қалыптастыру, құрылысымен таныстыру.
Жұмыстың қысқаша мазмұны: Аталық жыныс органдары ішкі және сыртқы органдары болып бөлінеді. Оның ішкі органдарына шәует шығаратын жол, шәует көпіршіктері қуық алды (предстат) безі, ал сыртқы жыныс органдарына сыртқы жыныс мүшесі, несеп каналы және аталық жыныс безі, ума жатады.
Аталық жыныс безінің сырт пішіні эллипс тәрізді, салмағы — 25—30 грамдай. Аталық жыныс безі аналық жыныс безі тәрізді екі түрлі (ішкі және сыртқы секрециялық) жұмыс атқарады. Сыртқы секрециялық жұмысы деп жыныс клеткаларын — сперматозоидтарды шығаруын айтса, ішкі секрециялық жұмысы деп қан мен лимфаға бөліп отыратын жыныс гормондарын айтады. Аталық жыныс безінің арт жағына жабыса оның қосалқысы жатады. Оның жоғарғы толықша келген жерін басы, орта жерін денесі, ал төмен қарай жіңішкере келген бөлігін құйрығы деп атайды. Осы соңғы жіңішкеріп келіп бұрылыс жасаған жері шәует шығарар өзекке жалғасады.
. Аталық жыныс безі сырт жағынан тығыз дәнекер тканінен тұратын ақ қабықшамен қапталған. Осы ақ қабықшасы бездің арт жағынан без ішіне перделер беріп, без затын 300-ге дейін жететін бөлшектерге бөледі. Бұл бөлшектер құрылысы жағынан иректі түтікшелерден тұрады. Осы иректі түтікшелерінің аралығын дәнекер ткань байланыстырып жатады. Иректі түтікшелер екі түрлі клеткалардан құралады, 1-түріне түрлі сатыда дамыған сперматозоид клеткалары жатса, 2-түріне сортолли клеткалары жатады. Соңғылары даму кезіндегі жыныс клеткаларының қоректену қызметін атқарады. Дамып жетілген клеткалары (сперматозоидтар) иректі түтікшелердің эпителий клеткаларының көмегімен тік түтікшелерге, тік түтікшелер бездің бір шетінде торлы түтікшелерге көшеді. Сонымен, без заты иректі, тік және торлы түтікшелерден тұратынын көреміз. Соңғы торлы түтікшелерден аталық безді оның қосалқысымен байланыстырып жатқан 15-16 байланыс тутікшелерге жалғасады. Олар иректі түтікшелеріне ұласады. Бұлар қосалқысының төменгі жағында бірігіп шәует шығарар ағыс жасайды. Оның жалпы ұзындығы 40—50 см-ге дейін барады.
Аталық жыныс мүшесі сыртқы жыныс органына жатады. Ұзынша пішінде келген үш кеуекті денеден тұрады. Оның жоғарғы қатар жатқан екеуі жыныс мүшесіне тән болса, астыңғы жағында жатқан үшінші кеуекті денеден несеп каналының түтігі өтеді. Ол арқылы несеп шығарылумен қатар жыныс клеткалары да шығарылып отырылады. Жыныс мүшесі түбір, мойын, бас бөлімдерінен тұрады. Астыңғы кеуекті дене түбінен айырылып, шат сүйектеріне бекіп жыныс мүшесінің екі аяқшасын құрайды. Оның үш жағы сүйірленіп, несеп шығару каналының конус тәрізді бөлігіне көшіп, жыныс мүшесінің басын түзіеді. Басында несепағар каналының ашылар жері жатады. Барлық кеуекті денелер сыртынан тығыз дәнекер қабықшамен қапталған. Олардын, ішінде саңылау қуыс болады. Жыныстық қозу кезінде бұл саңылауларды артерия қаны кернеп толады да, жамбас асты еттерінің жиырылуының нәтижесінде вена қанының шығып кетуі қиындайды.
Жыныс мүшелерінің терісі жұқа және қозғалғыш, бас бөлімінде екі қабатталып келеді. Ішкі қабатында май бездері көп болады. Жыныс мүшесі құрсақ шандырының жалғасы болып табылатын байламдар арқылы шонданай шат сүйектеріне бекіп қалпын сақтайды.
Аналық жыныс органдары ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Оның ішкі органына аналық жыныс безі, жатыр, жатыр түтіктері, қынап, ал сыртқысына үлкен және кіші жыныс еріндері, қынаптың кіреберісі және несеп каналы жатады.
Аналық жыныс безі кіші жамбас ішінде, жатырдың екі жағын ала орналасқан. Олар жатырдың жалпақ шандыр байламының артқы жағына ілініп тұрады. Сырт пішіні эллипс тәрізді. Бір жағынан ұзын жұмыр сіңір байламымен жатыр денесіне бекіп жатады. Аналық бездің сыртқы беті кіші жамбастың бүйір қабырғасында, ал ішкі жағы жатыр түтігімен шектескен. Бұл бездің ұзындығы 2,5 см, ені 1,5 см, қалыңдығы 1 см.
Аналық безінің функциясы өте күрделі яғни жұмыртқа клеткаларының өсіп дамуымен бірге, қанға жыныстық гормондарды бөліп отырады. Бұл жағдай бүкіл организмге әсер етумен бірге жатырдың да функциясын реттейді. Мұны ішкі секрециялы (эндокриндік) жұмысы десе, ал жұмыртқа клеткаларының бөлінуін сыртқы секрециялық жұмысы дейді. Аналық без сыртқы (қыртысты), ішкі (милы) қабаттан түзілген. Сыртқы қыртыс заты талшықты дәнекер тканінің ұршық тәрізді фибробласты стромоларынан тұрады, бұл қабатта алғашқы фолликулалар пайда болып отырады. Олардың саңы жаңа туған қыз балада 30—40 мыңға жетеді. Бірақ жыныстық даму жолында біртіндеп саны кеми бастайды. Сондықтан әйел адамның өмірінде 400—500 жұмыртқа клеткалары ғана жетіледі.
Аналық бездің ішкі милы заты дәнекер тканьдерден түзілген және қан тамырлары мен нервтері де өте жақсы жетілген.
Аналық бездегі жұмыртқа клеткасының дамып жетілуі және оның жатырға еніп орналасуы мынадай жағдайда: жалпы жұмыртқа клеткасының жетілу процесі фолликулаларда өтеді. Алғашқы дамуымен байланысты фолликуланың эпителий клеткалары көбейеді. Одан кейін регенерация процесіне ұшырап, азаяды да бұлардың орнына сұйықтық пайда бола бастайды. Осылайша кемеліне жетіп ұлғайып келген фолликуланы граафов көпіршігі деп атайды. Оның сұйықтығы кернеген кезде көпіршік жарылып, аналық клеткасын құрсақ қуысына бөледі. Бұл процесс рефлекторлық түрде жүзеге асырылады.
Жатыр қабырғасы негізінде үш қабаттан түзілген. Сыртқы периметриум жатырдың сыртын айнала жауып жатқан іштік болып саналады. Периметриум қабаты қорғаныспен қатар жатырды жамбас қабырғасымен байланыстырып қимылды бекемдеп отырады.
Ортаңғы қабат — миометриум өте қалың жетілген жатырдың ет қабаты. Әр түрлі бағытта жатқан жазық салалы ет талшықтарынан түзілген, миометриум бөлігі қан тамырлы келеді.
Iшкі қабат — эндометриум жатырдың іш жағын астарлап жатқан кілегейлі қабаты. Бұл жай түтікше бездерге бай келген әрі беті кірпікше эпителиймен жабылған. Жатырдың мойын бөлігінде түтікше бездерден басқа кілегейлі бездер де бар. Олар қою кілегей шығарып мойын бөлігінде кілегей тығынын түзіп, жатыр ішіне микробтар мен вирустар өтуіне қорғап тұрады. Екі қабат болған әйел адамда жатырдың салмағы да, пішіні де өзгереді. Босанар кезде салмағы 2 кг-ға дейін барады, жалпы сыйымдылығы 60 есе ұлғаяды. Босанғаннан кейін жатырдың көлемі жайлап бұрынғы қалпына жақындайды. Жатыр көлемі қартайған сайын тығызданып кішірейе бастайды. Оның кіші жамбас қуысында бекіп, орналасуында себеп болатын екі жұмыр байламы, екі жалпақ шандыр байламы болады. Сонымен бірге айнала жатқан органдармен байламдар арқылы жамбас қабырғасына, шат және сегізкөз сүйектеріне бекіп орнында қалыптасып жатады. Бұл байламдар жатырдың көлемнің екі қабат кезіндегі ұлғаюына байланысты созылып, жағдайын өзгертіп отыруға мүмкіндік береді. Жатырдың жұмыр байламы жатырдың жоғарғы екі жағынан басталып төмен қарай жүріп отырып шат каналынан өтіп, үлкен жыныс еріннің астыңғы жағынан шат сүйегіне бекиді. Осы байлам бойымен жыныстық қан тамырлары мен нерв талшықтары жыныс органдарына келеді. Жатырдың жалпақ байламы деп жатырдың алдыңғы және артқы бетін жауып, екі бүйірінен қабатталып келіп жамбас қабырғасына тіркелген шандырын айтады. Бұл байламның жоғарғы жағында жатыр түтігі, ал сырт жағында ілініп аналық без жатады. Осы жалпақ байламы арқылы жамбас қуысы алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінеді. Тік ішек байламы жатырдың мойын белігін орап алып жамбастың арт жақ қабырғасына тіркейді. Ал сегізкөз байламы да осыған ұқсас келеді. Осы айтылған байламдар арқылы жатыр өз орнына қозғалмалы орналасқан. Жамбас ішіндегі органдардың (қуықтың, тік ішектің) толуына байланысты, не болмаса жатыр ішіндегі ұрықтың дамуына байланысты жатырдың жатқан жағдайы, көлемі өзгеріп отырады. Сонымен байланысты алға, артқа, оңға, солға ығысып тұрады. Бұл ұрықтың да еркін дамуына өте қажетті жағдай болып табылады. Жатыр жас ерекшеліктеріне және атқаратын жұмысына байланысты көлемі де, пішіні де өзгеріп отырады. Қыз баланың жатыр мойны денесіне қарағанда ұзындау келеді, 14—15 жаста жалпы жыныстық жетілуіне байланысты өзінің көлеміне жетеді. Мосқал әйелдерде кері даму процесі жүретіндіктен оның жалпы көлемі кішірейіп, жатыр мойны қысқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет