Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік ережесі



Дата13.09.2023
өлшемі21,78 Kb.
#107009

Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері
Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік ережесі
Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады
Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей :

  1. Жалпы ережелерді;

  2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;

  3. Жұмыс жасау кезіндегі;

  4. Апаттық жағдайдағы;

  5. Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.

Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей :
ü Компьютерді тоққа қосатын сымдарға , қос тілді розеткілерге , штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
ü Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
ü Компьютердің жанына портфельдер , сумкалар , кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.
ü Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды ;
ü Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
ü Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.
Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек ;
Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.
Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.
Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
§ ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
§ Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;
§ Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға ьолады;
§ Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білуі қажет.
§ Көз жаттығуларын білу міндетті.
Апаттық жағдайдағы ттехника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:

  • Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзге дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек;

  • От сөндіруде көмек көрсету қажет;

  • Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білуі керек;

  • Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтынын білуі керек. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал- жабдықтарын пайдалануға болады;

  • Электр тогының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әртүрлі материалдарды ( электр тогы сымынан басқа ) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:

  • Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру;

  • Жұмыс орнын ретке келтіру.

  • Жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.

Электр тоғымен зақымданған жағдайда
алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
1.Тоқты өшіру (щиттағы батырманы басу арқылы);
2.Зақымданушыны ток әсерінен(сымнан) босату;
3. Дәрігер шақыру;
4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына
байланысты көмек көрсету.
І. Күйген жағдайда:
● Ауырғанда сездірмейтін дәрілер (аналгин, валерьиян және т.б.)
беру;
● Күйген жерге арнайы май (облепиха) жағу ;
● Зақымданған жерге суық су құю;
● Алдын-ала жараланған жерді , микроптар түспес үшін мөлдір жұқа
қағазбен (целлофанмен) орау.
ІІ. Есінен танып қалған жағдайда:
● Зақымданушы жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір
Жағына қаратып , қырымен орналатыру керек;
● Нашатыр спиртін иіскету керек.
ІІІ. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда:
● Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексерту керек, егер ол
күрмеліп қалса оны қолмен дырыс қалпына керек ;
● Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолмен дем алдыру (ауызбен ауызға) немесе дәрігер келгенге дейін жаттығулар жасату;
Шаршағандағы қолданылатын жаттығулар
1. Бас жаттығуларын жасау:
2. Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;
3. Басты жан-жақа, жоғары-төмен, оңға-солға бұру.
4. Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың блезігін босаңсыту.
5. Денені босаңсыты және оны кетіріп ширықтыру.
6. Көз жаттығуларын жасау:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет