7 сабақ: XIX-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық және саяси дамуы.Қазақстан мәдениеті. XIX ғасырдың 60-90 жылдарындағы көші қон мәселесі Тақырып: XIX ғ 60-90 жылдарындағы әкімшілік басқару реформалары



Дата05.12.2023
өлшемі13,55 Kb.
#134444
түріСабақ

7 сабақ:XIX-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық және саяси дамуы.Қазақстан мәдениеті.XIX ғасырдың 60-90 жылдарындағы көші қон мәселесі
Тақырып:XIX ғ 60-90 жылдарындағы әкімшілік басқару реформалары.


Ресей империясы Қазақстанды өзіне қосып алғаннан кейін отаршылдық тәртіпті күшейтуге бағыт алды.1867 жылы 11 шілдеде патша 2 ші Александр Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы ережеге қол қойды.1868 жылы 21 қазанда Торғай Орал Ақмола және Семей облыстары туралы ережелерге кол койған болатын.Сөйтіп 1868 жылдан бастап қазақ даласын облыстарға,облыстарды уездерге,уездерді болыстарға,болыстарды ауылдарға бөлді.Жаңа реформа бойынша Қазақстан жерін 3 генерал губернаторлыққа бөлді.Олар Түркістан,Орынбор,Батыс Сібір генерал губарнаторлықтары болды.Орынбор генерал губернаторлығына:Орал және Торғай облыстары,Батыс Сібір генерал губернаторлығына:Ақмола және Семей облыстары,Түркістан генерал губернаторлығына : Жетісу және Сырдария облыстары кірді.Бұрынғы Бөкей хандығының жері 1872 жылы Астрахань губерниясына қосылды.Әрбір уезд рулық негіз емес,жер аумақтық негіз бойынша құрылған болыстардан тұрды.100-200 шаңырақтан құралған әкімшілік ауылдар болды.Ал болыстар 1000 шаңырақтан 3000 шаңыраққа дейін ауылдарды қамтыды.19 ғасырдың 2 ші жартысында кіші жүз қазақтары арасында көшіп қонатын жер үшін және патша өкіметінің реформаларына қарсылық күшейе түсті.Нәтижесінде Торғай мен Орал облыстарының қазақтары көтеріліске шығады,ол 1868 жылғы желтоқсаннан 1869 жылғы қазан айына дейін созылды.1869 жылдың наурызынан бастап 1870 жылдың ортасына дейін Маңғыстау жарты аралында көтеріліс болды.Бұл көтерілісті тек зеңбіректің,қару жарақтың күшімен ғана тоқтата алды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет