№85
(873)
Сейсенбі,
25 қазан
2016 жыл
А уд а н д ы қ қ о ғ а м д ы қ- с а я с и г а з е т
Тамыры – терең, тарихы – кенен
Байланыс телефондары: 8 (724-38) 23-8-04, 21-6-94
www.qazaly.kz
@qazaly.kz
E-mail: kazaly@bk.ru
«Қазалы» газетіне жазылуға асығыңыздар
Өздеріңіз әр санын әр дайым асыға күтіп отыратын
«Қазалы» газетіне 2017 жылға жазылу басталды.
Жазылу «Қазалы» газе тінің редакциясында жүр гізіледі.
Бағасы жеке адамдар үшін 6 айға – 2000 теңге, 1 жылға
– 4000 теңге (индекс 65032),
Мекеме, кәсіпорындар мен басқа да ұжымдар үшін
6 айға – 3000 теңге, 1 жылға – 6000 теңге (индекс 15032).
Біздің есепшотымыз:
«Сыр Медиа» ЖШС
СТН 331 000 011 645
БСН 100 740 005 115
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою
17.08.2012 жыл
сериясы 33001 №0003930
ИИК KZ349260701180488005
АО «Казкоммерцбанк»
БИК KZOKZKX
«ҚАЗАЛЫ» ГАЗЕТІНІҢ
РЕДАКЦИЯСЫ.
БАСПАСӨЗ – 2017
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
25 жылдығына орай Қазалы ауданында «Тәуелсіздік» аллеясының
ашылуына арналған іс-шаралардың БАҒДАРЛАМАСЫ
2016 жылғы 29 қазан
9:00
Келетін қонақтарды күтіп алу, орналастыру
10:00-13:00
Жалаңтөс баһадүр, Бегім ана, Асандар көтерілісі құрбандарына арналған “Тәуелсіздік тағылымдары және Мәңгілік Ел
мұраты” атты ғылыми-тәжірибелік конференция (№249 мектеп-лицей)
13:00-14:30
Түскі ас
15:00-19:00
Ақындар айтысы (№266 мектеп-лицей)
19:00-20:00
Кешкі ас
20:30-23:00
Шығыс жастарының жалынды жетекшісі «Ғани Мұратбаев» атындағы облыстық жастар сыйлығын табыстау салтанаты
(орталық алаң)
2016 жылғы 30 қазан
10:00-10:30
Әйтеке би кентіне кіреберіс Бас қақпаның ашылу рәсімі
10:40-11:05
Қ.Пірімов және Т.Бөріқұлақов көшелерінің қиылысындағы айналма жолдың табысталу рәсімі
11:10-11:55
«Тәуелсіздік» аллеясының ашылуы (Бегім ана, Асандар көтерілісі құрбандарына арналған ескерткіштердің және Жалаңтөс
баһадүр мавзолейі мен Тәуелсіздік монументінің ашылуы)
12:00-12:40
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара, концерттік бағдарлама (орталық алаң)
12:40-13:40
Бабалар рухына арналған ас (арнайы тігілген киіз үйлер), (орталық алаң және Қ.Пірімов көшесінің бойы)
14:00-17:30
Ат бәйгесі («Әбдіраман» төбе баурайы), (тай жарысы, құнан бәйгесі, тоқ бәйгесі, аламан бәйгесі) және құсбегілер сайысы.
Сонымен қатар, қыз қуу, теңге алу ұлттық ойындары ұйымдастырылатын болады.
18:00-20:00
Жыраулар фестивалі (орталық алаң)
20:00-23:30
Эстрада жұлдыздарының (Қайрат Нұртас, Нұр-Мұқасан, Гүлнұр Оразымбетова, «Азия» тобы) қатысуымен мерекелік г
ала-
концерт, от шашу (орталық алаң)
00:00
Қонақтарды шығарып салу
Қаншама адамның дертіне дауа
тауып, алғыс арқалаған білікті бас-
шы Құбыл Ршымбетов басқаратын
«Апаттар медицинасының теміржол
госпитальдары» акционерлік қоға-
мының филиалы – «Қазалы темір-
жол ауруханасы» үлкен қуанышқа
кенелді. Ілгеріректе көмірмен,
2012 жылдан бастап сұйық газбен
жылытылған аурухана енді табиғи
көгілдір отынның қызығын көретін
болды.
«Саламатты Қазақстан» мемле-
кеттік бағдарламасын жүзеге асы-
ра отырып, халықтың денсаулығын
сақтау жолында аянбай қызмет
етіп келе жатқан үлгілі ұжымдағы
жағымды жаңалықты естіп, ауру-
хана бас дәрігерінің шаруашылық
жөніндегі орынбасары Сатыбай
Қосжановпен жолықтық.
– 2012 жылға дейін көмір
жақтық. Одан кейін мекемеге ко-
телдер алып, сұйық газбен жы-
лытуды
бастадық.
Былтырдан
бері ауданға табиғи газ келгесін
қажетті құжаттарды дайындадық.
Нәтижесінде аурухана ғимараты
толықтай табиғи газбен қамтылды.
Жалпы, аурухана бөлмелері қыс
мезгілінде 22 градустан төмен бол-
мауы керек. Бұрындары жылыту
жұмыстарымен күндіз-түні айналы-
сып, қиындығын сезетінбіз. Қазір
операторлар бір ғана тетікті бұрау
арқылы іштегі жылудың жай-күйін
басқарып отыр, – дейді ол.
Уақыт талабына сай, бұрынғы
от жағушы атауы бүгінде оператор
болып ауыстырылды. Шаруашылық
бөлімінің
басшысымен
бірге,
Орынбасар Баймұхамбетов, Рау-
ан Аманов, Ринат Қыпшақбаевтар
Қызылорда қаласында «ГазТранс-
Аймақ» мекемесінде арнайы білім
алып, газбен жұмыс жасаудың қыр-
сырына қанығып қайтты.
Тәуелсіздік алған ширек ғасыр
ішінде аудан көлемінде атқарылған
игі істер жетерлік. Соның бірі –
еңбек тәртібі мен қызмет сапасы
қатты қадағаланып, заманауи тех-
нологиялар мен құрал-жабдықтар
арқылы
емдеудің
ең
озық
тәсілдері қолданылатын ауруха-
на ғимаратының газбен қамтылуы.
«Дені сау ұрпақ – ел келешегі» де-
сек, сырқаттардың ем қабылдап,
денсаулығын
жақсартатын
орынның жанға жайлы, жылы әрі
таза болғанына көңіліміз марқайып
қалды.
Алдағы уақытта ел денсаулығын
сақтау жолында аянбай тер төгіп
жүрген теміржол ауруханасының
асханасы табиғи газбен қамтылып,
қысы-жазы ыстық су кедергісіз пай-
даланылатын болады.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
Жағымды жаңалық
Алтын дән – 2016
ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ
Ауданымыздағы қазан айының 29-30 күндері өтетін торқалы тойға
дайындық қызу жүріп жатыр. Бабалар рухын ұлықтауға арналған ізгілікті
шараға барлық аудан тұрғындары біркісідей атсалысуда. Елдік істі сенікі,
менікі деп бөліске салмай, ұйымшылдықпен кіріскен қазалылықтардың
қарқыны көңіл қуантады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Барша
тұрғынның ауызбіршілікпен тындырымды тірлік етуінің арқасында кент
көшелері көріктеніп, жаңадан бой көтерген ескерткіштер көз тартады.
Бүгінде ауданда тойға дайындық жұмыстарының соңғы кезеңдері қауырт
жүргізілуде.
Тәуелсіздіктің 25, Жалаңтөс баһадүрдің 440 жылдығына арналған той
үстінде «Жеңіс» саябағынан бастап, Жамбыл Жабаев атындағы №234 мек-
тепке дейінгі аралықта жүз киіз үй тігіліп, дастархан жайылады. Бабалар
рухына бағышталып ас беріледі. Той күндері Бегім ана, Асандар көтерілісі
құрбандарына арналған ескерткіштердің және Жалаңтөс баһадүр мавзолейі
мен Тәуелсіздік аллеясы және монументі салтанатты түрде ашылады.
Тойға республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған халық суы-
рып салма ақындардың аузынан шыққан әсерлі сөздерге қанығып, жыра-
улар фестивалінде жырмен сусындайды. «Әбдіраман» төбе баурайында
өтетін ат бәйгесі мен құсбегілер сайысын тамашалайтын болады. Сондай-
ақ, «Тәуелсіздік тағылымдары және Мәңгілік ел мұраты» тақырыбындағы
ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар рухани азық ала ала-
ды. Жастық жігері, белсенділігімен көзге түскен түрлі саладағы жастар
«Ғани Мұратбаев» атындағы облыстық жастар сыйлығымен марапатталып,
Ғ.Мұратбаевтың 114 жылдығына арналған мерекелік төсбелгіні кеуделеріне
тағады.
Дүбірлі той орталық алаңда өтетін эстрада жұлдыздарының гала-
концертімен қорытындыланады.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ.
ДҮБІРЛІ ТОЙҒА
ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ
«Қамқор вагон» ЖШС-нің Қазалы вагон жөндеу депосы.
СЫР ДИҚАНДАРЫ ТАБЫС ТӨРІНДЕ
Сыр диқандары биылғы жылы күріштің әр гектарынан орташа есеппен 54,9 центнер
өнім жинап, ел қамбасына 440 мың тоннаға жуық астық құйды. Осылайша, ел Тәуелсіздігі
кезеңіндегі рекордтық көрсеткіш төртінші жыл қатарынан қайталанып отыр. Бұл тура-
лы жұма күні Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында өткен «Алтын
дән – 2016» мерекесі аясында биылғы егін жинау қорытындысына арналған салтанатты
шарада айтылды.
Ал
Мемлекет
басшы-
сы Нұрсұлтан Назарбаев облыс
диқандарына үздік нәтижеге қол
жеткізгендері үшін ақ тілегін арнап,
құттықтау жеделхатын жолдады.
Онда: «Сіздердің жетістіктеріңіз ел
Тәуелсіздігінің 25 жылдығына үлкен
сый болып, ел мерейі өсті. Алдағы
уақытта да үлкен жетістіктерге
жетіп, ел экономикасын дамытуға
үлес
қосатындарыңызға
кәміл
сенемін», – деп жазылған.
Мерекелік
шарада
осы
жағымды жаңалықты жеткізген
Қызылорда
облысының
әкімі
Қырымбек Көшербаев жиналған
жұртшылықты табысты нәтижемен,
ақ
күріштің
атасы
Ыбырай
Жақаевтың 125 жылдығымен және
ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен
құттықтады.
– «Егін өсіру – жұмыстың жарты
бөлігі ғана. Оны соңғы дәніне дейін
жинау одан да маңыздырақ», – деген
«дала академигі» Ыбырай Жақаев.
Осы жылы күріш шаруашылығының
негізін салған Ыбырай Жақаевтың
мерейтойын және ширек ғасырлық
ел тәуелсіздігі жылдарында жет-
кен жақсы жетістікті атап өтеміз.
Мемлекет басшысы «кәсіпкерлікті
дамытудың ең тиімді тұсы – тау-
арды экспортқа шығару» деп атап
өткен болатын.
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның айтуынша,
бүгінде тегін кәсіптік-техникалық білім берудің жаңа механизмі әзірленді. Соның
аясында жастарды жұмысшы мамандықтармен барынша қамтып, әрбір студентке
шәкіртақы, тіпті тегін тамақ беру жүйесін енгізу көзделіп отыр.
Бүгінгі таңда республика бойынша орналасқан 807 колледжде 498 мың адам
білім алуда. Солардың ішінде 97 мың адам жұмысшы мамандықтарында оқиды. Бұл
– барлық студенттердің тек 20 пайызы ғана. Олар тегін білім алып жатыр. Ал қалған
80 пайызы орта буын мамандықтарын игеріп жүр. Енді, аталған арасалмақты өзгертіп,
жұмысшы мамандықтарға басымдық беру көзделіп отыр. Оған түскен жастар орта
буын мамандықтарын да тегін тәмамдай алады. Сөйтіп, екі бірдей мамандықты алып
шығуға мүмкіндік бар.
«Гранттар алдымен жұмысшы мамандықтарына бөлінеді. Қалғаны басқа
мамандықтар арасында таратылады. Мәселен, болашақта жаңа жүйемен 160 мың адам
қамтылса, 40 мың адам жұмысшы мамандықтарына қабылданады. Осы механимзге
сәйкес, техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы мамандықтарының
барлығы тегін болады, – деді Э.Сұханбердиева бүгін депутаттарға жаңа жобаны та-
ныстыру рәсімі кезінде.
Сонымен қатар, колледждерде оқитын жастарды жатақханамен қамту көрсеткіші
төмен болып тұр. Қазіргі сұраныс 13 мың орынды құрап отыр. Барлық студенттерді
жатақханамен қамтамасыз ету үшін 200 орынды 69 жатақхана салу қажет. Аталған
мәселе жергілікті билік органдарына тапсырылып отыр.
Ресми ақпарат көздерінен.
Колледж студенттері үшін оқу да, тамақ та, шәкіртақы да тегін болмақ
Қызылордалықтар жыл сайын 50 мың тонна күрішті
экспортқа шығарады. Ал осы жылы Ресей Федера-
циясына 700 тонна қауын сатылды. Бұл – өңірдің
экспорттық әлеуетінің бір ғана бөлігі, – деді аймақ
басшысы.
«Алтын дән – 2016» салтанатына келген ҚР
Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хат-
шысы Ермек Көшербаев және «Ауыл шаруашылығы
қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық
бірлестігінің төрағасы Әбубәкір Сүлейменов,
Қазақстанның Еңбек Ері, «Күріш өңдеушілер және
өндірушілер қауымдастығының» президенті Абзал
Ералиев бірқатар сала озаттарын ведомстволық мара-
паттармен марапаттады.
Кетпенінің жүзіне күн қондырып, жер жүрегін
еңбегімен тербеткен қазалылық диқандар да озат-
тар қатарынан көрінді. Атап айтсақ, «Озат өңдеу
кәсіпорны» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі
диплом «Сыр маржаны» серіктестігінің дирек-
торы Мінәжадин Өтеевке табысталды. «Озат
жоңышқа өсіруші» номинациясын «Сыр Маржа-
ны» серіктестігінің жоңышқа өсірушісі Абай Иман-
баев иеленді. Ол аса құнарлы мал азығы жоңышқа
дақылын күтіп-баптап, оның әр гектарынан 150 цент-
нерден жоңышқа шөбін жинауды қамтамасыз еткен.
Күріш ору науқанында «Джон-Дир» маркалы жат-
касымен 2400 гектар күріш оруды қамтамасыз ет-
кен «Рза-Агро» шаруашылығының жұмысшысы
Теңел Жақыпов «Озат жатка машинисі» номина-
циясын алды. Ал «Ақмаржан» шаруа
қожалығының жетекшісі Төремұрат
Тәжімұрат
«Ауыл
шаруашылығы
саласының
үздігі»
төсбелгісімен,
Жалаңтөс батыр» серіктестігінің агрономы Абзал
Сәрсенов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің
«Құрмет грамотасымен», зейнеткер Есенкелді Мәли
«Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Сондай-
ақ «Есқожаев Мерей» күріш ақтау зауытының бас-
шысы Мерей Есқожаевқа ІІ-дәрежелі «Еңбек Даңқы»
төсбелгісі табыс етілді.
Бұдан соң, көпшілікке концерттік бағдарлама
ұсынылды. Сахнада қазақ эстрадасының жұлдызы,
ақын, әнші, композитор Елена Әбдіхалықова, «Азия»
тобы және жергілікті өнерпаздар әсем әндерді
әуелетті.
Айта кетейік, қос тойы қабат кел ген сырбойы-
лықтар ақ күріш тің атасы, дала академигі Ыбырай
Жақаевтың 125 жылдығын да кең көлемде атап өтті.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы
қарсаңында қазалылық диқандар табысқа кенелді.
Дәлірек айтсақ, ала жаздай атыз жағалаған еңбекші
қауым осы жылы күріштің әр гектарынан 49,2 цент-
нерден өніп алды. Бұл – біздің аудан үшін рекордтық
көрсеткіш. Өткен жылы әр гектардан 42,7 центнер-
ден «Сыр маржанын» жинаған болатын. Осылайша,
Қазалы ауданының елжанды еңбеккерлері «Алтын
дән – 2016» тойына толымды тартумен келді. Олар
«Шұғыла» шағын ауданында өткізілген жәрмеңкеге
барлығы 43 автокөлікке тиеп, ауылшаруашылық
өнімдерін апарды. Жәрмеңкені облыс әкімінің орын-
басары Серік Қожаниязов пен аудан әкімі Нажмадин
Шамұратов аралап көрді.
– «Алтын дән – 2016» мерекесіне жақсы
жетістікпен келіп отырмыз. Биыл 6670 гектар күріш
егіп, 32800 тонна дән қамбаға құйдық. Мұндай
көрсеткіш соңғы жиырма бес жылдың көлемінде
болмаған. Сондықтан, қазалылықтар Сыр өңірінің
республикада мерейінің өсуіне лайықты үлес қосты
деп есептейміз, – деді аудандық ауыл шаруашылығы
бөлімінің басшысы Абай Рыстығұл.
Жәрмеңкеге ауданның кәсіпкерлері 33 тонна
ақ күріш, 15 тонна күріш қалдығын, 50 тонна кар-
топ, көкөніс, бақша өнімдерін, 40 бас қой, 1 тон-
на ет, 10 тоннаға жуық балық, 400 келі кондитер, 3
тоннадай сүт өнімдерін қойып, мереке мәзірін бай-
ытты. Мол әрi арзан өнім алып қалуға тырысқан
қызылордалықтар мұнда ертемен жиналды. Бағасы
да былайғы нарықтан төмен. Сонымен қатар, ауыл
шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өткізілетін орын-
да киіз үй тігіліп, арнайы шақырылған қонақтарға
дастарқан жайылды. Ал ауданның өнерпаздары
азық-түлік сатып алуға келген қала тұрғындарының
көңілін көтеріп, әннен шашу шашты.
Дәурен ОМАРОВ.
Соғыс салған жазылмас жаралар бүгінгі ұрпақтың да жүрегінде
сақтаулы екені айдан анық. Соғыс сойқанының азабын жеткілікті
тартқан әкем айтқан естеліктер өз алдына, сонымен бірге әрбір
отбасы өз тарихын ұрпағына аманат етсін деген тілекпен осы
мақаламды жазып отырмын.
Әкемнің арғы атасы – Балшан дәулетті кісі болған. Ауылдың
шығыс жақ бетінде сол кісінің атында «Балшанкөл» деген жер
бар. Ол кісінің Сұлтанмұрат, Досмамбет, Ізмамбет атты үш ұлы,
үш қызы болыпты. Балшан атамыз Сұлтанмұрат яғни, үлкен ұлына
атақты Асандардың Сойырқас руының Ақпанбет биінің баласы – ба-
тыр, қобызшы Ұзақбайдың қызы Інжіпияны атастырып алып беріп,
оны малы мен шаруашылығына, ал ортаншы ұлы Досмамбетті дін
оқуына Үргенішке, әлде Бұхараға жібереді. Досмамбет сопы ата-
нып, елтісімен екеуі бөлек отауда діни кітаптар оқумен күн кешеді.
Ал Ізмамбетті сауда ісіне баулиды. Сұлтанмұраттан Нұрадин,
Сәмәдин атты екі ұл, Ұрқия атты қыз болған. Менің әкем Нұрадинді
Досмамбет сопы бауырына салған екен.
Сұлтанмұратов Сәмәдин 1919 жылы дүниеге келген. Сауат
ашу мектебін бітірген. 1938 жылы әскер қатарына алынып, хат-
хабар келіп тұрған. Әжем Інжіпияның айтуы бойынша, 1939 жылы
Фин соғысына қатысқан. Үйге командирлерінен марапат хаттар
келіп, өзі сол жердің ақшасын салып жіберген. Күні кешеге дейін
сақтаған бұл жәдігерлерді әжем баласынан күдер үзді білем, “бәле-
жала осымен кетсін” деп отқа тастады. 1941 жылға дейін хат-хабар
үзілмеген. Соғыс ардагері Меңей Төлепбай атамыздан естігенім:
«Айналайын, сенің әкеңнің інісі – Сәмәдин өте сауатты, «киіктің
асығындай» қағылез, екі көзі от шашып тұрған жігіттің сырбазы еді.
Ол біз сияқты алдағанға көне салатын жан емес еді. Мен оны бір-ақ
рет лагерде көрдім. Онда да көзбен ымдап амандастық. Кейіннен
естідім, ол тұтқыннан қашуды ұйымдастырып жүргенінде атылып
кетіпті. Қазақтың маңдайына сыймай кеткен боздақтың бірі сол
жігіт» деген еді атамыз өкініш білдіріп...
Енді, менің әкем Нұрадин туралы айтар болсам, әкем
әкелердің ішіндегі ең жақсысы дер едім. Діни сауатты, отбасын-
да кең пейіл, өзінде барды жұртпен бөліскісі келіп тұратын, анам
– Қанымшаны барынша сыйлайтын, балаларын, ағайын-туғанды,
нағашы-жиендерін ерекше қадірлейтін, балдыздарының ойынын
жақсы көтеретін жан еді. Бір күні сабақтан келсем, Нысан деген
Сойырқас нағашым келіп отыр екен. Мені көре салысымен «о-о-о,
дезертирдің қызы келді. Әй, жиенім-ау, сен енді мектепке қалай
барасың? Сенің әкең туралы кино түсірілейін деп жатыр. Әкең
пленге түскен, Түркістан легионына қатысқан, нанбасаң «Үлкен
Түркістанның күйреуі» деген кітапты оқы. Сондағы Нұрадин де-
ген сенің әкең» деді. Ол кісі кету бойынша әкемді тергеуге ал-
дым. «Көке, сен неге пленге түстің, одан жаумен арпалысып, неге
жастығыңды ала сол ұрыс даласында қалмадың?» дедім-ау мен
ақымақ. Сол сәтте әке жанын шырқырата қинаған екенмін-ау. Сол
күннен бастап кітапханалардан аталған кітапты іздей бастадым.
Мүмкін кітапқа деген құрметім сол кезден бастау алған шығар.
Ауыл кітапханасында жоқ кітап, №104 мектептегі кітапханашы
Шара апайдан, Төлепбай атаның келінінен табылды-ау, әйтеуір.
Авторы – Серік Шәкібаев екен. Түнімен май шамның жарығымен
таң атқанша бас алмай кітапты да оқып бітіріп, менің әкеме қатысты
емес екеніне көзімді жеткізіп «Уһ» деп кең тыныстадым. Нысан
нағашымның әзілдегені екенін түсіндім. Бірақ, сол 3-4 күн менің
жүрегімде мәңгі ауыр күндер болып қалып қойды. Өте тұйық бо-
лып өстім, бір нәрсені айтайын десем жұрт «сатқынның қызы» деп
бетіме басатын сияқты өз-өзімнен қуыстанып, оңашалана беретін
болдым, ойымнан кетпей қойды.
Кезекті бір сұрағанымда екі көзінен сорғалаған жасын
сүртпестен әкем сол бір сүреңсіз азапты күндері туралы баян-
дап берді. Ең алғаш рет «Балам, бәрі де сендер айтып жүргендей
оп-оңай емес. Сосын немістің бәрі фашист емес. Мен де фашист-
ке қарсы соғыстым. Кезегі келгенде бәрі де жарияланады. Бізді
тұтқынға түсуге мәжбүрлеген, сыртымыздан сатқандар болды.
Қолда құрал аз болды, тіпті жалаң қол деуге де болады, соғысуға
мұрша келтірмей, ақыры тұтқынға түстік. Айдап Берлинге алып
келді. Тұтқындамыз, ашпыз, ауыр еңбек. Бір күні таңертең бар
тұтқынды ашық алаңға шығарды. «Бір, екі» деп санап, әрбір екінші
тұтқынды атып жатыр. Менің қасымдағы өзбек біресе сол, біресе
оң жағыма шығып жүр еді, дәл сол кезде құрыққа сол ілінді. Дана
халқымыздың «Ажалың жетпей өлмейсің» дегеніне алғаш рет көз
жеткіздім. Өзгелерінен бөлектеу ақ перчатка киген сыптай бір
неміс жігіті тұр еді. Сол келді де, тұтқындарға көз жүгіртіп қарап
тұрып, мені мен бір татарды нұсқап көрсетті де, “еріп жүр” деген-
дей белгі берді. Екеумізді алып келіп, ат қорасымен, ат арбасымен
таныстырды. Бізге жақсы қарады. Дүкендерге нан тасыдық. Соғыс
соңына қарай біздің самолеттер Берлинді бомбалай бастады. «Я,
әруақ, ата-баба жерін көруге нәсіп еткейсің» деп екі аттың шыл-
бырын ұстап тұра бердім аспанға қарап... Бомбалау аяқталған соң
қарасам татар досым паналаған жер ойраны шығып жатыр, досым
жоқ. Дәл осы жерде ата-баба көрегендігіне тағы да тәнті болдым,
ажалым жоқ екен.
Соғыс та аяқталды. Тұтқынға түскендерді елдеріне қайтара
бастады. Бірақ бізді Қарағандының Шахтинск қаласына әкеліп,
көмір қазуға шахтаға түсірді. Жұмыс ауыр, барлығын қолмен
атқарасың. Сол кезде нормаңды орындап тұрсаң, жылың азая-
ды деген сөз шықты. Не керек, әкең екі жүз мың адамның ішінен
бір орыс екеуміз «Стахановшы» атанып, елге демалысқа жіберді.
Мынау соның билеті. Балам, мен жазамды бар жастық қуатымды
жұмсап, елге қызмет етіп өтеген жанмын». Әкем әңгімесін осылай
аяқтап, көпке дейін үйге кірмей далада өзімен-өзі жүріп алды. Ары
қарай әңгімені жалғаған анам: «Әкең елге 1949 жылы оралды. Сол
жылы отау құрып, колхоздың бір отар қойын алып, Қызылға кеттік.
Одан 1967 жылы сені оқытамыз деп елге оралдық. Әкең күріш екті,
күрішшілердің, малшылардың слеттеріне қатысты. Медальдар
мен марапаттаулардан кенде болған жоқ. Күріш егудің азабының
қандай болатынын өзің де көрдің ғой. Енді әкеңнің жүрегін ауыр-
тып, сұрақ қоя бермейтін бол» деді. Содан кейін соғыс тақырыбына
қайта оралған жоқпын.
Қыз да болсам атқа мініп, әкемнің көмекшісі болдым, пішен
ордым, ауыр жұмыстарын бөлістім. Дүниеден қайтарында «Аллаға
ризамын, елге келдім, жар, бала сүйдім. Айналайын, Несібелім,
ризамын саған, әкеңнің бар ауыртпалығын кішкентай жүрегіңмен
бөлістің-ау, жарығым!» деп алғысын білдіріп еді-ау жан әкем.
Кеш те болса әкемнің ауыр тағдырын жазып, соғыс салған
жараның бірнеше ұрпаққа ауыртпалық салатынын өз жаныммен
түсіне отырып, әлемде соғыс өрті тұтанбасын, ел тыныш, Елба-
сымыз аман болсын, ұрпақтарымыздың жүрегіне емес, жүзіне де
көлеңке түспесін демекпін.