Мәлік Ғабдуллиннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі



бет1/5
Дата15.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#138087
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4   5
Байланысты:
15.Балалар әдебиеті 2-аралық бақ. 1

Мәлік Ғабдуллиннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі

Өмірбаяны

Мәлік Ғабдуллин (15.11.1915, Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, —2.01.1973, Алматы) — қазақ жазушысы, әдебиетзерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).

Кедей шаруа отбасында туған. М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1936 ж. әскер қатарына барып, әскери борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыды.

Өмірбаяны


1937-1983 жылдары - «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері, «Қазақстан пионері» газеті редакторының орынбасары, КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық Филиалындағы Тіл және Әдебиет Институтының ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған. 1938-1946 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспиранты болған. 1941-1945 жылдары - Генерал И.В.Панфилов бастаған даңқты 28-ші гвардия дивизиясы құрамында Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлік Ғабдуллинге 1943 жылдың 30-қаңтарында Кеңес Одағының Батыры атағын беріліп, Ленин ордені және «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталған.

Өмірбаяны


Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-педагогикалық салада қызмет атқарған. 1946-1951 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты директорының орынбасары, директоры. 1951-1963 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының ректоры, 1963 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1947 жылы «Қобыланды батыр» жырын ғылыми зерттеудің проблемалары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» деген монографиясында халқымыздың лиро-эпосы, батырлық жырлары, ертегі-аңыздары, тұрмыс-салт өлеңдері, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, суырыпсалма өнері туралы ғылыми зерттеулер мен қорытындылар жасады. Оның қазақ фольклоры мен әдебиеті туралы жазған 100-ден астам мақалалары республикамыздың газет, журналдарында жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет