«№80 іт мектеп-лицейі» кмм (білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ)



бет1/3
Дата21.11.2023
өлшемі57,5 Kb.
#125040
түріСабақ
  1   2   3

«№80 ІТ мектеп-лицейі» КММ_
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары


Педагогтің Т.А.Ә.

Отарбаева Д.К.

Күні:

10.11.2023ж.

Сынып: 8 А,В,ФМ2,ХБ2

Қатысушылар саны: 
Қатыспағандар саны: 

Сабақтың тақырыбы

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі Алаш қайраткерлерінің қызметі

Сабақтың мақсаты

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру

Сабақтың барысы





Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының 
әрекеті

Бағалау

Ресурстар

 Ұйымдастыру
Өткен білімді еске түсіру
7 минут

Жаңа тақырыпқа қадам


3 минут

(Ұ) БЫМ «Ассоциация» әдісі
«1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің шығу себептері неде?» Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Тақырыптық суреттер
Суреттер топ тамасы, патша үкіметінің құ- лауы туралы ұрандар



Сабақтың ортасы
Жаңа білім
5 минут
10 минут
5 минут

10 минут




Мұғалімнің түсіндірмесі:Алаш қозғалысы қайраткерлерінің 1916 жылы қазақтарды тыл жұмыстарына алуға көзқарасы. 1916 жылы жазда қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Далалық облыстардың барлығында дерлік бас көтерулер көрініс тапты. Көтерілісшілер тыл жұмысына алынатындардың тізімін жасаған болыс басқарушыларына наразылықтарын білдірді. Патша үкіметі көтерілісшілерге қарсы жазалаушы әскер шығарды. Алаш басшылары қарулы көтеріліске қарсы шығып, босқа қантөгіске ұшырамау үшін сабырлыққа шақырды.
Ресей империясының жоғары органдарымен келіссөздер жасасып, халықтың аман қалуын ойлаған Алаш жетекшілері тыл жұмыстарына алуды (шөп шабу мезгілі, күзгі егінді жинап алу т.б. үшін) кейінге қалдыра тұрып, тиісті әзірлік жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.
Халықтың қарулы көтерілісі Алаш қозғалысы жетекшілерінің идеясына және ұстанымдарына сәйкес келмеді. Қазақ зиялылары эволюциялық жолды таңдап, бейбіт жолмен ұлттық автономияға қол жеткізуді қолдады.
Алаш зиялылары жағдайды талдай келе, тыл жұмыстарына баруға келісуді ұсынды. Олай болмағанда ел ішіне патшаның жазалау әскері шығып, халықты қырып-жоятындығын білді. Уақыт көрсеткендей, көтеріліс барысында қарусыз халық өкіметтің жазалау шараларының құрбаны болды, мыңдаған жазықсыз адам қаза тапты, мал-мүлкінен айырылды.
Алаш қайраткерлері халықты әскерге баруға, тыл жұмысына қатысуға үгіттеді.
1916 жылы желтоқсанда Алаш элитасы (студент, дәрігер, мұғалім, фельдшер, аудармашылар) штабы Минск қаласында орналасқан Батыс майданның тыл жұмысындағы жігіттермен кездесті. Олар тыл жұмыстарына шақырылғандардың құқығын қорғап, азық-түлік, дәрі-дәрмектерін жеткізіп, қолдан келген көмектерін жасады.
1917 жылы ақпан айында Ә. Бөкейхан Минскідегі Батыс майданның земство және қала одақтары жанынан ашылған бұратаналар бөлімін басқарды. Тыл жұмысындағылардың жағдайы туралы Ә. Бөкейхан былай деп жазады: «Ол жақта қазақ тілін білетін дәрігердің де, фельдшердің де көмегі өте маңызды». Батыс майданның және империяның басқа аудандарында жалпы 200 мыңдай қазақ еңбек етті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет