Лексика
Сөз бен мағына. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Конспект Лексика – бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сөздік құрам деген ұғымды білдіреді. Тілдің лексикасын, сөздік құрамды тіл білімінің лексикология ғылымы зерттейді. Лексикология семасиология, этимология, фразеология, диалектология, т.б. тарауларға бөлінеді. Лексикологияның ең басты зерттеу нысаны – сөз. Сөз белгілі ұғым атауы болып, әр алуан мағынаны білдіреді. Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім, т.б.
Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, ел құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.
СӨЗ
|
Заттық ұғым атауы
|
Сындық ұғым атауы
|
Сандық ұғым атауы
|
Қимыл, іс-әрекет атауы
|
Көп мағыналы сөздер:
Конспект Тілдегі кейбір сөздер бірнеше мағынада қолданылады. Екі не одан да көп мағынада қолданылатын сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады. Көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болады және бір негізден таралады. Мысалы, адамның немесе жан-жануардың көзі, иненің көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі, білімнің көзі, істің көзі. Осы тіркестердегі «көз» сөзі – бір негізден тараған зат есім.
Омонимдер. Синонимдер. АнтонимдерОмоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. Сыртқы тұлғасы жағынан омоним сөздер мен көп мағыналы сөздер ұқсас болып келеді.
Конспект
Достарыңызбен бөлісу: |