7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кулекбаева Айнур Нұрсейтқызының сыныпта өтілген сабағына жасалған рефлекциялық есебі



Дата29.12.2023
өлшемі15,04 Kb.
#144701
түріСабақ

17 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кулекбаева Айнур Нұрсейтқызының 6 сыныпта өтілген сабағына жасалған рефлекциялық есебі

8-сыныпта қазақ тілі пәнінен сабақ барысында оқушылар 4 топқа бөлінді. Салт-дәстүр, сәукеле, қоржын, әдет-ғұрып. Сабақтың мақсаты: оқушыларды ұлтжандылыққа, елін, жерін, салт-дәстүрін сүюге тәрбиелеу. «Миға шабуыл» әдісі арқылы төрт топқа сұрақтар қойылды.



  1. Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері бар?

  2. Қазақ халқының ұлттық бас киімдерін атаңдар

  3. Әдет-ғұрыпқа байланысты мақал-мәтелдер айту

  4. Қоржын дегеніміз не?

Оқушылар бұл әдіс арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлеріне шолу жасадық.
Топтық жұмыс арқылы оқушылар өз топтары туралы мәлімет берді, көрініс көрсетті, сурет салды, өлең, эссе жазды, ойын ойнады. Оқушылар еркін сөйлеп, жұмыстарын қорғады, басқа пәндермен байланыстырды, өз өнерлерін ортаға салды.
Деңгейлік тапсырманы оқулықпен жасады. Оқушылар мәтіннен үстеуді тауып, түрлеріне талдады. Бес жолдық өлең әдісі арқылы сабақтың мақсатына жеттік.
Сабақ оқыту теорияларына сәйкес өтті. Өз ойымды түйіндей отырып, әлі де ізденуім керек. Әдіс – тәсілдердің түрлерін тиімді қолдануым қажет. Себебі балалардың өз ойларын ашық жеткізіп, еркін сөйлеп, өмірде алған білімдерін қолдана алуға қалыптастыру білімдерін қолдана алуға қалыптастыру керек екенін түсіндім.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет