«9-мамыр - Жеңіс күніне» арналған автожорық
/митинг/
Мақсаты: Жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге баулу.
Барысы:
1-жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)
1-жүргізуші:
Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат еткен,
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,-деп ақын жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас күнге 1945 жылдың 9-мамырында қайта оралды.
Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесіне арналған «Обелисктен обелискке» автожорық мүшелерінің қатысуымен өткелі отырған митингті ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым ету үшін бір минут үнсіздік жарияланды.
1-жүргізуші:
Автожорықтың мүшелерімен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1-жүргізуші:
Алғашқы құттықтау сөзі ауыл әкімі Шолпан Муритовна Байдильдинаға берілді.
1-жүргізуші:
Құттықтау сөзі автожорық мүшелеріне беріледі.
1-жүргізуші:
(екі оқушы АК-74 автоматын шашып-жинайды)
2-жүргізуші: Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты. Назарларыңызға оқушыларымыздың дайындаған шағын монтажын ұсынамыз.
Ән «Жеңіс үні». (Жұмажан Назерке)
Мәнерлеп оқу. (Нұржанқызы Анель, Нұржанқызы Азиза)
Ән «Жеңіс үні». (Жұмажан Назерке)
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылады)
1-жүргізуші:
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе силап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
2-жүргізуші:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерменен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Баршамызға белгілі 9 мамыр 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.
2-жүргізуші:
Биыл міне, сол жеңіске де 71 жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады.
1-жүргізуші:
Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесіне арналған «Обелисктен обелискке» автожорық мүшелері қатысып отырған митингті жабық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші:
Сен неткен Отан-анам, ғажап едің,
Әсемдеп көркем тілмен жазар едім,
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, ұлы Отаным-қазақ елім.
65 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
65 жыл шуақты күн таратты әнін
Елімде сонан бері 65 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Соғыста өлгендер тек оралмады.
2-жүргізуші:
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!
1-жүргізуші:
Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат еткен,
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,-деп ақын жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас күнге 1945 жылдың 9-мамырында қайта оралды.
1-жүргізуші: Иә, содан бері 65 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын-соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді. Бүгін сол Ұлы Жеңіске қарумен, қаhармандығмен ат салысқан майдангерлер салтанатты кешіміздің құрметті қонағы. Осы кісілер біздің арамызда отыр: Мухамадиева Нурбазар, Иманкулова Күлбану апаларымыз.-тыл ардагерлері, Муханов Николай Александрович-Ұлы Отан Соғысының ардагері.
лы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иеміз.
2-жүргізуші:
Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.- дей отырып, Әлия мен Мәншүк апайларының ерлігін мақтан тұтатын қаламызға мектебіміздің атын шығарып жүрген бишілер тобын ортаға шақырамыз. (би- Қазақстан)
1-жүргізуші:
Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын,
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын,- дей отырып, ардагер аталарымызға-әжелерімізге келгендеріне рахмет айта отырып, жылда осы Жеңіс күні біздің арамызда мейрамдай берулеріңізге тілектеспіз. Сіздердің құрметтерінізге Динаның күйі « Тойбастар »
Арай:
Жеңіс күні, Жеңіс жыры
Асқақтата шырқалсын.
Ардагерлер қалауы
Мәңгі өшпесін алауы.
Желбіресін жеңімпаздар жалауы,-дей отырып осы
Жеңіс күніне арнап біздің балалар тақпақтарын айтады.
Арай : Талай тарих кезеңдерін өткізіп
Сырын, жырын заманына шерткізіп 71 жыл өтті міне еліміз
Жеңіс күннің даңқын жатыр жеткізіп.
Ұлғанай :
Алаулап гүл тұрады
Туған жер құлпырады
Бейбітшілік болса!
Түрленіп бақша, бағы
Тірлік те жақсарады
Бейбітшілік болса!
Үйлер де құламайды
Ешкімде жыламайды
Бейбітшілік болса! Балалар болады аман Аналар болады аман Бейбітшілік болса!- деп дана халқым, дара халқым тегін айтпаған.
Арай : Балалар ендігі жерде соғыстың өзі түгілі аты аталмасын, жер бетінде, бүкіл әлдемде тек бейбітшілік, бейбіт өмір болсын, әрқашан күн сөнбесін деп мерекелік ертеңгілімізді аяқтаймыз!
Достарыңызбен бөлісу: |