№9 лабораториялық сабақтың тақырыбы: Актиномицеттер



Дата13.05.2022
өлшемі102,42 Kb.
#34323
түріСабақ

№ 9 лабораториялық сабақтың тақырыбы: Актиномицеттер
Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері: 1.Биоценоздың ерекше компоненті топырақ актиномицеттерінің систематикасы бойынша зертханада жүргізетін әдістерге ізденіс орындап, нәтижесін топпен талқылайды. 2. Актиномицеттерді анықтау және мөлшерін есептеу әдістерін нұсқаулыққа сай жүзеге асырып, нәтижелерін кәсіби мақсатта қолдануға қабілетті.
Лабораториялық сабақтың мазмұны:

Жоғары сатыдағы актиномицеттердің мицелийі өте жақсы дамыған. Жіңішке гиф диаметрі — 0,1-1,0 мкм, ал айрықша жуан гифтер — 1,5 мкм-ге дейін жетеді. Тығыз агарланған қоректік орталарда (беттік егу) мицелийдің 3 типін анықтауға болады



Актиномицеттер – антибиотиктер продуценттері

Практикада кең қолданысқа ие антибиотиктер актиномицеттердің метаболиттері болып саналады. Актиномицетті шығу тегіне ие ең бірінші антибиотиктердің бірі – мицетин, ол 1939 жылы совет ғалымдары Красильников және Коренякомен ашылды



Актиномицеттердің классификациясы

Актиномицеттердің систематикасы үшін микроорганизмдердің бұл тобына жататын микробтарға тән қасиеттер анықталды. Сонымен қатар, зерттеу барысында актиномицеттер түрлерінің морфологиялық өзгергіштіктері, ұрпақ беру органдарының құрылымы және даму дәрежесі, споратасушылар сипаты, спора қабықшасының құрылымы сияқты көрсеткіштер есепке алынды


Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: проектор, сызба, кестелер
Жұмысты орындау тәртібі:

Актиномицеттерді анықтау және мөлшерін есептеу әдістері. Стрептомицеттердің мөлшерін есептеу және анықтау үшін (Streptomyces туысына жататын, топырақта ең көп тараған актиномицеттердің өкілдері) жиі жағдайда тығыз ортада топырақ суспензиясын егу әдісін - крахмалды-аммиакты, крахмалды-казеинді, казеин-глицеринді, хитинді ортаны және т.б. қолданады (Звягинцев, Зенова, 2001). Топырақтан актиномицеттерді толығымен анықтау үшін микроағзалардың жасушаларын десорбциялау мақсатында үлгілерді механикалық өңдейді: топырақтарды уқалайды, УЗДН-1 құралғысында ультрадыбыспен өңдейді (2 минут бойында 22 кГц, 0,44 А Звягинцев, 1987). Топырақтан стрептомицеттерді анықтауда селекторлық агент ретінде ингибиторларды қолданады, олар басқа микроағзалардың өсуін тежейді (мицелиальды емес бактериялар мен саңырауқұлақтар) - антибиотиктер (пенициллин - 1 мг/л, стрептомицин - 25, полимиксин - 5, нистатин - 50, циклогексимид - 50, мипарицин - 50 мг/л; налидиксті қышқыл (1 - 10 мкг/мл), фенол және басқа химиялық заттар; топырақты СаСО3 байытады, хитинмен, кератинмен; анализ жасар алдында үлгілерді кептіреді және қыздырады (40°-45°; 2-16 сағат). Басқа «сирек» (сирек кездесетін) деп аталатын актиномицеттер туысының өкілдерін анықтау және мөлшерін есептеуде арнайы селективті тәсілдерді қолдану мүмкіншілігі болады (Зенова, 2000): егу алдында үлгілерді қыздыру (100-1200, 1 сағат), селективті орталарға әртүрлі антибиотиктерді қосып пайдалану, ұзақ мерзімді инкубация (3 -аптаға дейін). Топырақтағы актиномицеттердің түрлік популяциясындағы споралар және мицелийлерді дифференциялы есептеуді келесідей әдіс қарастыруға мүмкіншілік береді. Ол әдіс спораларды анықтауға кедергі келтіретін топырақ бөліктерін жою және спора мен мицелийді концентрациялау, бұл популяцияны табиғи (төменгі) молшылық дәрежесіндегі диапозонда есептеуді қамтамасыз етеді. Колбаға 1 г топырақты салады, 100 мл су қосады, микроағзалардың толық десорбциясы үшін 1-2 тамшы беттік-белсенді зат Твин–60 қосады, суспензияны ультрадыбысты дезинтеграторда УЗДН-1 (22 кГц, 0,44 А, 2 минут) өңдейді, қоспаға топырақ бөліктерін және коллоидтарды жою үшін Са(ОН)2 және MgCO3 коагулянттарды қосады (0,7 г өлшеме, 2 : 5 қатынаста). Екі минуттық араластырудан кейін суспензияны 100 мл өлшеуіш цилиндрде 5 минут тұндырады. Тұнбаның үстіндегі сұйықтықтан 1 мл сынама алады және мембраналық фильтр (саңылаудың диаметрі 0,23 мкм) арқылы фильтрлейді, оны алдын ала өзіндік люминесценциясын сөндіру үшін қаныққан спиртті қара судан ерітіндісінде ұстайды. Фильтрациядан кейін фильтрді екі қабатты схема бойынша тура емес флуоресцирлеуші антидене әдісімен бояйды (Методы почвенной микробиологии и биохимии, 1991), кептіреді және микроскоптайды (Люмам И-3, 90х). Актиномицеттердің споралары және мицелийлері ашық сары-жасыл жылтырауық болады (Кожевин,1989).



Топырақактиномицеттерінбақылауәдістері. Актиномицеттердің культуральды белгілерін тығыз қоректік, синтетикалық және ақуыздық ортада сипаттайды. Актиномицеттердің қауымдарын сипаттау барысында әдетте ауа мен субстраттық мицелийдің түсін және болуын, ортада бөлініп еритін пигменттің болуын, қауымның консистенциясын, қауымның қатпары болуын (концентрлік немесе радиальды). Актиномицеттердің морфологиялық белгілері - мицелий мен қауымның құрылысы, оның бұтақтануы, споротасушының орналасуы және құрылысы (4 - сурет), спорангий мен склероцийдің болуы, ауа немесе субстраттағы мицелийдің тізбегіндегі споралардың санын - актиномицеттердің қауымын Петри тостағанында тығыз қоректік ортада өсуін микроскоптың кіші үлкейткішімен қарап зерттейді (5 - сурет). Актиномицеттердің өсуін жете зерттеу үшін зат әйнегінде немесе жабындық әйнекте өсіреді. «Кішкене науа» («желобка») әдісін қолданады. Қатып қалған агардан стерильді скальпельмен ені 1 см болатындай агардың тереңдігінен 1-2 науа ойып алады. Науаның жиегіне ілмектің көмегімен актиномицеттің культурасын егеді. Егілген үлескіге зат әйнегін немесе жабындық әйнек жабады. Тостағандарды дағдылы тәсілмен инкубациялайды. Ол кезде актиномицет ортамен шекаралас әйнектің бетінде дамиды. Культура өскен әйнекті агардан алады және тірі немесе фиксациядан кейін микроскоптың астында бояп қарайды.

4– сурет. Актиномицеттердіңжәнеформасыспоратасушысы: а - тура, қысқа; б - тура, ұзын, бұтақталған; в – дұрыс емес бұрандалы қысқа және ілмек сияқты қысқа; г – ілмек сияқты ұзын және дұрыс емес бұрандалы; д – дұрыс тәрізді бұрандалы; е – тығыз қысылған бұрандамен; ж - тура піспекте (в мутовках прямые); з - піспекте, ілмектері бар, бұрандалары 1-1,5 айналымда.



5 – сурет. Актиномицеттер: 1 - Streptomyces; 2 - Streptoverticillium; 3 - Nocardia; 4 - Micromonospora; 5 – Streptosporangium


Спора тасушылардың құрылысы және спораның қабықшасының бетінің сипатын электронды микроскопта анықтайды.

Трансмиссионды микроскопты қолданған жағдайда препараттарды фиксация жасамай және тозаңдатып қондырмай, ауа мицелийінің спора жасайтын бетін пленкамен немесе оған коллоид жағылған тормен ақырын жанасу арқылы дайындайды. Сканерлеуші электронды микроскопты қолданған жағдайда препараттарды келесідей әдістемелер бойынша дайындайды.



Латунды желіде спора тасушы ауа мицелийінің бетіне жанасу арқылы спораның таңбасын (отпечаток) алады. Таңбаны ауа дакептіреді, алтынмен тозаңдатады. Спораның бетінің бірнеше типтері болады: біртегіс, тікенекті, түкті (6 - сурет).

6– сурет. Электронды микроскоптағы актиномицеттердің споралары (х10000).


Актиномицеттердің мицелийлерін бояу және фиксациялау үшін негізінен бактериялар үшін қолданылатын әдістерді қолданады. Мицелийдің құрылысын жеке зерттеу үшін, спора жасаушының орналасуы мен спораны зерттеуде ыстықпен фиксациялау және 0,02%-ды кристаллды күлгін немесе метилен көгінің сулы ерітіндісімен бояйды. Бактериялар мен актиномицеттердің диагностикасы және идентификациясы культуральдық, морфологиялық, физиологиялық және хемотаксономиялық белгілерінің негізінде бактерияларды анықтағыштың Берджи (1997) көмегімен жүргізіледі.
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережесі: кептіргіш шкафта, электр плитасымен, қышқылдармен жұмыс жасау тәртібін білуі керек.
Деңгейлік тапсырмалар:

  1. Актиномицеттердің культуральды белгілерін сипаттау жүргізілетін орталарды атаңыз.

  2. Топырақ актиномицеттерінің культуральды белгілерін анықтайтын орталарды атаңыз.

  3. Топырақ актиномицеттерінің морфологиялық белгілерін тізімдеп, түсіндіріңіз.

ОБӨЖ тапсырмалары:

1.Сутегі бактериялары және олардың практикалық маңызы

БӨЖ тапсырмалары:

1.Көміртектің түзілуіне жалпы сипаттама
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Дайрабаев Р.А. Топырақ биологиясы. Түркістан : Тұран, 2015.

2.Абдукадырова Г. Топырақ биологиясы. Электрондық оқулық. Жетісай.2013. \http:// rmebrk.kz

3.Дайрабаев Р. Топырақ биологиясы. Оқу-әдістемелік құралы. "Тұран" баспаханасы, Түркістан, 2015 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1.Шорин С.С., Ауелбекова А.Қ.. Қолданбалы биология және топырақтану негіздері. Оқулық . Қарағанды, 2012.

2.Дайрабаев Р, Ерденов М. Қорғалған топырақтың зиянкестері мен аурулары. Оқу құралы. "Тұран" баспаханасы, Түркістан, 2020ж.

3.Қабышева Ж.Қ. Топырақтану - А. : ЖШС РПБК Дәуір, 2013.http://rmebrk.kz/.

4.Кажиахметов С.А. Топырақтану пәні бойынша лабораториялық жұмыстарды жүргізу әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. - Орал : ЗКГУ, 2012. http://rmebrk.kz/

WEB сайттар:

1.http://soil.msu.ru/

2. www.soil-science.ru/



3.www.genebee.msu.ru/journals/soil-r.html

4.http// www.NLRK.kz-IP-ұлттық кітапханасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет