7 тақырып. Демонстрациялық эксперимент, оның мәні



бет1/3
Дата28.10.2022
өлшемі34,47 Kb.
#46051
түріСабақ
  1   2   3


7 - тақырып. Демонстрациялық эксперимент, оның мәні.
Дәріс мақсаты: Демонстарциялық эксперимент және оның сабақ түсіндірудегі мәнін ашып көрсету.
Жоспар:
1. Физикалық оқу эксперименті, оның міндеттері және жүйесі.
2. Демонстарциялық эксперименттің әдістемесі және оған қойылатын талаптар.
3. Сыныптан тыс тәжірибелер және бақылаулар.


Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Арнаулы құралдардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрациялап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы физикалық оқу эксперименті деп аталады. Физикалық оқу эксперименті физиканы оқытудағы ең негізгі көрнекі құрал болып табылады. Өйткені оны пайдаланудың нәтижесінде физикалық ұғымдар (жылдамдық, үдеу, өріс, жарық дисперсиясы және т.б.) қалыптастырылады, құбылыстар арасындағы өзара байланыстар (күш пен масса, ток күші мен кедергі, жылудың механикалық эквиваленті) тағайындалады, физикалық заңдар (Ньютон, Ом заңдары және т.б.) тексеріледі.
Ұйымдастыру формасына қарай физикадағы оқу экспериментінің жүйесі мынадай түрлерден құралады (2-сурет):
1)демонстрациялық эксперимент;
2)лабораториялық эксперимент;
3)физикалық практикум;
4)сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент;
5)эксперименттік есептер шығару;
6)қолдан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасау.



Физикалық оқу эксперименті





демонстрациялық эксперимент




лабораториялық эксперимент




физикалық практикум




кластан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент




эксперименттік есептер шығару




қолан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасау

2-сурет. Физикадағы оқу экспериментінің жүйесі.


Демонстрациялық эксперимент немесе тәжірибелер сабақ үстінде көрсетіледі. Демонстрациялық экспериментті көрсеткенде оқушылар пассивті түрде бақылаушы ролін атқарады. Лабораториялық экспериментте оқушылар өздері белсене қатынасады, физикалық құбылыстарды өздері қолымен істеп көріп, өлшеулер жүргізеді, физикалық шамалар мен тұрақтыларды тағайындайды. Мектепте жүргізілетін лабораториялық эксперимент белгілі ерекшеліктеріне қарай 5 топқа классификацияланады (3-сурет):


І.Лабораториялық экспериментке оқушылардың қатыстырылуы бойынша: 1) олардың барлығы түгел міндетті түрде орындайтын сыныптық лабораториялық жұмыстар; 2) сыныптан тыс уақытта (физика кабинетінде, үйде), физикаға қызығушы оқушылардың ғана істейтін лабораториялық жұмыстары болып бөлінеді.
ІІ. Өткізілетін орны мен уақыты бойынша лабораториялық жұмыстар 4 түрге бөлінеді: 1) толық бір сабақ бойы; 2) сабақта қысқа уақыт (5-10 мин.) мерзімде; 3) физикалық праткикум деп аталатын ұзақ уақыт бойы (2 сабақ) бойы; 4) сыныптан тыс уақытта (кабинетте, үйде -10,30 мин.) өткізілетін эксперимент.
ІІІ. Лабораториялық эксперимент мазмұны бойынша сандық және сапалық болып бөлінеді.
ІV. Өткізу тәсілдері бойынша лабораториялық эксперимент: 1) фронталь; 2) әртүрлі жұмыстар жүйесі; 3) физикалық практикум болып 3-ке бөлінеді.
V. Лабораториялық эксперимент қойылу мақсаты бойынша: 1) зерттеушілік; 2) эвристикалық; 3) иллюстративтік болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет