Лабораториялық жұмыс ref және out модификаторларын пайдалану. Кластың статикалық мүшелерімен жұмыс. Лабораториялық жұмыстың мақсаты



Дата17.02.2022
өлшемі20,53 Kb.
#25748
Байланысты:
Лабораториялык жумыс 4


Лабораториялық жұмыс 4. ref және out модификаторларын пайдалану. Кластың статикалық мүшелерімен жұмыс.

Лабораториялық жұмыстың мақсаты: Студенттерде класс әдістеріне параметрді сілтеме арқылы беру және кластың статикалық мүшелерімен жұмыс істеумен байланысты дағдыларды қалыптастыру.

Лабораториялық жұмысты орындау нәтижесінде студенттер келесі қабілеттерге ие болады:



Тапсырма: 4-дәріс материалдарын қайта қарастырып, төменде берілген тапсырмаларды нұсқа бойынша орындаңыз. Әрбір тапсырманың 3-ші бөлімі ретінде Абрамянның программалау бойынша тапсырмалар жинағының «Функциялар және процедуралар» бөлімінде берілген тапсырмаларды оқытушы бөлген нұсқаға сәйкес орындаңыз.

Тапсырмалар

1-нұсқа

Үшбұрыш класын құрыңыз. Класс үшбұрыш қабырғаларының ұзындығын анықтайтын 3 өрістен тұрады. Класс үшін статикалық өріс ойластырыңыз.

Абрамян оқулығынан берілген тапсрыманы орындаңыз.
2-нұсқа

Геометриялық прогрессия класын сипаттаңыз. Өрістері: прогрессияның алғашқы элементі және тұрақты еселік. Класс үшін статикалық өріс ойластырыңыз.

Абрамян оқулығынан берілген тапсрыманы орындаңыз.

3-нұсқа

Жалақы класын құрыңыз. Класта келесідей өрістер болу керек: қызметкердің аты-жөні, жалақы сомасы (оклад), жұмысқа орналасу жылы, көтерме пайызы, табыс салығы, есептеуді жүргізу айы, ай ішіндегі жалпы жұмыс күндерінің саны, ай ішіндегі жұмысқа келген күндерінің саны. Класс үшін статикалық өріс ойластырыңыз.

Абрамян оқулығынан берілген тапсрыманы орындаңыз.

4-нұсқа

Уақыт класын сипаттаңыз. Ол үш бүтін сандық өріс арқылы беріледі: сағат, минут, секунд. Класс үшін статикалық өріс ойластырыңыз.

Абрамян оқулығынан берілген тапсрыманы орындаңыз.
5-нұсқа

Студентті сипаттайтын класс құрыңыз. Өрістері: жеке нөмірі, тегі, 5 пән бойынша бағасы (0-100%), 5 пән бойынша кредит саны. Класс үшін статикалық өріс ойластырыңыз.

Абрамян оқулығынан берілген тапсрыманы орындаңыз.

6-нұсқа

Есепшот класын сипаттаңыз. Кластың 4 өрісі болу керек: есепшот иесінің тегі, есепшот нөмірі, сыйақы мөлшері, шоттағы ақша көлемі. Класс үшін статикалық өріс ойластырыңыз.

Абрамян оқулығынан берілген тапсрыманы орындаңыз.
7-нұсқа

Бөлшек сан класын сипаттаңыз. Сан бүтін және бөлшек бөліктерін беретін екі бүтін сандық өріс арқылы беріледі. Класс үшін статикалық өріс ойластырыңыз.

Абрамян оқулығынан берілген тапсрыманы орындаңыз.
8-нұсқа

Үйлестіру класын сипаттаңыз. Класс k, n екі бүтін сандық өрістен тұру керек (kС(n,k) = n! ((n-k)!×k!). Класс үшін статикалық өріс ойластырыңыз.

Абрамян оқулығынан берілген тапсрыманы орындаңыз.
9-нұсқа

Тауар класын сипаттаңыз. Кластың өрістері: тауар аты, тауар бағасы, қоймадағы тауар саны. Класс үшін статикалық өріс ойластырыңыз.

Абрамян оқулығынан берілген тапсрыманы орындаңыз.
10-нұсқа

Телефон класын сипаттаңыз, ол телефон арқылы сөйлесудің бағасын белгілейді. Оның өрістері: телефон нөмірі, 1 минут сөйлесу бағасы, жеңілдіктер (пайызбен, мысалы, 10 минуттан артық сөйлесу үшін), сөйлесу уақыты (минутпен), төлемге есептелген ақша сомасы. Класс үшін статикалық өріс ойластырыңыз.

Абрамян оқулығынан берілген тапсрыманы орындаңыз.

11-нұсқа

Терезе класын сипаттаңыз. Өрістері: терезе тақырыбы, сол жақ жоғарғы төбесінің тік және көлденең координаталары, терезе биіктігі мен ені. Класс үшін статикалық өріс ойластырыңыз.

Абрамян оқулығынан берілген тапсрыманы орындаңыз.
12-нұсқа

Арифметикалық прогрессия класын сипаттаңыз. Өрістері: прогрессияның алғашқы элементі және тұрақты қадамы. Класс үшін статикалық өріс ойластырыңыз.

Абрамян оқулығынан берілген тапсрыманы орындаңыз.
13-нұсқа

Қаржы класын сипаттаңыз. Өрістері: купюра номиналы және купюра саны. Класс үшін статикалық өріс ойластырыңыз.



Абрамян оқулығынан берілген тапсрыманы орындаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет