7М04141 «Қаржы» мамандығының 2-курс магистранты



Дата02.04.2023
өлшемі19,04 Kb.
#78452
түріДиссертация

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
7М04141 - « Қаржы» мамандығының 2-курс магистранты
Сәтенхан Әсел Бауыржанқызының « Мұнай бағасының Қазақстан қор нарығына әсері: KASE мысалында талдау » атты магистрлік диссертациясына


Рецензия

Соңғы жылдары әлемдік мұнай бағасы тауар мен қор нарықтарына, ұлттық бюджеттің қалыптасуына тікелей әсер ететін маңызды экономикалық көрсеткіштердің біріне айналды.Осылайша әлемдік мұнай бағасы мұнай экспорттаушы және мұнай импорттаушы елдердің қор нарығына айтарлықтай әсер етеді.Дүниежүзіндегі шикі мұнай құнының қор биржасына ықпалын қарастыртыра отырып, негізгі қиындық тудырататын нәрсе, ол- шикі мұнай тәуелділігі болып табылады.


Шағын бизнесте нарықтағы белсенді рөл атқаратындықтан қозғаушы күш болып табылады, олай дейтініміз өзіне сай ерекшеліктеріне сүйеніп өзге де сол секілді құрылымдарға қарағанда алдеқайда ұтқыр, нарыққа қажетті істерді туындатып отырады. Бірақ та ол, осы уақытқа шейін бұл экономиканың қанағаттанарлықтай моделі жоқ болып табылады, бірақ оның нағыз нысаналары барлық әлемде өз орнымен ерекшеленіп отырады. Соған байланысты да, сәйкесінше шағын бизнестегі субъектілердің цифрлық ауысулары ауқымды деңгейде төмен болып табылады.


Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын ілгері дамытулар бойынша іс-әрекеттер мемлекет саясатының нақты бөліктерінің бірі болып табылады. Сәйкесінше, ауыл шаруашылығын цифрландыру да алдыңғы шарттардың бірі болуда. Заманауи ауыл шаруашылығын жаңа технологиялармен қамтамасыз етіп, дамыған елдердің қатарынан қалмай, елдегі экономиканың драйвері бола алатын осы саланы ары қарай дамытуды қажет етеді.
Бұл зерттеу жұмысының құрылымы өзектілігі келесідей бөлімдерден тұрады. Біріншіден зерттеу жұмысына кіріспе жасалып, зерттеудің мақсаты, өзектілігі айтылған. Артынан зерттеу тақырыбына қатысты отандық және шетелдік әдебиеттерге шолу жасалынған. Одан кейін зерттеу әдістері жасалып, олар жан-жақты ашылып көрсетілген. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері көрсетіліп, себеп-салдары жан-жақты талданған және соңынан жалпы қорытынды жасалып, ұсыныстар берілген. Жалпы магистрлік диссертацияның көлемі 78 беттен тұрады, оның ішінде, 10 сурет пен 11 кесте бар және пайдаланылған әдебиеттер саны 71-ден тұрады.
Магистрант зерттеу жұмысында зерттеу бағытына сай ғылыми еңбектерді қолданып талдау жасаған. Зерттеу жұмысының теориялық мазмұны мен тәжірибелік нәтижелері нақты түрде сипатталған. Зерттеу жұмысында теориялық және әдістемелік негіздерін жан-жақты қарастырып, шетелдік тәжірибелерге де тоқталып өткен. Талдау бөлімінде мұнай бағасына қор нарығына әсерін толық зерттеп, алынған ақпараттарға толық түрде талдау, анализдер жасалған. Бұл жағдай ғылыми нәтиженің негізділігі мен нақтылық дәрежесін көрсетеді. Сонымен қатар, ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар беріліп, қойылған мақсат-міндеттердің шешімдеріне сипаттама берілген. Аталған саладағы ең жақсы жетістіктермен салыстыра отырып, орындалған жұмыстың ғылыми-тәжірибелік деңгейі бағаланған.
Қорыта келгенде, Сәтенхан Әсел Бауыржанқызының « Мұнай бағасының Қазақстан қор нарығына әсері: KASE мысалында талдау » атты магистрлік диссертациясы қойылған барлық талаптарға жауап береді және жұмыс тиянақты, жүйелі орындалғандықтан бұл магистрлік диссертацияны (90, А-, 3.67) өте жақсы деп бағалап, ашық қорғауға жіберуге және жариялауға болады.
Рецензент:
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Индустриалды-техникалық колледжі»
МКҚК директоры, экономика ғылымдарының
докторы, профессор Исахметов Т.И.
«_____» __________ 20__ ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет