76. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты туралы пікірлері



Дата08.06.2023
өлшемі20,45 Kb.
#99603
Байланысты:
76-90 пед псих


76. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты туралы пікірлері.
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл ой
дене тәрбиесін беріп, жан жақты және үйлесімді дамыту деген.
Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік
және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және
өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген
К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды
тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз
байланысты қарастырады
П.П Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті
меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру
деген.
1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына
ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі,
дене және эстетикалық тәрбие салалары өнгізілді.
A.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет
қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол
"Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты
қолдады, В А Сухомлинский оны жүзеге асырды.
Тәрбие мақсаты қазақ төлім-төрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу
Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім өмөс, тәрбие бөрілуі керек. Онсыз
берілген білім - адамзаттың кас жауы
20. А.С.Макаренконың өмірі мен ұжым туралы теориясы
Аса көрнекті кеңес педагогі А.С.Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері жанұясында дүниеге келді.
Кременчук қаласындағы қалалық училищені және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол 1905ж.Крюковадағы екі сыныптық теміржол училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
1905-1907 революция жолдары Макаренконың көзқарасы қалыптаса бастады. Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі большевиктік насихат пен революциялық қағидалардың жолымен жүргнедігін есіне алады. А.С.Макаренко жұмыс істеген мектепте жұмысшылардың балалары оқыды, ол революциялық пролетарлық ортамен тығыз байланыста болды.
А.С.Макаренкоға А.М.Горкийдің шығармалары ерекше әсер етті. А.С.Макаренко өзінің естеліктерінде: “Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлі ұстазым болды”, — деп жазды.
1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко оқытушылар инстиутында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады.
1920 жылы Полтава губерниялық халық ағарту бөлімі Макаренкоға Полтаваның жанында жасы камелетке толмаған заң бұзушы балалар үшін колония ұйымдастыруды және оны басқаруды тапсырды. Жұмысты өте қиын жағдайда бастауға тура келді. Жаңа ашылған мекемеге жартылай қираған бұрынғы жасы толмаған қылмыскерлердің колониясының ғимраты берілген болатын-ды.
Олармен 8 жыл жұмыс істеді. Макаренко осындай жастардан өз отанына шын берілген, тәртіпті, еңбек сүйгіш және жұмыс істей білетін нағыз азаматтарды тәрбиелей білді.
77. Ғылыми дүниетаным және оның құрылымы.

  • Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан.

  • Дүниетаным - әлемді түсіну, қабылдау, қоршаған ортадағы шынайылыққа жалпылама көзқарастар жүйесі.Дүниетаным - адамның өзіне, әлемге, өзінің әлемдегі орнына деген көзқарастар жүйесі

  • Баланың ғылым дүние-танымына табиғат және қоғам елдері әлеуметтік-экономикалық жағдайлар ,қоғамдық саяси қатынастар әсер етеді. Ғылыми сенімдер ғылым-философиялық білімдерді, қазіргі ғылым жетістіктерін оқып – үйрету, дүниені танудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы қалыптасады.

Дүниетаным құрылымы. Тұтас-психикалық білім ретінде дүниетаным – күрделі де көп аспектілі құрылым. Оның өзегі -теоретикалық ойлау, жоғары интеллектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің дамытан қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер.
Көзқарастар – адамның қол жеткізген идеялары, білімдері, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдаулары. Олар табиғат пен қоғам құбылыстарын түсіндіріп, адамның мінез-құлық, іс-әрекет пен қатынастардың бағыт-бағдары қызметін атқарады. И.Ф.Харламов айтқандай әр адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ, күрделі интеллектуальдық іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет