Бес пәннен,оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы)



бет1/9
Дата17.06.2023
өлшемі44,62 Kb.
#101966
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді.
1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.
2. ҰБТ – жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.
1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен,оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және
оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.
Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.
Емтихандардың тізбесі және нысаны мынадый:
1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі.
Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет.
Эссе тақырыбын таңдағаннан кейін бітірушілер негізгі идеяны анықтауы (ол не туралы?), проблеманы жинақтауы, дәлелдер жазуы, тіл құралдарын және тілдік әдістерді (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақ, кіріспе сөздер мен ұсыныстар т.б.) пайдалануы, эссенің жалпы қорытындысын қалыптастыруы керек.
Қазақ тілінен эссенің үлгілік тақырыптары
1. Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті ме?
2. Ғылыми-технологиялық прогресс адамдарға әсер етеді деп ойлайсыз ба?
3. Киноөндіріс жастарға өз әсерін тигізеді деп ойлайсыз ба?
Барлық жұмыстарға бірыңғай бағалау өлшемшартары қолданылады.
2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады.
Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағытталған.
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);
Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет