Көші-қон ахуалын бағалау Көші-қон саясатының мақсаты мен қағидаттары



бет1/9
Дата10.01.2023
өлшемі28,95 Kb.
#60779
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
реферат


Жоспар

Кіріспе




  1. Көші-қон ахуалын бағалау

  2. Көші-қон саясатының мақсаты мен қағидаттары

  3. Көші-қон саясатын іске асырудың басымдықтары, негізгі бағыттары

  4. Көші-қон саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, тетіктері

  5. Көшіп келуді бақылау жүйесін жасау және дамыту.

  6. Еңбек көші-қонын реттеу.

  7. Ұзақ мерзімді болашаққа

  8. Көші-қон саясатының міндеттері

Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер




Қазақстан республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі-Тұжырымдама) көші-қон процестерінің негізгі қағидаттарының, басымдықтарының, тетіктерінің, міндеттері мен әдістерінің негізгі жүйесін тәртіпке келтіру мен реттеуді білдіреді. Осы тұжырымдамада көші-қон процестерін реттеу деп-Қазақстанның ағымдағы және алыс перспективалық қажеттіліктеріне жауап беретін және көшіп-қонушылардың қүқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін бағыттарда адамдардың қоныс аударуын ынталандыруға не шектеуге бағытталған әкімшілік және әлеуметтік-экономикалық, шаралар кешені түсініледі.


Көші-қон процестері мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, елдегі экономикалық және демографиялық ахуалға әсер етеді.
Көші-қон саясаты Қазақстанның мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, оны іске асыру мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болуға тиіс.
Көші-қон саясатының субъектілері-орталық және жергілікті атқарушы органдар болып табылады.
Мемлекеттік органдардың көші-қон саясатын іске асыру жөніндегі әріптестері қоғамдық бірлестіктер болуға тиіс.
Тұжырымдама адам қүқықтары мен бостандықтарын сақтау негізінде, жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, көші-қон саясатының негіздерін айқындайды.
Тұжырымдама еліміздің тұрақты дамуға көшу кезеңіне және экономиканың тұрақтануы мен өсуінің ұзақ мерзімдік перспективасына есептелген.
Тұжырымдама таяудағы перспективаға мемлекеттің саяси болмысын және әлеуметтік-экономикалық жағдайын негізге алады, олар Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін реттеу жүйесінің шектеушілері болып табылады.
Көші-қон саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге негізделген. Тұжырымдама көші-қон процестерін реттеудің отандық және шетелдік тәжірибесін ескереді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет