88,5%-ын құраған. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйене отырып хабарлайды. Техногендік сипаттағы 10 358



Дата26.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#45386

Биыл өрт қаупі кезеңі басталғалы бері елімізде 659 орман және 74 дала өрті тіркелді. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті басқарма басшысының орынбасары Тілеуберді Мәдиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Табиғи өрттердің алдын алу және дер кезінде жою – мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басты міндеті. Елімізде жыл сайын 800-ге жуық әртүрлі сипаттағы табиғи өрт шығады. «Қазгидромет» биылғы жылдың үшінші тоқсанында елімізде ауа температурасының орташа көрсеткіші 30 градус болады деп болжайды. Сонымен қатар, жауын-шашынның аз түсуінен өрт қаупінің басымдығы ескертіледі», - деді Тілеуберді Мәдиев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, 07.09.2022 ж бүгін елімізде 11 өрт шығу жағдайы тіркелді. Оның 4-і ШҚО, 4-і Қарағанды және 3-і Абай облысында.
«Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өрт қаупі кезеңі басталғалы бері елімізде 659 орман және 74 дала өрті тіркеліп отыр. Одан бөлек, 2 мыңнан астам даланың жануы тіркелді. Ол – 131 мың шаршы гектар. Бізді табиғи өрттердің үй-жайларға көшуі ерекше алаңдатып отыр», - дейді ол.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Қостанай облысында өртенген үйдің орнынан адам денесі табылғаны туралы хабарлаған еді.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысында табиғи өрт ауыздықталғанын мәлімдеді.


2020 жылдың басынан бері техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жалпы төтенше жағдайлардың санының
88,5%-ын құраған. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйене отырып хабарлайды. Техногендік сипаттағы 10 358 оқиға тіркеліп, 605 адам зардап шеккен (соның ішінде 294 адам қаза болды.
Техногендік сипаттағы жағдайлардың негізгі үлесі өндірістік және тұрмыстық өртке (96,2%) тиесілі болып келеді. 2020 жылдың он айында 9 963 өрт болса, оның зардабы 497 адамға тиген, олардың 255 –і өкінішке орай  қаза болды.
Осы өрттердің салдарынан келтірілген материалдық нұқсан 2 184,1 млн. теңгені құрады.
Өрт саны өткен жылмен салыстсырғанда Алмат, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай. Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында азайса, керісінше Батыс-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Қызылорда облыстарында көбейген.
Өрт көбінесе тұрғын үй секторларында орын алады екен, мұның үлес салмағы 62,5 пайызды құраса, екінші орында көлік-құралдарының өртенуі жиі кездеседі, ол 15,3 пайызға тең. Ал орман өртінің үлес салмағы 6,3 пайыз болса, басқа да ашық аумақтар 5,7 пайызды алады, сауда кәсіпорындары 3,5 пайызға, өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар 1,5 пайызға, далалар, шалғындар, жайылымдар 1,2 пайызға, әкімшілік-қоғамдық ғимараттар 1 пайызға, ауылшаруашылық объектілері 0,9 пайызға тең.
Ал енді өрттің пайда болуының кең таралған себептеріне тоқталсақ, бұл жерде де адам қолымен жасалған, біздің жауапкершілігіміздің аздығынан болатын өрттің үлес салмағы басым екендігін байқауға болады. Мысал, 40,4 пайыз жағдайда  отты абайсыз қолданудың салдарынан өрт шықса, 28,2 пайызда  электр жабдықтарын техникалық пайдалану және монтаждау қағидаларын бұзудан болып өрт шығады екен.  10,3 пайызы  пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзуға тиесілі болса, анықталған әдейі өртеудің үлесі  6,2 пайызға тең, тұрмыстық электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан болатын өрттің үлес салмағы 3,6 пайызды құраса,  3,3 пайыз жағдайда  найзағайдың тікелей соғуы және олардан туындаған ықпалды әсерден болса, 2,6 пайызы  балалардың отпен ойнауына тиесілі екен.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет